Клаус Шваб Төртінші индустриялық революция


тоғысқан тұстарында маңызды мəселелердің туындауына



Pdf көрінісі
бет47/109
Дата28.09.2022
өлшемі4,97 Mb.
#40701
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   109
тоғысқан
тұстарында маңызды мəселелердің туындауына
байланысты
олардың саны əлі де өсе түспек.


Жаһандық
қауіпсіздіктің жаңа белестері
Осы
кітапта бірнеше рет атап көрсетілгендей, жаңа технологиялар
мүмкіндіктерінің
шегін, сондай-ақ бұл салада алдымызда не күтіп
тұрғанын
біз тек өлшеулі мөлшерде ғана елестете аламыз.
Бұл
, сондай-ақ халықаралық жəне ішкі қауіпсіздік саласына да
қатысты
. Өзімізді түрлі ойға жетелейтін əрбір инновацияның осы
саласы
бойынша Қолданудың жағымды жақтарымен бірге, көлеңкелі
тұстарының
да болуы əбден мүмкін. Егер де бүгінгі таңда
нейротехнологиялар
(мысалы, нейропротездеу) денсаулық сақтау
мəселелерін
шешуге қолданылса, болашақта олар əскери мақсаттарды
орындау
үшін де пайдаланылуы ықтимал. Ми талшықтарына жалғанған
компьютерлік
жүйелер сал болып қалған пациенттің аяқ-қолын
роботтық
сипатпен басқаруға мүмкіндік беруі де ғажап емес. Нақ осы
технология
бионикалық ұшқышты немесе жауынгерді басқаруға
пайдаланылуы
да ықтимал. Альцгеймер сырқатының симптомдарын
емдеу
үшін Миға əсер етуге бағытталған құрылғы жауынгердің
бұрынғы
жадысын тазартуға немесе жаңадан құру мақсатында
жауынгерлерге
имплантация жасауға мүмкіндік береді. «Мəселе
нейроғылым
тəсілдерінің кейбіреуін немесе технологиясын
мемлекеттік
емес ұйымдар пайдалана ма дегенде ғана тұрған жоқ;
мəселе
– технологияны олардың қайтіп жəне қашан пайдалануында»
деп
санайды Джорджтаун университеті медицина орталығының жүйке
жүйесі
бойынша маманы Джеймс Джордано. Оның пікірінше, «Ми
соғыс
қимылдарының келесі аренасы болуы ықтимал».
Осы
инновациялардың көпшілігінің қолжетімділігі, сондай-ақ оларды
қолданудағы
бейберекеттілік салдары тағы бір өзгеше жағдайларға
əкеліп
ұрындыруы мүмкін. Заманауи үрдістер аса ауқымды зардап
келтіру
мүмкіндіктерін шапшаң жəне жалпылай
демократияландыруды
ұсынады. Бұрын мұндай істермен тек үкіметтер
мен
кəсібилігі ең жоғары ұйымдар ғана айналысатын. 3D басып
шығарудың
көмегімен қару-жарақ өндіруден бастап, үй
зертханаларында
қолданылатын гендік инженерияға дейін, жаңа
технологиялардың
жəрдемімен қырып-жоятын қару-жарақ жасап


шығару
барған сайын қолжетімді болып келеді. Бұл кітаптың өзекті
тақырыбы
болып табылатын технологиялардың кіріктірілуінің
арқасында
қолданыстағы құқықтар мен этикалық нормаларға қайшы,
болжауға
келмейтін динамика табиғи түрде өрбу үстінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет