Басқа пайдаланатын материал: Медициналық қолғаптар
Зарарсыздандыру ерітінділері
Қалдықтарға арналған ыдыс
Шыны бойынша қарындаш
Талдау бланктері
Талдаулар және олардың нәтижесін тіркеу журналы
Іс-қимыл алгоритмі: Химиялық сынауыққа зәрдің 5 мл құйыңыз
Суық сірке қышқылдың 1 мл қосыңыз
Сынауықты резеңке тығынмен тығыз жабыңыз
Қоспаны жақсы шайқаңыз
5% амидопирин ерітіндінің 8-10 тамшысын қосыңыз, 3% сутек асқынтотығы ерітіндінің 8-10 тамшысын қосыңыз. Тағы бір рет шайқаңыз
Нәтижені бағалаңыз: егер зәрде қан болса 10-15 минуттен кейін сынауықтағы сұйықтық көк-күлгін түске боялады
Талдау бланкін жазып беріңіз
Талдауды нормамен салыстырып, бағалаңыз
Нормасы: сынама теріс
Зерттеуді түсіндіріңіз
Гемоглобинурия эритроциттердің ішкі тамырлық гемолизы кезінде байқалады: гемолитикалық жағдайлар, гемолитикалық улармен улану /свинец, фосфор, бензол/.
Ескерту: зерттеуді жаңа шығарылған және жақсылап араластырылған зәрде, таза ыдыста өткізеді; тұрып қалған зәрде гемоглобин пероксидазды қасиеттері жоқ метгемоглобинге айналады, ол зерттеудің теріс нәтижелерінің себебі бола алады; реакцияға химиялық жағынан таза және жаңадан жасалған реактивтерді пайдаланады .
ЗӘР ТҰНБАСЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ШАМАЛАП АЛЫНҒАН ӘДІСІ
Мақсат: морфологиялық белгілер бойынша зәр тұнбасының элементтерін анықтау үшін микроскопиялық талдауды пайдалану
Зерттеу әдісі: микроскопиялық. Принципі: зәрдің центрифугалауы кезінде алынған зәр тұнбасының нативті препараттарын микроскопиялық зерттеу.
Материалдық ресурстар: Центрифуга