Төрт
негізгі ықпал
Төртінші
индустриялық революцияның түрлі салалардағы бизнеске
негізгі
төрт түрлі ықпалы болады:
– тұтынушылардың қалауы өзгереді;
-активтердің өнімділігін арттыратын деректердің есебінен өнімдердің
сапасы
жетіледі;
— компаниялар ынтымақтастықтың жаңа түрінің маңыздылығын
түсінген
кезде жаңа əріптестік қалыптасады;
- операциялық модельдер жаңа цифрлық модельдерге көшеді.
3.2.1. Тұтынушы қалауы
Жеке
тұлғалар да (В2С), корпорациялар (B2B) болып табылатын
тұтынушылар
да цифрлық экономиканың үздіксіз қайнаған ортасында
қалады
. Бұл олардың қызмет көрсету əдістерін анықтайды. Тұтынушы
талабы
тəжірибе алу саласына айналады. Мысалы, Apple компаниясын
алсақ
, біз оның өнімін қалай қолданатынымызға ғана емес, сонымен
қатар
оның қаптамасына, брендіне, сатып алу жəне клиенттік қызмет
көрсетуіне
де көңіл аударамыз. Осылайша, Apple өнімдеріне қатысты
тəжірибесін
жан-жақты ескере отырып, тұтынушы қалауы жаңаша
айқындалады
.
Əлеуетті
тұтынушыларды, олардың деректерді бөлісуі жəне өзара
жұмыс
жасау ниеттері арқылы анықтауға болатын цифрлық
демографиялық
саралаудың дəстүрлі тəсілдері енді мақсаттық топтың
ыңғайына
қарай ойысады. Жекеменшіктенуден бірлесе пайдалануға
(əсіресе, қалаларда) қарай ұмтылу – дерек алмасуды жеделдетеді,
ұтымды
ұсыныс – құндылықтардың маңызды бөлігіне айналады.
Мысалы
, автокөлікті бірлесіп иелену жобалары автокөлік,
коммуналдық
қызмет көрсету жəне банктік сектор саласындағы
көптеген
компаниялар арасындағы жеке жəне қаржылық ақпараттың
ықпалдасуына
алып келеді. Компаниялар тұтынушыға өз бағыты туралы
ақпарат
таратады. Бірақ ақпаратты растау, нақты мерзімдегі деректер –
тұтынушыларды
іздеу жəне қызмет көрсету əдістерін ашатын
сараптаудың
көмегімен тексерілетін болады. Цифрлық дəуір –
деректерді
бағалау жəне пайдалану, өнім мен тəжірибенің сапасын
арттыру
, үзіліссіз түзету мен нақтылауға негізделген. Бұл жағдайда
қарым
-қатынастың адами факторлары аталған үрдістің іргетасы болуы
керек
. Жекеден бастап өнеркəсіптікке дейінгі, өмір стилінен мінез-
құлықтық
əдепке дейінгі деректердің түрлі бастауларына жүгіну
мүмкіндігі
– сатып алушы мінез-құлқының көп өлшемді бейнесін
сомдайды
. Бұл кеше ғана ғылыми фантастика болып көрінетін. Ал бүгін
деректер
қоры ақпарат тұтынушының қажеттіліктері мен мінез-құлҚы
туралы
маркетингтік ұстанымдары мен сатылымдар туралы
шешімдерін
анықтайтын сыни көзқарас қалыптастырады.
Цифрлық
технологияларды таратудың бұл үрдісі – шынайылықты
арттыруға
бағытталған. Осынау қажеттіліктер тізбегі деректер мен
тұтынушыларға
ұсынылатын қызмет көлемін ұлғайтуды көздейді. Бұл
жүйе
өнім сапасын салыстыруды ұсынып, тұтынушы өкілеттігін
арттырады
. Мысалы, бағаларды салыстыру сайттары өнімнің жəне
қызмет
көрсетудің бағасы мен сапасын оңай бағамдауға мүмкіндік
береді
. Тұтынушылар тінтуірді бір шертумен немесе саусақ ұшымен бір
сəтте
бір брендтен, қызметтен немесе жеке сатушыдан келесі қызмет
көрсетушіге
өтеді. Компаниялар өнімнің сапасыздығы үшін
жауапкершіліктен
жалтара алмайды. Бедел капиталы – үлкен еңбекпен
жиналады
жəне оңай жойылады. Бұл жағдай барынша ашықтыққа
ұмтылған
əлемде бағалана береді. Тұтастай алғанда, тұтынушылық
үрдістері
нольдіктер буынымен анықталады. Бүгінде біз «сұраныс
бойынша
» (on-demand) əлемінде өмір сүрудеміз, мұнда əр күн сайын
отыз
миллиард WhatsApp хабарламалары жіберіледі. АҚШ
жастарының
87%ы өз смартфонын ешқашан қолынан тас-тамайтынын,
ал
44%-ы видеокамераның функциясын күнделікті қолданатынын
растайды
. Мұндай өмір тұтынушы мен пайдаланушы контенті арасында
өзара
ақпаратпен алмасуға əкелді. Бұл – «қазір санаты»: нақты уақытқа
негізделген
бұл əлемде қозғалыс бағыттары көрсетіледі, ал азық-түлік
өнімдері
табалдырыққа дейін жеткізіледі. «Қазір санаты»
компаниялардың
жəне олардың клиенттері мен тұтынушыларының
қайда
орналасқанына қарамастан дереу, тез арада жауап беруді талап
етеді
.
Мұны
тек табысы жоғары экономикалардың ерекшелік белгісі деп
есептеу
қателік. Мысал ретінде Қытайдағы онлайн-сатып алу сегментін
алайық
. Alibaba Group тобының «Singles day» (жалғыз бастылар күні)
деп
жариялаған 2015 жылдың 11 қарашасында интернет желісіндегі
электронды
коммерциялық сервисінде $14 миллиард АҚШ доллары
сомасында
мəміле өңделген, ал сатылымдардың 68%-ы мобильдік
ұсыныс
арқылы жасалған. Келесі бір мысал: Сахарадан оңтүстікке
қарай
орналасқан Африка елдері - мобильдік интернет дамуының
қарқынды
үрдістерін көрсететін, жердегі байланыс желілері бойынша
телефонияның
қарқынды таралуын танытатын озық аймақ. Таяу
арадағы
бес жылдың ішінде GSM Association компаНиясы Сахараның
оңтүстігінде
орналасқан елдерде мобильді интернеттің жаңа 240
миллион
пайдаланушысын тартуды болжап отыр. Дамыған елдер
əлеуметтік
желілер таратылуының ең жоғары үрдістеріне ие болса, онда
- Шығыс Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия жəне Орталық Америка елдері
орта
ғаламдық деңгейдің 30%-ға жоғарылауын көрсетеді. WeChat
(Weixin) қытайлық мəтіндік жəне дыбыстық мобильді сервисі 2015
жылы
12 айдың ішінде шамамен 150 миллион пайдаланушыны тартып,
жылдық
есептік өсуді 39%ға арттыра алды.
3.2.2. Жетілдірілген деректер
Өнімдер
мен қызметтерді, олардың құнын цифрлық жетілдірулердің
көмегімен
жақсарту – жаңа технологиялар туралы түсінікті өзгертуге
жəне
компаниялар тарапынан активтерді еркін басқаруға жеткізеді.
Мысалы
, «Tesla» компаниясы қашықтан жаңарту жəне оған қосылу
мүмкіндіктері
арқылы өзінің бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесін
өнімді
(автокөлік) сатып алғаннан кейін оның уақыт өте келе
құнсыздануының
орнына, керісінше, бағасын жоғарылату үшін
пайдалануы
мүмкін.
Бұйымдардың
ұзақ мерзімділігі мен өміршеңдік қабілетін жаңа
материалдар
ғана емес, сонымен қатар олар туралы деректер,
сараптамалар
жəне көрсетілетін техникалық қызметтері ұзартады.
Бұйымның
сенсорында көрсетілген сараптама деректері тұрақты
мониторинг
жүргізу жəне белсенді техникалық қызмет көрсету
мүмкіндігін
береді. Бұл өз кезегінде оны пайдаланудың тиімділігін
барынша
жоғарылатады. Ендігі əңгіме нақты ақауларды анықтауда ғана
емес
, оған қоса бақылау көрсеткіштерін пайдалануда (сенсор деректері
мен
алгоритмдер арқылы жүргізілген мониторинг негізінде), олар
жабдық
элементінің қалыпты операциялық параметрінің шектен
шығуын
анықтайтын болады. Мысалы, əуе жолдары баҚылау
орталықтарының
мамандары ұшақтағы қозғалтқыштың нақты
кемшіліктері
туралы ұшқыштардан бұрын білетін болады. Осылайша,
орталық
ұшқышқа қажетті нұсқауды бере алады жəне рейске
техникалық
қызмет көрсету тобын алдын ала жібереді.
Техникалық
қызмет көрсетумен қатар бұйымның жұмысын болжау –
жаңа
бизнес-модельдерді құруға мүмкіндік береді. Мұндай қызмет
жасау
уақыт жағынан мөлшерленуі де, қадағалануы да мүмкін. Бизнес
үшін
стратегиялық маңызы бар салалық емес өндіріс аутсорсингіне
операциялық
рұқсаттар мен негізгі мəліметтерді осы сараптамалық
деректер
қамтамасыз етеді. Ауыл шаруашылығындағы жекелеген
бұйымдар
туралы мəліметтерді тиімді пайдалану арқылы олардың
үзіліссіз
жұмыс жасауы мен пайдалану мерзімін ұзартуды SAP
компанияның
үлгісінен көреміз.
Бұйымның
функционалдығын болжау прайсинг қызметтері үшін
көптеген
жаңа мүмкіндіктерді ұсынады. Жедел сатылар немесе жүретін
жолдардың
(траволаторлар) бағасы олардың функционалдығы негізінде
анықталуы
мүмкін. Осы кезде қызметтерді орындаушыларға төлемақы
тиісті
мерзімде тоқтаусыз жұмыс жасау уақытының 99,5% шегіне
сəйкес
төленуі мүмкін. Мысал ретінде жүк тасымалдау автопарктерін
келтіруге
болады. Халықаралық көлік тасымалдаушыларына үнемі жаңа
дөңгелектер
сатып алғаннан гөрі, өндірушіден дөңгелектің əр мың
шақырым
қызметіне қатысты төлем ұсыныстарын қарастыру тиімді
болмақ
. Сенсорлар мен сараптау деректерінің мұндай үйлесімі
компанияларға
жүргізушінің жұмысын, жанармай шығынын жəне
дөңгелектердің
тозуын қадағалау секілді кешенді қызметті ұсынуына
мүмкіндік
береді.
3.2.3. Коллаборативтік инновациялар
Клиенттерге
белгілі тəжірибе алмасу мүмкіндігі жасалатын қызметтер
ақпаратқа
негізделген. Ал бұйымның міндет-маңызы негізгі көрсеткіш
болып
саналатын əлемде инновациялардың қалай тез туындайтынын
жəне
дизруптивтік ықпалдың əсерін ескеретін болсақ,
ынтымақтастықтың
жаңа түрлері қажет екені көрінеді. Бұл — беделі
мен
өз ұстанымдарын бұрыннан орнықтырған кəсіпорындарға ғана
емес
, сонымен қатар жаңа қарқын ала бастаған фирмалар үшін де
оңтайлы
. Біріншілерге – нақты дағдылар мен клиент сұранысының
өзгеруіне
қатысты сергектік жетіспейді, ал соңғыларында – жеткілікті
капитал
, сонымен қатар дамудың жоғары сатысына көтерілген
кəсіпорындарға
тəн деректер байлығы жоқ.
«Коллаборативтік инновациялар: бизнестің өсуіне ықпал ете отырып
өзгерту
» форумының есебінде белгіленгендей, фирмалар бірлесе жүзеге
асырылатын
инновациялар аясында ресурстарды пайдаланған кезде ел
экономикасы
үшін де маңызды құндылықты қалыптастыра алады. Жыл
сайын
жобаларды зерттеу мен əзірлеуге шамамен $4 млрд АҚШ
долларын
инвестициялайтын өнеркəсіп алыбы Siemens компаниясы
мен
2008 жылы Стэнфорд университетінде құрылған, өзін-өзі оқыту
функциялары
бар машиналар жасаумен айналысатын Ayasdi
инновациялық
компаниясы («Технология пионерлері» форумының
бағдарламасында
осы компания атап өтілді) арасындағы
ынтымақтастық
– аталған мысалдың жарқын көрінісі. Бұл серіктестік
Siemens-ке деректердің үлкен көлемімен жұмыс жасау негізінде
идеяларды
іздестірудің күрделі мақсатын шешуге қабілеті бар
компаниямен
ынтымақтасу мүмкіндігін береді. Осы уақытта өзінің
нарықтағы
орнын кеңейткен Ayasdi нақты ақпарат негізінде деректерді
талдаудың
топологиялық тəсілін тестілей алады.
Мұндай
ынтымақтастық қатардағы қарапайым мақсаттың бірі емес. Бұл
– корпоративтік стратегияны дамыту, қолайлы серіктестікті іздеу,
байланыс
арналарын орнату, үрдістерді сəйкестендіру ісінің бірлігі. Екі
тараптан
да айтарлықтай инвестицияны талап ететін бұл серіктестік
ішкі
жəне сыртқы шарттарын да қайта қарастыруға мəжбүр. Кейде
осындай
ынтымақтастық – қалада автокөлікті бірлесе пайдалану жүйесі
сияқты
мүлде жаңа бизнес-модельдерді тудырады. Мұндай модельдер
клиенттерге
біріктірілген қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін
өнеркəсіптің
түрлі салаларындағы кəсіпорындарды топтастырады.
Бірақ
серіктестіктің жұмыс жасау қабілеті ондағы ең əлсіз буынның
мүмкіндіктерімен
анықталады. Компаниялар жан-жақты
ынтымақтастыққа
негізделген тəсілді өзінің тəжірибесіне қалай енгізу
қажеттігін
түсіну үшін маркетинг жəне сатылымдар туралы
келісімдердің
шектерінен тысқары шығуы тиіс. Төртінші индустриялық
революция
кезінде компаниялар кеңсе мен онлайн-бизнес əлемінің
күнделікті
тəжірибеде қалай бірге жұмыс істеу керектігі жөнінде үнемі
ойланып
, оның шешімін іздеумен шұғылданатын болады.
3.2.4. Жаңа операциялық модельдер
Осындай
əртүрлі ықпалдардың салдарына байланысты, компаниялар
өзінің
операциялық модельдерін қайта қарастыруы керек.
Кəсіпорындар
шапшаң жұмыс жасап, барынша жинақылық танытуға
мəжбүр
болғандықтан, қазіргі уақытта стратегиялық жоспарлауға
бұрынғыдай
аса мəн бермейді.
Платформа
цифрлық форматқа өтудің желілік ықпалының əсерінен
пайда
болғандықтан, іс-əрекеттің маңызды модельдерінің бірі
саналады
. Егер үшінші индустриялық революция уақытында терең
цифрлық
платформалар өмірге келсе, онда төртінші индустриялық
революцияның
ерекше белгісі – физикалық əлеммен тығыз байланысты
жаһандық
платформалар пайда болады. Платформа стратегиясы əрі
табысты
, əрі дизруптивті болып саналады. Массачусетс технологиялық
институтының
Слоун Басқару мектебі жүргізген зерттеулерге сүйенсек,
2013 жылы 30 iрi брендтің ішінен 14-і нарықтық капиталдандыру
бойынша
платформа форматына бағытталған компаниялар болып
шықты
.
Платформа
стратегиясын клиенттерге етене бейімдеу жəне деректердің
көмегімен
өнімді жетілдіру – көп секторларда өнімдерді сатудан гөрі,
қызметтерді
ұсыну саласына басты назар салуға алып келеді.
Клиенттердің
басым көпшілігі нақты нысандарды меншікке сатып
алуды
емес, цифрлық платформа арқылы қол жеткізе алатын тиісті
қызметті
ұсынғаны үшін ақы төлегенді қолайлы көреді. Мысалы,
Amazon компаниясының Kindle Store дүкені арқылы миллиард
кітапқа
цифрлық қол жеткізу мүмкіндігі бар. Spotify əлемдегі кез
келген
əнді тыңдауға немесе клиентке жекеменшік автокөлікті сатып
алу
қажеттілігінсіз оны бірлесе қолдану қызметін ұсынып, осылайша
кəсіпорынға
қосылу мүмкіндігін береді. Бұл өзгеріс - үлкен əлеуетке ие.
Экономикада
тауар жəне қызмет алмасудың анық та тұрақты
модельдерінің
орнығуына жол ашады. Бірақ біз меншікті қалай
анықтайтынымызға
, ұшантеңіз мазмұнның ішінен қалай таңдау
жасайтынымызға
, осы қызметтерді ұсынатын қуаты жоғары
платформалармен
қалай өзара жұмыс істейтінімізге байланысты
көптеген
мəселе туындайды.
Бүкілəлемдік
экономикалық форумның бастама саласындағы
«Индустриялардың цифрлық трансформациясы» жұмысы - төртінші
индустриялық
революцияның мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға
бағытталған
. Сондайақ ол бизнестің басқа салалары мен операциялық
модельдерін
ұсынады. Солардың бірі – жоғарыда атап өткен «клиентке
бағдарланған
» Nespresso. Ол өзінің бар күшін клиенттерге қызмет
көрсетумен
тікелей байланыс тырған, клиентті алдыңғы орынға
шығаруға
мүмкіндік берген. Мұндайда қызметкерлердің құқықтары
мен
өкілеттіктері кеңейеді. Үнемді бизнесмодельдер цифрлық,
физикалық
жəне адами əлемнің өзара жұмысы нəтижесінде
ұсынылатын
мүмкіндіктерді, мысалы, төмен бағадағы қызметтердің
жоғары
сапасын қамтамасыз ететін Michelin сияқты оңтайландырудың
жаңа
формаларына кең жол ашады.
Деректер
есебінен күшейтілген бизнес-модельдер клиенттер туралы
кең
мазмұндағы құнды ақпаратқа негізделетін табыстың жаңа көздерін
жасайды
жəне жаңа мүмкіндіктерді анықтаған кезде талдаулар мен
бағдарламалық
қамтамасыз етудің көмегімен алынатын деректерге
көбірек
сүйенеді. «Ашық жəне икемді» компаниялар өздерін
құндылықтар
жасаудың икемді экожүйесінің құрамдас бөлігі ретінде
көрсетеді
, сонымен бірге «Скайнет» сияқты фирмалар аса қауіпті
салалар
мен учаскелерде кең қолданыс таба отырып, негізгі назарды
автоматтандыруға
аударады. Кəсіпорындар энергетикалық жəне
материалдық
ағындарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін жаңа
технологияларға
сүйенетіні рас. Бұл ресурстарды үнемдеп,
шығындарды
төмендетуге əкеледі жəне қоршаған ортаға жағымды
ықпал
етеді (В қыстырмасын қараңыз).
Бұндай
қайта құрулар – кəсіпорындарды жат пиғылдағы белсенділер
мен
қылмыскерлер тарапынан жүйелерді тікелей бұзудан қорғайды,
сонымен
қатар цифрлық инфрақұрылымдағы тосын үзілістерді
болдырмауға
жəне деректерді сақтау жүйелері мен киберқауіпсіздік
үшін
қомақты қаражатты инвестициялап отыруы тиіс дегенді білдіреді.
Бизнеске
кибершабуылдардан келетін жыл сайынғы шығын көлемі
шамамен
500 млрд АҚШ долларына бағаланады. Sony Pictures,
TalkTalk, Target жəне Barclays сияқты компаниялардың тəжірибесі
көрсеткендей
, кəсіпорынның қызметтік ақпарат пен құпиялы клиенттік
деректерге
қатысты қадағалауды жоғалтуы – акциялар құнының
айтарлықтай
төмендеуіне алып келеді. Мерилл Линч Америка Банкінің
киберқауіпсіздік
нарығын өсіріп отырғандығын былайша түсіндіреді:
2015 жылы $75 млрд АҚШ долларынан бастап, 2020 жылға қарай $170
млрд
АҚШ доллары көлемінде, яғни таяудағы бес жыл ішінде бұл
саладағы
жыл сайынғы өсім 15%-ды құрайды.
Жаңа
операциялық модельдер, сондай-ақ біліктілікке, кадрлық
ресурстарды
тарту жəне ұстап тұруға қойылатын жаңа талаптар –
кəсіби
дағдылар мен корпоративтік мəдениет мəселелерін қайта
қарауды
қажет етеді. Ақпарат шешім қабылдауда да, өнеркəсіптің түрлі
салаларында
бизнесті жүргізу модельдерінде де негізгі рөлді атқара
бастағандықтан
, қызметкерлерге жаңа дағдылар қажет. Осы уақытта
тиісті
мəдениетті қалыптастыру кезінде қолданылатын үрдістерді жаңа
технологиялық
деңгейге шығару қажет (мысалы, нақты уақыт
режимінде
ақпараттың қолжетімділігін қолдану үшін) болады.
Мен
айтып өткендей, компаниялар «talentism» концепциясы
(біліктілігі жоғары кадрларға бейімделу) негізінде жұмыс жасауды
үйренуі
керек. Бұл – бəсекелестікті дамытудың жақында пайда болған
факторларының
ең маңыздысы. Кəсіпорын қызметкерлерінің жеке
қабілеттері
, оның стратегиялық артықшылығының үстем белгісі болып
табылатын
əлемде ұйымдастырушы құрылымдарының табиғатын қайта
қарауы
керек. Икемді кəсіптік сатылар, кəсіби нəтижелерді бағалаудың
жаңа
əдістері мен осыған сəйкес ынталандыру, білікті мамандарды
тарту
жəне ұстап тұруға арналған жаңа стратегиялар, осының барлығы
– ұйымның табысында маңызды рөл атқарады. Икемділік əлеуеті –
қызметкерлерді
ынталандырумен жəне коммуникациямен, сонымен
қатар
бизнес-басымдықтарды орнықтырумен жəне жеке активтерді
басқарумен
анықталады.
Менің
ойымша, табысты ұйымдар қызметтің сатылық құрылымынан
гөрі
желілік өзара əрекет ету жəне ынтымақтастықпен анықталатын
модельдерге
көбірек ойысып, одан əрі тек сол арқылы дамитын сияқты.
Ынталандыру
барынша ішкі сипатқа ие. Қызметкерлердің бірлесе
əрекет
етуге ұмтылуы, сонымен қатар шеберлікке, тəуелсіздікке жəне
мағыналы
басқаруға бағытталған іс-əрекет қозғаушы күшке айналады.
Бұл
дегеніміз – кəсіпорындар көбінесе əртүрлі командалармен, жеке
қызметкерлермен
жəне жұмысқа қажетті заттар туралы деректер
негізіндегі
біліммен жəне үздіксіз серпінді ұжымдармен бірлесе
ұйымдастырылатын
болады.
Қазіргі
уақытта пайда болатын кəсіпорындардың жұмыс сценарийі
интернетпен
үйлесім тапқан технологиялардың жедел өсуіне сүйенеді.
Осы
қос құбылыс – компанияларға цифрлық жəне физикалық қана емес,
сонымен
қатар клиенттерге де тиімді болатындай үздіксіз бірігу
мүмкіндігін
береді. Мысалы, аса күрделі жабдықпен жұмыс істейтін
немесе
ауыр жұмыс атқаратын қызметкерлер бөлшектерді жобалауға
жəне
жөндеуге мүмкіндік беретін киілетін құрылғыларды пайдалана
алады
. Бұл – қызметкерлердің жаңа жетістіктерді пайдалануына жəне
іргелі
жабдықтардың осы жетістіктердің негізінде жұмыс жасауына
кепілдік
береді. Төртінші индустриялық революция əлемінде «бұлтты»
бағдарламамен
қамтамасыз ету немесе ақпараттық белсенділікті
«бұлттық» жүйе арқылы жаңарту, қызметкерлердің тəжірибелері мен
білім
деңгейін уақытылы көтеру өте маңызды болады.
Достарыңызбен бөлісу: |