Кітап мазмұны



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата23.10.2022
өлшемі426,3 Kb.
#45022
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Өсиет кітабы





 
 
 
 
Кітап мазмұны: 
 
Өсиет деген не?
Ұлықпан хакім ұлына қалдырған 44 өсиеті
 
Ұлықпан хакімге қатысты мағыналы оқиғалар
 
Мөңке би келешекке арнап қандай өсиет айтты? 
Абай Құнанбайұлының болашақ ұрпағына қалдырған 
өсиеттері қандай? 
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы келер ұрпаққа нені ескертті?
Әзілхан Нұршайықовтың ұлдар мен қыздарға арнап 
жазған өсиеттері қандай? 
Бауыржан Момышұлы ұлына қатаң түрде нені өсиет етті? 
Жан тапсырғалы жатқан жалғыз ананың жылап тұрып 
ұлына айтқан өсиеті 
Қазақ халықының қанына сіңген өсиеттер қандай? 


Өсиет деген не? 
 
Өсиет 
– жазбаша түрде немесе ауызша айтылып, қалдырылған 
ақыл-кеңес, талап-тілек.
Өсиетті көсем – ел-жұртына, ұстаз – шәкіртіне, әке – баласына 
қалдырады. Өсиетті бағыттаушы адамды 
мұрагер
дейді. 
Мұрагерлер өсиетті бұлжытпай орындауға тырысқан.
Өсиет
 - дүние салар алдында айтылатын ең соңғы тілек, 
аманат. Өсиет жөнінде құранда жазылған. Өсиетке мүлікті барлық 
түрі: қатынас қағаздары, іс атқару тапсырмалары, туған-
туысқандарға айтылатын өтініш тілектер, қысқасы, 
«ақтық сөзін 
айту»
ұғымына кіретін басқа да көптеген мәселелер жатқызылады. 
Ұлықпан хакім ұлына қалдырған 47 өсиеті 
 
Лұқпан хәкімнің ұлына айтқан өсиеттері Лұқпан хәкім халық 
аузында көбіне ұлына айтқан өсиеттерімен танымал. Деректерде 
Лұқпанның баласының аты әртүрлі аталады. Әртүрлі деректерде 
Анғұм, Мискем, Масан, Саран деп келеді. Оның баласы Құдайға 
сенбейтін кәпір болған деседі. Әкесі оған үзбей насихат айту 
арқылы мұсылман етті делінеді. 
Ұлықпан хакімнің ұлына айтқан өсиеттерінің ішінен бірқатарын 
жинадым. Енді соған кезек берейік.
1.
Балам, ғұламалардың ілім мәжілісінен қалма және олармен сөз 
таластырушы болма. Қолда бар дүниеңнен осы өмірге жететінін ал 
да, қалғанын акыретiң үшін садақаға бер. Алайда таршылыққа 
түсіп, өзгелердің мойнына масыл болып қалатындай дәрежеде 
дүниені тәрк етпе. Ораза тұт. Тұтқан оразан шәһуатыңды 
тізгіндейтіндей болсын, намазға кедергі болатындай болмасын. 
Себебі намаз құлшылығы оразадан абзалырак. Рияқор, мақтаншақ 
адамдармен жолдас болма.


2. Балам ! Ғалымдармен сөз таластыру үшін немесе мактангершілік 
үшін білім үйренбе. Надандықтан арылып, әрдайым білім үйрен. 
Балам, әрқашан білім мәжілістеріне құлағыңды түре жүр. Алла 
тағаланың еске алып жатқан бір адамдарды көрсең, дереу олардың 
жанына бар. Өйткені олардың айтканын біліп тұрсаң, қайталау 
болады және соны жүзеге асыруға сеп болады. Ал білмесең, олар 
саған білмегеніңді үйретеді. Сонымен қатар Алла оларға мейірім 
жаудырады, соның себебінен саған да мейірімнің бір ұшы 
жанасады. Ал Алланы еске алмай жатқан адамдарды көрсең, 
олардың жанына барып отырм. Егер сен ақиқатты білсең, білімін 
саған пайда бермейді. Ал білмесең олар сені одан сайын 
адастырады.
3.
Балам ! Адал жолмен еңбек етіп, ризық ізде. Сөйтіп кедейліктің 
алдын ал. Себебі кедейлікке ұшыраған адамға үш түрлі қауіп бар:
1 ) Діні нашарлайды. Кедейлік адамды жамандыққа итермелейді.
2 ) Ақылды әлсіретеді. Жоқшылыққа тап болған адамның жүрегі 
тыныш таппай, санасы сан - сакка жүгіреді.
3 ) Адамгершілікті төмендетеді.
4. Лұқпан хәкімнен ұлы мынадай сұрақ сұрайды: Адамның ең 
жақсы сипаты қайсы? Діні. Егер ең жақсы екі сипатын ата десен, ол 
діні мен мал – мүлкі. Егер үшеу болса, олар – дін, мал - мүлік және 
ұят болар еді. Ал төртеу болса - дін, мал - мүлік, ұят және жақсы 
мінез. Егер бесеу болса – дін, мал - мүлік, ұят, жақсы мінез және 
жомарттық болар еді. Ал алтау болса, балам, кайсыбір адамда 
жоғарыда аталған бес қасиет болса, ол - нағыз тақуа жан, таза адам. 
Ол тіпті Алланың уәлиі болуы мүмкін. Ондай адам шайтаннан ұзақ 
болады.
5. Балам. Мен саған бірқатар кеңестер айтамын. Оны орындайтын 
болсаң жүрген ортанда көшбасшы боласың. Алыс - жақын 
адамдармен танысаң да, танымасаң да, жақсы мәміледе бол. Қандай 
жағдай болмасын алдымен өзіңнен айып ізде. Достарыңмен жақсы 
қарым - қатынаста бол, жақындарынды зиярат ет. Бүлік тудырғыш, 
адамдардың арасын бұзатын достардан сақтан. Сондай бір дос 
танда онымен араларың ажырағанда бір - бірінді жақсы сөзбен еске 
алатындай болыңдар.


6. Балам, бұл дүние үлкен дария іспетті. Бұл дарияға көптеген 
адамдар батып, құрдымға кеткен. Оған батып кетпес үшін сенің 
кемең - тақуалық, төсегің Аллаға деген иман, ал желкенің - Аллаға 
тәуекел ету болсын. Әйтпесе одан кұтылу қиын.
7. Балам, бұл дүниені сатып, ақыретті ал. Осылай ғана сен екі 
дүниеде де пайдаға кенелесің. Ал ақыретті сатып бұл дүниені 
алушы болма. Себебі бұлай жасасаң, екі дүниеде де зиянға 
ұшырайсың.
8. Балам, асқазанды толтырсаң, пікір жүргізе алмайсың, хикметтің 
есігі жабылады және ағза кұлшылық жасай алмайды. Балам, 
тіленшіліктен аулақ бол. Ашуға беріліп абы ройдан айырылып 
қалма. Өз орныңды біл, өткен өмірің сені ұялтпайтындай болсын!
10. Балам, жалған айтудан сақтан. Себебі ол торғайдың еті секілді 
тәтті келеді. Одан көп адам арыла алмайды.
11. Балам, жүрегің қатты бола тұра адамдардың алдында кұрметке 
бөлену үшін өзіңді Құдайдан қорқатын адамдай көрсетпе.
12. Балам, орынсыз бос нәрсеге ыржалактап күле берме . 
Мақсатсыз салпактап жүре берме. Өзіне пайдасы жоқ сұрақты 
қойма. Өзгенің дүние - мүлкін қорғаштаймын деп өзіңнің 
мүлкіңнен айырылып қалма. Құдай жолында садақа етіп берген 
дүниең ғана саған тиесілі болып есептеледі. Ал артында ми рас етіп 
қалдырған дүние - мүлік өзгеге тиесілі болып табылады. Балам, 
өзгелерге мейірімділік танытқан адам мейірімге жолығар , 
үндемеген үйден бәледен құтылар. Жақсы сөз сөйлеген адам 
пайдаға кенелер, жаман сөз сөйлеген адам күнә табар. Тіліне ие 
болмаған адам өкінішке ұрынады.
13. Балам, ауырмай тұрып дәрігер шақыр.
14. Балам, қандайда бір қателік жасап қойсаң, артынша садақа бер.


15. Балам, мінезі шатақ әйелден сақтан. Себебі ол уақытыңнан ерте 
шашыңды ағартады. Жалпы әйелдермен қарым - қатынаста 
мейлінше абай бол. Себебі олармен қарым - қатынас жасау өте 
нәзік мәселе әрі әуресі көп. Жақсы деген әйелдің өзімен байқап 
аралас.
16. Балам! Мен ешкашан да үндемегенім үшін өкінген емеспін. 
Қайта сөйлеген кейбір сөздерім үшін өкінген кездерім көп болды. 
Жалпы үндемеу хикметтің қайнары. Ең жақсы сөз - пайдалы сөз .
17. Лұқпан хәкім ұлына: «Балам, әрдайым тәтті же», - дейді, сонда 
ұлы: « Әкешім, мен әрдайым тәттіні қайдан алам?» деп сұрағанда, 
Лұқпан:«Тамақты жақсы аз-аздан же, сонда тамағың тәтті болады. 
Мен осыны меңзедім», - деп жауап береді.
18. Балам, мен өмірде көптеген жаксы нәрселерді көрдім, бірақ 
Алланың алдында тақуалық қылудан жақсы нәрсені кездестірмедім. 
Өмірде небір қиыншылықты көріп, үлкен ауыртпалықты көтердім. 
Алайда қарыздан асқан ауыр нәрсені көрмедім.
19. Балам, мен өткен өмірімде небір ауыр тасты да көтеріп, аса 
ауыр салмақтағы темірді де тасып көргенмін. Бірақ жаман көршіден 
көрген қорлығым одан ауыр екенін ұқтым. Небір ащының дәмін тат 
тым. Бірақ кедейліктен асқан ащы нәрсе жоқ екенін түсіндім?
20. Балам, жақсылық жасауды тек түсінетін адамға жаса. Қалайша 
қасқыр мен қойдың арасында достық орнамайтын болса, дәл сол 
секілді жақсылық жасаушы мен күнәһардың арасында ешқашан 
достық жүзеге аспайды. Жаман жолдасы бар адамның басы бәледен 
арылмайды.
21. Балам, жақсыларға құлдай қызмет ет, жамандармен жолдас 
болма.
22. Балам, аманатқа қиянат жасаушы болма, сонда бай боласың. 
Жүрегің күнәға толы бола тұра адамдардың алдында діндар болып 
көрінбе.


23. Балам, өзіңе ұсынылмаған жұмысқа өзің барып ұмтылма. Ал 
өзіне тапсырылған шаруаны аяқсыз қалдырма. Себебі бұл ой - 
өрісіңді тарылтып, ақылға тұсау болады.
24. Балам, өзіңді ұмыт қалдырып, халыққа жақсылык жасама. 
Әйтпесе адамдарға жарык нұр шашып, алайда өзі мүжіліп жанып 
кететін майшамға ұқсап қаласың.
25. Балам ұсақ - түйек істерді ұсақ деп азсынба. Себебі ол ертең 
үлкен істерге айналады.
26. Балам, жалған айтудан сақтан. Себебі ол дінінді бұзады, 
адамдар арасында абыройсыз етеді. Нәтижеде ұятың жоғалады, 
абырой - дәрежен төмендейді. Сөйлесең сөзіңді тындайтын адам, 
айтсаң сенетін адам таппай дал боласың. Мұндай өмірден қайыр 
жоқ.
27. Балам, жаман мінез - құлықтан аулақ бол. Сабырсыз болма. 
Әйтпесе адамдарға жұғымын болма, олар сенен қашатын болады. 
Өз ісіңді сүйіп істе, әлсіздерге жәрдеміңді аяма. Барлық 
адамдармен жақсы мәміледе бол. Себебі мінезі жайлы адамды 
барлығы жақсы көреді. Ондай адамға жамандар жоламайды.
28. Балам, бос уайымға салына берме. Жүректі ондай нәрседен 
босат. Ашкөздіктен сақтан, тағдырға риза болғын. Алланың саған 
берген нығметіне қанағат ет. Міне, осылайша өмір салтың айқын, 
көңілін жай, өмірің жарқын болады. Дүниенің байлығы сенің 
қолында болсын десең, адамдардың қолындағы дүниеге көз 
алартпа. Өйткені пайғамбарлар мен сыддықтар осындай қасиеті 
арқылы жоғары дәрежеге жетті. 
29. Балам, бұл дүние көзді ашып жұмғанша өте шығатын қас қағым 
сәт қана. Ол жердегі сенің өмірің тіпті де аз. Одан қалғаны аздың 
азы деуге болады.


30. Балам, жақсылықты түсінетін адамға жаса. Лайық емес адамға 
жасап оны зaя етпе. Әйтпесе бұл дүниеде оны жоғалтасың, ал 
ақыретте сауабынан құр каласың. Үнемді бол, ысыраптан сақтан. 
Дүние мүлікті қысып ұстап сараңдыққа немесе ағыл – тегіл 
шашылып ысырапқа жол беріп қойма.
31. Балам, хикметті қолдан жіберіп алма, оның игілігін көресің. 
Оған құрмет қыл, сонда кұрметтелесің. Хикметтің шыңы Алланың 
діні.
32. Балам, қызғаншақтардың үш белгісі бар:
1)Досының сыртынан ғайбат айтады;
2)Адамға көзінше жағымпазданады;
3)Жолдасы қиыншылыққа ұшыраса қуанады.
33. Балам, жаназаға көбірек қатыс. Той - томалакка үйір бола берме. 
Себебі жаназа саған өлімді еске салады. Ал той дүниені еске 
салады.
34. Балам, қораздан әлсіз болма. Сен таңсәріде төсегінде жатасың , 
ал ол уақытта қораз шақырады.
35. Балам, тәуебені кешіктірме. Себебі өлім аяқ астынан келуі 
мүмкін.
36. Балам, надан адамды жақсы көріп оны қолпаштама. Себебі 
оның іс - әрекетін құптағандай боп қаласың.
37. Балам, сөйлеу – күміс болса, үндемеу – алтын. 
38. Балам, жамандықтан аулақ бол, ол да сенен ұзақ болсын . 
Себебі жамандық жамандар үшін жаратылған.
39. Балам, білгендеріңмен амал етпейінше, білмегеніңді үйренбе.
40. Балам, алтын мен күміс ( өзге элементтерден ) от арқылы 
тазартылады. Сол секілді мүмін адам да күнәларынан басына 
түскен қиындықтар арқылы тазарады.


41. Балам , тілің истиғфар айтудан құрғамасын. Себебі Алла дұғаны 
кері қайтармайтын уақыттар болады.
42. Балам, қарыздан сақтан. Себебі қарызы бар адам күндізін 
қысылумен, түнін мазасыздықпен өткізеді.
43. Лұқман хәкім ұлына айтқан әкелік насихатында: « Ұлым! 
Дүниеде адам үшін ең қымбат мына екі нәрсе: иманды да салиқалы 
әйел мен жанашыр дос! Үйде салиқалы жарыңның жанында жаның 
жай тапса, түзде жанашыр досыңның қасынан рахат табасың. 
Ұмытпа! Егер осы екеуіне ие болсаң, үлкен нығметке кенелгенің! 
Жаман әйел мен жаман достан сақтан! Әйелің жаман болса, 
үйіңнен береке қашады, досың жаман болса, түзде рақат 
таппайсың. Ұмытпа! Егер осы екі нәрседен қашпасаң, басыңның 
бәлеге қалғаны!»
44. Ойға алған ісіңді алдымен жөн білетін, тәжірибелі кісімен 
ақылдас, өйткені ол өзіне табыс көзі болып отырған бағалы ой - 
пікірлерін саған тегін береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет