Цифрлық
, физикалық жəне биологиялық əлемдердің үйлесімі
Бірнеше
өлшемдердің (цифрлық, физикалық жəне биологиялық) басын
біріктіру
қабілеті бар компаниялар тұтас салаларға жəне өндіру, тарату
мен
тұтынудың тиісті жүйелеріне көпшілік жағдайларда дизруптивті
əсер
етеді.
Көптеген
қалаларда Uber өз жұмысын танымалдығы жетілген
клиенттік
тəжірибемен бастайды: автокөліктің орналасқан жері
мобильдік
құрылғы арқылы қадағаланады, көлікке қатысты барлық
стандарттар
орнатылған, төлемнің қарапайым жəне түсінікті үрдісі
реттелген
. Мұның бəрі бағытталған нысанға кешікпей жетуге
мүмкіндік
береді.
Бұл
тəжірибе активті (жүргізушіге тиесілі автокөлікті) пайдалануды
оңтайландыру
үшін жетілдіріліп, физикалық өніммен кешенді
біріктірілген
. (адамды А тармағынан Б тармағына тасымалдау). Мұндай
жағдайларда
цифрлық мүмкіндіктер тек жоғары бағалармен немесе
төмен
құнымен ғана емес, сонымен қатар бизнес-модельдің түбегейлі
өзгеруінен
де көрінеді. Бұл – қызметті сатып алудан бастап, оны
ұсынуға
дейінгі барлық үрдісті қамтитын іс-əрекеттермен қоса
қарастырылған
.
Комбинациялар
негізіндегі бұл бизнес-модельдер цифрлық
активтермен
жұмыс жасайтын цифрлық платформалардың, қызықты
комбинациялары
жеке активтермен қатынастарды қайта құру үшін
қолданылатын
(бұл кезде иеленуден бірлесе пайдалануға қарай
маңызды
ауысу) дизруптивтік үрдістің дəрежесін көрсетеді. Бірде-бір
компания
нарықта актив иеленушісі болып саналмайды: автокөліктің
жүргізушісі
оның иесі болып табылады жəне олар жолаушыларға
көлікте
жүрудің жайлы мүмкіндігін ұсынады. Ал үй иесі ондағы
бөлмені
пайдалануға береді. Екі жағдайда да бəсекелестік артық
операциялық
шығындарды қысқарту мен мəмілеге келуді үйлестірудегі
ұтымды
клиенттік тəжірибеге негізделеді. Сонымен қатар мұндай
компаниялар
шапшаң жəне ыңғайлы сұраныс пен ұсыныстың үйлесімін
сараптайды
, бұл, нарықтағы бəсекелестер қолданатын бизнес-
модельдерден
асып түсуге мүмкіндік береді.
Аталған
нарықтық тəсіл дəстүрлі қатысушылардың бұрыннан
қалыптасқан
ұстанымдарын бірте-бірте жояды жəне салалар
арасындағы
қатып қалған шекараны бұзады. Көптеген жоғары буын
басшылары
салалардың бірігуі таяу арадағы үш-бес жыл көлемінде
олардың
бизнесіне əсер ететін негізгі күш болады деп есептейді.
Клиентте
платформаға сенім білдіруге негізделген тəжірибе
қалыптасқандықтан
, цифрлық жеткізуге басқа өнімдер мен қызметтерді
ұсынған
жеңіл болады.
Бəсекелестер
дəстүрлі сатылы құрылымдар мен құнды қалыптастыру
тізбектерінің
ыдырауын тездетеді. Сонымен қатар кəсіпорын мен
клиенттер
арасындағы барлық қатынастардан делдалдарды
ығыстырады
. Жаңа құрылымдар өздерімен бəсекелестікке түсетін
дəстүрлі
фирмаларға қарағанда неғұрлым аз уақыт жұмсай отырып, өз
əрекеттерін
жедел өзгертуі мүмкін. Осы үрдістің барысында желіліктің
өзара
тиімді əсерін қамтамасыз ету есебінен табыстары жедел өседі.
Кітап
дүкеніне жыл сайын 100 млрд АҚШ доллары көлемінде табыс
əкелетін
бөлшек, сауданың конгломератына айналған Amazon
компаниясының
эволюциясы барысында клиенттердің ниеттестігі,
сонымен
қатар тұтынушыны түсіну жəне тапсырыстарды өз мерзімінде
орындау
секілді қызметтері – компанияға бір сəтте бірнеше тауарды
табысты
сатуға мүмкіндік береді. Бұл олардың жұмыс ауқымының
кеңдігі
мен артықшылықтарын да көрсетеді.
Цифрлық
технологиялар экономиканың барлық салаларында
қалыптасқан
дəстүрді бұзады жəне салалар арасындағы байырғы
шекараларды
жоятын тауарлар мен қызметтерді үйлестірудің жаңа
əдістерін
туғызады. Автокөлік саласын қарайтын болсақ, оның өзі
дөңгелегі
бар компьютерге айналғанын көреміз. Себебі ондағы
электрониканың
құны автокөлік құнының шамамен 40% құрайды.
Apple жəне Google компанияларының автокөлік нарығына шығу
туралы
шешімі қазіргі уақытта компанияның электроника саласынан
автокөліктік
компанияға айналу мүмкіндігін көрсетеді. Болашақта,
электроника
үлесіне тауар құнының үлкен бөлігі тиесілі болған кезде,
автокөліктің
өзін өндірумен салыстырғанда, технологиямен
айналысып
, бағдарламалармен қамтамасыз етуге арналған
лицензияларды
сатуы стратегиялық тұрғыдан табысты болуы мүмкін.
Қаржылық
сала да дизруптивтік өзгерістердің осыған ұқсас кезеңін
бастан
кешуде. P2P пирингтік (peer-to-peer) платформалар қазіргі
уақытта
нарыққа кіру бойынша кедергілерді шешеді жəне
шығындардың
төмендеуін қамтамасыз етеді. Инвестициялық бизнесте
жаңа
«робо-кеңес берушілік» (robo-advisory) алгоритмдері мен оларға
сəйкес
келетін қосымшалар -кеңес берушілік қызметтер көрсету үшін
қолданылады
. Мəміленің бұрын белгіленген құнының болымсыз бөлігін
(дəстүрлі 2% орнына 0,5%) портфельдік қаржы құралдары құрайды. Бұл
қаржылық
сала сегментіне қауіп төндіреді. Сонымен қатар жақын
уақытта
Blockchain-нің қаржы саласына революция əкелетінін
түсінеді
. Өйткені осы əдістің төлемдерге деген шығындарды
төмендетуге
жəне жылына $20 млрд АҚШ долларына дейін
операцияларды
жасауға мүмкіндік беріп, қаржы саласының жұмысын
толығымен
өзгертуі мүмкін. Деректер көзін бірлесе пайдалану
технологиясы
клиенттердің шоттарын сақтау, халықаралық төлемдер,
Клиринг
жəне мəмілелерді орындау сияқты əрекет түрлерін
оңтайландырады
. Сондай-ақ əлі де жоқ тауарлар мен қызметтерді алдын
ала
сатуға мүмкіндік береді: мысалы, зияткерлік технологиялардың
негізінде
трейдердің қатысуынсыз өзі орындалатын фьючерстік
келісімшарттар
(ел немесе компанияның дефолты кезінде автоматты
түрде
төленетін несиелік дериваттар).
Денсаулық
сақтау саласы да физикалық, биологиялық жəне цифрлық
сипаттағы
жаңа жетістіктердің басын бір мерзімде қосу үрдісіне тап
болып
отыр. Өйткені жаңа диагностикалық тəсілдер мен емдеу
əдістерін
əзірлеу, науқастардың сырқат белгісін цифрлау – құрылғылар
мен
имплантацияланатын технологияларда жинақталуы мүмкін
ақпарат
ағынын барынша ұтымды пайдаланумен қатар жүреді. Алайда
бұның
барлығы бірдей дизруптивтік ықпалға түспейді. Бірақ олар
тұтастай
төртінші индустриялық революцияның қозғаушы күштерінің
əсерімен
трансформациялық бұралаң бойынша жоғары өрлейді. Сала
мен
демографиялық ерекшеліктеріне қарай клиенттік базалар арасында
айырмашылық
болады. Бірақ ертеңді болжау мүмкін емес мына əлемде
бейімделу
қабілеті шешуші мəнге ие болып тұр. Себебі компания
трансформациялық
бұралаңмен жоғары өрлеуге қауқарсыз болса, оның
күрт
төменге құлдырауы оп-оңай.
Нарықта
орныққан немесе үлкен жетістіктерге ұмтылатын компаниялар
өзінің
инновациялық іс-əрекетіндегі бəсекелестіктің
артықшылықтарын
үнемі нығайтып, жетілдіріп отыруы керек.
Кəсіпорындар
, салалар мен корпорациялар қатал табиғи іріктеу
үрдісінің
қайнаған ортасында болады. Сол себептен де «бета-нұсқа
режимінде
үнемі даму» тұрақты жұмыс істеу философиясына айналады.
Бұл
– əлемде компаниядан тыс кəсіпкерлікке жауапты антрепренерлер
мен
компанияның ішінде кəсіпкерлікке жауапты интрепренерлер саны
өседі
деп тұжырым жасауға мəжбүрлейді. Шағын жəне орта
кəсіпорындар
дизруптивті үрдістерді басқару жəне инновацияларды
жүзеге
асыруға қажет шапшаңдық пен ептіліктің артықшылықтарына
ие
болады.
Ірі
ұйымдар, керісінше, олардың ауқымдылығы беретін
артықшылықтарды
пайдалану есебінен өзін-өзі сақтап қалады. Өзінің
экожүйесін
стартаптар мен шағын жəне орта компанияларды
инвестициялау
немесе сатып алу көмегімен дамытады. Олармен
серіктестік
қатынастарды реттестіру жолымен ғана бүтіндігін
сақтайды
. Бұл – кəсіпорындардың дербестігін сақтау жолы. Google
компаниясының
өзін Alphabet атауындағы холдингтік компанияға
қайта
құру туралы шешімі – осы тенденцияның айқын мысалы. Бұл –
кəсіпорынның
инновациялық сипатын қолдау жəне оның іс-əрекеттегі
ептілігін
сақтау болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |