Клаус Шваб Төртінші индустриялық революция


Ричард Бакминстер Фуллер



Pdf көрінісі
бет107/109
Дата28.09.2022
өлшемі4,97 Mb.
#40701
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   109
Ричард
Бакминстер Фуллер (ағыл., Richard Buckminster Fuller,
1895 ж., 12 шілдесінде туып, 1983 ж., 1 шілдесінде қайтыс болған) -
америкалық
архитектор, дизайнер, инженерөнертапқыш. Ол ғұмыр
бойы
адам баласына жер бетінде мəңгілік ғұмыр кешуге бола ма, болса,
оны
қалай орындауға болады деген сауалға жауап іздеді. Ол өзін
қарапайым
пенде ретінде санап, көп қаражатсыз, ғылыми атақ-
дəрежесіз
үлкен ұйымдар, үкіметтер немесе жеке кəсіпорындар
орындай
алмайтын осы күрделі мəселеге өзі сияқты жеке адамдар
қалай
үлес қоса алады деген сауалдың түйінін шешуге тырысты.
Осындай
эксперименттер арнасында ол жиырма сегіз кітап жазды,
«Космостық корабль», «эфемеризация» мен «синергетика» деген
сияқты
терминдерді орнықтырды. Сонымен қатар дизайн, архитектура


саласында
көптеген жаңалықтар ашты. Өмірінің соңғы он жылында
əлемді
аралап, өз идеясы туралы дəрістер оқып, жоғары қоғамдық
Құрметке
ие болды.
Стивен
Пол Джобс (ағыл., Steven Paul Jobs, 1955 ж., 24 ақпан – 2011
ж
., 5 қазан) - америкалық өнертапқыш, бизнес-магнат. Apple
корпорациясының
негізін қалаушы, ұзақ жылдар директорлар
кеңесінің
төрағасы болды. Сонымен қатар Стив Джобс Pixar
Animation Studios компаниясының СЕО қызметін де атқарды. 2006
жылы
The Walt Disney Company Pixar компаниясын сатып алып,
компанияның
директорлар кеңесіне мүше болды. 1995 жылы шыққан
«Ойыншықтар оқиғасы» атты мульфильмнің атқараушы продюсері
болған
. Стив Джобс 1955 жылы 24 ақпан күні Калифорния штатындағы
Маунтин
-Вью қаласында туған. Мектептегі кезінде Стив
электроникаға
қызығушылық танытты, мектеп партасында өзінің
болашақ
əріптесі əрі серіктесі болатын Стив Вознякпен танысқан. Екі
дос
бастапқы кездері жергілікті телефондық қызмет көрсетуші
компанияны
алдайтын құрал ойлап табады. Кейін Стив Джобсқа
мұндай
құралдың табыс көзі болуы мүмкін деген ой келеді. 1972 жылы
мектеп
бітіргеннен кейін Стив Джобс Портлендте (Орегон штаты)
орналасқан
Рид колледжіне оқуға түседі, бірақ алғашқы семестрден өз
еркімен
оқудан шығып кетеді. Біраз уақыт өткен соң Калиграфия
мектебіне
оқуға барып жүреді. Сол оқудың нəтижесінде кейін ол Mac
OS жүйесіне масштабталатын таңбаларды орналастырады. 70-
жылдардың
соңында Стив Джобс компьютерлік ойындарды
жобалайтын
Atari компаниясына жұмысқа тұрады. 1976 жылы Стив
Джобс
досы С. Вознякпен бірге Apple компаниясын құрады. Компания
өзі
құрастырған компьютерлерді сатумен айналысты. Apple
компаниясының
жаңа туындыларын негізінен С. Возняк дайындайтын,
ал
С. Джобс маркетолог қызметін атқарды. Стив Джобс пен Стив
Возняк
дайындаған алғашқы компьютер Apple i. Оның бағасы 666
доллар
66 цент болды. Apple I жəне кейін шыққан Apple II
құрастырушы
жігіттерге біраз абырой мен атақ əкелді. Компания IPO
арқылы
алғашқы рет биржаға шыққаннан соң Стив Джобс
мультимиллионер
атанды. 1985 жылы директорлар кеңесімен арада
болған
кикілжіңнен кейін Стив Джобс Apple компаниясындағы


қызметінен
босатылды. Сол кезде ол NeXT деп аталатын компанияның
негізін
қалады. Аталған компания білім беру саласы мен бизнес
нарығында
қызмет көрсететін. Дегенмен 1997 жылы ол Apple
компаниясына
уақытша атқарушы директор ретінде қайтып келді жəне
бұрынғы
екі компаниясының басын қосты. 1986 жылы Стив Джобс The
Graphics Group компаниясының иесі атанды, кейін оның аты Pixar
деп
өзгертелді. Осы киностудия үшін Apple Lucasfilm компаниясына 5
млн
доллар төледі, ал оның нарықтағы құны 10 миллионға бағаланған
болатын
. Мұндай жағдай Джордж Лукастың қаржылай
қиындықтарына
байланысты болды. 2006 жылы Walt Disney Стив
Джобстан
Pixar акцияларын 7,4 млрд долларға сатып алды. Стив
Джобс
Disney компаниясының директорлар кеңесіне өтті. Сонымен
қатар
Disney компаниясы акционерлерінің ішіндегі ең ірі жеке тұлға
болды
. Оның меншігіне компанияның 7 пайызы өткен еді. Apple
компаниясы
Гиннесс Рекордтар кітабына кірді. Стив Джобс жалақысы
ең
кішкентай атқарушы директор ретінде осы кітапқа тіркелген. Оның
жылдық
жалақысы 1 долларды құрайтын. Атқарған жұмысына сыйлық
(үстемақы) ретінде Стив Джобс компания тарапынан бағасы 43,5 млн
доллар
болатын Gulfstream реактивті ұшағын сыйға алды. Ұшаққа
қатысты
шығындардың барлығын компания өз жауапкершілігіне алды.
Стив
Джобс – АҚШ тарихында ең табысты компаниялардың бірін
құрып
қана қоймай, ұзақ жылдар оның басшысы болған ерекше дара
тұлға
. «Apple» интернет технологиялар жағынан əлемдегі ең ірі
компанияға
айналып, Microsoftты артта қалдырған. Ол өзінің жаңа
ноутбуктары
, «iPhon» смартфондары мен «iPad» планшеттері арқылы
бүкіл
əлемге танымал. 2011 жылдың 5 қазан күні Стив Джобс 56
жасында
ауыр дерттен дүниеден озды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет