Клаус Шваб Төртінші индустриялық революция



Pdf көрінісі
бет12/109
Дата28.09.2022
өлшемі4,97 Mb.
#40701
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   109
Байланысты:
Төртінші индустриялық революция (Клаус Шваб)

Еңбекті
автоматтандыру
Көптеген
мамандықтар категориясы, əсіресе механикалық бір
қалыптағы
ырғақты, дəлме-дəл қол еңбектері қазірдің өзінде
автоматтандырылған
. Қазір жаппай компьютерлендіру геометриялық
прогрессиямен
өсіп жатқандықтан, басқа мамандықтар да
алдыңғылардың
аяғын құшатын сияқты. Заңгер, қаржылық сарапшылар,
дəрігерлер
, журналистер, бухгалтерлер, сақтандыру агенттері немесе
кітапханашы
тəрізді мамандықтар қазіргі болжаған уақыттан əлдеқайда
ертерек
, жартылай немесе толықтай автоматтандырылуы мүмкін.
Бүгінгі
күні мынадай жағдай қалыптасып отыр: төртінші индустриялық
революция
жаңа салаларда бұрынғы революцияларға қарағанда жұмыс
орнын
аз жасақтайды. Оксфорд-Мартиннің Технологиялар мен
жұмыспен
қамту жөніндегі бағдарламасының есебі бойынша, ғасыр
басында
болмаған салаларда АҚШ-тың еңбек ресурсының 0,5%-ы ғана
қамтылған
; өткен ғасырдың сексенінші жылдары 8%-ға жетпейтін жаңа
жұмыс
орындары жəне тоқсаныншы жылдары 4,5% ғана жаңа жұмыс
орны
ашылған. Мұны АҚШ-тың соңғы Экономикалық санағы анықтап
отыр
, онда технология мен жұмыссыздық арасындағы өзара байланыс
жөнінде
қызықты ақпараттар келтірілген. Мəліметтердің көрсетуі
бойынша
, инновация ақпараттық жəне басқа да жетекші технологиялар
арқылы
өнімділіктің артуына өндіріске қосымша еңбекті талап ететін
жаңа
өнімдер жасаумен емес, қазіргі бар жұмысшыларды ауыстыру
жолымен
ықпал етеді.


Оксфорд
-Мартин мектебінің екi зерттеушісі – экономист Карл
Бенедикт
Фрей мен компьютерге оқыту жөніндегі эксперт Майкл
Осборн
-702 мамандықты автоматтандыру қаупі күтіп тұрған ең төменгі
дəрежеден
бастап («0» — қауіп жоқ дегенді білдіреді), автоматтандыру
қаупі
əлдеқайда жоғары дəрежеге дейінгі («1» — мамандықты белгілі
дəрежеде
компьютерлік технологиямен ауыстыру қаупі бар дегенді
білдіреді
) автоматтандыруға жататын ықтимал дəрежесіне қарай
жіктеп
, технологиялық инновацияның жұмыссыздыққа қатысты
əлеуетті
ықпалының цифрлық мəнін анықтады. Төменде берілген 2-
кестеде
автоматтандыру ықтималдығы жоғары бірқатар мамандықтар
мен
ықтималдығы жоққа тəн мамандықтар тізімі келтірілген.
Бұл
зерттеудің нəтижесі бойынша, АҚШ-тағы жұмыс орындарының
47%-ына автоматтандыру қаупі төніп тұр, шамасы, келесі екі он
жылдықтың
ішінде-ақ мұндай сипатқа ие болатын мамандықтар
ауқымы
əлдеқайда кеңейетін сыңайлы. Олардың жойылу қарқыны
алдыңғы
индустриялық революцияларға қарағанда еңбек нарығындағы
ығысу
процесінен əлдеқайда жылдамдайды. Одан бөлек, еңбек
нарығында
кереғарлықтың асқыну үрдісі етек алуда. Жұмыспен қамту
жоғары
табысты когнитивті (cognitive), шығармашылық
мамандықтарда
, табысы төмен қол еңбегінде артады. Ал ол орташа
табысты
бірқалыпты стандартты мамандықтарда анағұрлым
төмендейді
.
2-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет