/ / .
С. Павлова,
№ 36 М М орта м ект ебінің м ұгалім і, Өскемвн қ.
■ ■ h e
СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
СЫНЫППЕН Ж¥МЫС ЖАСАЙМЫЗ
■
Кіші мектеп жасындағы балалардағы қарым-қатынас білігі
Қ а р ы м -қ а т ы н а с б іл ігі
Иә
Ж о қ
1
Менің достарым көп
10
14
2
Мен жаңа адамдармен тез танысамын
11
13
3
Маған сынып алдында сөз сөйлеу унайды
15
9
4
Мен такта алдында жауап беруге қинапмаймын
15
9
5
Маған өз пікірімді айту ұнайды
11
13
6
Мен материалды ретімен, жүйесін жоғалтпай айтып бере
аламын
12
12
7
Маған топпен жұмыс жасау жеңіл
8
16
8
Мен негізгі сөздің негізінде өз бетіммен хабарлама жасай
аламын
9
15
Бүгінде білім берудің нәтижесі тек қана білім, білік, дағды алу ғана болмауы
тиіс. Бүл қазіргі әлемде өмір сүруге қабілетті, өзінің және қоғамдық мүдделер
үшін өзін-өзі дамытуға даяр, еркін, білімді, шығармашылықты жеке тұлғаны
тәрбиелеу жэне дамыту.
Кіші оқушы үшін қарым-қатынас біліктілігінің мәні неде?
Біріншіден, ол оқудың табысты болуына эсер етеді. Қарапайым мысал кел-
тірейін. Егер оқушы тақта алдында жауап беруге қысылатын болса, немесе бүл
кезде қатты абыржитын болса, онда оның шынайы жауабы (қарым-қатынас
көрінісі ретінде) оның бойындағы білімнен анағұрлым төмен болады, ол, әрине,
төмен бағаланады.
Екіншіден, баланың мектепке бейімделуі, оның ішінде қарым-қатынас
біліктілігі көбіне баланың мектепке бейімделу процесіне, оның ішінде сынып
ужымында эмоциялық жағынан өзін жақсы сезінуіне байланысты болады.
Егер ол сыныптастарымен оңай тіл табысатын болса, онда психологиялық
қолайлылық сезінеді. Ал керісінше, айналасындағылармен қарым-қатынас жа-
сай алмау оның достарының санын азайтады, жағымсыз әсерлер тудырады,
ал кейін әлеуметтікке қарсы мінез-құлық көрінісін тудыруы мүмкін,
Үшіншіден, қарым-қатынас біліктілігі білім беру процесінде бүгінгі тиімділік
пен қолайлылық шарты ретінде ғана емес, сонымен бірге келешек өмірдің
тиімділігі мен қолайлылығы ресурсы ретінде де қарастырылуы мүмкін.
Оқу-тәрбие процесі тек бұл процесте педагог ойын айту, оқу, жазу тілегін да-
мытқан жағдайда ғана тиімді әрі пайдалы болмақ. Нақ осы қарым-қатынас білік-
тілігі сөйлеу қатынасының біліктері мен дағдылары қалыптасуына мүмкіндік жа
сайды, бүл үшін әр сабақта қажетті жағдай жасалуы тиіс. Сөйлеу әрекеті өзінің
барлықтүрінде-оқуда, жазуда, сөйлеуде қалыптасады. «Қарым-қатынас жасай
отырып қарым-қатынас жасауға үйрету» - мұндай шартсыз сабақ болмайды.
Психологиялық-педагогикалық зерттеулерге қарағанда, қарым-қаты-
нас біліктілігіне төмендегідей құрауыштар жатады:
- эмоциялық (эмоциялық елгезектік, эмпатия, өзгелерге сезімталдық таны-
ту, жанашырлық, тілектестік, серіктесінің әрекеттеріне көңіл қою кіреді);
СЫНЫППЕН ЖҮМЫС ЖАСАИМЫЗ
- когнитивтік (өзге адамды тануға, өзге адамның мінез-құлқын тани білу
қабілетіне, адамдар арасында туындаған әртүрлі проблемаларды тиімді
шеше білуге байланысты);
- тәртіптік (баланың ынтымақтастыққа, бірлескен әрекетке, ынталылы-
ғына, қарым-қатынас дұрыстығына, үйымдастырушылық қабілеттеріне,
т. б. қабілеттілігін білдіреді);
- жеке бастық (қарым-қатынасқа түскен жеке тұлғаның қарым-қатынас
мазмұнына, процесіне және мәніне табиғи түрде эсер ететін ерекшелік-
тері арқылы пайда болады).
Қарым-қатынас біліктілігі айналадағы адамдармен және оқиғалармен
әрекеттестік тәсілдерін білу, топта жұмыс істеу дағдылары, ұжымда әртүрлі
әлеуметтік рөлдерді меңгеруден тұрады.
Қарым-қатынас процесінде окушылар алдында келіссөз жүргізу, өз әрекетін
алдын ала жоспарлап қою қажеттілігі пайда болады. Басқа балаларға субъек-
тілік қарым-қатынаста болу, яғни оларды өзіне тең жеке тұлға ретінде қабылдау,
олардың мүдделерін ескеру, көмектесуге дайын түру білігі талап етіледі. Құрдас-
тарымен қарым-қатынас жасай отырып, бала серіктесінің әрекетін басқаруды,
оларға бақылау жасауды, оларға өзінің мінез-қүлық үлгісін көрсетуді үйренеді.
Балаларды қарым-қатынас дағдыларына үйрету қажет. Кіші мектеп жасы
үшін қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруға көмектесетін төмендегі
құралдарды беліп көрсетуге болады:
Қарым-қатынас біліктілігі
құралдары
,я ш и н
Оқу диалогының
барлықтүрі
Монолог
Оқу жобалары
Ï
Баяндамалар мен
^
Рөлдік және
Пікірсайыс,
хабарламалар
іскер ойындар
спорт
Мысалы, әдебиеттік оқу сабағында мен 4 адамнан түратын топтарда жү-
мыс істеуді ұсынамын. Сабақта етілетін шығармаларда мен теңеуді табуды
ұсынамын (1-топ), сипаттау (2-топ), салыстыру (3-топ) және т. б. Дүниетану
сабағында «Жануарлар өмірі» тақырыбын бекітуде оқушылар жануарлар ті-
зімімен жұмыс жасайды. Бір топта одан сүтқоректілерді ғана, екінші топта -
құстарды, үшіншіде - балықтарды таңдап алған жөн. Аталған жануарлар ара
сында сирек кездесетін немесе жоғалып кеткендері кездеседі, сондықтан да
балалар: «Бұл жануарлар әлемі өкілдерінің атауы бізге неліктен таныс?» деген
■ Р
18
СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
СЫ НЫ ППЕН Ж¥МЫ С ЖАСАЙМЫЗ
сүрақтарға өз бетімен жауап беруге тырысады. Бұл кезде олар ез пікірлерін
айтады, толғанады, талдау жасайды.
Сабақта пайдаланылатын қарым-қатынас турінің бірі монолог болып табыла-
ды. Балаларды әңгімелеуге, айтып беруге, ез көзқарасын дәлелдеуге, сұрақтарға
жауап беруге уйреткен жен. Окушылар бұл қарым-қатынас біліктерін, оқығаны ту
ралы әңгімелеп беру, өз пікірін білдіру, кейіпкерлер мінездерін бағалау, шығарма-
ның негізгі ойын өз бетімен таба білуді әдебиеттік оқу сабақтарынан алады.
2-сыныптағы Дуниетану сабақтарында балалар мысалы, «Өсімдіктер емі-
рі», «Қазақстанның Қызыл кітабы», «Адам еңбегімен даңқты» тақырыптары
бойынша әртүрлі хабарламалар дайындайды. Әдетте бүл - анықтамалық
әдебиетпен өз бетімен жүмыс, қызықты материалды таңдап алу, жүмысты
безендіру, сондай-ақ өз сөзімен бірдеңе айтуға тырысу және бұл ақпаратты
тыңдаушыларға жеткізе білу.
Сөздік қорының деңгейі бала сөзінің енімділігіне әсерін тигізеді. Сыныптағы
психологиялық зерттеу нәтижесін талдай келе, мен оқушылардың сөйлеу
дағдыларының даму қарқынын назарда ұстай алдым. Оның нәтижесі төмендегі
диаграммада берілген.
3 «А» сынып оқушыларында сөйлеу дағдыларының дамуы
Диаграммаға қарағанда 1-ден 3-сыныпқа дейінгі оқыту кезеңінде сөйлеу
дағдылары дамуының жоғары деңгейіндегі оқушылар саны артқаны, ал төмен
деңгейдегі оқушылар саны кемігені керінеді. Бүл таңдап алынған тұрғы сөйлеу
дағдыларын қалыптастырудың, демек, қарым-қатынас біліктілігінің оң динами-
касын беретінін керсетеді.
Сейтіп, қарым-қатынас біліктілігін қалыптастырумен әртүрлі сабақтарда
айналысуға болады. Егер педагог проблема көтеру арқылы өз сабағында
оқушыларға қарым-қатынас проблемаларын жеңуге көмектесетін болса, уақыт
ете келе оларда қарым-қатынасуәждемесі қалыптасады. Кейін ол оқушылардың
оқу біліктілігі мен оқу жетістіктерінің бастамасы болып шығады.
№
і р
< 2 2 ) ~ . ^ - 4 Я И £ * :
і й
і
.
і
.
••
1
1 9 ■
СЫ НЫ ППЕН Ж ¥М Ы С Ж АСАЙМЫ З
ҚАЗІРГІ МЕКТЕПТЕГІ ЖАСӨСПІРІМНІҢ ӨЗІН-
ӨЗІ ДАМЫТУЫ
Б а р л ы қ уақыт та өзект і болып келген жеке тулғаның өзін-өзі да
мы т у проблемасы қазір de қызы ғуш ы лы қ тудыруда. Ол қазақстандық
білім беруге de ендірілу үстінде, бул жерде дамыта оқыту жүйесін,
қаш ықт ан білім беру, ақпарат т ы қ-коммуникациялы қ технологиялар,
бейіндік оқыту, т. б. еске алсақ жет іп жатыр.
Қазақстандық орташа білім беретін мектеп соңғы онжылдықта айтарлықтай
өзгеріске ұшырады. Бүгінде оның басты ерекшеліктері жеке тұлғаның дамуы
үшін жағдай тудыру; білім беруді ізгілендіру жэне демократияландыру; жеке
түлға мен қоғамдық практика қажеттіліктеріне қатысты білім беру процестерінің
мазмұны мен бағыттылығын таңдап алу сипаттылығы; қолданылатын құралдар,
тәсілдер мен ұйымдастыру формаларының икемділігі мен көптүрлілігі; білім
беру жүйесінің одан ары өзін-өзі жетілдіру мен дамытуға ашықтығы. Деген-
мен бүл өзгерістердің барлығы да жалпы білім беретін орта мектептің бұрынғы
құрылымы мен мазмүны жағдайында жүргізіліп жатқанын атап өту керек.
ҚазіргІ әлемде табысты адам болу үшін, үнемі өзін-өзі дамытумен, өзінің дағ-
дылары мен біліктерін жетілдірумен айналысуы тиіс. Ал біздің мектептік білім
беру жүйесі оқушыны өзін-өзі жетілдіру субъектісі ретінде қарастырғанымен,
аталған процестегі ол үшін маңызы бар ойды іздестіруге жетелейтін өзін-өзі
дамытуының жоғары деңгейін қамтамасыз ете алмайды.
Қоршаған ортадан өз Менін бөліп алған кезден бастап, бала өз өмір әре-
кетінің субъектісі ретінде қалыптаса бастайды, өйткені алдына мақсат қояды,
басқалардың талаптарын ескере отырып, өз қалауы мен мақсаттары жетегі-
не ере бастайды. Алайда бала тек жасөспірімдік кезеңде, санасында түбегейлі
езгеріс жүре бастаған, есейгендігін сезінген, балалықтан ересектік нормаға
көшу процесі басталған кезде ғана өзін-өзі дамыту субъектісі болып сана-
лады.
Өзін-өзі дамыту - жоғары дәрежеде өзімен-өзі болу, езінің ойы мен сезімін
түсіне, саналай бастау, оларды көрсете, түсіндіре, басқаларға жеткізе білу де-
генді білдіреді. Ж асөспірімдік кезең шекарасындағы тең құқылы адамзаттық
қарым-қатынас қүрудың жалпы мәселелері балалардың өздері үшін арна-
йы зерттелетін және меңгерілетін пәнге айналуы тиіс және, әрине, педагог
әрекетінің арнайы әрекет алаңы, педагогикалық қолдау көрсетілетін нәрсе бо-
луы керек. Егер дамытылатын орта ұйымдастыру шарты орындалатын болса,
Л . А. Л опат ько,
әл-Ф араби ат ы ндагы Қ а з ¥ У магист рант ы , А лм ат ы қ.
Ш
20
Ш Ш Ш Ш Я Ш Я Ш Ш Ш Ё В И Я Я Ш Ш Ё Ё ЁЯ Ш
СЫНЫППЕН ЖҮМЫС ЖАСАЙМЫЗ
онда жасөспірімдік кезеңнің соңына қарай оқушыда өзін-өзі дамыту міндеттерін
қою қабілеті қалыптасуы мүмкін деп үміттенуге болады.
Мектепте орын алған проблемалар негізінде «О қуш ыныңжеке басын дамы-
туды басқару» атты он сабақтан тұратын тренинг жасалып, сынақтан өткізілді.
Төменде олардың бірқатарын келтіріп отырмыз.
1-сабақ. Мен кіммін?
Сабақтың мақсаты:
оқушылардың бір тобымен танысу, оларды жағымды
қарым-қатынасқа бағыттау, сыныптың ерекшеліктерін анықтау.
Қуттықтау - танысу. Ойын өткізіледі. Мүғалім қолына әуе шарын алып,
өзінің атын айтады, бүгінгі сабаққа және тұтас бүгінгі күнге деген тілегін айтып,
шарды оқушыларға береді, ал олар кезегімен өздерін таныстырады.
«Біздің ең-ең... плакат жаттыгуы». Қатысушыларға топтарға бөлінуге
ұсыныс жасалады. Әрбір топ плакатқа мынадай суреттер салады:
- топтың атауы;
- топ құрамы, аттары, жастары;
- сүйікті істері;
- егер менің бір тілегім болса, мен ... қалар едім;
- менің сүйікті орыным осы.
Содан кейін барлық плакаттар тақтаға ілініп, оқушылар өз топтары жайлы
әңгімелейді.
«Мен кіммін?» жаттыгуы. Балаларға қағаз парағын үш бағанға белу
үсынылады. Бірінші бағанда олар «Мен кіммін?» сүрағына жауап береді. Жауап
бірден бастарына келген 10 мінездеме сөзден түруы тиіс. Екінші бағанда олар
сол сұраққа жауап береді, бірақ енді ол өзіне ата-аналарының, таныстарының,
мүғалімдерінің, жақын адамдарының, т. б. атынан сипаттама береді. Бұдан
кейін барлық парақтар араластырылып, біреуі таңдап алынады. Сол «таңдап
алынған» адамға бүкіл сынып болып үшінші бағанды толтырады.
«Өзіңді жақсылығың үшін мақта!» жаттығуы. Балаларға аяқталмаған
сөйлемдерін аяқтау қажет парақтар таратып беріледі (Мен ... мақтана ала
мын. Бүгін мен ... жасадым. Маған бұл мәселе таныс, өйткені...).
Қорытындысын шығару. Қатысушылар өздерінің не сезінгендерін жазады
немесе айтып береді (Бүгін мен мынаны білдім... Мен мынаған таң қалдым...
Мен мынаған ренжідім (таң қалдым)...).
2-сабақ. «Мен шынайымын және Мен мінсізбін»
Сабақтың мақсаты:
оқушылардың өзін-езі дамыту процесі туралы не
білетіндерін анықтау, бұдан кейінгі өзін-өзі дамыту жолдарын белгілеу.
g H I
«Үгым» жат т ыгуы. Мұғалім тақтаға «өзін-өзі дамыту» сөзін жазады,
содан кейін оқуш ылар бұл ұғым жайлы ойын келген сөздерді айтады және
СЫ НЫ ППЕН Ж¥МЫ С ЖАСАЙМЫЗ
жазады. Содан кейін оны ң ең негізгілөрі таңдап алынып, ортақ ұғым шы-
ғарылады.
«Мен шынайымын және Мен мінсізбін» жаттыгуы. Балаларға түсті
қарындаш, фломастер немесе бояулар кемегімен езінің қазіргі кейпін салуға
ұсыныс жасайды. Тағы бір параққа олар келешектегі ездерін қалай кереді,
сол суретін салады. Мұғалім темендегідей сұрақтар қояды: Сендердің шы-
найы келбеттерің қандай? Сурет сендерде қандай сезім тудырады? Келешекте
қандай болғыларың келеді? Ол үшін не істеу керек? т. б.
Қорытындысында «Мен нені үйрендім?» жаттығуын орындауға бола
ды. Қатысушылар педагог үсынған аяқталмаған сейлемдерді аяқтайды (Менің
бүгін үйренгенім ... Мен бүгін... білдім. Мен үшін ... маңызды болды).
3-сабақ. «Лидер деген кім?»
Сабақтың мақсаты:
оқушыларды «лидер» үғымымен таныстыру, табысты
лидерге қажетті негізгі қасиеттеріне талдау жасау.
Мүғалімнің хабарламасы. Лидер (ағыл. leader - жетекші) - осы қоғам-
дастықтың мүддесі үшін бірлескен әрекетке езгелерді бастай алуға қабілетті
жан. Қоғамдық емірде лидер - белгілі бір топтағы орталық тұлға. Кез келген
әрекет түрінде, кез келген тарихи кезеңнің ез лидерін табуға болады. Кез кел
ген топтың ез лидері болады. Оны ресми сайлауы мүмкін, бірақта ешкім сайла-
маса да, езініңұйымдастыруш ылық қабілеті арқасында үжымды езі ертіп әкетуі
мүмкін. Басшы сырттан сайланады, ал лидер «іштен» езі жарып шығады.
Егер Адам басшы қызметте болса, ол формальды лидер болады. Мысал
қарастырайық. Зауыт директоры лауазымында отырған адам билігі езінен
төмен ез орынбасарларының бірі стрессті және жанжалды жағдайларды басу-
да аса оралымдық керсетіп, кәсіпорын үшін емірлік маңызды проблемаларды
шеше алатынын аңғарады. Оның үстіне қызметкерлер оны қолдайды, сенеді,
сыйлайды. Демек, жоғары лауазымдағы адам үнемі үйымда автоматты түрде
лидер бола алмайды деген қорытынды шығаруға болады.
Қарастырылған мысалда біз формальды емес лидер - директордың орын
басары туралы айта аламыз. Кез келген сайлауда оны адамдардың кепшілігі
қолдап шығатыны сезсіз.
«Лидерге қажетті қасиеттер» жаттығуы. Мүғалім тақтаға оқушылар жа
уап беруі тиіс сүрақтарды жазады.
- Лидерде қандай қасиеттер болуы тиіс?
- Лидердің мінезі қандай болуы тиіс?
- Лидер болу үшін не істеу керек?
- Лидерді кез келген басқа адамнан қалай ажыратуға болады?
- Сыныптарыңца лидер бар ма?
«Егер мен лидер болсам ...» жаттыгуы. Оқушыларға кішігірім әңгіме
(ауызша немесе жазбаша) құру тапсырылады.
22
■
СЫНЫППЕН Ж¥МЫС ЖАСАЙМЫЗ
«Рюкзак» жаттыгуы. Қорытындысын шығару. Балаларға рюкзак
суретін салуды, содан кейін оған өздерінің сабақта алған білімдері мен дағ-
дыларын орналастыру ұсынылады.
Қорыта келе айтарымыз, біз жасаған және сынақтан өткізген жұмыс әдіс-
терін пайдалану мұғалімнің оқушылармен, өзара оқушылардың арасында
сенімді қатынас орнатуға көмектеседі. Соған қоса, сабақ барысында бала
лар арасындағы проблемалы мәселелерді анықтап, оның шешімін табуға
көмектесуге болады. Сонымен бірге мұғалім оқушылардың өзін-өзі дамытуы
процесіне қатысуы міндетті екенін атап өткіміз келеді, өйткені алғашқы кезде
оларға педагог пен ата-аналарының кемегі қажет болатыны сезсіз.
Тренинг өткізу барысында оқушылардың өзін одан әрі дамыту жоспары ту
ралы ойлары анықтала түсті. Бұл жайлы біз олардың мақсатқа жету жолында-
ғы жоспарын суреттеген шығармашылық жұмыстарынан айқын аңғардық.
Көпшілігі болашақ мамандығын жобалады, мақсатқа жету жолында өздеріне
көмегі тиетін өзін-өзі дамыту бойынша неғұрлым маңызды әрі қажетті шаралар-
ды белгілеп алды.
ЖАҢАЛЫҚТАР
Үкімет басшысы ҚР БҒМ жаңа тағайындалған басшысына «Ғылым туралы»
жаңа заңның тезірек қабылдануына кол жеткізуді тапсырды
ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов 22 қыркүйек күні ҚР Білім және
гылым министрлігініңұжымына жаңа министр Бақытжан Жұмағұловты
таныстырды.
К. Мәсімов бүрынғы министр Жансейіт Түймебаевқа өз міндетін
абыроймен орындағаны үшін алғыс айтып, жаңа жүмыс орнында та-
быс тіледі.
Премьер-Министр Білім және ғылым министрлігінің жаңа басшы
сына елдің білім беруді дамыту саясатын одан әрі жалғастыруды тап
сырды.
Атап айтқанда, К. Мәсімов жақын арада «Ғылым туралы» заңның
Парламентте қабыпдануына қол жеткізуді тапсырды.
«Өзіңіз біраз жыл бұрын ғана Мәжіліс депутаты болдыңыз, сондықтан бұл сізге қиындыққа түсе
қоймас деп ойлаймын», - деді Үкімет басшысы.
К. Мәсімов сондай-ақ білім беру мәселесі бойынша нақты басымдықтар белгіленгенін атап өтті.
Енді тек осы бағыттарды іс жүзіне асыру ғана қалып отыр. Оның ішінде жоғары, кәсіби-техникалық,
мектеп және «Балапан» бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі білім беру ici де аса маңызды.
Сөзінің қорытындысында Үкімет басшысы желтоқсан айында жастар саясаты, ал келесі айда -
мемпекеттік тілді дамыту мәселесі бойынша мәжіліс еткізілетінін хабарлады.
-т ш т ш ж т м т т й
СЫНЫППЕН ЖҮМЫС ЖАСАЙМЫЗ
1
ОҚЫТУДЫҢ ОЙЫН ТҮРЛЕРІ АРҚЫЛЫ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ
Ж е к е тулганы т эрбиелеу мен білім берудің басты міндеттері
базалық мәдениетті қалыптастыру, оқушылардың жеке бас әлеуетін
барынша дамыту болып саналады. Оның қурамдарының бірі - шы-
гармашылық әлеуетті дамытқан кезде, пәнге т анымдық қызығушы-
лық, зияткерлік даму деңгейі, дербес ойлау дәрежесі артады, ізде-
нушілік сипаттагы тапсырмаларды орындауга қызығушылық пайда
болады, әуесқойлық, өзіне деген сенімділік, нанымдылық қалыптасады.
Шығармашылық әрекетті оқыту технологиясының мақсаты
әрбір оқу-
шының шығармашылық қабілеттерін ойлаған деңгейге дейін көтеру емес, таби-
ғи қасиеттерінің анықталуына көмектесу болып табылады.
Мен ойынның көмегімен оқушылардың жеке басының шығармашылық әле-
уетін анықтауға, дамытуға және күшейте түсуге тырысамын, өйткені ойын
дамытуға, өмірлік тәжірибесін байытуға жәрдемдеседі, шынайы өмірдегі әре-
кеті табысты болуы үшін негізін даярлайды. Ойын үстінде адам өмірі мен
әрекеті, оқушылардың зияткерлік, адамгөршіліктік және эмоциялық даму нор-
масы қайталанады. Ойын сабақтың кез келген типі жэне кез келген кезеңі үшін
жарамды.
Сөйтіп, жеке түлғаның шығармашылық әлеуетін ойын түрлері арқылы
дамы-
тудың негізгі мақсаттары
төмендегідей:
оқытушылық - оқытудың белгілі бір деңгейін қамтамасыз ету, өтілген ма-
териалды қорыту және бекіту;
т әрбиелік - ойын барысында дүниеге эмоциялық-құндылықтық қарым-
қатынасын қалыптастыру;
дамытуш ы лы қ- бітірушінің барабар әлеуметтік өзін-өзі бағалауын қалып-
тастыру үшін жалпыадамзаттық қабілеттерін дамыту.
Ойын түрінде құрылған сабақ оқу процесінің басымдықтарын - жеке тұлғаны
жан-жақты дамыту мен қалыптастыруға қарай өзгертеді. Бұл жағдайда білім
мен біліктерді бүкіл сабақ бойы пайдалану талап етіледі.
Ойын арқылы оқыту процесінде қарым-қатынас стилі мен сипаты, сондай-ақ
педагог қызметі өзгереді: ол сабақта ұйымдастырушы, үйлестіруші және кеңесші
(география сабағының мысалында)
А. А. Әбілова,
М енедж м ент ж э н е бизнес к о л л е д ж ін ің
ж о г а р ы санат т ы оқыт уш ысы, А ст ана қ.
т кш ш ш ь ш м Ё Ё Ш Ш ЯШ ЁШ Ш Ш Ш йЯЁЛ
СЫНЫППЕН Ж¥МЫ С ЖАСАЙМЫЗ
НК
рөлін атқарады. Ойында бірде-бір оқушы елеусіз қалмайды (дәстүрлі сабақтан
ерекшелігі), әрқайсысынан жаңа шығармашылық бастама талап етіледі.
Ойын барысында жеке тұлғаның шығармашылық әлеуеті ашылып, жетілуі
үшін, мен әртүрлі - зияткерлікті-қисындылықты, зияткерлікті-эвристикалықты,
байланыстырушы-шығармашылықты шығармашылық тапсырмаларды пайда-
ланамын, Осы тәсілдерді пайдалану арқасында шығармашылықты жеке тұлға
сапалары: әуесқойлық, бақылағыштық, елес, қиялдары дамытылады, Бұл кез-
дежеке тұлғаның мүмкін қабілеттеріне әсерін тигізетін ойлауы ешкімге ұқсамай-
тын, дербес болады.
Жеке түлғаның шығармашылық әлеуетін дамыту үшін, мен колледжде гео
графия курсының өне бойында ойын түрлерін қолданамын. Оқытуды мен әр-
түрлі: сюжеттік-рөлдік, іскерлік, блиц-ойындар, т. б. ойындармен түрлендіруге
тырысамын. Дегенмен де әрбір география сабағында ойын өткізу ақыр аяғында
пәнге деген қызығушылықты төмендетуі мүмкін деп есептеймін. Сондықтан да
мен ойын-сабақты тек кейбір кезеңдері ғана ойын түрінде өткізілетін дәстүрлі
сабақ түрлерімен кезектестіріп отырамын. Мысалы, сабақтың білімді тексе-
ретін түсында «Не? Қайда? Қашан?» ойынын өткіземін, бүл түрдің білімге
бақылау жасауда артықшылығы бар. Әрі бұл кезде оқушыларды барынша түгел
қамтуға мүмкіндік бар және олардың пәнге деген танымдық қызығушылығы
дамытылады.
Шығармашылық тапсырмалар төмендегідей болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |