Клаус Шваб Төртінші индустриялық революция



Pdf көрінісі
бет50/109
Дата28.09.2022
өлшемі4,97 Mb.
#40701
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   109
азамат
«Өкілетті азамат» ((dis) empowered citizen) термині екі үрдістен
туындайтын
динамиканы бейнелейдібірі – құқықтар мен
мүмкіндіктерге
(empowering) иеекіншісі – мүмкіндіктері
шектеулілерге
қатысты (disempowering). Адамдар ақпараттың
жиналуын
оны тарату мен ұйымдастыру жұмыстарын
жеңілдететін
технологияның жаңа мүмкіндіктерін сезіне түсуде.
Сонымен
қатар олар қоғамдық өмірге араласудың жаңаша
тəсілдерін
пайдаланудаЖекелеген тұлғаларазаматтық
қоғамдастықтар
əлеуметтік қозғалыстаржергілікті қауым
өкілдері
күннен-күнге дəстүрлі шешім қабылдаулардансоған
қоса
дауыс беруден шеттеліп келедіКей кезде олар сөзі өтімді,
беделді
мекемелер мен биліктің қайнар көзі – мемлекеттік жəне
аймақтық
басқару мекемелерінде айтқандарының барлығы елене
бермейтінін
сезінуде.
Осындай
жағдайдың пайда болуындағы қатердің бірі – үкімет
технологиялар
арқылы азаматтық қауымдастықтар мен
мекемелердегі
ашықтық пен өзгерісті талап ететін топтарды
қыспаққа
алуындаƏлемнің барлық мемлекеттерінде азаматтық
қауымдастықтардың
ісін жəне тəуелсіздігін тежейтін заң
шығаратын
мекемелер мен басқа да стратегиялар бар екенін
байқауға
боладыТөртінші индустриялық революцияда жарық
көрген
құрал-жабдықтар бақылаудың жаңа түрлерінсоның
ішінде
саламатты жəне ашық қоғамның табиғатымен
үйлеспейтін
бақылау құралдарын ұсынды.
Дереккөз
: Жаһандық қауіп туралы есеп, Бүкілəлемдік экономикалық
форум
, 2016 жыл.


Мысал
ретінде, Facebook -те жарияланған сайлауға шақырудың
зерттелуін
келтіруге болады: ол «дауыс берушілердің келу санын 60
мыңға
дейін арттырды, ал жанама түрде алғанда, əлеуметтік желідегі
үндеулердің
вирустық таралуы дауыс берушілердің санын 280 мыңға
жеткізді
. Тұтастай алғанда, қосымша дауыс берушілердің саны 340
мыңға
дейін барды».
Зерттеушілер
бұл істі күнделікті біз қолданып жүрген интернеттегі
цифрлық
медиаплатформалардың сайлауға əсер етуі деп түсіндіруде.
Бұл
, сондай-ақ, интернеттік технологиялардың көмегімен дəстүрлі
формадағы
азаматтық белсенділікті ықпалдастырып, (мысалы,
жергілікті
немесе аймақтық жерлерде дауыс беру немесе мемлекеттік
өкілдер
), инновациялық тəсілдер арқылы біріктіруге мүмкіндік бар
екендігін
көрсетіп тұр.
Бұл
тарау төртінші индустриялық революция ғаламат мүмкіндіктерді
ала
келгенін, сонымен бірге қатердің де масая түскені көрсетеді.
Революция
алдында тұрған маңызды міндеттің бірі – қоғамдық
тұтасудың
артықшылықтары мен болуы мүмкін кейбір қиындықтары
туралы
сапалы деректер жинау.
3.5. ЖЕКЕ ТҰЛҒА
Төртінші
индустриялық революция біздің іс-əрекетімізді ғана емес,
бүкіл
болмысымызды өзгертеді. Жеке тұлға ретінде оның əсері біздің
бірегейлігімізге
жəне оның барлық аспектілеріне: біздің құпия
сезімімізге
, меншік туралы ойымызға, тұтыну моделімізге, жұмыс пен
демалысқа
арналған уақытымызға, мансабымызды құруымызға,
дағдыларымызды
дамытуға ықпалын тигізеді. Бұл біздің адамдарды
қалай
қарсы алатынымызға, қарымқатынасымызды, өзіміз тəуелді
болатын
иерархияны, денсаулығымызды қалай сақтайтынымызға да
əсер
етеді. Ол біз ойлағаннан да ертерек адамның өмір сүру
табиғатының
өзін сенімсіздікке душар етеді. Мұндай өзгерістер
іркіліссіз
жылдамдықпен дамыған кезде адам бойында қобалжу мен
Қорқыныш
тудырады.


Бүгінге
дейін технологиялар, ең алдымен, бізге артық күш жұмсамай,
көп
нəрсені тез əрі нəтижелі етіп жасауға мүмкіндік туғызып келді.
Сонымен
қатар, ол біздің жеке дамуымызға да жағдай жасады. Алайда
олардың
қолдану аясының əлеуетімен қатар, орасан зор қауіп
əкелетінін
де көріп отырмыз. Аталған себептердің барлығы адамдар
бауыр
басып қалған жүйенің түбегейлі өзгеруіне əкеледі. Нəтижесінде,
өзгерістерді
қабылдайтындар мен оған тойтарыс беретіндерді екіге
жаратын
, тамыры терең бойлап келе жатқан əлемдік поляризацияның
барын
аңғарамыз.
Бұның
өзі – жоғарыда айтылған əлеуметтік теңсіздікті ушықтырады.
Осы
онтологиялық теңсіздік барлығын екі тарапқа жарса, оған
үйренгендер
мен онымен арпалысқа түсе алатындарды – жолы
болғыштар
мен жолы ауырлар деп тағы екіге бөлуі кəдік. Жеңімпаздар
төртінші
индустриялық революцияда пайда болған кəсіптен пайда
көрсе
(мысалы, гендік инженерия), жолы болмағандар – бармағын
тістеп
, түксіз қалары анық. Бұрынсоңды көргендеріне ұқсамайтын
болғандықтан
, ақырында наразылар мен қолдаушылар арасында бетпе-
бет
текетірес орын ала ма деген қауіп те жоқ емес. Бұл əлеуметтік
бөліну
– цифрлық əлемде өскен ұрпақ пен олардан бұрын туып, жаңаға
бейімделе
алмағандар арасында кикілжің туғызуы мүмкін. Сонымен
қатар
бұл – этикалық мінез-құлыққа байланысты туындайтын
проблемалардың
қайнаркөзі болуы да ықтимал. Мен инженер
болғандықтан
, жаңа технологияларға аса зор қызығушылық танытып,
бірінші
болып қолданып та үлгеремін. Дегенмен маған да басқа
психологтар
мен əлеуметтанушылар айтып жүрген технологиялардың
кірігуі
– олардың өміріміздегі тепе-теңдікке əсері, өз-өзіне сараптама
жасау
, эмпатия мен күйініш-сүйінішке ортақтасу сияқты қасиеттердің
маңызын
түсірмей ме деген сауалдар əрі қызық, əрі маңызды.
3.5.1. Бірегейлікмораль жəне этика
Төртінші
индустриялық революция нəтижесінде туындаған ғаламат
инновациялар
(биотехнологиядан бастап жасанды интеллектке дейін)
осы
уаҚытқа дейін қалыптасқан «жеке тұлға» ұғымына мүлде жаңа
мағына
берді. Олар бұрындары ғылыми фантастиканың еншісінде


болып
келген өмір ұзақтығы, денсаулық, таным мүмкіндіктері мен
адамның
басқа да қабілеттері жөніндегі ұғым-түсінік аясын кеңейтті.
Бұл
саладағы біздің біліміміз кеңейген сайын жаңалықтар да толассыз
ашылуда
. Сондықтан да үзіліссіз жүргізiлетiн моральдық жəне
этикалық
мəселелерге байланысты пікірталастарға көңіл бөліп,
жауапкершілікпен
қарау аса маңызды.
Адам
ретінде де, əлеуметтік тіршілік иесі ретінде де, біз əрқайсымыз
адам
өмірінің мəңгілігі, «Қолдан бала жасау», адам миынан ақпараттар
алу
сияқты аса күрделі, тосын адамзаттық мəселелер жөнінде бірлесе
ойлануымыз
керек. Мұндай таң қаларлық жаңалықтардың тұтас
қоғамның
қажетіне сəйкес келмейтін жекелеген топтардың мүддесіне
қызмет
етіп кетуі мүмкін екендігін де түсінуіміз қажет.
Физик
-теоретик жəне бірнеше кітаптың авторы Стивен Хокинг,
онымен
істес болған Стюарт Рассел, Макс Тегмарк жəне Фрэнк
Вильчек
«The Independent» газетінде жарияланған мақаласында
жасанды
интеллектіні кіріктіру туралы: «Егер де жасанды
интеллектінің
қысқа мерзімдегі əсері оны кімнің бақылап отырғанына
байланысты
болса, оны алдағы уақытта да дəл солай жүргізе беруге
бола
ма... Біз бəріміз қауіпті мүмкіндігінше азайтып, пайдалы жағын
арттыру
үшін дəл қазір не істей аламыз деген сауал қоюымыз қажет...»
деп
жазған болатын.
Ең
қызықты жобалардың бірін – жасанды интеллектіні зерттеумен
айналысатын
коммерциялық OpenAI компаниясы ойлап тапты.
Дегенмен
оның мақсаты «адамзаттың игілігі үшін қызмет ететін
цифрлық
интеллектіні барлық жағынан дамыту, сонымен қатар пайда
түсіретін
жағын ойластыруға байланысты болуын»61 2015 жылдың
желтоқсан
айында хабарлады. Бұл бастамаға Y Combinator
компаниясының
басшысы Сэм Альтман мен Tesla Motorsтың бас
директоры
Элон Макстің жобаға миллиард доллар бөліп, мерзімсіз
уақытқа
қаржыландыруы себеп болды. Бұл бұрын айтылған өзекті
ойларды
, нақтылап айтқанда, мынадай мəселелерді алға тартты:
төртінші
индустриялық революцияның нəтижесінде жаңа
технологияларды
біріктіретін адамның құқықтары мен мүмкіндіктері
əлеуетті
түрде кеңейеді. Сэм Альтманның айтуынша, «жасанды


интеллектіні
одан əрі дамыту тəсілі – адамдардың мүмкіндігін
байытуға
жəне оны жетілдіруге бағытталып, ол əр адамға қайтарымсыз
негізде
ұсынылуы керек». 62
Мамандар
мен ғалымдар интернет пен смартфон сияқты белгілі
технологиялардың
адамға деген əсерін жеткілікті түсініп, талқыға
салуда
. Дегенмен оның залалдарын қарастыру - əлдеқайда күрделірек.
Жасанды
интеллект пен биологиялық синтез арасындағы жағдай
осылай
болып отыр. Жақын арада зерттеушілер мінез-құлқы адамның
мінезіне
ұқсас, бойында генетикалық ауруларды жоятын жəне
зияткерлік
қасиеттерін күшейтетін мүмкіндігі бар сəбилерді ұсынуы
мүмкін
. Нəтижесінде, біздің алдымызда адамгершілік жəне рухани
мəселелерге
байланысты аса күрделі сауалдарға жауап іздеп табу
міндеті
ғана қалады (H қыстырмасын қараңыз: əдептен аспау).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет