ТӨРТІНШІ
ИНДУСТРИЯЛЫК
РЕВОЛЮЦИЯ
1.1. ТАРИХИ КОНТЕКСТ
«Революция» сөзі – шұғыл жəне түбегейлі өзгеріс дегенді білдіреді.
Революциялар
адамзаттың тарихи даму жолында жаңа технологиялар
мен
дүниені жаңаша түсіну тəсілі экономикалық жүйе мен əлеуметтік
құрылымда
іргелі өзгерістерді талап еткен кезеңдерде өріс алып
отырды
. Бұл жерде жүйе ұғымы ауқымды тарихи кезең ретінде
қолданылатындықтан
, мұндай шұғыл өзгерістердің себептері ұзақ
жылдар
бойына қордалануы мүмкін.
Адамның
өмір сүру салтындағы алғашқы түбегейлі өзгеріс
терімшіліктен
жер өңдеуге көшкен кезде, жануарларды қолға
үйретудің
арқасында Осыдан он мың жыл бұрын болған еді. Аграрлық
революция
өндірісті, тасымалдау мен қарым-қатынасты қамтамасыз
ету
үшін жануарлар мен адамның күшін біріктіре пайдалануға
құрылған
болатын. Соның нəтижесінде, біртіндеп азық-түлік
өндірісінің
тиімділігі көтерілді, өз кезегінде ол адам санын көбейтуге
жағдай
жасап, олар тұратын үлкен елді мекендердің тіршілік қамын
жақсартты
. Уақыт өте келе қалалардың өркендеуіне, адамдардың ірі
елді
мекендерге шоғырлануына ықпал жасады.
Аграрлық
революциядан соң, XVIII ғасырдың екінші жартысында
басталған
тағы бірнеше индустриялық революция өтті. Бұлар – бүгінгі
тарихи
сəтке жетелеген бұлшық етті пайдаланудан механикалық
қуатқа
ауысу кезеңдері болды. Ал төртінші индустриялық революция
үрдісі
адамның таным қызметінің өзгеруі арқылы дамитын болады.
Бірінші
индустриялық революция 1760 жылдардан 1840 жылдарға
дейін
созылды. Оны іске қосқан тегершік темір жолдың салынуы мен
механикалық
өндірістің дамуына ықпал еткен бу машинасының ойлап
табылуы
болды. XIX ғасырдың соңында басталып, ХХ ғасырдың басына
дейін
жалғасқан екінші индустриялық революция электр мен
конвейердің
таралуы арқасында, жалпыға ортақ өндірістің пайда
болуына
алғышарт жасады. Үшінші индустриялық революция 1960
жылдары
басталды. Əдетте оны компьютерлік немесе цифрлық
революция
деп атайды. Оның қозғаушы күші – жартылай өткізгіштер,
өткен
ғасырдың алпысыншы жылдары пайдаланылған алып ЭВМ-дер,
жетпісінші
-сексенінші жылдардағы жеке компьютерлер, тоқсаныншы
жылдардағы
интернет жүйелері болды.
Алғашқы
үш индустриялық революцияны сипаттау үшін
пайдаланылған
əртүрлі анықтамалар мен ғылыми дəйектемелерді
назарға
ала отырып, біз бүгін төртінші индустриялық революцияның
басында
тұрмыз деп санаймын. Ол жаңа мыңжылдықтың қырқасында
басталды
жəне цифрлық революцияға арқа сүйеді. Оның басты арқауы
– «жаһанды жайлаған» ұтқыр Интернет, ықшам (күн сайын арзандап
келе
жатқан) шаруашылық құрылғылары, жасанды интеллект пен
оқытатын
машиналар. Қазір ақпараттық жəне бағдарламалық
қамтамасыз
етуге жəне белгілі бір жүйеге негізделген цифрлық
технология
жаңалық емес, дегенмен жылдар жылжып, үшінші
индустриялық
революциядан алшақтаған сайын, ол қоғам мен
жаһандық
экономиканың түрленуін (трансформациясын) тездетіп,
барынша
жетіліп, бір-бірімен кіріге түсуде. Сондықтан Массачусетс
технологиялық
институтының профессорлары Эрик Бринйолфссон
мен
Эндрю МакАфи бұл кезеңді «екінші машиналық ғасыр» деп
тапқырлықпен
атады жəне 2014 жылы басылып шыққан кітаптарына
осы
атауды қолданды. Сол кітапта олар бүкіл əлем технологияның
автоматтандыру
мен «мүлтіксіз заттарды» толассыз тудыруы арқылы
«барлық бояуымен» көз қарықтыратын, асқынған індеттей бұрқ ете
түсетін
жарылыстың шегінде тұр деп тұжырымдайды.
Германияда
«Индустрия 4.0»-ті талқылау жүріп жатыр. Бұл термин
2011 жылы Ганновер жəрмеңкесінде пайда болған жəне ол бағаны
қалыптастырудың
жаһандық тізбесінің түбегейлі қайта құрылу үрдісін
белгілеу
мақсатынан туған. «Ақылды зауыттар» технологиясын тарата
отырып
, төртінші индустриялық революция өндірістің виртуалды жəне
физикалық
жүйесінің ғаламдық деңгейде өзара икемді ықпалдасатын
əлемін
жасайды. Бұл өнімдердің толық бейімделуі мен жаңа
операциялық
модельдердің дүниеге келуін қамтамасыз етеді.
Дегенмен
төртінші индустриялық революция ақылды жəне бір-бірімен
тығыз
байланысты машиналар мен жүйелерге ғана қатысты емес. Оның
əрекет
ету ауқымы одан əлдеқайда кең. Бір мезетте алуан түрлі салада:
адам
генінде жазылып қойылған ақпараттарды ашудан бастап –
нанотехнологияға
дейін, жаңартылған энергоресурстардан бастап –
кванттық
есептеуге дейін бұзып-жарып, буырқана алға ұмтылған
технологиялық
толқындар пайда болады. Дəл осы технологиялардың
тоғысы
мен олардың физикалық, цифрлық жəне биологиялық доменде
өзара
əсерлесуі төртінші индустриялық революцияның барлық
алдыңғы
революциялардан ауқымды айырмашылығын танытады.
Бұл
революцияның барысында жаңа технологиялар мен əмбебап
инновациялар
алдыңғы революциялар кезеңіне қарағанда (ол əлемнің
кейбір
елдерінде əлі жалғасуда), əлдеқайда жедел жəне кең ауқымда
таралады
. Қазір жер-жаһанның 17% тұрғыны екінші индустриялық
революцияны
күтіп отыр. Демек, 1,3 млрд халық электрге əлі қол
жеткізе
алған жоқ. Шамамен жер шарының тең жартысына жуығы
немесе
4 млрд адам үшінші индустриялық революцияны күтуде.
Олардың
басым көпшілігі интернетке қосыла алмай отырған дамушы
елдерде
тұрады. Бұл орайда мынаны айта кеткен жөн, тек шпиндельді
(немісше: spindle - айналмалы білік, ұршық, бірінші индустриялық
революция
символы) Еуропадан тыс жерге тарату үшін шамамен жүз
жиырма
жылдай уақыт керек болған. Салыстырмалы түрде айтсақ,
интернет
бүкіл əлемге он жылға жетпейтін уақытта тарап үлгерді.
Бірінші
индустриялық революцияның сабақтары, бұрынғысынша,
бүгін
де өзекті күйінде қала береді: прогрестің басты көрсеткіші –
қазіргі
уақытта да қоғамның технологиялық жаңалыққа байланысты
қабылдаған
шаралары. Əрине, өркениетті кемелдендіруге мемлекеттік
жəне
үкіметтік мекемелер ғана емес, жеке сектор да өз үлесін қосуы
тиіс
. Бұл орайдағы ең маңызды мəселе – қалай болғанда да
азаматтардың
ұзақ мерзімді əріптестік артықшылықтарды түсіне
білуінде
.
Мен
төртінші индустриялық революцияның алдыңғы үшеуінен барлық
салада
əлдеқайда ауқымды, тиімді жəне тарихи тұрғыдан маңызды
болатынына
кəміл сенемін. Дегенмен мені оның тиімді жəне ретімен
жүзеге
асу əлеуетін тежеуі мүмкін екі фактор мазасыздандырады.
Біріншіден
, экономикалық, əлеуметтік жəне саяси жүйені қайта
сараптау
қажеттілігі тұрғысымен салыстыра қарағанда, төртінші
инновациялық
революцияның талаптарына жауап беруге қазіргі
құрылымдардың
өтіп жатқан өзгерістерді пайымдау деңгейі барлық
салаларда
өте төмен деп санаймын. Соның нəтижесінде, инновацияны
реттеп
тарату мен дизрупцияны тізгіндеуге қажетті ұлттық жəне
ғаламдық
ұйымдастыру құрылымдары, жұмсартып айтқанда, талапқа
сай
емес, ал шындығына келсек, жоққа тəн деуге болады.
Екіншіден
, төртінші инновациялық революцияның мүмкіндіктері мен
талаптарын
анықтай алатын ғаламдық деңгейдегі ретті, бірізді, оң
көзқарастағы
біртұтас тұжырымдама да əлі жасалған жоқ. Бұл осы
үрдіске
қоғамдағы түрлі қауымдар мен əлеуметтік топтарды кеңінен
қатыстыруда
, сондай-ақ болып жатқан түбегейлі өзгерістерге деген
қоғамның
жағымсыз əсерлерінің алдын алуда аса зор мəні бар
тұжырымдама
болар еді.
1.2. ТҮБЕГЕЙЛІ ЖƏНЕ ЖҮЙЕЛІ ӨЗГЕРІСТЕР
Бұл
кітаптың мазмұны «бұл жолы бəрі басқадай болады» деген көнеден
келе
жатқан тəмсілді шындыққа айналдыратын, «технологиялар мен
цифрлық
қайта құрулар маңайындағысының барлығын түбегейлі
өзгерте
алады» деген түйінді ойдан бастау алады. Басқаша айтқанда,
негізгі
технологиялық инновациялар ғаламдағы кезеңдік өзгерістердің
буырқанған
шарықтау шегінде тұр жəне ол қуатты дүмпуге əкелмей
қоймайды
.
Болып
жатқан өзгерістердің ауқымы мен қарымы бүгінгі сəттегі
дизруптивтік
инновацияны қабылдап, түсінудің қаншалықты өткір
қойылып
отырғанын айқын аңдатады. Енді инновациялардың даму
жəне
таралу қарқыны бұрын болып көрмеген шапшаңдықпен жүреді.
Бүгінде
кеңінен танымал Airbnb, Uber, Alibaba сияқты дизруптивтік
платформаларды
осыдан бірнеше жыл бұрын кім көз алдына елестетіп
еді
? Қазір дүниені жайлап алған iPhone нарыққа алғаш рет 2007 жылы
шығарылды
. Ал 2015 жылдың аяғында дүниежүзінде екі миллиардтан
астам
смартфон қолданылатын болды. 2010 жылы Google компаниясы
жүргізушісіз
алғашқы автомобиль жасағанын жария етті. Менің
ойымша
, олар таяу жылдарда жолдағы əдеттегі құбылысқа айналады.
Бұл
тізімді толассыз жалғастыра беруге болады. Бірақ оның даму
қарҚыны
ғана таң қалдырмайды, құлашының күн сайын кеңге
жайылып
бара жатқаны да қайран қалдырады. Цифрлық қайта құру –
автоматтандыру
дегенді білдіреді, ол дегеніңіз, компанияларға табыс
көлемінің
төмендеу қаупін туғызбайды (болған жағдайдың өзінде, ол
болымсыз
деңгейде ғана). Оның қалай болатынын елестету үшін 1990
жылғы
Детройт (сол уақытта ол дəстүрлі өндірістің басты орталығы
болатын
) жəне 2014 жылғы Силикон алқабын салыстырып көрейік.
1990 жылы Детройдтың үш алып компаниясының жинақталған
нарықтық
капиталдануы 36 млрд АҚШ доллары, ал ақшалай түсімі 250
млрд
доллар болса, қызметкерлер саны 1,2 млн адамға жеткен. 2014
жылы
Силикон алқабының үш алып компаниясының жинақталған
нарықтық
капиталдануы əлдеқайда жоғары көрсеткішке (1,09 трлн
АҚШ
доллары) жетсе, шамамен осындай сомада табысы (247 млрд
АҚШ
доллары), ал қызметкерлер саны он есеге жуық аз (137 мың адам)
болды
.
Осыдан
он-он бес жыл бұрынғыдан əлдеқайда аз жұмыс күшін тарту
арқылы
құндылық бірлігін жасау – бағаны арзандата отырып, оны
нөлге
дейін түсіруге тырысатын цифрлық бизнестің арқасында мүмкін
болды
. Одан басқа, цифрлық дəуірдің ақиқаттығы мынаған əкеледі:
көптеген
жаңа компаниялар сақтауға да, тасымалдау мен таралымға да
ешқандай
шығын шығармайтын «ақпараттық тауарлар» ұсына
бастайды
. Дизруптивтік технологияларға негізделген кейбір
компаниялар
жедел өркендеу үшін ешқандай капиталды талап етпейді.
Мысалы
, Instagram немесе WhatsApp сияқты компаниялар: олар
шынында
да өз жұмыстарын жолға қою үшін бастапқы
қаржыландыруды
қажетсінген жоқ. Төртінші индустриялық революция
аясында
олар капитал мен бизнесті ауқымдандырудың рөлін өзгертіп
жіберді
. Тұтастай алғанда, бұл ауқымдылықтың тиімділігі – өсуді
ынталандыратынын
жəне тұтас саланың өзгеруіне ықпал ететінін
көрсетеді
.
Төртінші
индустриялық революцияның бірегейлігі – даму қарқыны
мен
кең құлаштылығынан басқа, сан салалы, алуан түрлі ғылыми
пəндер
мен жаңалықтарды үйлестіру мен кіріктіруін үдете түсуінде.
Əртүрлі
технологиялардың арасындағы бір-біріне тəуелділіктің
нəтижесінде
туындайтын материалдық инновация бұдан былай
ғылыми
фантастика болудан қалады. Мəселен, бүгін өндірістің
цифрлық
технологиясы биологиялық əлеммен қарым-қатынасқа түсуі
мүмкін
. Кейбір дизайнерлер мен архитекторлар қазірдің өзінде
автоматтық
жобалауды, аддитивтік технологияларды, материалдар
инжинирингін
жəне микроорганизмдердің біздің организмдермен, біз
қолданып
жүрген өнімдермен, тіпті тұрып жатқан ғимараттармен
арадағы
өзара əсерлесу жүйесінде жаңалықтар ашу үшін синтетикалық
биологияны
қатар қолдануда. Ол үшін олар үнемі өзгеріп жəне
бейімделіп
отыратын (өсімдік жəне жануарлар əлемінің айырым
белгілері
) нысандар жасауда (тіпті «өсіріп» те жатыр).
Бринолфссон
мен МакАфи өздерінің «Екінші машиналық ғасыр»
кітабында
айтқанындай, компьютерлердің ғаламат қабілетке ие
болатыны
сондай, олардың бірнеше жылдан соң қандай қосымшалар
қолданатынын
болжап айтудың өзі қиын. Бүгін жасанды интеллект
(ЖИ) бізді жан-жағымыздан қоршап алды: жүргізушісіз автомобильдер
мен
дроннан бастап, виртуалды көмекшілер мен аудармаларды
қамтамасыз
ететін бағдарламаларға дейінгі қаптаған құрылғылар
соның
дəлелі. Мұның барлығы біздің өмірімізді қайта құрады. Жи жаңа
дəрі
-дəрмектер жасауды жобалауды қамтамасыз ететін
бағдарламалардан
бастап, біздің мəдени сұранысымызды болжайтын
алгоритмге
дейінгі салаларда есептеу қуаты мен аса зор көлемдегі
мағлұматтарға
қол жеткізу мүмкіндігі қарыштап өсті. Соның
арқасында
маңызды табыстарға қол жетті. Мұндай алгоритмдер «бір
түйір
нан ұнтағынан» да, былайша айтқанда, біз цифрлық əлемде
қалдыратын
болымсыз ақпарат 13дерінен де жасала береді. Бұл
«интеллектуалдық» роботтар мен компьютерлердің бастапқы
ұстанымдары
негізінде өздерін өздері бағдарламалау мен тиімді
шешімдер
іздестірудегі жұмыстарын қамтамасыз ете отырып,
«компьютерлік өзін-өзі оқыту» мен автоматтандырылған
өнертапқыштың
жаңа типтерін туғызады.
Apple компаниясының Siri сияқты қосымшасы интеллектуалды
кеңесші
деген атау алған Al Field жасанды интеллекті жүйесінің бір
тармағының
ғана өзіндік қуат-күшінің қаншалықты екендігін байқата
бастады
. Мұндай жеке интеллектуалды кеңесшілер осыдан екі жыл
бұрын
ғана пайда болды. Бүгінде дауысты ажыратып-таңбалау мен
жасанды
интеллект соншалықты жедел дамуда дауыстан жазбалар
жасайтын
, қолданушының тапсырыстарына жауап беретін
автоматтандырылған
жеке кеңесшілердің үнемі қолжетімді болуы,
кейбір
техникалық мамандар айтып жүргендей, «қоршаған ақыл-ой»
құбылысын
туғызып, күні ертең-ақ компьютермен əңгімелесу қалыпты
жағдайға
айналады. Қазіргі құрылғылар біртіндеп жеке экожүйенің
құрамдас
бөлігіне айналып бара жатыр: олар бізге құлақ асады, біздің
зəру
мəселелерімізді ескертеді, тіпті ондай өтініш болмаған жағдайда
да
мүмкіндігіне қарай көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |