Киященко Н. И.: Эстетика философская наука



Pdf көрінісі
бет5/18
Дата29.11.2022
өлшемі2,76 Mb.
#53421
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Тақ. 11.Өнер философиясы Презент (1) (1)

Әбу Насыр Әл-Фараби
• Әл-Фарабидің «Музыка туралы үлкен кітабы» және басқа трактаттардағы
Әл-Фараби эстетикасы – бұл сұлулық пен өнер туралы дамытылған және
жинақтап қорытылған ойлар. Оның пікірі бойынша, ғылым мен өнердің әр
түрлері (музыка, поэзия, архитектура, би, кескіндеме және т.б) объективті
болмысты танудың әртүрлі формалары болып табылады. Өнердің жеке бір
түрі бейнеленгеннің түрлі қырлары туралы бір жақты мағлұмат береді, ал
біртүтас өнер философия мен логиканың көмегімен жалпы мағлұмат береді.
• Әл-Фараби өнердің әр түрлері және эстетика адамның түсінуімен, оның
шығармашылық күшімен және адамдардың өмірлік қажеттіліктеріне сәйкес
жасалады деп санайды. Екінші Ұстаз өнер мен сұлулық мәселелерін
философия мен эстетикалық ойдың арнайы бір бөлігі ретінде қарастырды.
Оның «Музыка туралы үлкен кітабында» көрініс тапқан эстетикалық ілімі
өнер мен әсемдік туралы шашыраңқы тезистер мен кездейсоқ пікірлер
түрінде берілмеген, олардың фундаментальді негізі бар. Әл-Фараби
бойынша материалдық әлем сұлулығы заттардың өз табиғатынан шығады,
өйткені материя – өзіндік объективті қасиеттері бар, өмірді сақтаушы.
Табиғаттағы әдемі немесе сұлу – бұл түс, түр және т.б. үйлесімді
байланысуына ие заттар. Ойшылдың эстетикалық тұжырымдамасының
негізінде детерминизм идеясы жатыр. Оның ілімінде Дүние, барлығы өзара
байланыста болатын, әрбір элемент өзінің орнын, формасын,қозғалысын
білетін, белгіленген қызметті атқаратын, шамалас, үйлесімді жүйе ретінде
баяндалады, яғни ол «жетілгендік пен сұлулықты танытады».


Әбу Насыр Әл-Фараби
• «Музыка туралы үлкен кітабы» – Әл-Фарабидің үлкен еңбегі мен
дарынының нәтижесі, кіл өмірінің жемісі. Бұл таным теориясы,
логика, эстетика поэзия, педагогика, анатомия, математика, физика,
акустика, инстументалистиканы және сол сияқтыларды қамтитын,
синтездік және энциклопедиялық шығарма. Ғалым өзіне музыканы
толық әрі жан-жақты зерттеу мақсатын қойды және оны жемісті
шешті. Музыка тарихы туралы көлемді мәліметтерді жүйеледі.
• Ойшылдың эстетикалық тұжырымдамалары жарқын көрінетін
«Ғылымдардың пайда болуы туралы» және басқа да трактаттарында
музыка туралы ғылым да, өлең құрылысы туралы ғылым да оз орнын
тапқан. Ол әрбір өнерде шын мәнісінде өзіндік заңдардың болуы
мүмкіндігіне сүйенеді. Оларды қарастыру бұл өнерді тануға
мүмкіндік береді.
Әл-Фараби бойынша, әсемдікті тудырушы адам ғана, өйткені ол
мейірімділікті іздеуші және жасаушы мүмкіндігіне ие. Адам өзінің бар
жаратылысымен өмірде бақытқа, әсемдікке ұмтылады және ол
бақытқа тек қана оған әсемдік тән және сол әсемдікті аялауға қабілетті
болғанда ғана жетеді. Адамдық мақсат үш түрде: жағымды, пайдалы
және әсемдік тұрғысында болады




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет