Кітап мазмұны


Жан тапсырғалы жатқан жалғыз ананың



Pdf көрінісі
бет9/10
Дата23.10.2022
өлшемі426,3 Kb.
#45022
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Өсиет кітабы

Жан тапсырғалы жатқан жалғыз ананың 
жылап тұрып ұлына айтқан өсиеті 
 
Бұл жалған қайтіп келмейді ай 
Өгіз бір аттай желмейді ай 
Тарылып мына қу тыныс 
байлады тілмен көбейді ай 
Науқасым жаман қарағым 
Демедің мені өлмейді ай 
Баяғыдай дәрмен жоқ 
Сөйлеуге шамам келмейді ай 
Баласы түзу ата ана 
Жаман болсын демейді ай 
Бірлігің болсын қарағым 
Бірліксіз тірлік өнбейді ай 
Айналдырған ауыру 
Өлімге мені меңзейді-ай 
Ажал жетсе не шара 
Аман қылса еді сендерді ай 
Қысылып шыққан қаңтардан 
Бүршіксіз шыбық талдайсың 
Қанатың әлі қатпаған 
Сары ауыз балапандайсың 
Он төртке жаңа толсаңда ай 
Жанботам маған нардайсың 
Білмесең өзің қарағым 
Білгеннің тілін алғайсың 
Басыңа қиын күн туса 
Жанашыр таппай зарлайсың 
Тыңдап ал балам ақылды ей 
Бұдан жаман болмайсың 
Ата ананың қадірін балалы болсаң білерсің 
Ағайынның қадірін жалалы болсаң білерсің 
Жамандық қылсаң жақынға ай 
Көрісе алмай жүрерсің 
Үйірден безген сәулеттей 
Жапанда жалғыз түнерсің 


Тісі шыққан балаға ай 
Шайнап бір берген ас болмас 
Басыңа түссе көрерсің 
Сыйлап жүр әрбір пендені 
Жете біл балам парқына 
Көтеріп жүр кеудеңді ай 
Көп ішінде шалқыма 
Гүл болсада қанша білемін 
Бас ие жүр халқыңа 
Қос інің бар қарағым 
Қарайлап жүр артыңа 
Тигізбессің тіліңді ей 
Әкең менің атыма ай 
Бөлінгенді бөрі жейді- деген бір қазақ сөзі бар 
Сырттай саған білдірмей аңдыған дұшпан көзі бар 
Әрбір істің қарағым өз жөніменен жолы бар 
Жаласы да тағаның итте бір күнін көре алалар 
Адам бол енді жан балам адам болам тілімді ал 
Бай болсаң балам тасыма 
Кедей болсаң жасыма 
Нелер келіп не кетпес ай ержігіттің басына 
Қанағыт қыл тауба деп алдыңдағы асыңа 
Тыңдап ал балам ақылды ой көп болмаспын қасыңда 
Болған іске болаттай бол деп еді анам жасымда 
Деп кейін айтып жүрерсің ақылың болса басыңда ай 
Келгенше балам қолыңнан жақсылығыңды асырғын 
Сөз ермесін соңыңнан жамандығыңды жасырғын 
Ұрлықпен жалған өтірік болмаған қақ кәсібің 
Болмашыға кетірме қадірін жап жас басыңның 
Ел іші алтын бесік қой таусылмас балам нәсібің 
Баласы еді өсірген дегізбе қандай кәпірдің 
Адам бол енді жан балам сыйласаң ағын шашымның 
Қолыңды сұқсаң сұраусыз егесіз жатқан бұйымға 
Басыңнан балам арылмас ай кез боларсың қиынға 
Жаман атың бір шықса қадірің қалмас ұйымға 
Алалалмайсың айырбастап дүниенің құнына 
Болмашыға еліктеп кесірге жаным ұрынба 
Тер төгіп тапқан дүниеңді ей шашпағын бекер шығынға 


Ішімде кетті ау арманым дүниенің білдім жалғанын 
Көре алмай қызықтарыңды ай арманда кетіп барамын 
Осы үйдің ошақ мал жанын аманат қылып ал жаным 
Сөндірмес балам отыңды ай ақылды болса алғаның 
Жаста болса жан балам өзіңе арттым салмағын 
Шамаң келсе жылына ай бір малды құрбан шал жаным 
Келмесе шамаң қысылмай разы болсын аруағым 
Көрерсің балам кезінде ей тағдырдың басқа жазғанын 
Айтқанымды ұмытпай адам бол қалайда 
Дүние іздеп құнықпай есіңде болсын жарайма 
ілінбесең қырсыққа ай жетерсің балам талайға 
Жақсы жаман ел жұртқа қарайлап өс маңайға 
Күлкі қылма шешеңді 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет