Класы: 10 «А» Класс жетекшісі: Омарова М. Ш



бет8/13
Дата02.04.2023
өлшемі71,47 Kb.
#78386
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Қауіпсіздік ережелері

Отшашу жасауға тыйым салынатын жерлер:



  1. Ғимарат не тұрғын үй іші;




  1. Жарылыс және өрт қаупі бар нысандар аумағы;




  1. Темір жол, мұнай, газ құбыры және жоғары вольтты электр желілері маңы; 4.Шатыр және балкон;

  1. Сахна, стадион және басқа да спорттық алаңқайлар; 6.Мәдени ескерткіш, зират, қорық, ұлттық парк.

Қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік.


    1. Көшеде жолдан өту кезінде, жол жүру ережелерін сақтап, мұқит болу керек;

    2. Орман, өзен-көлдерде серуендеу кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.

  • Ауыл төңірегінде және орманды аймақтарда от жағуға тыйым салынады.

  • Мұз үстінде абай болу. Мұздың 15 см. қажетті қалыңдығы болмаған жағдайда оның үстіне шығуға болмайды.

  • Шаңғы, коньки, шанамен абайлап қолданған жөн.

  • Теріні үсітіп алмау үшін ауаның температурасы өте төмен болған жағдайдасеруенге шықпаған жөн.

  1. Өз денсаулығыңыздың қамын ойлаған дұрыс: тұмау мен салқын тиудің алдын алу шараларын қолдану.

  2. Электр құралдары: теледидар, электр үтік, шәйнек және т.б. тоққа қосып, ажырату кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтап, абай болу қажет.

  3. Газ құралдарын қолдану барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет.

  4. Теледидар көру, компьютермен жұмыс жасау кезінде уақыт тәртібін сақтау қажет.

  5. Үлкендердің жетегінсіз тракторлық бригадалар, гараждар, фермаларға баруға тыйым салынады.

  6. Үй жануарларымен айналысқан кезде абай болу қажет.

Үлкендердің жетегінсіз 22.00-ден кейін далада жүруге тыйым салынады.

Өрт қауіпсіздігі кезіндегі өзін-өзі ұстау ережелері





  1. Өрттің ауқымы кішкентай болса, крандағы сумен, болмаса қалың дымқыл матамен өшіруге тырысыңыз;

  2. Өрт ауқымды болса, 101 нөміріне хабарласып, өрт шыққан мекен-жайды, ненің қалай жанып жатқанын айтыңыз. Өзіңіздің атыңыз бен нөміріңізді де беріңіз. Ол өрт сөндірушілерді күтіп алып, өрт ошағына жедел апаруға керек. “Менен де басқалар хабарласқан шығар” деп отыруға болмайды;

  3. Ғимараттағы барлық тоқ көздерін ажыратып, газ құбырларын жабыңыз;

  4. Егер өрт көп қаббатты ғимараттың төменгі қабатында шықса, ғимараттың жоғарғы қабатына немесе төбесіне шығып, көмек күту керек;

  5. Далаға шығу жолдарында от болмаса, тез арада ғимаратты тастап шығыңыз;

  6. Өрт шыққан аумақтан өту үшін синтетикалық киімдерді шешіп, орнына жүн немесе мақтадан тігілген киім кию керек. Киімдерді сулап, басыңызға ішік, жейде, орамал сынды қалың дымқыл жамылғы жабыңыз. Дәл осылай мұрныңыз бен ауызыңызды да жабу керек. Ол түтіннен уланып қалудың алдын алады;

  7. Есіктерді қатты жабыңыз. Себебі от оттегі келіп, жел соққан сайын өрши түседі;

  8. Түтіннің арасынан еңкейіп, тізерлеп немесе бүк түсіп өту керек;

  9. Пәтерден шықпас бұрын есіктің ар жағында оттың бар-жоғын тексеріңіз. Ол үшін есікке жақын барып, оның тұтқасы сияқты металды жерлерін ұстап көріңіз. Ол ыстық болса, есікті ашпаңыз. Керісінше, есіктің саңылауларын дымқыл матамен бітеп тастаңыз. Есіктің бер жағына су шашыңыз;

  10. Ауыз-мұрныңызды дымқыл матамен жауып, пәтердегі барлық адамдарды балконға алып шығыңыз. Балкон болмаған жағдайда, терезені ашып, сырттағыларға белгі беріңіз. Олардың сізді естігеніне сенімді болсаңыз, барлық адамдарды алып, жуыну бөлмесіне кіріп, есігін ішінен мықтап жабыңыз. Ол жерде суды ағызып, үстілеріңіздегі барлық киімді сулау керек. Сол жерде көмек күтіңіз;

  11. Өрт шатырда немесе жертөледе шықса, өрт сөндірушілерді шақырып, олар келгенше өрт шыққан аумаққа апаратын есік- терезелерді, люктарды жауып тастау керек;

  12. Өрт шыққан үйден адамдарды эвакуациялау кезінде балалардың төсектің астына, сөрелер мен қуыстарға тығылып қалатынын естен шығармаңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет