СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР: 1. Науқасқа медбике бұлшық етке инъекция жасау қажет.Медбике қанша диаметрлі және ұзындықтағы инені қолданады ?
2. Медбике тері ішіне инъекция жасау үшін 0,8 мм диаметрлі , 6 см ұзындықтағы инені және 10 мл көлемді шприцті алды . Медбике енгізуге қажетті шприц және инені алды деп ойлайсыз ба ?
3. Медбике күре тамырға инъекция жасауға дайындалуда:Халатын және шашын жинап калпагын киді , қолын жуып перчатканы киіп алды . Инъекция жасау үшін дайындалған медбике нені қалдырып кетті?
13. Сабақты қорытындылау:4 мин (4%) оқытушымен кері байланыс, практикалық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.
14. Үйге тапсырма беру:4 мин (4%)
7 – сабақ 1. Сабақтың тақырыбы: 11 Бөлім. Тыныс алу мүшелері және жүрек-қан тамырлары жүйелері ауруларымен ауыратын науқастарды бақылау және күту.
11.1. Тақырыбы.Тыныс алу мүшелері және жүрек-қан тамыр жүйелері ауруларының негізгі симптомдары, жедел дәрігерге дейінгі көмек, науқастарды бақылау және күту.
2. Сағат саны: 180 мин (100%)
3. Сабақ түрі:практика
4. Сабақтың мақсаты:
оқыту: тыныс алу мүшелері және жүрек-қан тамыр жүйелері ауруларымен ауыратын науқастарды күтудегі емшараларды орындау іс-әрекеттері.
тәрбиелік: науқастарды бақылау және күтуді үйрету, науқасты позициялық дренажға үйрету, ылғалдандырылған оттегіні беру.
дамыту: шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді үйрету және дамыту.
5. Оқыту әдісі:көрме, пікірталас, рольдік ойындар, аудиториялық.
6. Материалды – техникалық жабдықталуы: а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы, фантом, маникендер.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.