НҰРЖАН НАУШАБАЙҰЛЫНЫҢ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨМІРБАЯНЫ
Н.Ж. Тұралина, Б.Б. Тұралина
ПМПИ, Павлодар қаласы
«Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз
қалдырған» -деп, ұлы Абай атамыз айтпақшы, сөзі өлмей, есімі өлең
өлкесінде мәңгі бақи қалған ақынның бірі.
Қазіргі Қостанай облысының Қостанай ауданында (бұрынғы
әкімшілік бөлінісі бойынша Қостанай уезінің Арақарағай болысында,
Құттық ауылында) дүниеге келген. Туған жылы туралы әртүрлі
пікірлер айтылады. Бұрынғы зерттеулердің біразында 1859 жылы деп,
кейбір деректерде 1857 жылы деп көрсетілген. Ал 1997 жылы әдебиет
зертттеуші ақын Ақылбек Шаяхметтің құрастыруымен жарық көрген
«Алаш» атты жинақта бір газет тілшісінің хабарына сілтеме жасалады.
Онда:
Биіктен еңкейіске қадам басып,
Жыл ұлу, үшеуінде мен алпыстың –
деген ақынның өз сөзін келтіре отырып, «ол 1856 жылы туған
болып шығады» деген болжам жасалған. Бірақ бұған да қарсы дау
айтушылар бар.
Тағы бір дерек- ақынның тоғызыншы назымында: «Жыл ұлу,
отыз тоғыз, биыл жылқы» деген өлең жолы бар. Мұны тағы да қара
сөзге аударсақ, туған жылым ұлу, биыл жылқы жылы отыз
тоғыздамын деген мағына шығады. Мұнда да, жоғарыдағы кесте
147
бойынша есепке салсақ, 1856 жылы туған адамның отыз жеті мүшелі
1892 жылға тура келеді де, одан кейінгі екі жыл, яғни отыз тоғыз жасы
1894-ші жылқы жылына дөп келеді екен.[1,75б]
Нұржан жасынан пысық, әрі ақын, шешен, әнші, балуан жігіт
болып өседі де, Троицк медресесінен жақсы білім алып, ер жете
«орта» аталатын дәулет құрады. Содан кейін «игі жақсы»
дейтіндермен, әсіресе Ыбырай Алтынсаринмен жақындасып, күндері-
нің көбін солармен бірге өткізеді. Ыбырай Нұржанды жоғары бағалай
келіп, оның ақындық қабілетін жемісті арнаға салуда шешуші рөл
атқарған.
Нұржанның әйелі Бибісара да ақын болып, екеуі хат арқылы
айтысумен қосылған. Олардан туған жалғыз ұл Сұлтанғазы
1911 жылы өліп, артында ұрпақ қалмаған» - деп Сәбит Мұқанов ақын
өміріне де шолу жасап келіп, «Халық мұрасы» кітабында кең
тоқталып, академик жазушы оны дарынды ақын деп бағалайды.[2,4 б].
Ақын шығармашылығына келсек, Н.Наушабайұлының көзі
тірісінде «Манзумат қазақия» (1903), «Нұржан мен Сапарғалидың
жұмбақ айтысы» (1908), «Алаш» (1910) жыр жинақтары жарық
көрген.
Ақындығының өзге замандастарынан бір ерекшелігі – оның
өлеңдерінде назым жанрының басымдығы.
Назым жанры дегеніміз - әуенді, сазды өлең, қазіргіше лирика
деген ұғымға жақын поэзиялық жанр. Негізгі түріктің «назим»
(өрнекті өлең) деген сөзінен шыққан. [3,259б]
Өзге толғаулар, тақпақтар мен термелер, айтыстар, мысалдар,
аудармалар, ән мәтіндері өз алдына болғанда, жаңағы назым
өлеңдерінің өздері де ақын мұрасының шоқтығын едәуір көтере
түсетінін көреміз. Ақынның шығармашылығын зерделей зерттеген
үлкен әдебиетші ғалым Бейсенбай Кенжебаев ақын мұрасын сипаттай
келіп, негізгі ойын былай түйіндеген болатын: «Бірсыпыра
өлеңдерінде Нұржан заман жайын, қазақтың бұрынғы, өз тұсындағы
тұрмысын, ел билеген адамдардың іс-әрекеттерін, оқу, өнер, білім,
дәулет, бақыт, мінез-құлық мәселелерін сөз етеді. Солар жөнінде
бірталай орынды, маңызды, келісті өсиеттер, мақал, мәтел, нақыл
сөздер айтады. Оның шығармалары ойлы, мағыналы болып келеді» -
дейді [4, 53-54 б].
Ақынның біршама назым үлгісінде жазылған шығармалары
көлемі жағынан да, мазмұны жағынан да, оның ішінде көтерілетін
мәселелер жағынан да өзгеше, тек Нұржан ақынның туындылары
ретінде оқырманға танылатын, еш ақынның қолтаңбасына ұқсамаған
өз айшығы мен бедері бар туындылар. Өздері бірінші, екінші, үшінші
148
деп, сан ретімен нөмірлеп берілген. «Алаш» жинағында осындай
тоғыз назым бар. Көлемдері төрт, алты, сегіз тармақтық өлшеммен
берілгенде отыздан алпыс шумаққа дейін барады. Назымдардың
тақырыптары әр алуан.
Бірінші назымы адам мінезінің теріс жақтарын сынаудан
басталады.
Жаһилдар ғылым сөзін тыңдамаған,
Шарғиға мықтап белін байламаған.
Хайуандар есебінде көрінеді,
Асылын назар салып аңдамаған.
Пендеге пенде қылма жүз салдырып,
Телміртпе бір жаманға көз талдырып.
Махрум ете көрме, раббым қадыр,
Рахмет қазинаңнан құр қалдырып.
Кірлетпей абыройымды тілеймін көп,
Дүниенің пішнесіне шырмалдырып.
Жад етіп бір уақытта жазам ғазал,
Дертімді іште жатқан қозғалдырып.
Әркімдер оқып ғибрат алмақ үшін,
Кетемін жүрген жерге сөз қалдырып.[2.13.б]
Ақын бұл тұста жігіттің қиындыққа мойымайтыны жөнінде,
қандай қауіп қатерден де тайсалмайтын өжеттігі, тәуекелге бара
алатын қайсарлығы туралы айтады. «Біреудің көңілі зор болса да,
қолы қысқа». Ал енді біреулердің «қолы ұзын бола тұрып, көңілі
төмен», яғни қолдағы мүмкіндігін адамшылық қасиетінің жетпей
жататындығы.
Оның айтуынша, адамға ең керегі - амандық, барға қанағат.
Дүние еш уақытта орнында тұрмайды, бәрі өзгеріп жатады. Солардың
ішінде ең баянсызы - бүгінгі бақ пен дәулет: қолдың кірі сияқты бір
жуғанда кетіп қалады, көшпелі бұлттай ойламаған жерде ғайып
болады.
Ақын әркімге ақыл- кеңес беріп, жөнге салып отыруды өзіне
тұрақты борыш санайды, кім–кімнің де теріс ісі мен жағымсыз
қылығын бетіне басып сөйлейді:
Жүреді әркім ісін ұнайды деп,
Айтсаң ауыр көреді бұлай-ды деп.
Үріккен малша бетімен кете берер,
Сырттан біреу ойламай сынайды деп.
Ақымақтар сонымен де шалқақтайды
Жауырынға қағып қойсаң жарайды деп.
149
Айтамын осындайды жөнсіз көріп,
Өз ісін жүргеннен соң мінсіз көріп,
Осыларға ақылымды түгесемін,
Дауасыз дерт сықылды емсіз көріп. [2,18б]
Ақынның өз заманындағы шығарған өлеңдеріндегі оқырманға
берілген ақыл-кеңесі, маңызды мағыналы болып оқырманға дұрыс
бағыт береді.
Нұржан Наушабаев назымдарында және басқа да толғау,
термелерінде тақырып аясы жеке адам мінез-құлқынан бастап, халық,
заман тағдырына қарай сөз қозғайды. Халықтың қол жеткен олжалары
мен бірге, жоғалтып алған қымбаттарын тізбелеп келіп, өкініш
сездіреді.
Олар: сөзден түйін байлап, артына ұлағатты мысал қалдырған
шешендер, неше мың қол бастап, жұртын қорғаған ерлер, қара қылды
қақ жарған әділ төрешілер, ел намысын қорғаған ұландар, соның
ішінде ең қиыны:
Алашты алды, жерді алды,
Енді алмаған нең қалды?!
Бұрынғы хан, би болғандар
Наград, шенге алданды.
Бұл күнде білем дегендер
Штатпенен болған-ды.
Фәтуа жоқ, бірлік жоқ,
Бірлік болмай тірлік жоқ.
Ойламай қазақ қалған-ды... .[1,80 б]
Ақын «Алаш» жинағында өзі өмір сүрген заманның, яғни ХІХ
ғасырдың екінші жартысында, қазақ даласы біржола орыс
патшалығының отарына шырмалып, тығырыққа тірелген заманның,
халықтың тарихи өтпелі кезеңін, тұрмысын сипаттайды.
Осы ретте Нұржан ақын мен Абайдың үндестігін байқаймыз.
«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»- деп, жастарды надандықтан,
жалқаулықтан, адам бойындағы жаман мінез-құлықтардан бас тартып,
оқу-білімге шақырған. Абай ақынның ойын біз Нұржан ақынның
назымдарынан да байқаймыз.
Бұл үндестікті екі ақынның өлең толғауларындағы араб - парсы,
шығыс сөздерін молынан қолданғанынан да байқауға болады. Мысал
келтіретін болсақ: ақынның бесінші назымындағы
...Текке өтті әурелікпен өмір зайғы,
Бұйырған фарыздарды ада қылмай,
Бола ма жай жүрудің лайығы.
150
Біздерді әуес еткен әртүрлі ойға,
Келемін бірте-бірте айтып маңға.
Қадір қайтар күндері раушан ойлап
Отырсың рахмат оқып қауым жанға.
Арттырар етсе талап хүммәтләрін,
Керек қой ада қылмақ міндеттерін.
Пендеге ықыласпен жүрмек жақсы,
Атқарып парыз, уәжіп, сүндеттерін.
Сұрары екі дүниенің фақыры жаһан,
Қор қылмас, иншалла, үмбеттерін. [2,29.б]
Бұл назымда ақынның пайдаланған фарыз, ғафылдық,
хүммәтләр, раушан, парыз, уәжіп, сүндет, фақыр, иншалла, т.б. діни
сөздер ақынның өз заманында мұсылманша хат танып араб қарпін
біліп, өз заманындағы ақындармен үндестігі деп айтуға болады.
Келесі бір назар аударатын маңызды мәселелердің бірі - Нұржан
ақынның «Алаш» жинағына енген өлеңдері, мысалдары және
аудармалары. Осы шығармаларындағы ақын өлеңдерін атап кетер
болсақ: «Дүния адастырар қуғаннан соң», «Адам жасы», «Өлеңді айт
дегенде», «Асыл-ай», «Ақ қайың», т.б. Бұл өлеңдер халық ауыз
әдебиеті үлгісімен жазылған шығармалар. Өлеңдерінің басты
тақырыптары адам ғұмырының шолақтығы, малы жоқ кедей өмірінің
ғашығына қосыла алмаған зары, өз заманындағы халық мұңын
көрсетеді. Мысалы:
Бұл дүние жеткізбейді қашқан түлкі,
Бас қосса базар еді елдің көркі.
Самсаған сары азамат елден кетсе,
Бұзылып не қылады жердің көркі?!
Нұреке, Нұрыш еді атағымыз,
Көкшетау, түрме болды жатағымыз.
Нұреке, Нұрыш болып жүрген кезде
Орыспен болып тұрды шатағымыз. [2,168 б]
Өз заманындағы ұлы ойшыл, атақты ақындардан үлгі алған,
оқыған көзі ашық Нұржан ақын да аудармамен айналысқаны белгілі .
Ақынның осы «Алаш» жинағындағы аудармаларына тоқталар
болсақ үш мысалы берілген: «Өгіз бен есектің хикаясы», «Қасқыр мен
қозы», «Түлкі мен әтештің хикаясы». Аудармалар орыс мысалшысы
Крыловтан аударылған. Бұл ретте де, назар аударатын жайт
А. Құнанбаев, А.Байтұрсынов, Ы.Алтынсарин секілді атақты ақындар
да аудармамен айналысқаны белгілі.
151
Аудармалардың негізгі ойы жалқаулық, зорлық-зомбылық,
әлсізге әлімжеттік қылу секілді өз заманындағы басты тақырыптар
тереңнен қозғалып хайуанаттарды сөйлету арқылы өз ойын жеткізеді.
Әйгілі әдебиет зертеушісі, сыншы М.Жармұхамедовтің сөзімен
айтқанда - «Нұржанның ақындық өнерінде де бір арнаға келіп құятын
екі бұлақ бастау бар. Оның бірі – бай халық ауыз әдебиетінің тигізген
әсер-ықпалы болса, екіншісі-шығыс әдебиетінің озық туындылары дер
едік.
...Халық, поэзиясымен үндестік оның жалпы сөз қолдану мәнері
мен стильдік, көркемдік тәсілдерінен де айқын аңғарылады».[1,158 б].
Ойымызды қорытындылай келсек, Нұржан Наушабаев өз
кезеңінің желпінісін, келелі істердің әуенін, дәуір үнін жеткізе білген
арқалы ақын. Ол қазақ халқының, ұлт тағдырының мұңы мен зарын,
адам бойындағы мінез-құлық пен қасиетіне байланысты өз
шығармалары арқылы өз ойын дәл жеткізе білген ақындардың бірі деп
айтуға болады.
Әдебиет
1. Ысмағұлов Ж. Алтын ғасырдың ақ таңы. - Алматы: Арыс, 2009.- 504 - б.
2. Наушабайұлы Н. Алаш жинағы. - Қостанай: ЖШС «Баспа Үйі», 1997-
191б.
3. Қазақ Совет энциклопедиясы. 2 том. - Алматы, 1973.- 259 - б.
4.Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. Жетінші кітап.- Алматы:
Білім, 1993.- 248 - б.
ҰЛТТЫҚ ПОЭЗИЯ ЖӘНЕ СТИЛЬ ТАБИҒАТЫ
Н.Ж. Тұралина, Б.Б. Тұралина
ПМПИ, Павлодар қаласы
Стиль
мәселесі
-
әдебиеттану
ғылымының
маңызды
нысандарының бірі.
Стиль-әдеби дамудың деңгейі мен бағыт-бағдарын тануда,
көркем шығармашылықты бағалауда ерекше орны бар ұғым.
Стиль дегеніміз – өмірдің белгілі бір саласында қолданылуда
танылып, тарихи қалыптасқан тілдік тәсілдердің жүйесі, қазақтың
жалпы халықтық тілінің стильдерін ауызекі сөйлеу стилі және кітаби-
жазу стилін, іс-қағаздар стилі мен ресми стиль, публицистикалық
стиль, ғылыми стиль, көркем әдебиет стилі деп бес түрге бөлінеді.
Демек, стиль ең алдымен қолданылуда өзіндік ерекшеліктері,
айырым белгілері бар тілдік элементтер жүйесі немесе әдеби тілдің
152
өзіндік сөздік құрамы бар, грамматикалық тұлғалары бар сараланған
бір бөлігі. Стиль әдеби тілдің даму барысында қалыптасады. Ғылым
ретінде стильдің филологиялық және өнертанымдық ұғымдары тағы
да екі бағыттағы концепциямен дамып зерттеле бастады. Олар:
лингвистика мен әдебиеттану.
Өмірдің басқа саласында да «стиль» туралы аз айтылмайды.
Құжат стилі, ғылыми стиль, жұмыс стилі, газет стилі, т.б. тілде стиль,
стилистика әрдайым сабақтаса жүреді. Әдебиетте прозалық,
фельетондық, сатиралық, юморлық стиль деп айтып жатамыз. Стиль
әдебиетте негізінде екі түрлі мағынада: кең және жай мағынада
қолданылады. Кең мағынасында –әдебиет тарихы, теориясы, әдеби
сында XVIII ғасырдан бері қарай стиль – әдебиет әдісі ұғымында
пайдаланылып келеді. Жалпыға мәлім, классицизм, сентиментализм,
романтизм, реализмдер әдебиет стилі деп аталады. Қазіргі
әдебиеттану ғылымында әдеби әдіс бұрынғы стиль ұғымында
қолданылады.
Стиль жазушының барлық туындыларын түгел қамтиды. Жай
қарағанда бір-біріне ұқсамайтын секілді жазушының әр өлеңін
тереңірек зерттесек, өзара ұқсастығын көреміз. Стиль ұғымына
жазушының тілі, сөйлем құрылысы, мәнері, шығармаларының
композициясы, оқиға дамыту әдістері, тақырып таңдаулары, жанрлық
ерекшеліктері, тағы да басқа компоненттері кіреді. Ең ортақ мәселесі–
идеялық мазмұны. Қазақ жазушыларының тілі бейнелі, құнарлы
екеніне иек артып, қазір біраз әдебиеттанушыларымыз стиль дегеніміз
тілдің байлығы деп ұғады. Рас, бұл да-стиль. Әдебиеттану ғылымында
көркем әдебиеттегі стильді біртұтас құбылыс ретінде қарастыру
салдарынан, әдеби стиль туралы таластардың екіге бөлінуі орын алып
отыр. Біріншісі – стильді лингвистикалық қырынан ғана қарастыру.
Екіншілері, әдеби стильді тек өнертанымдық концепциямен ғана
зерттеуді жөн көреді. Сонымен бірге әдебиетті сөзбен сурет салу, өнер
деп қоса түсіндіруді де орын алып келеді. Сондықтан
әдеби стильді
зерттегенде таразының екі басын тең ұстаған жөн. Стиль, әр ақынның
шығармашылық
ерекшелігін
танытатын
маңызды
сипат
болғандықтан, оны жан-жақты және терең зерттеу қажет. Сонымен
бірге, стиль мәселесін сөз еткенде, шығарманың мазмұнынан
ажыратып зерттеу қисынсыз. Стиль ақын шығармасының әрі идеялық,
әрі көркемдік ерекшелігінің бірлігі болуы тиіс.
Стиль ақынның көркемдік құралдарын өзінше жетілдіру
шеберлігімен тікелей байланыста болады. Стиль жөніндегі
пайымдаулардың, айтыс-тартыстардың бәрін жинақтайтын болсақ,
оны кең мағынада, түрлі арнада түсіндіруге болады. Стильдің әдіс
153
немесе ағымдық алмастыру болғанына көңіл бөлсек зерттеуші
Қ. Жұмалиев нағыз стильді тек талантты жазушыдан ғана табуға
болатынын атап көрсеткен. «Стиль - шын талант, ұлы ақын
жазушылардың қаламдарына ғана сипат-дейді ол. Кез келген ақын
жазушыдан стиль іздеу бекершілік. Өйткені барлық өлең
қиыстырушыларды ақын, сөз жаза білушілерді жазушы десек
қателескен болар едік. Дарын жоқта – стиль жоқ. Бұл екеуі сабақтас.
Әдістен тыс стиль жоқ. Стиль әдістің құрамымен ғана танылады»
[1,23-24-б.].
Ақынның тіл шеберлігіне, сөз саптауына ырғақ, ұйқас, өз
ерекшелігіне байланысты өзгешелігі стильдің құрамында ғана
танылады.
Стильдің барынша қалыптасып, жетілуі даралыққа әкеледі.
Дегенмен, даралық стильдік заңдылықтан ғана тұрмайды. Суреткер
жалаң мәнерге бой ұрмағанда ғана өзі үшін аса маңызды материалды
туындатады. Өзінің ішкі сезімін басқара отырып, жалпы идеал
ұғымымен сәйкес өзіндік түйсік пен өнер заңдылығын үйлестіре
отырып, тың болмыс қалыптастырады. Стильді әдебиеттану ғылымы
тұрғысынан эстетикалық категория ретінде қарастырғанда, оны
шығарманың тұтас құрылымымен, бүкіл болмысымен қарастыру
бірден-бір дұрыс жол. Стиль суреткер талантының даралық қуатын
көрсететін сапалық белгі екенін ескерсек, стиль мәселесін сөз еткенде
көркем туынды тұтастай назарға алынбақ.
Профессор З. Қабдолов «Әдебиет теориясының негіздері» деген
еңбегінде бір жазушының барлық шығармасында болатын идеялық
бірлікпен қатар, тақырып, мінез, тіл бірлігіне де байланысты
ерекшелікті қысқаша тізіп келіп былай ой түйеді: «Сонымен біз әрбір
жазушының барлық шығармашылығының өн бойынан идеялық-
көркемдік негізді тақырып арқылы ғана, тек жазушыға тән
ерекшелігін аңғарамыз. Мұндай ерекшелікті жазушы творчество-
сының мазмұны мен пішініне ғана басқа жағдайлардан да іздеп таба
беруге болады. Міне, стиль дегеніміз әр жазушының бойындағы
творчестволық ерекшелігі» [2]
Стиль жазушының барлық туындаларын түгел қамтиды. Жай
қарағанда
бір-біріне
ұқсамайтын
секілді
жазушылардың
шығармаларына тереңірек үңілсек, әр шығарманың өз ара
жақындығын, бірліктерін көреміз.
Жазушының құралы – тіл. Әлемді таң қалдырған көркем
туындылардың бәрі де тіл арқылы оқиғаны қалай дамыту, адам
мінезін қалай жасау, психология, күйініш-сүйініштерді суреттегенде
жан тебірентерлік дәрежеге жеткізу, қатысушылардың сөздерін өз
154
ортасына, жастарына, ой-сана, қоғамдағы орны мен тіршіліктеріне
сай, тән, шындыққа дәл етіп бере білу, тілдің сиқырлы күші арқылы
жасалады.
Сүтпен кіріп, сүйекке сіңген тілді әркім біліміне, өмір
тәжірибесіне қарай әр алуан түрде ұштайды. Әр ақынның өзінше сөз
саптауы, сөйлем құрастыру, сөзіне өзінше мән беру, ана тілі негізіне
сүйене отырып жаңа бір тыныс жасау, сөйлемдегі сөз тіркестерінің
дағдыдағы қалпын өзгерту, кейде архаизм, кейде неологизм, кейде сөз
ауыстыру, кейде инверсия, эллипсистер арқылы мүлде күтпеген
жерден
әдебиетте
бұрын
кездеспейтін
бір
жаңалықтарға
жазушылардың қолы жетеді. Осындай жайттардың негізінде әр
жазушының өзіне тән ерекшелік стилі келіп туады. Көркем
шығарманың
идеялық-эстетикалық
мән-мағынасы,
мазмұны
оқырманға сөз құдіреті арқылы жетеді. Қаламгер туған тілдің түпсіз
тереңінен өзінің ой-өрісіне, түсінік талғамына сәйкес келетін өрнектер
мен әдіс-тәсілдерді іздейді. Осы әдіс-тәсілдер, тың қолданыстар
арқылы әрбір қаламгер өз оқырманының жүрегіне жол тауып, оның
көкірегіне жоғары адами қасиеттердің нұрын, ізгілік ұрықтарын
себуге тырысады. Бұл үрдіс қаламгер атаулының бәрінде бірдей бола
бермейді. Оның басты себебі қаламгердің шеберлік шыңында,
стилінің даралығына байланысты.
Стиль - әр ақынның көркемдік жеке дара шеберлігімен
байланысты деп айтуға болады. Қ. Жүсіптің «Қазақ лирикасындағы
стиль және бейнелілік» деген еңбегінде: «Стильдің алдымен
лирикалық қаһарман сипатынан аңғарылатыны, сол арқылы тақырып,
идея, ұйқас, сюжет, композиция, деп т.б. – бәріне ықпал ететінін
діттеумен бірге, тағы бір өзекті мәселені естен шығаруға болмайды.
Ол: стильді анықтаудағы екінші бір өзекті құрал, суреткердің сөз
қолдануымен, белгілі бір ортақ делінген баламаларды да өзінше
ажарлап ұқсата білумен байланысты екендігі»-деп көрсетеді [3,384 б.].
Қазақ әдебиетінің осы күнгі стильдік тарамдалуының басы
XIX ғасырдың екінші жартысына тура келді. Сондай-ақ көркем
әдебиет стилінің де проза жанрын қамтып, әлдеқайда дами түсуі
XIX ғасырдың орта тұсынан басталады. Бұған Ыбырай мен Абай
шығармалары үлкен себепші болды.
XX ғасырдың басы- қазақ көркем әдебиет стилінің бірсыпыра
күшейген, өз ішінен тарамдалған тұсы. Осы кезеңде проза,
драматургия жанрларына сай белгілер пайда болып, әрі қарай
дамыды, стильдер жігі айқындала түсті. Сөйтіп, өткен ғасырдың
екінші жартысында қазақтың ұлттық әдеби тілінің мынадай
функционалдық стильдері пайда болады: көркем әдебиет стилі,
155
публицистикалық стиль, жартылай ғылыми стиль, ресми-іс қағаздар
стилі, эпистолярлық стиль. Стильдік жаңалық әр ақынның ойы мен
сезімін бейнелеп жеткізуінен көрі, көркемдік әлемінде бұрыннан бір
дәстүрлі құралдарды, суреттерді, сөз тіркестерін жинақтай айтсақ,
құбылту мен айшықтау түрлерін тың тәсілмен түрленте білуінен,
жанрлық түрлерден, пішіндік ізденістерден көрінеді. Стиль қалып-
тастыратын тек дарынды ақындар ғана. Талант қуаты кем қаламгерден
стиль даралығын іздеу ешқандай нәтиже бермейді. Сонымен қатар
қазақ ақындарының қаншалық толысқан суреткер екенін айқындау
үшін, стиль де, көркемдік әдіс те жалаң алынбай, үнемі бейнелілік
тұрғысынан саралану қажеттігін қадағалаған дұрыс.
Ғалым З.Ахметов стиль жайындағы түсінектемесінде «Стиль –
жазушының өмір шындығын танып-білу, сезіну қабілетін, бейнелеу
шеберлігін, өзіндік суреткерлік тұлға-бітімін танытатын даралық
өзгешелігі, жазу мәнері, қолтаңбасы. Көркемдік стиль жазушының
өмірлік тәжірибесі негізінде, оның суреткерлік талантының
табиғатына сәйкес қалыптасып дамиды. Стильді көбінен-көп сөз
қолдану еркешелігі, сөздік, тілдік ерекшеліктер деп қарау, ара-тұра
болса да бой көрсетеді. Әдебиетте стильдің мағынасы әлдеқайда терең
және кеңірек. Жазушының стилі дегенде, біз оның өмір шындығын
өзінше тани білу, сезіну, тақырыпты өзінше игеру, өзінше ой толғап,
бейнелеп айту – міне, осындай маңызды сипатттар танытатын, басқаға
ұқсамайтын суреткерлік шеберлігін, дара қолтаңбасын айтамыз» [4,90
б.] -деген түсінік береді.
Қ. Жүсіп өз монографиясында [3] поэзиядағы стиль мәселесін
көркемдік әдіс пен бейнелілік айналасында қарастырып, жүйелі
тұжырымдар жасайды. Қазіргі қазақ лирикасындағы стиль мәселесін
сөз еткенде Қ.Жүсіп тұжырымдарына қосыла отырып, лирикалық
қаһарман сипатына, суреткердің сөз қолдану еркшелігіне ерекше
назар аударған жөн. «Қазақ ақындарының қаншалықты толысқан
суреткер ақын екенін анықтау үшін стильде, көркемдік әдіс те жалаң
алынбай, үнемі бейнелілік тұрғысынан саралану қажеттігі де дау
туғызбайды»-деп ой түйеді ғалым. Бейнелілік стильмен тікелей
байланысты. Тіпті оны стильдің көрсеткіш құралы десе де болады.
Өмірді көркем бейнелеу сипаты, ең алдымен, ақынның сол өмірді
бейнелеу үшін таңдаған әдісінің негізінде айқындалады. Қай ақын
болмасын әдіске сөз сомдау үстінде төселеді. Кез келген ақынның,
немесе қаламгердің стилі жағынан, бейнелеуіш құралдарды қолдану
жағынан
өзара
ұқсастық,
айырмашылықтарын
ажыратуда
шығармашылық істе пайдаланған көркемдік этюдтері шешуші рөль
атқарады. Бұдан ақын, жазушылардың идеялық-эстетикалық
156
ерекшеліктері де айрықша танылады. Шынайы таланттардың жазу
машығы өзгелерден оқшау, дара көрінеді. Қолға алғаннан-ақ кімнің
жазғанын стилінен қапысыз аңғаруға болады. Мәселен, Абай,
Мағжан, Қасым, Мұқағали стилі десек, оны айтқызатын-айрықша
айшықты, өзгелерден ерекше, дара бітімді қолтаңбалары. Әлбетте,
поэзиядағы поэтикалық категориялар мен көркемдік әдіс ақын стилін
танытуға көмектескенімен бүкіл шығарманың өн бойынан көрініп
тұрады деп айта алмаймыз. Бұл тұрғыдан алғанда поэзиядағы стиль
нақты жүзеге асқан үлгіде көрініп, оның ерекшеліктері ақын өлеңінде
сыртқы пішінінен бастап, бүкіл болмысында көзге ұрып тұрады.
Дегенмен, поэзияда әдіс өзгерсе, оның әсері стильге тимей қоймады.
Ш. Елеукеновке сүйенсек, «бұл – стиль құрайтын шешуші фактор» [5,
366 б]. Бір дәуірде шығармашылықпен айналысқан қаламгерлер
тобына тән стиль мен жеке қаламгер стилі арасында ортақтастық
жоғарыда біз айтқан көркемдік әдістен туындайтын әдеби ағымға
тікелей байланысты. Мысалы, қазақ ақындары Абай, Мағжан,
Сәкендер мен Еуропа ақындары Байрон, Гете, Пушкин, Блок, т.б.
шығармашылығында көркемдік әдістерін қайталай отырып, өнердегі
өмірді бейнелі суреттеудің ортақ, ерекшеліктерін айқындап, сол
арқылы бір емес, бірнеше әдеби ағым (бағыт) туындатты. Мысалы,
реализм, романтизм, символизм, т.с.с. демек, бірін-бірі танымайтын
ақындардың стиль жағынан ұқсас келуінің өзі бір жағынан идеялық-
эстетикалық принциптердің орайлас келуі болса, екінші жағынан
олардың бір ағым өкілдері болып есептелуінде. Мұның өзі әр дәуір
ақындарында кездесетін стильдік үндестік деуімізге де болады. Қай
ақынның болмасын стилінің байлығы-көркемдік ізденіс нәтижесінің
жемісі. Ақынның суреткер ретінде марқайып, айрықша стиль
танытуына, шеберлік шыңына жетуіне өзінен бұрынғы ақындар
мектебі, өз ортасы, заманы айрықша әсер етеді. Сондай-ақ, жеке
ақынның, тұтастай қазақ лирикасының биігін межелеуінде көркемдік
әдіс, әдеби ағым, сөз саптаудағы бейнелеуіш құралдар, көркемдік
құрылымдар, бір сөзбен айтқанда, стиль шешуші рөль атқарады.
Стиль-күрделі құбылыс. Оны жалғыз тіл арқылы тану мүмкін
емес. Тіл-стильді белгілейтін маңызды бірліктердің бірі ғана. Тілден
басқа стильді белгілейтін детальдар қатарына көркем шығарманың
жанрлық, композициялық, интонациялық, ырғақтық ерекшеліктері де
енеді. Стильге беріліп жүрген анықтамалардың әр тектілігі оны әрі
әдебиеттану, әрі тіл білімі ғылымына жатқызуға негіз болып жүр.
Стиль біреу ғана болу тиіс. Ол-жазушы стилі. Ал көркем шығарманың
тілі жазушы стилінің бір белгісін құрайды. Көркем шығармалардағы
стильдік бояу, олар атқаратын көркемдік қызмет туралы айтқан кезде
157
жазушының дара стилі, жеке шеберлігі секілді мәселелерді айтпай
кетуге болмайды. Әрбір жазушы өзінің дара стиліне өзгелердің
стильдік ерекшеліктерін жетік меңгеру арқылы ғана жетеді. Дара
стиль әдеби тілмен тығыз қарым-қатынаста болады. Әдеби тілді
дамытатын қайнар бұлақтардың да бірі, осы – дара стиль. Жоғары
шеберлікпен жазылған көркем шығарманың тілі ғана «дара стиль»
деңгейіне көтеріле алады.
Дара стиль жазушының көркем шығармасының стилі мен оның
дүниетанымының арасындағы қарым-қатынасты да қамтиды. Дара
стиль, тіл, копозиция, жанр, ырғақ, интонация, жазушы өмір сүрген
орта, бұрыннан қалыптасқан стильдік дәстүр, оған енгізілген стильдік
жаңалық, қаламгердің дүниетанымы, талант сипаты, баяндау
тәсілдері, стильдік контраст, стильдік бояу, жазушы стилінің шығар-
машылық өсу жолы сияқты бірліктер жиынтығынан тұрады.
Ұлттық әдебиетіміздегі стильдің тарихи даму жолдарын
зерттеуші С.Бахтиярова стильді «екі арнада қарастырған жөн: бірі-
қазақ әдебиетінің дара стильдерге дейінгі кезеңіне жалпы тән болған
стильдік көркемдеу құралдары, екіншісі-авторы айқын түркі бітік
жазба ескерткіштерінде алғаш рет профессионалды негізде көрініп,
кейін толғау жанрында айқындала түскен дара поэзия белгілері»-
деген тұжырым жасайды [6,133 б].
Әдеби әдісті дара стиль аясында қарастырғанда біз сөз етіп
отырған ұлттық сипатты ауызға алмай кету мүмкін емес. Өнер
туындылары ең әуелі ұлттық сипатты иеленеді, ұлттық туынды төрт
құбыласы сай келген жағдайда барлық адамзаттың рухани игілігіне
айналатыны белгілі. Стиль мәселесін зерделегенде жалпы әдеби
процесті назарға ала отырып, оның әр кезеңдегі даму ерекшелігіне ден
қойылады. Жоғарыда өзіміз айтып өткен көркемдік әдіс қаламгерлік
шеберлікпен ұштастырыла тығыз бірлікте талданады. Өйткені әдебиет
дегеніміздің өзі- тұтас организм, сан бөлшектерден тұратын бір бүтін
дүние. Бүтінді бөлшектей талдағанда, сол талдау нәтижесі айналып
келгенде бөлшектің бүтіндігін, бір-бірінсіз өмір сүрмейтінін
дәлелдеуге негізделеді. Әдебиет тарихында қандай стиль болсын
бірден, бір күнде туа салмайды. Жаңа стильдің элементі өзінен
бұрынғы қалыптасқан стильдің өз ішінде туады, өсе келе, дами келе
қалыптасады және күреспен ғана өзіне жол ашады. Бұрынғы стильдің
ескіргенін, дәуірдің озғанын, енді ол бөгеттікке айналғанын сөз
жүзінде де, іс жүзінде де дәлелдеу, жаңалық үшін ескілікпен
келісімге келместік күрес арқылы өседі. Тартыспен ғана жаңа стиль,
ескі стильді тарих сахнасынан ысырып, оның орнын өзі басады.
158
Стиль мен шеберлік бір-бірімен егіз. Шеберліктің қыры мен
сыры қаншалықты мол болса, суреткер стилі соның барлығын
қамтиды. Демек, небір амал, тәсілдерімен өмір сырын жарқыратып
ашып тастайтын шеберліктің сиқырлы күші сайып келгенде,
суреткердің стиліне келіп тіреледі.
Әдебиет - өмір шындығының сәулесі. Өмір шындығы дегеніміз–
бірімен-бірі тұтасып жатқан ұшы - қиыры жоқ мол дүние. Ақын сол
мол дүниеден қанша алып, қалай пайдаланамын десе де еркі, яғни бұл
жағынан алып қарағанда ол жалпақ дүниені жалғыз өзі билейтін
әмірші. Бірақ сол мол дүниені қалай алып, қалай пайдаланбасын өзі
суреттеп отырған өмір шындығын молынан қамти отырып, дәуір
талабына сай көркемдікпен шешіп бере білуге тиісті. Ақын бұл
жағынан алып қарағанда өзі өмір сүріп тұрған дәуір тынысына
тәуелді. Осыдан келіп ақын шығармашылығының халықтығы
шығады.
Әдебиеттің дамуы-елдің, халықтың дамуының белгісі. Поэзия
шеберлігінің, мәдниетінің ұшталуы, жаңа биіктерге, көтерілуі де
рухани дүниеміздің жарқын әлемі. Қазіргі қазақ поэзиясындағы
шығармашылық ізденістер арасында екі қасиет ерекше жоталанып
көрінеді. Бірі – бүгінгі өмір тынысына терең үңілу, өмір
құбылысының поэзиясын сергек жүрекпен жыр тілінде зерттеу болса,
екіншісі – өмірден, жалпы болмыстан түйген түйін тұжырымдап ой
елегінде екшеп, поэтикалық талғамдарды жыр құмар қауым
қазылығына ұсыну.
Стильдік ерекшеліктер көркемдік құралдар жүйесінде, олардың
ішкі заңдылықтарынан өрбитін байланыстарымен өзара қарым-
қатынастары арқылы көрінеді. Ал қаламгердің өзіндік көркемдік әдісі
оның өмірлік материалды танып-бағалау, таңдау және бейнелеудегі
өзіне ғана тән ұстанымдарынан келіп шығады.
Әдебиет
1. Жұмалиев Қ. Стиль – өнер ерекшелігі. Алматы, 1966, 240 - б.
2. Қабдолов 3. Сөз өнepi. - Алматы: Санат, 2002.- 358 - б.
3. Мәшһүр-Жүсіп Қ. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік
Павлодар, 2007.- 440 - б.
4. Әдебиеттану: Терминдер сөздігі (құраст.: 3. Ахметов, Т. Шанбаев). -
Алматы: Ана тілі, 1996.- 240 - б.
5. Елеукенов Ш. Әдебиет және ұлт тағдыры.- Алматы: Жалын, 1997.- 366 - б.
6. Бахтиярова С. ХХ ғасыр басындағы қазақ поэзиясындағы стильдік-
көркемдік ізденістер: Диссертация. - Алматы, 2002. - 133 - б.
159
Достарыңызбен бөлісу: |