Клиникалық зертханалық зерттеу әдістері пәнінен Іс-дағдылар стандарттары Мамандық



бет100/111
Дата20.06.2022
өлшемі0,61 Mb.
#37108
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   111
Қалыпты көрсеткіштер:
Қан құрамында: 3,33 – 5,55 ммоль/л;
Қан сарысуында: 3,08 – 6,1 ммоль/л


Клиникалық мағынасы:
Физиологиялық гипергликемияны шамалы физикалық жүктемелер, аса мықты эмоция, стресстер, темекі тарту, инфекцияда адреналиннің лақтырылуы тудыруы мүмкін. Қандағы глюкозаның артуы – гипергликемия эндокринді патология (қантты диабет), ұйқы безінің дертінде (жедел және созылмалы панкреатит) анықталады.
Қанда глюкоза денгейінің төмендеуі – гипогликемия ұйқы безі ісігінде, эндокрин патологиясында (Аддисон ауруы), инсулин мен гипогликемиялық препараттардың передозировкасында; бауырдың ауыруы (цирроз, гепатит), бүйректердің, ас қорыту тракті (энтероколит) дерттерінде анықталады.


ҚАНТТЫ ЖҮКТЕМЕ ӘДІСІМЕН АНЫҚТАУ


Мақсаты:
- қантты жүктеме әдісін (глюкозотолерантты тестпен, ГТТ) меңгеру;
Көрсетпелер:
-глюкозаға толеранттылықты анықтау;
-қантты диабет диагностикасы
Принципі:
Глюкозаға толеранттылық функционалды сынамасы көмірсулар алмасу жағдайын соның ішінде инсулин жасалып шығатын Лангерганс аралшығының секреторлық қабілеттілігін бағалау үшін қолданылады. Әдістің мағынасы, қант жүктемесіне (глюкоза қабылдауда) және қан құрамында глюкозаның көп болғанда инсулин жасалып шығады, ол глюкоза денгейін қалыптыға 2-3 сағат ішінде түсіруінде.
Рессурстар:

  1. Қандағы глюкозаны анықтауға арналған реактивтер жиынтығы немесе глюкомер

  2. КФК, толқын ұзындығы – 510(490-510) нм, кювета – 1 см

  3. ыдыстар (2, 0,1 мл пипеткалар, пробиркалар, өлшем колбалар)

  4. штативтер

  5. анализ нәтижесін тіркейтін жұмысшы журнал

  6. бланкілер

  7. дистилденген су

  8. глюкоза

  9. стақандар

Биоматериал: қан
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Таңертең ашқарынға пациенттің саусағынан қан алыңыз және ондағы қант мөлшерін анықтаңыз;

  2. Пациентке 50 г. глюкозаны 200 мл жылы қайнатылған суда (лимон қышқылымен жүрек айнымас үшін) ішкізіңіз;

  3. 2-3 сағат ішінде әр 30 минут сайын қандағы глюкозаны анықтаңыз

  4. Алынған көрсетпелер бойынша кесте құрыңыз, ординат осіне глюкоза мөлшерін ммоль/л, абсцисс осіне – сынама алған уақытты минутта немесе сағатта



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет