Қазақ халықының қанына сіңген өсиеттер
қандай?
1.Тайып бара жатқанға таяныш бол.
2.Мүсәпірдің ақысын жеме - тозақта күйерсің.
3.Жеріңді жат баспағай.
4.Кеуде керіп, халықты тілдемес болар.
5.Ізгі оймен ашқан есікті - қатты жаппа.
Жұрт
қашардай - қатты болма,
Жұрт таптардай - жуас болма.
6. Отты сөндіріп - қозасын қалдырма,
Жыланды өлтіріп - баласын қалдырма.
7.Кісінің көңіліне қара.
8.Сапты аяқпен ас беріп, сабынан қарауыл қарама.
9.Жай жатқан жыланның құйрығын баспа.
10.Гауһар жоғалмасын десең - сенімсізге сеніп тапсырма.
11.Көп тыңда, аз сөйле.
12.Көрпеңе қарай көсіл.
13.Жаманға жалынба, адамға табынба.
14.Жат үйінде жатық бол.
15.Бүлінгеннен бүлдіргі алма.
16.Су ішкен құдығыңа түкірме.
17.Әдепті әдепсізден үйрен.