Класы: 10 «А» Класс жетекшісі: Омарова М. Ш


Терроризмге қарсы қауіпсіздік



бет10/13
Дата02.04.2023
өлшемі71,47 Kb.
#78386
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Терроризмге қарсы қауіпсіздік





  1. Көлікте, үйге кірер кіреберісте және т.б жерлерде қалдырылған түйіншек (сөмке, қорап және т.б.) байқасаң, еш уақытта тиіспе: онда жарылғыш құрылғы болуы мүмкін.

  2. Тапқан затыңыз туралы кезекші полиция қызметкеріне хабарлаңыз.

  3. Егер түйіншек, сөмке, қорапты қалалық көлікте байқап қалсаңыз, ол туралы жүргізушіге хабарлаңыз.

  4. Егерде сіз еркіңізден тыс террорлық актке куәгер болсаңыз, сабырлық сақтаңыз. Жағдаят орнынан қашып жатқан адамдарды есіңізде сақтауға тырысыңыз, мүмкін солардың өздері қылмыскерлер шығар.

  5. Жедел жәрдем көлігі келгенге дейін жарылыстан не атудан зардап шеккендерге мүмкіндігіңізше көмек көрсетуге тырысыңыз.Өз ақпаратыңызды оқиға болған жерге келген арнайықызмет қызметкерлеріне хабарлаңыз.

  6. Сіздің қолыңызға қандай да бір жағдайда жарылғыш пакет тиетін болса, онымен ойнамаңыз: ауыр күйік жарақат алуыңыз мүмкін.

  7. Отқа патрондарды тастамаңыз – олар атып, сізді жарақаттауы мүмкін.

  8. Оттек баллоны, жаншу ыдысы, еріткіштер мен бензиннің, газ бен ауа қосындылары сақталған бос бөшкелердің жарылысынан сақтаныңыз.

  9. Снаряд, мина, гранатаға ұқсас заттарды көрсеңіз, қасына жақындамаңыз және тас лақтырмаңыз: снярд жарылуы мүмкін. Күдікті зат жатқан жерді қоршаңыз және полицияға 102 телефоны арқылы хабарлаңыз. Табылған зат туралы жақын арадағы адамдарға хабарлап, полиция қызметкерлерінің келуін күтіңіз.

Жазғы уақытта үлкендердің жетегінсіз 23.00, ал қысқы уақытта 22.00-ден кейін далада жүруге тыйым салынады.


Қыс мезгіліндегі су қоймаларында жүру ережелері





  1. Көшеде жолдан өту кезінде, жол жүру ережелерін сақтап, мұқит болу керек;

  2. Орман, өзен-көлдерде серуендеу кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.




  • Ауыл төңірегінде және орманды аймақтарда от жағуға тыйым салынады.

  • Мұз үстінде абай болу. Мұздың 15 см. қажетті қалыңдығы болмаған жағдайда оның үстіне шығуға болмайды.

  • Шаңғы, коньки, шанамен абайлап қолданған жөн.

  • Теріні үсітіп алмау үшін ауаның температурасы өте төмен болған жағдайдасеруенге шықпаған жөн.




  1. Өз денсаулығыңыздың қамын ойлаған дұрыс: тұмау мен салқын тиудің алдын алу шараларын қолдану.

  2. Электр құралдары: теледидар, электр үтік, шәйнек және т.б. тоққа қосып, ажырату кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтап, абай болу қажет.

  3. Газ құралдарын қолдану барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. 10.Теледидар көру, компьютермен жұмыс жасау кезінде уақыт тәртібін сақтау қажет.

11.Үлкендердің жетегінсіз тракторлық бригадалар, гараждар, фермаларға баруға тыйым салынады. 12.Үй жануарларымен айналысқан кезде абай болу қажет.

Үлкендердің жетегінсіз 22.00-ден кейін далада жүруге тыйым салынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет