Клиникалық зертханалық зерттеу әдістері пәнінен Іс-дағдылар стандарттары Мамандық



бет16/111
Дата20.06.2022
өлшемі0,61 Mb.
#37108
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   111
Басқа пайдаланатын материал:

  1. Медициналық қолғаптар

  2. Зарарсыздандыру ерітінділері

  3. Қалдықтарға арналған ыдыс

  4. Шыны бойынша қарындаш

  5. Талдау бланктері

  6. Талдаулар және олардың нәтижесін тіркеу журналы

Іс-қимыл алгоритмі:

  1. Банка түбінен 10 мл. мөлшерінде центрифугалық сынауыққа тұнбаны жинаңыз

  2. 1500 айн/мин кезінде 5 минут центрифугалауды жасаңыз.

  3. Бос банкаға тұнба үстіндегі сұйықтықты сынауықты кенеттен тез аудару жолмен тез құйыңыз

  4. Тұнбаны және тұнба тамшысын суспензиялаңыз, пастеров тамшуырмен заттық әйнекке жағыңыз, үстінен жабынды әйнекпен жабыңыз

  5. Препаратты зерттеңіз: жалпы қарау үшін кіші көбейтіп (окуляры 7, 10, объективі 8); үлкейту жасап, құрылымдарға баға беріңіз (окуляры 7, 10, объективі 40); конденсор жіберілген.

  6. Көру аумағының 20 кем емес көріңіз

  7. Нәтижені бағалаңыз: құрылымдардың сандық бағасын көзге көрінетін санымен немесе препараттағы санымен белгілеңіз

  8. Талдау бланкін жазып беріңіз

  9. Талдауды нормамен салыстырып, бағалаңыз

Қалыпты мөлшерлер:Көзге көрінетін 0-2 эритроцит; ерлерде көзге көрінетін 0-3 лейкоцит, әйелдерде 0-5; жалпақ және ауыспалы эпителийдың жасушалары көзге көргенде бір қалыпты.

  1. Зерттеуді түсіндіріңіз

Зәр тұнбасында лейкоциттер санның көбеюі бүйректе және зәр шығару жолдарындағы қабыну процесстер белгісі.
Гематурия бүйрек паренхимасы зақымданғанда (гломерулонефрит, ісіктер), зәр шығару жолдарының зақымдануы, ауыр физикалық жүктеме кезінде бола алады.
Цилиндрурия бүйрек паренхимасының зақымдану белгісі.
Зәрдің ұйымдастырылған емес тұнбасының ерекше диагностикалық маңызы жоқ.
Ескерту: зерттеуге бұтаралықты жуғаннан кейін таза ыдысқа жиналған зәрдің танертенгі порциясын алыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет