Клаус Шваб Төртінші индустриялық революция



Pdf көрінісі
бет10/109
Дата28.09.2022
өлшемі4,97 Mb.
#40701
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   109
Байланысты:
Төртінші индустриялық революция (Клаус Шваб)

Қосымшада
кеңірек берілген. Сауалнаманың түпкі нұсқасында
көрсетілмеген
екі бетбұрысты сəт (жобаланған тіршілік иелері мен


нейротехнологиялардың
пайда болуы) қарастырылады, бірақ олар 1-
кестеде
жоқ.
Бұл
бетбұрысты сəттер барлық жерден көзге ұрған өзіндік сипатымен
революциялық
өзгерістер қарсаңында тұрғанымызды ескертеді. Оның
маңызы
жөнінде ойлануға жəне ұтымды жауап дайындауға мүмкіндік
туғызады
. Келесі тарауда көрсетілгендей, мұндай өтпелі кезеңнен
сүрінбей
өту үшін бүгін болып жатқан құбылыстарды сезініп қана қоя
салу
аздық етеді. Ең маңыздысы – алда қандай өзгерістер күтіп
тұрғанын
жəне оның жаһандық қауымдастықтың барлық деңгейіне
қаншалықты
ықпал ететінін түсінуден басталады.
1-кесте


Дереккөз
: «Терең өзгерістер: технологиялық бетбұрысты сəттер жəне
олардың
қоғамға əсері», Бүкілəлемдік экономикалық форумның
Бағдарламалық
қамтамасыз ету мен қоғам болашағы жөніндегі мəселе
бойынша
Халықаралық сарапшылар кеңесі, 2015 жылдың қыркүйегі.


3. 
ЫҚПАЛЫ
Дамып
келе жатқан технологиялық революцияның қарқыны болжап
болмайтын
ғажайып ауқымдағы экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени
өзгерістерге
қозғау салады. Солай дегенмен де, бұл тарауда төртінші
индустриялық
революцияның экономикаға, бизнеске, саясатқа, сондай-
ақ
үкімет пен елдерге, қоғам мен адамға тигізетін əлеуетті ықпалының
алдын
ала болжанған сипаттары мен талдаулары келтірілген.
Бұл
салалардың өз алдына дербестікке қол жеткізуі, былайша айтқанда,
үкімет
пен азаматтардың; кəсіпорындар мен қызметкерлердің;
акционерлер
мен клиенттердің; супердержавалар мен шағын елдердің
өзара
қарым-қатынастарындағы құқықтары мен мүмкіндіктерінің
артуы
зор ықпал ететін болады. Қазіргі саяси, экономикалық жəне
əлеуметтік
модельдер аясында, төртінші индустриялық революция
барысында
туындауы мүмкін сəтсіздік, қатысушыларға олардың
жетістікке
жетуі үшін барынша бірлескен формаларды талап ететін
тармақталған
энергожүйенің бөлшегі болатынын айқындауға мүмкіндік
береді
.
3.1. ЭКОНОМИКА
Төртінші
индустриялық революция əлемдік экономикаға өте ұзаққа
созылатын
, іркес-тіркес, көпқырлы сипатпен тегеуірінді ықпал ететіні
соншалық
, оның əрбір нақты тиімді əсерін бір-бірінен ажырату мүмкін
емес
. Шындығында, ол барынша макроауқымды: ІЖӨ-ні,
инвестицияларды
, тұтынуды, кəсіпті, сауданы, инфляция мен тағы да
басқаларды
түгелдей қамтиды. Мен осы жерде аса маңызды екі
көрсеткішке
баса назар аударуды жөн санадым: оның біріншісі – өсім
(ұзақ мерзімді болжам тұрғысынан қарағанда – өнімділік), екіншісі –
жұмыспен
қамту.
3.1.1.Өсім
Төртінші
индустриялық революцияның экономикалық өсімге ықпалы –
экономистерді
қайшылықты пікірлерге жетелейтін мəселе. Бір
жағынан
, техно-пессимистер «Цифрлық революция берерін беріп
болды
, оның өнімділікке жасаған ықпалы сарқылды» деген тоқтам
айтады
. Оларға қарсы техно-оптимистер «технология мен инновация


жұқпалы
аурудың қоздырғышындай асқыну деңгейінде тұр, таяу
мерзімде
өнімділік пен экономикалық өсуге үлкен серпіліс əкеледі»
деген
пікірде.
Пікірталастырушылардың
екеуінің де дəйектемесін қаперге ала
отырып
, өз басым прагматикалық оптимист ретінде қаламын. Мен
технологияның
əлеуетті дефляциялық ықпалымен де (тіпті оны
«жағымды дефляция» деп атағанның өзінде) жақсы таныспын жəне бұл
ықпалдың
алуан түрлі салдары, ең алдымен, еңбектен гөрі, капиталдың
пайдасына
барынша тиімді болады, сонымен қатар еңбекақыға (жəне
соның
салдарынан тұтынуға да) Қысым көрсетеді. Сондай-ақ төртінші
индустриялық
революция көптеген адамдарға барынша төмен бағада
тұтынуға
мүмкіндік береді жəне тұтынуды осылайша тұрақты əрі
жауапты
етеді.
Төртінші
индустриялық революцияның өндірістің өсуіндегі əлеуетті
ықпалын
сол өсімді қамтамасыз ететін соңғы экономикалық
тенденциялар
мен басқа факторларды ескере отырып контекстендірудің
(contextualize) маңызы зор. 2008 жылғы экономикалық жəне
қаржылық
дағдарыстың басталуынан бірнеше жыл бұрын ғаламдық
экономиканың
жылдық өсімі 5%ға жуық болды. Егер осы өсім сақталған
жағдайда
, ғаламдық ІЖӨ-нің əрбір он жарым жылда екі еселенуіне
жеткізетін
еді, соның арқасында миллиардтаған адамды кедейшіліктен
шығару
мүмкіндігі туған.
Көпшілік
Ұлы экономикалық құлдыраудың тікелей əсерінен экономика
бұрынғы
өсу моделіне қайтып келеді деп күтті. Бірақ ондай үрдіс
байқалмаДЫ
. Ғаламдық экономиканың өсу қарқыны 3 пен 3,5%
аралығында
шатқаяқтап тұрып алды. Бұл соғыстан кейінгі орта
деңгейден
де төмен болатын.
Кейбір
экономистер Ұлы депрессия кезеңінде Алвин Хансен ойлап
тапқан
жəне Ларри Саммерс пен Пол Кругман сынды экономистер
жуық
арада қайта енгізген «секулярлық стагнация» (secular stagnation)
термині
туралы пікірлесе отырып, «жүзжылдық құлдыраудың»
(centennial slump) болу мүмкіндігіне тоқталды.
«Зайырлы құлдырау» тіпті нөлдік пайыздық мөлшермен де еңсере
алмайтын
сұраныстың тұрақты зəрулігімен сипатталады. Бұл идея


ғылыми
ортада қызу талқылауға өзек болғанмен, қалай дегенмен
қоғамға
оның салмақты зардаптары бар. Яғни бұл идея шындыққа
айналса
, онда ғаламдық ІЖӨ-нің өсу қарқыны одан əрі төмендей беруі
мүмкін
. Мынадай төтенше көріністі көз алдымызға елестетіп көрейік:
ғаламдық
ІЖӨ-нің жылдық өсу қарқыны 2%-ға дейін түсті дейік, онда
ғаламдық
ІЖӨ-ні екі еселеу үшін бізге 36 жыл керек болады.
Қазіргі
өсімнің баяулығының капиталды тиімсіз пайдалану мен шексіз
қарызға
батудан бастап, демографиялық қарқынның күшеюі жəне тағы
басқа
толып жатқан мəселелермен жалғасқан алуан түрлі
түсініктемелері
бар. Солардың ішінде мен екі факторды ерекше бөліп
қарастырамын
. Олар: қартаю мен өнімділік, өйткені олар
технологиялық
прогреспен өте тығыз байланысты.
Қартаю
Кейбір
болжамдар бойынша, Жер шарының халқы қазіргі 7,2
миллиардтан
2030 жылы – 8 миллиардқа, 2050 жылы 9 миллиардқа
дейін
жететін көрінеді. Бұл, əрине, қордаланған сұраныстың күшеюіне
əкеледі
. Бірақ бұдан басқа қуатты демографиялық үрдіс – қартаю да
етек
алуда. Бұл үрдіс негізінен бай батыс елдеріне қатысты деген түсінік
қалыптасқан
. Алайда ол қате пікір. Туу көрсеткішінің төмендеуі
құлдырай
бастаған Еуропада ғана емес, əлемнің көптеген елдерінде:
Оңтүстік
Америкада, Кариб бассейні елдерінде, Азияның бірқатар
елдерінде
, Қытай мен Оңтүстік Үндістанда, тіпті, Таяу Шығыс пен
Солтүстік
Африкада, соның ішінде Ливанда, Марокко мен Иранда да
байқалуда
.
Қартаю
– өз алдына экономикалық мəселе. Себебі, жұмыс күшінің
қатарын
толықтырып тұрған қоғамдағы аға буын өкілдері зейнетақы
жасының
күрт көтерілмеуіне байланысты, жұмыс істемейтін қарт
адамдардың
(алуан түрлі экономикалық артықшылықтары бар) санын
өсірумен
бірге, еңбек жасындағы халықтың санын да азайтады.
Халықтың
қартаю деңгейі мен жастардың азаюына байланысты, үй,
жиһаз
, автокөлік пен тұрмыстық техника сияқты қымбат тауарларды
тұтынушылар
саны да қысқарады. Сонымен қатар кəсіпкерлердің де
қарасы
сирейді, өйткені қарт қызметкерлер жаңа коммерциялық
кəсіпорын
ашып əуреленгеннен гөрі, ертең бақуатты зейнетақысын


қамтамасыз
етуге қажетті болатын өз салымдарын сақтауға бейіл
болады
. Бұл кей жағдайда, өздерінің жинақтаған салымдарын жұмсап
жіберген
зейнеткерлер есебінен де толығып отырады. Осының бəрі
салымдар
мен инвесторлықтың қарқынын төмендетеді. Мұндай əдеттер
мен
мінез-құлық модельдері қартайып келе жатқан қоғамның
бейімделу
деңгейіне қарай өзгеруі мүмкін. Бірақ жұмысты көп
істеуімен
емес, тиімді атқаруымен ерекшеленетін технологиялық
революция
өнімділікті көтермесе, жалпы үрдіске сəйкес, қарттар əлемі
сол
баяу өсімге басыбайлы болып қала береді.
Төртінші
индустриялық революция бақуатты да белсенді, ұзақ өмір
сүру
мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Біз балаларының төрттен бірі
экономикасы
дамыған елдерде туған, өмірінің ұзақтығы жүз жас болады
деп
күтілетін қоғамда өмір сүріп жатқандықтан, еңбекке қабілетті,
зейнеткерлік
жастаҒы адамдар жəне жеке өмірді жоспарлау деген
мəселелерді
қайта қарастыруымыз керек. Бұл – мəселелерді талқылау
кезінде
көптеген елдердің түрлі қиындықтарға тап болып жататыны,
осы
өзгерістер мен оны түйсінудің қажеттігіне дайын емес екеніміздің
тағы
бір белгісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет