Клиникалық зертханалық зерттеу әдістері пәнінен Іс-дағдылар стандарттары Мамандық



бет14/111
Дата20.06.2022
өлшемі0,61 Mb.
#37108
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   111
Басқа пайдаланатын материал:

  1. Медициналық қолғаптар

  2. Зарарсыздандыру ерітінділері

  3. Қалдықтарға арналған ыдыс

  4. Шыны бойынша қарындаш

  5. Резеңке тығындар

  6. Талдау бланктері

  7. Талдаулар және олардың нәтижесін тіркеу журналы



Іс-қимыл алгоритмі:

  1. Химиялық сынауыққа зәрдің 10 мл. құйыңыз

  2. Мыс сульфаттың қаныққан ерітіндісінің 2 мл.қосыңыз

  3. Егер бұлыңғырлану пайда болса ерітінді тазарғанға дейін қойылтылған тұз қышқылының бірнеше тамшысын қосыңыз

  4. 5 минуттан кейін хлороформның 2 мл. қосыңыз және тығынмен жауып, шайқаңыз.

  5. Нәтижені бағалаңыз: егер хлороформ қызғылт түске боялса, зәрдегі уробилин концентрациясы қалыптыдан жоғары

  6. Талдау бланкін жазып беріңіз

  7. Талдауды нормамен салыстырып, бағалаңыз

Нормасы: сынама теріс

  1. Зерттеуді түсіндіріңіз

Уробилинурия бауыр паренхимасы зақымданудың (гепатит, цирроздар), гемолитикалық жағдайлардың және ішектер аурулардың (энтериттер, іш қатуға икемділік, ішек өтпеуі) бір сипатты симптомдары болып табылады. Егер уробилиноидтер мүлдем болмаса бұл ішектерге өттің өту бұзылыстарының дәлелі.


Ескерту: сынаманы тұнық зәрде қояды. Егер зәр лайлы болса, оны сүзу керек.
ЗӘРДЕ ҚАН ПИГМЕНТІН АНЫҚТАУ


Мақсат: зәрдің сынамасында гемоглобинурияны анықтау дағдыларын қалыптастыру
Зерттеу әдісі: химиялық, амидопиринмен реакция. Принципі: пероксидазды қасиеттері бар қан пигменттері сутек асқынтотығын бөлшектейді және атомарлық оттегін босатады, ол әр түрлі түске (амидопирин) айналатын заттарды тотықтандырады, амидопиринмен реакция
Материалдық ресурстар:

  1. Центрифугалық сынауықтар

  2. 5,0 мл,1,0 мл тамшуырлары

  3. Емшара сағаттары

  4. Резеңке тығыны

  5. Сынауықтарға арналған тағандар

Реактивтер:

  1. 30% сірке қышқылдың ерітіндісі

  2. 5% спиртты амидопирин ерітіндісі ( амидопиринның 5 г 96° спирттің 95 мл ерітеді, кейін тазартылған судың 5 мл қосады)

  3. 3% су сутек асқынтотық ерітіндісі .



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет