Клаус Шваб Төртінші индустриялық революция



Pdf көрінісі
бет43/109
Дата28.09.2022
өлшемі4,97 Mb.
#40701
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   109
Кибер
-соғыс
Кибернетикалық
соғыс – бүгінгі таңдағы ең қатерлі қауіптердің бірі.
Бұрынғы
жер, теңіз жəне ауа сияқты, енді кибер кеңістіктердің өздері
соғыс
қимылдарының театрына айналып барады. Технологиялары
мейілінше
жеткілікті дамыған субъектілер арасындағы келешектегі кез
келген
шиеленістер, қазіргі əлемде болуы немесе болмауы мүмкін
қақтығыстар
киберлік өлшемдер тұрғысынан орын алып қалуы əбден
ықтимал
. Қазіргі жауласушы жақтардың ешқайсысы дұшпанның
шешім
қабылдауды қамтамасыз ететін сенсорлар, байланыс жəне
қуаттау
құралдары кіретін тұтас жүйесін істен шығаруға немесе жойып
жіберуге
деген пиғылына қарсы тұра алмасы анық.
Осының
салдарынан соғыстың бар екендігін білдіретін өлшемдер
табалдырығы
аласарып қана қоймай, соғыс пен бейбітшілік
арасындағы
елеулі айырмашылықтар да азая түспек. Əскери
жүйелерден
бастап азаматтық инфрақұрылымдарға дейінгі аралықта
энергия
көздері, электр жүйелері, денсаулық сақтау, қозғалыс немесе
сумен
қамтамасыз ету басқармалары жүйелерінің қиратылуы,
шабуылға
ұшырауы əбден мүмкін. Нəтижесінде, дұшпан концепциясы
да
дəл солай қарсы əсер береді. Баяғы кездегідей
БҰРЫН
АДАМДАР
ӨЗДЕРІН
ДЕ

ӨМІРЛЕРІН
ДЕ
БЕЛГІЛІ
БІР
МЕКЕНГЕ

ЭТНИКАЛЫҚ
ТОПКА

НАҚТЫ
МƏДЕНИЕТКЕ

ТІПТІ
ТІЛДІК
ОРТАҒА
МЕЙІЛІНШЕ
ЖОҒАРЫ
ДЕҢГЕЙДЕ
БІРЕГЕЙЛЕНДІРІП
ОТЫРАТЫН

ОНЛАЙН
ҚАРЫМ
-
ҚАТЫНАСКА
ƏУЕСТЕНУШІЛІКТІҢ
ПАЙДА
БОЛУЫ
ЖƏНЕ
БАСҚА
МƏДЕНИЕТТІҢ


ИДЕЯЛАРЫМЕН
БЕТПЕ
-
БЕТ
КЕЛУ
– 
БІРЕГЕЙЛІКТІҢ
БҮГІНГІ
КЕЛБЕТІН
САН
ҚЫРЛЫ
ЕТІП
ӨЗГЕРТІП
ЖІБЕРДІ
емес
, қазір сізге кім шабуыл жасайтынын, тіпті, сол шабуыл дегеннің
өзі
болған-болмағанын аңғару да оңай шаруа емес. Сондықтан
қорғаныс
, əскери жəне ұлттық қауіпсіздік қызметтері стратегиялары
бойынша
, мамандар жауласушы мемлекеттердің дəстүрлі шектеулі
тізіміне
ғана назар аударады. Ендігі уақытта хакерлер, лаңкестер,
қылмыскерлер
, бұзақы белсенділер, сондай-ақ басқа да дұшпандарды
құрайтын
тылсым, буалдыр ғалам қатысатын оқиғаларға да көңіл
бөлмесе
болмайды. Кибернетикалық соғыс Қылмыстық əрекеттер мен
шпионаждықтан
бастап жойқын шабуылдарға (компьютердің Stuxnet
құртының
əрекеті сияқты) дейінгі аралықтағы əртүрлі формада көрініс
табуы
мүмкін. Бұл – жаңа құбылыс жəне оған қарсы тұру өте қиын.
Сондықтан
оның мағынасы жеткілікті бағаланбай, əрі дұрыс
түсіндірілмей
келеді.
2008 жылдан бастап нақты елдерге, нақты кəсіпорындарға бағытталған
түрлі
кибер шабуылдар орын алды. Бірақ, соғыс қимылдарының жаңа
дəуірі
туралы мəселені талқылау əлі де болса іркіліп тұр. Кибер
соғыстардың
осынау техникалық күрделі мəселелерін талқылаушылар
мен
кибер кеңістік үшін ереже жасаушылардың арасындағы шыңырау
барған
сайын ұлғая түсуде. Ядролық, биологиялық жəне химиялық
қаруларға
байланысты жасалған келісімшарттар секілді, кибер соғысқа
қатысты
жалпы өлшемдер кешенін жасау жөніндегі мəселе əлі күнге
басы
ашық тұр. Бізде тіпті ненің шабуыл, ал оған қарсы қимылдың
қандай
болатындығы, бұл қимылдарды кімдер жəне қандай
тəсілдермен
жасауы мүмкін екендігі жөнінде бір пəтуаға келетін
жіктеме
де жоқ. Мұндай сценарийді басқару үшін қажет етілетін
көрсеткіштердің
бірі – шекарадан қандай мəліметтердің өтіп кете
алатындығына
байланысты. Мұның өзі əлемде қалыптасқан өзара
байланыстардың
деңгейін жоғарылататын игіліктерге кедергі
келтірместен
, кибернетикалық негізде трансшекаралық мəмілелерді
тиімді
бақылау үшін қаншалықты ұзақ жолдан өтуге тура келетіндігіне
дəлел
болып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет