Байланысты: Төртінші индустриялық революция (Клаус Шваб)
І қыстырма. Əл-ауқат жəне құпиялық шекарасы Емделу мақсатында арнайы жасалған қолданбалы құрылғылар жеке өмірге қол сұқпау принципінің күрделі тұстарын сезінуге мүмкіндік береді. Сақтандыру компанияларының көпшілігі сақтандыру полисіне ие болғандарға мынадай нұсқаны ұсынуы мүмкін : егер сіз қанша уақыт ұйықтайтыныңызды, қанша рет дене қимылын жасайтыныңызды, бір тəуліктегі қадамдарыңыздың санын, калория мөлшері мен тамақтануыңызға кіретін өнімдер түрін жəне т.б. есептеп отыратын , бір сөзбен айтқанда, денсаулығыңызға мониторинг жасап отыратын құрылғыны тағып жүретін болсаңыз, сөйтіп бұл ақпараттарды өзіңіздің денсаулық сақтау мекемеңізге жіберуге келісім берсеңіз, онда сіздің сақтандыру жарнаңыздың сомасына жеңілдік жасау жағы қарастырылады.
Бізді салауатты өмір салтын ұстануымызға бұрынғыдан да мəжбүрлей түсетін мұндай жаңалыққа қуануымыз керек пе? Əлде бұның өзі мемлекеттер мен корпорациялардың сіздің өміріңізді бақылауға алуы үшін жасалған дабыл қағатындай мəжбүрлеуі ме?
Дəл қазіргі уақытта бұл мысал біздің таңдау мүмкіндігіміз бар екенін көрсетеді: сіз денсаулығыңызды қадағалайтын құрылғыны тағасыз немесе одан бас тартасыз. Бірақ бұл бағыттың дамуына зер салсақ, жұмыс берушілер компанияның өнімділігін арттырып, медициналық сақтандыруға деген шығындарды азайту үшін Қызметкерлерінен осындай