Мектепмаңайындағытәртіп. Мектеп маңайы мектептің бөлігі болып есептеледі (мектеп учаскесі).
Мектеп учаскесінде оқушылар: оның алыңының шегінен шықпай; жалпы тәртіп ережелерін сақтап жүрулері керек.
ЖРВИ және тұмау дертінің алдын алу және болдырмау. (Жадынама)
Міндетті түрде масқа тағу;
Қолды сабынмен үнемі жуу;
Сыныпқа кірер алдында міндетті түрде температураны өлшеу; 4.Сынып бөлмелеріне ауысуға тыйым салынады;
Тамақ ішер алдында міндетті түрде қолды сабындап жуу;
Дәретханадан шыққаннан кейін қолды сабындап жуу;
Лас қолыңмен мұрныңды, көзіңді ұстама;
2-3 сағат сайын масканы ауыстырып отыру қажет;
Пайдаланған масканы арнайы қоқыс жәшігіне сал; 10.Бір реттік масканы қайта пайдалануға болмайды;
Сыныпта, дәлізде 1 метр қашықтықты сақта;
Басқа оқушылардың оқу-құралдарын қозғауға немессе бір- біріңе жалғастыруға болмайды.
Қоғамдық орындағы тәртіп. ЖРВИ және тұмаудан өзіңізді қалай сақтайсың? (Жадынама)
Көпшілікортада:
Үнемі өзінің жалғыз емес екенін есте сақтайды.
Өзін өзгелерге кедерге келтірмейтіндей ұстайды. Біреумен сөйлесіп тұрып сағыз шайнамайды.Шайнаған сағызын жерге түкіріп тастамайды немесе үстелге, орындыққа, қабырғаға жапсырмайды.
Қарсы келген үлкен кісіге жол беріп өткізіп жібереді.Өтіп бар жатып тайып кеткен кісіне сүйеу болады.
Қоғамдық көлікте үлкендер мен балалы әйелдерді өткізіп жібереді, оларға орын береді. Автобустан шығарда алдындағы кісілерді итергілемей, сыпай ғана өткізіп жіберуді сұрайды.Көліктен түсерде қарттар мен балалы әйелдерге көмектеседі.
Біреудің аяғын басып кетсе сыпайы кешірім сұрайды, ал егер өзінің аяғын басып кетсе, ашуланбайды үндемей шыдайды.Еш уақытта өзінің назарын аударған нәрсені қолын шошайтып көрсетпейді, көзімен не ыммен көрсетеді.
Кәмтиттің немесе сағыздың қағазын т.б. заттарды жерге немесе қоқыс салғыштың сыртына лақтыра салмайды.