ƏЛЕМДЕ
ТҰРАҚТЫ
ЕШТЕҢЕ
ҚАЛМАҒАН
КЕЗДЕ
,
СЕНІМ
ҒАНА
ЕҢ
МАҢЫЗДЫ
ҚҰНДЫЛЫҚ
БОЛЫП
ҚАЛА
БЕРЕДІ
экономикалық
, əлеуметтік жəне саяси жүйемізді қайта қарау қажеттігі
туындайды
. Біздің қазіргі шешім қабылдаудағы жүйеміз бен
материалдық
игіліктерді құрауға түрткі болған үлгілер алғашқы үш
индустриялық
революция барысында дүниеге келгені жəне біртіндеп
дамығаны
түсінікті. Бұл жүйелер бүгінгі қажеттілікті қанағаттандыра
алмайды
. Алайда, төртінші индустриялық революция – болашақ
ұрпақтың
еншісі екендігі даусыз. Бұл міндеттерді шешуде болымсыз
түзетулер
мен ұсақ-түйек реформалар емес, жүйелі инновациялар
қажет
.
Осы
үш қадам көрсеткендей, тұрақты ынтымақтастықсыз жəне
жергілікті
, ұлттық, тіпті ұлттықтан да жоғары деңгейдегі диалогсыз өз
мақсаттарымызға
қол жеткізе алмаймыз. Бұл ретте барлық мүдделі
тараптарға
дауыс тең бөлінуі тиіс. Біз ойымызды техникалық
аспектілерге
емес, іргелі шарттарды дұрыс түсінуге жұмылдыруымыз
керек
. Даму теориясын жақтаушы, Гарвард университетінің
математика
жəне биология профессоры Мартин Новак айтқандай,
«Адамзатты сақтап қалатын тек қана осы – ынтымақтастық».75
Төрт
миллиард жылдан бергі дамудың негізгі сəулетшісі ретінде
ынтымақтастық
– оның қозғаушы күші. Өйткені, ол бізге даму
барысына
бейімделуімізге мүмкіндік береді. Сол арқылы саяси,
экономикалық
, əлеуметтік бірігу деңгейін арттырып, елеулі ілгерілеуге
қол
жеткіземіз.
Түрлі
мүдделі тараптар бір-бірімен тиімді ынтымақтастықта болса,
төртінші
индустриялық революция кезінде кездесетін сын-
тегеурінд
eргe төтеп беріп қана қоймай, əлемдік проблемаларды шешіп
тастауға
да шамасы жететініне сенімдімін.
Айналып
келгенде, барлығы адамдарға, мəдениетке жəне
құндылықтарға
байланысты. Шынында да, əртүрлі мəдениет, ұлт
өкілдері
жəне басқа да топтар төртінші индустриялық революция
дəуірі
алға тартқан қиындықтарды жеңу қажеттігін түсінуі үшін бізге
талмай
еңбектену керек.
Қанеки
, болашақты бірге құрайық, ол барша адамзатқа қызмет етеді.
Адамдарды
осыған жұмылдырайық, оларға құқық пен өкілеттік беріп,
адам
қолымен жасалған осы жаңа технологиялардың бəрі, алдымен,
адам
үшін жасалған құралдар екенін ұдайы өзімізге өзіміз ескертіп
отырайық
.
Қанеки
, болашағымыз үшін ұжымдық жауапкершілікті мойнымызға
жүктейік
, ондағы инновациялар мен технологиялар – адамзат игілігі
мен
қажеттігін өтеуге негізделген. Ол қоғамдық мүддеге қызмет етеді.
Біз
оны тұрақты даму жолымызға нұсқаулық ретінде пайдалана білейік.
Біздің
мүмкіндігіміз бұдан да жоғары. Жаңа технологиялық дəуір (ол
тиімді
əрі жауапкершілікпен қалыптастырылған жағдайда) жаңа
мəдени
ренессансты туғызуы мүмкін. Бұл өзгеріс біздің өзіміз
ойлағаннан
да үлкен дүниенің, шын мəніндегі ғаламдық өркениеттің
бір
бөлігі ретіндегі орнымызды айқындай түсеріне нық сенемін.
Төртінші
индустриялық революция адамзатты роботтандырып, жұмыс,
қоғам
, отбасы, жеке тұлға сынды дəстүрлі ұғымдарымыздың тамырына
балта
шабуы мүмкін. Өзгерістердің осылайша өрбуіне жол бермей,
төртінші
индустриялық революцияны адамзатты алға, жаңа ұжымдық
əрі
моральдық санаға, ізгілікке бастау жолында ұтымды пайдалану өз
қолымызда
. Ол үшін бар күшімізді салуымыз керек.
|