индустриялық революция адамдардың икемділігіне қалай əсер етеді ? Бұл турасында ке сіп айту, бəлкім, ертерек те болуы мүмкін,
бірақ бүгінгі үрдістердің қарамақарсылығын айқындай түссе,
болашақта ұтқырлық қоғам мен экономикада бүгінгіге қарағанда , маңызды рөл атқара алады деп сенуге болады:
• Өмірлік ұмтылыстарды жүзеге асыру. Басқа елдердегі оқиғалар мен мүмкіндіктерді адамдарға жеткізудің, оны дер кезінде құлағдар етіп отырудың жəне байланыс жасау жолдарының дами түсуіне орай, көші-қон дегеніміз – көбінесе өмірдің белгілі бір мезетіндегі өмірлік маңызды шешім ретінде қабылданады. 1 Əр адамның себеп-сылтауы əрқилы болатындығына қарамастан (жұмыс іздеу, оқуға деген ықылас, қорғану қажеттілігі, отбасын біріктіру жəне т.б.), өз мəселелерін көкжиектің ар жағында шешіп тастауға мейлінше əзір тұратын психологияның етек ала бастағаны байқалады. Бірінші кезекте мұндай көзқарасты жас адамдар ұстанады.
• Жеке бірегейлікті қайта анықтау. Адамдар өздерін (өздерінің өмірлерін ) мейлінше дəл, белгілі бір мекенге, этникалық топқа,
нақты мəдениетке, тіпті тілдік ортаға бейімдеуге үйренген. Басқа мəдениет идеялары: ның əсері жəне интернет арқылы онлайн алмасу адам болмысының жанжақты, сан қырлы сипатын ашты.
Тұлғалық бірегейлік өзгеріске ұшырап, адам болмысы сан-