болды .
Нанотехнологиялар : нанотехнологиялар табиғатта кездеспейтін қасиеттерге ие метаматериалдарды (metamaterials), смарт-
материалдарды (smart materials) біртіндеп жасауға алып келеді.
Олар қару-жарақты мейлінше жеңіл əрі жинақы, мүмкіндігінше зияткерлік сипатта дəл етіп жақсарта түседі: нəтижесінде өзін-өзі жасауға жəне жинастыруға қабілетті жүйеге қол жеткізіледі.
Биологиялық қару: биологиялық соғыстың тарихы кəдімгі соғыстардың тарихындай тым ұзақ. Алайда, биотехнология,
генетика жəне геномика саласындағы шапшаң прогресс əсері тым жоғары жаңа қарулардың пайда болуына ықпал етуде. Ауа арқылы таралуға мақсатталып жасалған вирус тар, аса қауіпті жасанды инфекциялар, генетикалық тұрғыдан модельден ген жұқпалы аурулар жəне т.б. шиеленістердің ушыға түсуіне əсер етеді .
Биохимиялық қару: биологиялық қарулар тəрізді техникалық инновациялар қарулардың бұл түрін де үйде жөндеу жұмыстарын жүргізгендей қарапайым түрде құрастырады. Оларды тасымалдауға дрондар пайдаланын луы мүмкін.
Əлеуметтік желілер: цифрлық арналар ақпаратты тарату мүмкіндіктерін қамтамасыз етіп, игі мақсаттарға бағытталған іс-
əрекеттерді ұйымдас: тыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге өздеріне жақтастар тарту мақса: тындағы зиянды материалдарды да таратуға жəне ИГИЛ-мен жəне басқа да экстремистік топтармен байланыса отырып, насихат жұмыстарын жүргізу ге де пайдаланылуы мүмкін. Мұндай əрекеттердің ықпалына жастар,
əсі ресе, оларды əлеуметтік қолдаудың тұрақты жүйесі жоқ болған жағдайда жылдам ұрынбақ.
F қыстырмасында айтылған мұндай технологиялардың көпшілігі қазірдің өзінде бар немесе енгізілу сатысында. Мысал ретінде,
резеңке оқпен ататын екі пулеметпен жəне зеңбірекпен қамтамасыз етілген Samsung шығарған SGR-A1 роботтарын келтіруге болады (бүгінгі таңда олар Кореяның демилитаризацияланған аймағындағы шекара бекеттерінде қолданылуда ). Қазіргі кезде оларды маман операторлар бақылауда.
Егер оларға бағдарлан малар орнатса, тірі нысандарды өз бетінше тауып алып, орын алып жатқан жағдайға байланысты əрекет ете алады .
Өткен жылы Ұлыбританияның Қорғаныс министрлігі жəне BAE
Systems компаниясы Raptor деген атаумен де белгілі Taranis
көрінбейтін ұшағын сынақтан сəтті өткізгендігі жөнінде хабарлады . Аталған ұшақ белгіленген жерге ұшып келіп,
бағдарламада қойылған нысанды жаңылмай тауып алады жəне аса қажеттілік туып қалмаса, құрылғының жұмысын қадағалап отырған оператордың араласуы қажет емес. Қазірдің өзінде мұндай мысалдар жетіп артылады. Геосаясаттың, əскери стратегия мен тактиканың, заңдық реттеулер мен этиканың