Класы: 10 «А» Класс жетекшісі: Омарова М. Ш


Көшедегі келеңсіз жағдаяттар және бөгде адамдардан сақтанудың алдын алу шаралары



бет11/13
Дата02.04.2023
өлшемі71,47 Kb.
#78386
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Көшедегі келеңсіз жағдаяттар және бөгде адамдардан сақтанудың алдын алу шаралары





  1. Пәтерден (үйден) шығар алдында есіктегі кішкен тесіктен оның алдында ( есік алды алаңшада) бөгде адамның жоқтығына көз жеткізіңіз, олай болмаған жағдайда күте тұрыңыз.

  2. Еш уақытта бөгде (танымайтын) адамдармен лифтке, сонымен қатар кіреберіске немесе баспалдақ алаңына, егер онда күдікті адамдар, әсіресе бір топ адамдар тұрса кірмеңіз.

  3. Егерде сізге лифте біреу бас салса, «Диспетчерді шақыру» батырмасын басуға тырысыңыз, бірақ айқайламаңыз, әсіресе, жақын арада сізге көмекке келе алатын адамдар барына сенімсіз болсаңыз.

  4. Аулада жүрген уақытта сізден жасы үлкен, ішімдік күйіндегі немесе есірткіге мас, құмар ойындармен және де т.б. шұғылданып отырған топ жасөспірімдерден аулақ болыңыз.

  5. Ешқашан таныс емес (бөгде) адамдармен автокөлікке, мотоцикл және т.б. отырмаңыз.

  6. Егер үйдің жанында ересек адамдар болмаса, өзбетіңмен қымбат заттарды (магнитофон және т.б.) алып шықпа.

  7. Аса қажетті болмаса өздеріңмен ақша, қымбат заттарды алып жүрмеңдер.

  8. Төбе, шатыр, жертөлелерде тентіреп жүрмеңдер.

  9. Далада қыдырған кезде, үйден алыстамай, өздеріңе таныс топтар компаниясында болуға тырысыңдар. Егер үйден алшақ кетсеңіз, әсіресе, басқа ауданға биге (дискотекаға), базарға, дүкенге, концертке және т.б. соңғы шарт міндетті. Сонымен бірге үлкендердің сіздің қайда екендігіңізді білгені жөн.

  10. Көмекке шақыру – қорқақтықтың белгісі емес, қажетті өзін-өзі қорғау, кейде – құтқару құралы.

  11. Егер сіз тосқынға тап болсаңыз – сізге тисушілер көп, олардың күші басым болса, жақын арада сізге көмекке келер жан болмаса, одан да олардың сұраған ақша не басқа да затын бергеніңіз жөн. Есіңізде болсын, сіздің өміріңіз бен денсаулығыңыз бәрінен де қымбат.

  12. Егер сізді (түнде) және т.б. уақытта біреулер қуаласа, онда сіз адамдары көп, шамның жарығы бар жерге қарай жүріңіз (жүгіріңіз).

  13. Ешқашан өздеріңнен ересек балалармен немесе мүлдем таныс емес адамдармен құмар ойындар, әсіресе, ақшаға ойнамаңдар.

  14. Жеке басты қауіпсіздендіру мақсатында ( ұрлаудың алдын алу) қажет:




  • жеке болған жағдайда, әсіресе көшеде, мектеп пен бос уақытын өткізер жерлерге барар және келер жолда, жалғыз қалмауға тырысу;

  • мектепке, дүкенге, достарыңа және т.б. барар қозғалыс бағытын жиі ауыстырып тұрған жөн;

  • ешқашан таныс емес адаммен , әсіресе бір нәрседен күмәнді адамдармен сөйлеспеген жөн;

  • бөтен автокөлікке отырып, бөгде адамдармен жүрмеген жөн;

  • туыстарыңызды қашан, кіммен, қайда баратыныңыз, кімде, қанша уақыт болатыныңыз, қашан қай уақытта, қандай жолмен үйге қайтатыныңыз (мүмкіндік болса, сізді қандай телефон арқылы, немесе басқа координата арқылы) табуға болатыны жөнінде құлақдар етіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет