Класы: 10 «А» Класс жетекшісі: Омарова М. Ш


Үйде жалғыз қалғанда «Сен және компьютер»



бет5/13
Дата02.04.2023
өлшемі71,47 Kb.
#78386
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Қауіпсіздік ережелері

Үйде жалғыз қалғанда «Сен және компьютер»


Электрқұралдарының тоқ жүйесіне қосылуының ережесін мүлтіксіз орындаңыз: баусымды (кабель) ең алдымен құралға қосыңыз, содан соң жүйеге. Құралды сөндіру кері реттілікпен жүргізіледі.



  1. Үйден, тіпті бөлмеден шығарда міндетті түрде электрқұралдарын сөндіріңіз (үтік, теледидар және т.б.).

  2. Штепсельдің айырын ашалы розеткаға су қолыңмен қоспа.

  3. Еш уақытта электр сымын қолыңмен тартпа – қысқа тұйықталу болуы мүмкін.

  4. Ешбір жағдайда жалаңаш сымға жақындама және ұстама – тоқ соғуы мүмкүн.

  5. Арнайы тығырықсыз шәйнек, үтік, плиткамен қолданбаңыз.

  6. Тоқ жүйесіне қосылған ыдыс және суға (егер ол металлдан жасалған болса) қол тигізбеңіз.

  7. Еш уақытта тоққа қослып тұрған электрқұралдарын дымқыл шүберекпен сүртпеңіз.

  8. Гүл өсірілген құмыраны электр сымдарының үстіне ілмеңіз.

  9. Жанып жатқан электрқұралдарын сумен сөндіруге болмайды.

  10. Жерде жатқан немесе салбырап тұрған электр сымдарына жоламаңыз.

  11. Жақын арада электр желілері өтетін үйлер және басқа да құрылыстардың шатырына, сонымен қатар электр тасымалдау әуе желілері өтетін тіреуіштерге (бағандарға) шығу қауіпті.

  12. Трансформаторлық қосалқы станция, күштік қалқаншалар, үйлестіруші құрылғыларды ашып көруге тырыспаңыз – ол өлім төндіреді.

  13. Электр шамына абажур қалқан ретінде қағаз не матаны қолданбаңыз. 14.Электрқұралдарын тоқ жүйесіне қосылып тұрған күйінде жөндемекші болмаңыз.

15.Электрқұралдарының жануы болған жағдайда, өрт жалынын өзіңіз сөндіре алмасаңыз, телефон арқылы өрт сөндіру қызметін шақырыңыз.

Күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері.





  1. Көшеде жолдан өту кезінде, жол жүру ережелерін сақтап, мұқит болу керек;

  2. Орман, өзен-көлдерде серуендеу кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.

  3. Ауыл төңірегінде және орманды аймақтарда от жағуға тыйым салынады.

  4. Салқын уақытта суға түсуге болмайды.

  5. Орман алабында жабайы жануарлармен кездесіп қалған жағдайда абай болу қажет.

  6. Таныс емес жидектер мен саңырауқұлақтарды тамақ ретінде қолдануға тыйым салынады.

  7. Өз денсаулығыңыздың қамын ойлаған дұрыс: тұмау мен салқын тиудің алдын алу шараларын қолдану.

  8. Электр құралдары: теледидар, электр үтік, шәйнек және т.б. тоққа қосып, ажырату кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтап, абай болу қажет.

  9. Газ құралдарын қолдану барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. 10.Теледидар көру, компьютермен жұмыс жасау кезінде уақыт тәртібін сақтау қажет.

11.Тікенді, кескіш және шапқыш құралдармен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. 12.Үлкендердің жетегінсіз тракторлық бригадалар, гараждар, фермаларға баруға тыйым салынады.
13.Үй жануарларымен айналысқан кезде абай болу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет