төменгі бөлігіндегі əйелдердің негізгі жұмыс орны)
автоматтандыру қаупі төніп тұр.
Қалай дегенмен де, жұмысты жоғалтудың зардаптары шаш етектен . Ал дəстүрлі түрде əйелдерге еңбек нарығына кіруге жағдай жасап келген тұтас еңбек категорияларында жұмыс орындарының жаппай қысқаруының етек алуы – өте өзекжарды мəселе . Нақтылап айтқанда, бұл жалғыз ғана еңбек көзі бар,
жоғары біліктілікті талап етпейтін жұмысты атқарып отырған əйелдердің өздері қамтамасыз етіп отырған отбасының шаруашылығына қатер төндіреді. Ол екі жұмыс көзі бар отбасылардың өмірін де ауырлатып, қазірдің өзінде бүкіл əлемде елеулі алаңдаушылық туғызып отырған гендерлік теңсіздікті ушықтырады .
Жұмыс орындарының жаңа түрлері мен категориялары жөнінде қандай болжам жасай аламыз? Төртінші индустриялық революция əкелетін еңбек нарығында əйелдерге қандай мүмкіндіктер көкжиегі ашылуы мүмкін? Əрине, əлі өмірге келе қоймаған салалардағы сұранысқа ие құзіреттілік пен кəсіптік дағдылар ауқымын дəл қазір сипаттап айту өте қиын шаруа. Дегенмен технологиялық инновация нəтижесінде туындайтын алшақтықтардың орнын толтыратын, технологиялық жүйені əзірлеуге , жасау мен пайдалануға немесе салада жұмыс істеуге мүмкіндік туғызатын жоғары сұранысқа ие мамандықтарды байыптап , барлап көруге болады.