Клаус Шваб Төртінші индустриялық революция


Əлемдік қауіпсіздікке барар жолда



Pdf көрінісі
бет48/109
Дата28.09.2022
өлшемі4,97 Mb.
#40701
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   109
Байланысты:
Төртінші индустриялық революция (Клаус Шваб)

Əлемдік
қауіпсіздікке барар жолда
Осынау
өзекті мəселелердің алдында жаңа технологиялар əкелетін
қатерге
барынша қарсы тұру керектігіне адамдарды қалай сендіре
аламыз
? Бұдан да маңыздысы – осы қатерді жұмсарта алатын мемлекет
пен
аса ауқымды жеке секторлар арасындағы əріптестікті жөнге
келтіре
аламыз ба? – деген сұрақ мазалайды. Ядролық соғыс алдындағы
қорқыныштың
орнына, өткен ғасырдың екінші жартысында өзара
кепілді
түрде жою (MAD) тұжырымдамасына сүйенген салыстырмалы
түрдегі
тұрақтылық келді. Сөйтіп, ядролық қаруды қолдануға
байланысты
тыйым салынатын жол табылады.
MAD қисынының осы уақытқа дейін жұмыс істеп келу себебі –
қатысушылардың
белгілі бір мөлшерде бірін-бірі жойып жіберетіндей
қуаты
болғандығында. Сонымен бірге, бұл тепе-теңдік құрылымдар
санының
өздеріне мейлінше қатер төндіретіндей көбеюі есебінен
өзгеріп
кетуі де мүмкін болатын. Осындай себептермен ядролық
державалар
өзара ынтымақтастыққа келді жəне ядролық клубты
мейлінше
тар шеңберде қалдыруға уағдаласты. Өткен ғасырдың
алпысыншы
жылдарының соңында жүргізілген келісімдердің
қорытындысы
нəтижесінде ядролық қаруларды таратпау туралы шарт
(ЯКТШ) бекітілді.
Кеңес
Одағы мен Америка Құрама Штаттары көптеген басқа мəселелер
жөнінде
келіспесе де, бір-біріне деген сергек қарым-қатынастың ең
мықты
қорғаны болып табылатынын түсінді. Бұл – ракетаға қарсы
қорғаныс
(PҚҚ) жөніндегі келісімшарттың жасалуына алып келді. Ал,
ол
– ракеталармен жеткізілген ядролық қарудың қорғанысы жөніндегі
құқықты
шектейтін еді.Бірақ қырып-жоятын əлеует үлкен деңгейдегі
ұқсас
ресурстарға ие азғантай ұйымдармен шектеліп қалмаған
жағдайда
, өзара келісу нəтижесінде туындаған экскалацияның алдын
алу
онша өзекті болмай қалады


Төртінші
индустриялық революция əкелетін өзгерістерге арқа сүйей
отырып
, қауіпсіздік пен тұрақтылықтың кепілдемесін күшейте түсетін
қандай
да бір баламалы тепе-теңдікке қол жеткізе аламыз ба?
Көзқарастары
мен мүдделері алуан түрлі тараптар қандай да бір
уақытша
келісім жасау жағдайында болуы жəне теріс дамуға қарсы
тұру
үшін бірігіп əрекет жасауы тиiс-ақ.
Бұл
мəселеге қатысы бар мүдделі тараптар заңнамалық міндетті
ережелерді
жасау, сондай-ақ қатысушылардың бірдей деңгейінде
белгіленген
ерікті қабылданатын ережелер қауіптілік əлеуеті жоғары
жаңа
технологияларды бақылайтын этикалық нормалар мен тетіктер
жөнінде
бірлесіп əрекет жасауы тиіс. Бұл жағдайда аталған
технологиялардың
инновацияны жəне экономикалық өсуді қамтамасыз
ететін
зерттеулерге кедергі жасамағаны абзал.
Көп
тарапты халықаралық келісімшарттар жасау қажеттігінде дау жоқ.
Бірақ
мені бұл саладағы реттеуші органдардың болып жатқан дамудың
шапшаңдығы
мен оның сан қырлы ықпалына байланысты
технологиялық
жетістіктерден кенже қалып қоюы мазалайды. Қоғам
мен
мəдениетте осыған қатысты жалпы этикалық принциптер
белгіленіп
, нығаюы үшін білім беру өкілдері мен жоба жасаушылар
төртінші
индустриялық революцияға қатысты этикалық нормаларды
оқтын
-оқтын талқылап отыруы өте қажет.
Егер
үкіметтер мен мемлекеттік негіздегі ұйымдар нормативтік-
құқықтық
кеңістікте дер кезінде əрекет жасамаса, онда бастамаға жеке
кəсіпорындар
мен мемлекеттік емес ұйымдар ие болып кетуі ықтимал.
Əскери
сектор мен соғыс жүргізудің жаңа технологиялары өздерінің
тұйықталған
саласында ғана өмір сүретіні өзінен-өзі түсінікті. Оның
үстіне
мені мазалайтын өзекті мəселелердің бірі – генетикалық
медицина
мен генетикадағы зерттеулердің басқа секторлар - əскери,
жоғары
мамандандырылған салалар секілді құпия болып қалуы. Соның
салдарынан
біз олардың мəселелері мен мүмкіндіктерін ұжымды түрде
талқылап
, оларды түсініп, басқару мүмкіндігінен шектеліп қаламыз.
3.4. KOFAM


Ғылымды
дамыту, инновацияларды коммерцияландыру жəне оларды
танымал
ету – əртүрлі контекстегі идеяларды, құндылықтарды,
мүдделер
мен əлеуметтік нормаларды таратып, шоғырландыратын
əлеуметтік
үдерістерге жатады. Нəтижесінде жаңа технологиялық
жүйелердің
толық əлеуметтік əсерін анықтау оңайға соға қоймайды:
біздің
қоғамды құрайтын көптеген тоғысқан компоненттер, сондай-ақ
қандай
да бір жолмен осы компоненттердің өзара іс-қимыл негізінде
құрылған
сан алуан инновациялар бар екендігін де ескерген жөн.
Қауымдастықтардың
көпшілігі үшін дəстүрлі құндылықтар
жүйелерінен
бас тартпай тұрып-ақ, жаңа заманауилықты қалай сіңіру
жəне
қалай өзіңе бейімдеу мəселелері – шешілуі қиын міндеттер. Біз
үйреніп
қалған көптеген іргелі алғышарттар үшін сынаққа айналатын
төртінші
индустриялық революция өзінің іргелі құндылықтарын
қорғайтын
байырғы діни Қоғамдастықтар мен дүниетанымдары
зайырлы
көзқарастар негізінде қалыптасқан қауымдастықтар
арасындағы
шиеленісті одан əрі күрделендіруі мүмкін. Ең үлкен қауіп
– жаһандық ынтымақтастық пен тұрақтылыққа ұмтылған прогреске
қарсы
ерекше идеологиялық қатыгездікпен күрес жүргізіп жатқан
радикалды
топтар тарапынан орын алмақ.
Оңтүстік
Калифорния университетінің Анненберг коммуникация жəне
журналистика
мектебіндегі коммуникациялық технологиялар жəне
əлеуметтану
саласының профессоры, əлеуметтанушы Мануэль
Кастельс
атап өткендей, «Негізгі технологиялық өзгерістердің барлық
көріністері
бойынша адамдар, кəсіпорындар мен мекемелер
өзгерістердің
тереңдігін сезінеді. Бірақ мұндай өзгерістердің салдарын
ұғына
алмағандықтан, көбіне оларды жете түсінуге қабілетсіз».
Ақпаратты
білмеуден туындайтын əрекетсіздіктен, əсіресе қоғамның
өзегін
құрайтын көптеген əртүрлі қауымдастықтар дамып, бір-бірімен
байланыс
орнатып жатқан қазіргі заманғы жағдайда аулақ болуымыз
керек
.
Жоғарыда
ұсынылған төртінші индустриялық революцияның
экономикаға
, бизнеске, геосаясат пен халықаралық қауіпсіздікке,
аймақтар
мен қалаларға тигізетін əртүрлі ықпалдарын қарастыру –


жаңа
технологиялық революцияның қоғамға жан-жақты ықпал
ететінін
анық көрсетеді.
Келесі
бөлімде мен өзгерістердің ең маңызды екі факторын
қарастырмақпын
, атап айтқанда: теңсіздіктің ұлғаюы орта тапқа қалай
қысым
көрсетеді жəне цифрлық медиа интеграциясы
қауымдастықтарды
қалыптастыру жолдары мен олардың бір-бірімен
қарым
-қатынасын қалай өзгертеді.
3.4.1. Теңсіздік жəне орта тап
Экономика
мен бизнеске көрсетілетін ықпалды талқылауда бүгінгі
күнге
дейін теңсіздіктердің өсуіне ықпал еткен жəне төртінші
индустриялық
революцияның өрістеуіне қарай жағдайды шиеленістіре
алатын
бірқатар түрлі сипаттағы құрылымдық алға басушылықтар
анықталды
. Роботтар мен алгоритмдер жұмысшылардың орнын
алмастыруға
келіп жатыр. Бұл уақытта инвестициялаудың (немесе
дəлірек
айтқанда, бизнесті құру жағдайында цифрлық экономика)
капиталға
деген зəрулігі барған сайын азайып барады. Сонымен бірге
еңбек
нарығында техникалық дағдылардың шектелген шеңберіне
артықшылықтар
берілуде, сондықтан жаһандық қосылыстар негізінде
жасалған
цифрлық платформалар мен нарықтар «жұлдыздардың»
үркердей
шағын тобына жоғары сыйақы төлеуге дайын. Барлық осы
үрдістер
іске асырылатын жағдайда, тек біліктілігі төмен жұмыс күші
немесе
əдеттегі капитал ұсына алатындар емес, инновациялық
бағдарланған
экожүйелерде жаңа бизнес-үлгілерді, тауарлар мен
қызметтерді
беру жолымен толық қатысуға қабілетті адамдар
жеңімпаз
болады.
Осындай
динамиканың арқасында технология – көпшілік халықтың
табысы
жоғары елдерде, табыс деңгейі көбеюінің немесе төмендеуінің
басты
себептерінің бірі ретінде қарастырылады. Қазіргі əлемде өте
қатты
белең алған теңсіздіктер бар. 2015 жылғы «Global Wealth
Report Credit Suisse» есебіне қарағанда, бүкіл əлем бойынша барлық
активтердің
жартысы əлемдегі ең бай адамзат өкілдерінің небəрі бір
пайызымен
бақыланады, ал табысы төмен ғалам тұрғындарының
жартысы
иеленетін əлемдік байлық бір пайызға да жетпейді.
Экономикалық
ынтымақтастық жəне даму ұйымы ЭЫДҰ елдеріндегі


ең
бай он пайыз халықтың орташа табысы осындай ең кедей халық
санымен
салыстырғанда, шамамен тоғыз есе артық екенін хабарлайды.
Сонымен
қатар көптеген елдерде, тіпті молшылық деңгейі бойынша
халықтың
барлық топтарында тапшылықтың жылдам өсуі байқалған
жерлерде
де, кедейлікте өмір сүретіндер саны айтарлықтай азайған
жерлерде
де теңсіздік өсіп жатыр. Мысалы, Қытайда «Джини Индексі»
деңгейі
ХХ ғасырдың сексенінші жылдарында шамамен 30 бірліктен
2010 жылға қарай 45-тен астам бірлікке дейін өсті.
Теңсіздіктің
өсуі кейбір алаңдаушылық тудыратын экономикалық
құбылысты
ғана білдірмейді. Бұл – күрделі мəселе. Оны қоғам шешуі
тиіс
. Британдық эпидемиологтар Ричард Уилкинсон мен Кейт Пикетт
«Рух деңгейі: қоғамдағы теңдік неге оны күшейте түседі» деген өз
кітаптарында
біліксіз Қоғам барынша қатал болады, ол адамдардың
көпшілігі
түрме жазасын өтеп жатқанын, психикалық аурулар мен
семіздік
көп таралғанын, өмір сүру ұзақтығы мен сенімділік деңгейі
төмен
екендігін дəлелдейтін деректерді көрсетеді. Олардың жасаған
тағы
бір қорытындысы мынау: теңдік салтанат құрған қауымдастықтың
орташа
табысын бақылау кезінде балалардың əл-ауқатының
жоғарылығы
, күйзеліс жəне есірткі пайдаланудың аздығы, сондай-ақ
нəрестелер
өлім-жітімінің төмен деңгейі анықталды.
Сондай
-ақ зерттеушілер теңсіздіктің етек алуының балалар мен
жастар
арасындағы білім деңгейінің төмендеуіне жəне сегрегацияның
(segregation) артуына əкелетінін анықтады.
Эмпирикалық
деректер мұны нақты, айқын көрсетпегенмен,
теңсіздіктің
ушығуы əлеуметтік тəртіпсіздіктердің ұлғаюына əкеледі
деген
қауіп кең тараған. 2016 жылғы Экономикалық форумның
«Жаһандық қауіп-қатерлер туралы» есебінде анықталған 29 жаһандық
тəуекел
мен 13 жаһандық үрдістердің арасында мықты, өзара байланыс
өсіп
келе жатқан табыстардың теңсіздігі, жұмыссыздық немесе
онымен
жеткіліксіз қамтылған халық пен терең əлеуметтік
тұрақсыздық
байқалады. Желілерге барынша қосылған жəне үлкен үміт
күтетін
əлемде, халық ең болмағанда, əл-ауқаттың белгілі бір
деңгейіне
жету немесе өз өмірін жақсарту мүмкіндігінен айырылғанын
сезінетін
болса, əртүрлі əлеуметтік қақтығыстар орын алуы ықтимал.


Бүгінгі
күні орта тап деңгейіне сəйкес жұмыс орны бұдан былай оның
өмір
сүру салтына кепілдік бермейді. Өйткені соңғы екі онжылдықта
орта
тап мəртебесінің дəстүрлі төрт атрибуты (білім беру, денсаулық
сақтау
, зейнетақы жəне жекеменшік тұрғын үй) инфляцияның
қарқынына
ілесе алмады. АҚШ пен Ұлыбританиядағы білім бағасы
қазіргі
уақытта байлықтың белгісіндей болып отыр. Орта тапқа
көбінесе
шектеулі мүмкіндік беретін нарықтық экономика қоғам
құрылысындағы
демократияға нұқсан келтіріп, көпжақты əлеуметтік
мəселелерге
ұрындыратын олқылықтарды тудыруы мүмкін.
3.4.2. Қауымдастық
Кең
əлеуметтік көзқарас тұрғысынан қарағанда, цифрлық
технологияларға
көшудің ең қуатты (жəне ең елеулі) ықпалының бірі –
жұдырықтай
жұмылған, дербестік пен қауымдастықтың өзара
үйлесіміндегі
жаңа үлгіге негізделген қоғамды тудыруы. Өткенмен
салыстыра
қарағанда белгілі бір қауымдастыққа тиістілік енді
кеңістікпен
(жергілікті қоғамдастықпен), жұмыспен жəне отбасымен
емес
, қазіргі таңда жеке жобалармен, жеке құндылықтар мен
мүдделердің
үйлесуімен анықталады.
Төртінші
индустриялық революцияның негізгі компонентін
қалыптастырушы
— цифрлық бұқаралық ақпарат құралдары. Оның
жаңа
нысандары – біздің қоғам мен қауымдастық туралы жеке
тұлғалық
жəне ұжымдық ойымызды нақтылай түседі. «Цифрлық медиа
жəне
қоғам» атты форум есебiндегiдей, цифрлық медиа «адам – адам»
жəне
«адам – қоғам» байланыстарын мүлдем жаңа жолдармен құрып
жатыр
. Бұл – пайдаланушыларға, оларды бөліп тұрған уақыт пен
қашықтыққа
қарамастан, достық қарым-қатынасқа мүмкіндік береді.
Оған
қоса, əлеуметтік немесе физикалық оқшауланған адамдарға,
қызығушылығына
қарай байланыс орнатуға, олардың жаңа тобын
құруға
, пікірлес адамдармен байланысуға мүмкіндік туғызады.
Цифрлық
медиа – жоғары қолжетімділік, төмен баға жəне
географиялық
бейтараптық белгілері, сондай-ақ əлеуметтік-
экономикалық
, мəдени-саяси, діни жəне идеологиялық шекараларға
қарамастан
, тығыз ынтымақтастық жасауға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет