Клаус Шваб Төртінші индустриялық революция



Pdf көрінісі
бет11/109
Дата28.09.2022
өлшемі4,97 Mb.
#40701
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   109
Өнімділік
Соңғы
он жыл бойы дүниежүзіндегі өсім (еңбек өнімділігі немесе
жалпы
өнімділік (жө) өлшене ме) технологиялық прогресс пен
Инновацияларға
инвестицияның экспоненциалды (exponential) өсуіне
қарамастан
баяу күйінде қалып отыр. Бұл – өнімділік жағдайындағы ең
соңғы
тосын ахуал (технологиялық инновацияның əлдеқайда жоғары
өнімділік
деңгейін қамтамасыз ете алмайтынының айқын көрінісі) Ұлы
экономикалық
құлдыраудың қарсаңында да болған жəне оның əлі күнге
дейін
тұшымды жауабы табылмаған экономика жұмбақтарының бірі.
Мысалы
, АҚШ-ты алып көрейік. Онда 1947 жылдан 1983 жыл
аралығында
еңбек өнімділігі орта есеппен жылына 2,8%-ға өскен; 2000
жылдан
2007 жыл аралығында – 2,6%-ға жəне 2007 жылдан 2014 жылға
дейінгі
кезеңде бар-жоғы 1,3%-ға ғана өскен.18 Мұндай құлдырау көп
жағдайда
өндірістің жиынтық өнімділік факторлары (ТЕР) деңгейінің
төмендеуіне
байланысты. Əдетте, бұл көрсеткіштер технологиялық
даму
мен инновация нəтижесінің өсімімен астастырылады. АҚШ-тың


Еңбек
статистикасы бюросының мəліметі бойынша, 2007 жылдан 2014
жыл
аралығындағы TFP өсімі бар-жоғы 0,5% болған, ол 1995 пен 2007
жылдар
кезеңіндегі 1,4%-дық жылдық өсімге қарағанда, анағұрлым
төмен
.° өнімділіктің бұлайша құлдырауы АҚШ-тың елуден астам ірі
компаниясының
ақшалай салымдарының мөлшері соңғы бес жыл
бойына
нөлдік – таза пайыздық мөлшерлемемен жұмыс істеуіне
қарамастан
, бір триллионнан астам сомаға жетуімен қабат орын алуы
қатты
алаңдатады. 20
Өнімділік
– өмір сүру жағдайы мен ұзақ мерзімді өсімді анықтайтын ең
басты
фактор. Сондықтан төртінші индустриялық революция процесі
алдыңғы
екеуінің де төмендеуіне алып келеді. Əдетте, технологиялық
даму
мен инновацияның экспоненциалды (ағылшын: exponential –
көлемнің
өсуіне сəйкес қарқынның да үдей түсуі) өсуімен
астастырылатын
, жоғары өнімділікке үміт артқан болжамның орнына
өнімділіктің
төмендеуін көрсететін мəліметтерді қалай түсіндіреміз?
Басты
дəйек өндірістік үдерісті кіріс пен шығыста ғана есептеуге
байланысты
. Əдетте, өнімділікті де дəл осылай анықтайды. Төртінші
индустриялық
революция кезінде жасалған инновациялық тауарлар мен
қызметтер
аса жоғары пайдалы қызмет пен сапаға ие. Олар нарыққа
дəстүрлі
өлшемнен мүлде бөлек тың сипат алып келеді. Көптеген
тауарлар
мен қызметтер ешқандай «бəсекеге дес бермейтін», мінсіз
сапада
немесе өздерінің жоғары бəсекелестік нарығына цифрлық
платформа
арқылы шығады. Бұл орайда, барлық көрсетілген факторлар
бағаның
төмендеуіне əсер етеді. Мұндай жағдайда жаппай сауда мен
табыстың
ұлғаюында тұтынушының қарасы көрінбегендіктен, құнның
жоғарылауын
нақты есепке алуға дəстүрлі статистика қабілетсіз болып
шығуы
мүмкін.
Google-дың бас экономисі Хол Варьян осыған орай əртүрлі мысалдар
келтіреді
. Солардың қатарында ұтқыр қосымшаның көмегімен такси
шақыртудың
үнемділігінің артуы немесе сұранысты экономика
құралдарымен
автокөлік жалдау сияқты біраз мəселе бар. Осыған ұқсас
қызметтер
де жеткілікті, оларды пайдалану да үнемділікті, соған сəйкес
өнімділікті
арттырады. Бірақ мұндай қызметтер негізінен тегін
болғандықтан
, олар үй мен жұмыстың есепке алынбайтын құндылығын
қамтамасыз
етеді. Бұл қызмет туғызған құндылық пен ресми


статистикада
көрсетілген өсу арасындағы айырмашылықты туғызады.
Сонымен
бірге біз экономикалық индикатор көрсеткеннен əлдеқайда
тиімді
өндіріп, тұтынатынымызды да байқатады.?"
Тағы
бір дəйектеме ретінде мынаны келтіруге болады, үшінші
индустриялық
революцияның нəтижесінен болған өнімділік қарқыны
да
бəсеңдеуі мүмкін. Əлемде төртінші индустриялық революция
туғызатын
жаңа технологиялар толқынының өнімділік дүмпуі күтілуде.
Мен
оптимист-прагматик ретінде біздің төртінші индустриялық
революцияда
болатын жағымды əсерді енді ғана сезіне
бастағандығымызға
кəміл сенімдімін. Осы оптимизмім басты деген үш
бұлақ
-көзден бастау алады.
Біріншіден
, төртінші индустриялық революция екі миллиардтан астам
адамның
қанағаттандырылмаған талаптарын ғаламдық экономикаға
кіріктіру
мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бұл дегеніңіз жекелеген
адамдар
мен қауымдастықтарға жаңа мүмкіндіктер туғызу жəне бүкіл
əлемдегі
сондай адамдар мен қауымдастықтардың өзара бірлесуі
арқылы
Қолда бар тауарлар мен қызметтерге қосымша сұранысты
ынталандырады
.
Екіншіден
, төртінші индустриялық революция біздің сыртқы жағымсыз
ықпалдарға
төтеп беру қабілетімізді анағұрлым нығайтатын болады,
сондай
-ақ əлеуетті экономикалық өсімге қозғау салады. Жағымсыз
сыртқы
ықпалдың көрнекті мысалы ретінде көмірқышқыл газын
келтіруге
болады. Күні кеше ғана жасыл инвестицияларды үкімет
қуатты
субсидиялап отырған жағдайда ол аса тартымды болатын.
Дегенмен
жағдай өзгеріп келе жатыр.
Жаңартылған
энергия көздері, энергетикалық тиімділік, энергияны
сақтау
мен жинақтау салаларындағы қарқынды технологиялық прогресс
ІЖӨ
-нің өсуіне ықпал етіп, бұл арнадағы инвестицияның табысты өсуін
қамтамасыз
етіп қана қоймай, біздің заманымыздың басты мəселесінің
бірі
саналатын Климаттық өзгерістердің зардаптарын жұмсартуға да өз
үлесін
қосады.
Үшіншіден
, келесі бөлімде көрсетілгендей, мен пікірлескен бизнес
өкілдері
, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам көшбасшылары


бірауыздан
цифрлық технология туғызатын артықшылықтарды толық
түсіну
мақсатында өз ұйымына реформа жасауға бар күш-жігерін
салатынына
сендіреді. Біз төртінші индустриялық революцияның
бастау
-бұлағында тұрмыз. Оның мəн-мағынасын толық түсіну үшін
бізге
толықтай жаңа экономикалық жəне ұйымдық құрылым керек
болады
.
Менің
пайымдауымша, төртінші индустриялық революцияның
бəсекелестік
ережесі алдыңғы кезеңдерден мүлде өзгеше сипатта
дамиды
. Компаниялар мен елдер бəсекеге қабілеттіліктерін қамтамасыз
ету
үшін инновацияның барлық түрлерін енгізуі қажет, бұл – шығынды
азайтуға
бағытталған стратегиялар өнімдер мен қызметтерді
инновациялық
тəсілдермен ұсынуға негізделген стратегиялардан
анағұрлым
тиімсіз болып шығады деген сөз.Бүгінде мойындалған
беделді
деген компаниялардың өзі басқа салалар мен елдердің жаңадан
пайда
болған дизруптивтік жəне инновациялық компаниялар тарапынан
қатты
қысым көріп отырғанын байқауға болады. Мұндай жағдай өзінің
инновациялық
экожүйесін талапқа сай құру қажеттігін мойындамайтын
елдерге
де қатысты.
Қорыта
келгенде, мынаны баса айтқым келеді. Құрылымдық
факторлардың
күрделілігі (қарыздың шектен шығуы мен қартайған
қоғам
) мен жүйелік факторлар (платформаларды ендіру жəне сұраныс
бойынша
экономика, шығындардың шекті деңгейін төмендетудің
өзектілігінің
өсуі жəне басқалар) бізді экономика оқулығын қайта
жазуға
мəжбүрлейді. Экономикалық өсімді арттыруда жəне біз тап келіп
отырған
кейбір ғаламдық мəселелерді шешуде төртінші индустриялық
революция
орасан зор əлеуетке ие. Дей тұрғанмен бізге одан келетін
жағымсыз
салдарды да мойындауға тура келеді жəне оларды, соның
ішінде
, теңсіздіктер, жұмыссыздық пен еңбек нарығы сияқты
мəселелерді
басқара білуге тиіспіз.
3.1.2. Жұмыспен қамту
Жоғары
технологиялардың экономикалық өсімге жасап отырған қуатты
оң
ықпалына қарамастан, олардың жақын келешекте еңбек нарығына
теріс
ықпал ететіндігін ескерудің маңызы зор. Технологиялық дамудың
еңбек
нарығына кері əсерінен қауіптену – қазір ғана туындап отырған


мəселе
емес. 1931 жылдың өзінде экономист Джон Майнард Кейнстің
«еңбекті үнемді пайдалану тəсілінің дендеп ашылуы оны басқаша
пайдаланудың
жаңа жолдарын табуды басып озып келе жатқандықтан»
технологиялық
жұмыссыздықтың кең таралатындығы жөнінде
ескерткені
бəріміздің есімізде. Өткен жолы оның ескертуі өз дəйегін
таппады
, ал осы жолы расқа шықса қалай болады? Соңғы бірнеше жыл
бойына
кейбір мамандықтарды, Мəселен, бухгалтерлерді, кассир мен
телефон
операторларын компьютермен ауыстыру жөніндегі пікірталас
қайта
өріс алды.
Жаңа
технологиялық революцияның алдыңғыларына қарағанда үлкен
сілкініс
туғызу мүмкіндігінің себептері кіріспеде айтылды. Бұл
дегеніңіз
– өзгерістердің қарқыны (бұрын ешқашан болып көрмеген өте
шапшаң
жағдайда), ауқымы мен тереңдігі (аса мол радикалды өзгерістер
бір
мезетте қатар жүргізіледі) жəне барлық жүйені толықтай қайта құру
деген
сөз.
Көрсетілген
драйверлердегі (ағыл: driver – операциялық жүйенің
көмегімен
кейбір құрылғыларды басқаруға арналған компьютерлік
бағдарлама
. Бұл жерде экономиканың өсімін анықтайтын фактор
ретінде
ауыспалы мағынасында) бір мəселе күмəнсіз: қазірдің өзінде
жаңа
технологиялар барлық салалар мен мамандықтардағы еңбек
сипатын
түбірімен өзгертуде. Мұндағы тұңғиық, беймəлім мəселе
еңбекті
автоматтандырумен алмастыру деңгейіне қатысты. Ол
қаншалықты
ұзаққа созылуы мүмкін жəне қаншалықты тереңге барады?
Оны
дұрыс сезіну үшін біз жұмыспен қамтуға бəсекелес екі ықпалды
түсінуіміз
керек. Біріншіден, технологиядан қуаттанған дүмпу мен
автоматтандыру
еңбекті капиталмен алмастырып, жұмысшыларды
жалақысыз
қалдыратын немесе өз мамандықтарын басқа жерде
пайдалануға
мəжбүрлейтін дизруптивтік ықпал-əсер күшейеді.
Екіншіден
, аталған ықпал капиталдандыру үрдісімен қосарлана жүреді,
демек
, жаңа тауарлар мен қызметтерге деген сұраныс артқан кезде ол
компанияларда
, тіпті тұтас салаларда жаңа жұмыс орнының көптеп
пайда
болуына мүмкіндік туғызады.
Ондайда
адамдар жаңа жағдайға бейімделуге деген икемділігімен,
тамаша
тапқыр қабілетімен көзге түседі. Бұл орайда, аталған үрдістің


үздіксіздігі
мен зардапты теріс əсердің орнын капиталдандырудың оң
ықпалымен
, сондай-ақ оларды алмастыру қарқынын күшейту мен
есесін
толтыру негізгі фактор болып саналады.
Жаңа
технологиялардың еңбек нарығына ықпал етуіне байланысты бір-
біріне
қарама-қарсы екі тарап бар: олардың бір жағы – технологиялар
ығыстырып
шығарған жұмысшылар жаңа жұмыс орнын табады,
технология
– гүлденген жаңа дəуірге жол ашады деген бақытты
келешекке
сенушілер; ал екінші жақта – технология əлеуметтік жəне
саяси
шиеленістің өршіген ақырғы күніне (Armageddon), жаппай
технологиялық
жұмыссыздыққа алып келеді дейтіндер болады. Тарихи
тəжірибе
мынаны көрсетіп отыр: түпкі нəтиже қалай болғанда да осы
екеуінің
ортасынан шығады. Мəселе мынада: оңтайлы нəтижеге қол
жеткізу
үшін не істеу керек жəне бұл өзгерістерге төтеп бере
алмайтындарға
қалай көмектесеміз?
Технологиялық
даму əрқашан белгілі мамандықтарды басқа орындағы
жаңа
қызметпен ауыстырып, жойып отырады. Мысал ретінде ауыл
шаруашылығын
келтіруге болады. АҚШ-та ХІХ ғасырдың басында бұл
салада
еңбек ететін адамдар жұмыс күшінің 90%-ы болған, ал қазір
олардың
нарықтағы үлесі 2%-дан аспайды. Мұндай күрт азаю үрдісі
ерекше
əлеуметтік толқуларсыз немесе асқынған жұмыссыздыққа
ұрындырмай
, салыстырмалы түрде жатық өтті.
Қосымшалар
(компьютерлік технологияның) əзірлеу экономикасы
жұмыспен
қамтудың жаңа экожүйесіне жатады. Барлығы 2008 жылы
Apple негізін қалаған Стив Джобстың сыртқы əзірлеушілерге iPhone
үшін
қосымша жасаудың мүмкіндігін ұсынудан басталды.
2015 жылдың ортасына қарай Қосымшаның (компьютерлік
технологияның
) ғаламдық экономикасы жүз жылдан астам табысты
қызмет
жасап келе жатқан киноиндустрияны басып озып, 100 млрд
АҚШ
доллары көлемінде ақшалай табыс əкелуі тиіс еді.
Техно
-оптимистер мынадай сауал қояды: егер біз өткендегі
тəжірибелерге
мойынсұнсақ, неге осы жолы басқаша болуы керек? Олар
технологиялардың
дизруптивтік ықпалға ие екенін мойындайды, бірақ
олардың
өнімділік пен əл-ауқатты үздіксіз өсіретінін, тауарлар мен
қызметке
деген сұранысты да арттыратынын, сұраныстарды


қанағаттандыру
үшін жаңа жұмыс түрлерін тудыратынын да көлденең
тартады
. Пікірталастың мəні: адамның сұранысы мен қалауында шек
жоқ
, сондықтан оларды қанағаттандыру процесі де шектеусіз. Əдеттегі
экономикалық
құлдырау мен уақытша депрессия кезеңдерін қоспағанда,
жұмыс
əрқашан баршаға жеткілікті.
Бұған
қандай дəлелдеріміз бар жəне келешектің дəл осындай оң
өзгерістермен
түрленетініне қандай куəлік бере аламыз? Оның алғашқы
белгілері
ретінде жақын он жылдықта туындауы тиіс еңбекті
инновацияның
ауыстыра бастаған тың технологиялардың əртүрлі
салалар
мен кəсіптік категорияларда қазірдің өзінде қылаң бере
бастағанын
айтқан жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет