Клиникалық зертханалық зерттеу әдістері пәнінен Іс-дағдылар стандарттары Мамандық



бет5/111
Дата20.06.2022
өлшемі0,61 Mb.
#37108
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111
Байланысты:
стандарттар

Ескерту: таңертең сағат 6 зәр қуығының босауынан кейін тәулік ішінде таза ыдысқа жиналған қажетті зәрді зерттеу керек. Зәрді әр бір 3 сағат ішінде бөлек банкаларға жинайды – барлығы 8 порция.
Педиатрияда зәрдің азғантай мөлшері кезінде салыстырма салмақты рефрактометрмен анықтауға болады. Салыстырмалы тығыздылықтың есебі келесі формуламен есептеледі: (n-1,3332):4+1000, онда n – сыну көрсеткіші
Сыну көрсеткішіне зәрдің салыстырмалы тығыздылығы тәуелді кестесімен пайдалануға болады



Сыну көрсеткіші



Салыстырмалы тығыздылық

Сыну көрсеткіші



Салыстырмалы тығыздылық

1,3333-1,3336

1001

1,3413-1,3416

1021

1,3337-1,3340

1002

1,3417-1,3420

1022

1,3341-1,3344

1003

1,3421-1,3424

1023

1,3345-1,3348

1004

1,3425-1,3428

1024

1,3349-1,3352

1005

1,3429-1,3432

1025

1,3353-1,3356

1006

1,3433-1,3436

1026

1,3357-1,3360

1007

1,3437-1,3440

1027

1,3361-1,3364

1008

1,3441-1,3444

1028

1,3365-1,3368

1009

1,3445-1,3448

1029

1,3369-1,3372

1010

1,3449-1,3452

1030

1,3373-1,3376

1011

1,3453-1,3456

1031

1,3377-1,3380

1012

1,3457-1,3460

1032

1,3381-1,3384

1013

1,3461-1,3464

1033

1,3385-1,3388

1014

1,3465-1,3468

1034

1,3389-1,3392

1015

1,3469-1,3472

1035

1,3393-1,3396

1016

1,3473-1,3476

1036

1,3397-1,3400

1017

1,3477-1,3480

1037

1,3401-1,3404

1018

1,3481-1,3484

1038

1,3405-1,3408

1019

1,3485-1,3488

1039

1,3409-1,3412

1020

1,3489-1,3492

1040



ЗӘРДЕ АҚУЫЗДЫ САПАЛЫ АНЫҚТАУ


Мақсат: зәрде ақуызды табу дағдыларын қалыптастыру (екі әдіс)
I. Ақуызды сульфосалицил қышқылымен табу
Зерттеу әдісі: химиялық. Әдіс принципі: ақуыз сульфосалицил қышқылымен бұлыңғырлауды береді.
Материалдық ресурстар:

  1. Центрифуга

  2. Центрифугалық сынауықтар

  3. Сынауықтарға арналған тағандар

  4. 1мл.-ге тамшуырлар

  5. Пастеров тамшуыры

Реактивтер:

  1. 20% сульфосалицил қышқыл ерітіндісі.

Басқа пайдаланатын материал:

  1. Медициналық қолғаптар

  2. Зарарсыздандыру ерітінділері

  3. Қалдықтарға арналған ыдыс

  4. Қара фон /қара қағаз/

  5. Шыны бойынша қарындаш

  6. Талдау бланктері

  7. Талдаулар және олардың нәтижесін тіркеу журналы

Іс-қимыл алгоритмі:

  1. Екі центрифугалық сынауықты алыңыз (тәжірибе және бақылау)

  2. Екі сынауыққа центрифугалық зәрдің 1 мл-дан құйыңыз

  3. Тәжірибелік сынауыққа 20% сульфосалицил қышқыл ерітіндінің 1-2 тамшысын қосыңыз

  4. Шайқаңыз

  5. Нәтижені бағалаңыз: оң сынама кезінде бұлыңғырлану пайда болады. Бақылау және тәжірибе сынамаларды қара фонда салыстырыңыз.

  6. Талдау бланкін жазып беріңіз.

  7. Талдауды нормамен салыстырып, бағалаңыз.

Нормасы: зәрде ақуыз жоқ

  1. Зерттеуді түсіндіріңіз

Функционалды және органикалық протеинурияны анықтау


II. Геллер сынамасы (сақиналық сынама)
Зерттеу әдісі: химиялық. Әдістің принципі: реактивке зәрді қабаттағанда жіңішке сақинаның пайда болуы.
Материалдық ресурстар:

  1. Центрифуга

  2. Центрифугалық сынауықтар

  3. Сынауықтарға арналған тағандар

  4. 1,0мл-ге тамшуырлар.

  5. Пастеров тамшуыры /көз тамшуыры/

Реактивтер:

  1. 50% азот қышқылы

  2. Ларионова реактиві (NaСl 20-30г. қыздыру кезінде судың 100 мл. ерітіңіз. Суытыңыз және сүзбеден өткізіңіз. 99 мл. фильтратқа концентратты азот қышқылдың 1,0 мл. қосыңыз).

Басқа пайдаланатын материал:

  1. Медициналық қолғаптар

  2. Зарарсыздандыру ерітінділері

  3. Қалдықтарға арналған ыдыс

  4. Қара фон /қара қағаз/

  5. Шыны бойынша қарындаш

  6. Талдау бланктері

  7. Талдаулар және олардың нәтижесін тіркеу журналы

Іс-қимыл алгоритмі:

  1. Центрифугалық сынауыққа бір реактивтің ішінен 1 мл. құйыңыз

  2. Қабырға бойынша ақырын центрифугалық зәрді қабаттаңыз

  3. Реакция нәтижесін бағалаңыз: ақуыз болса екі сұйықтық шегінде преципитацияның ақ сақина пайда болады.

  4. Талдау бланкін жазып беріңіз

  5. Талдауды нормамен салыстырып, бағалаңыз

Нормасы: зәрде ақуыз жоқ

  1. Зерттеуге интерпретацияны беріңіз

Функционалды және органикалық протеинурияны анықтау.
Ескерту: сілтілі реакция кезінде зерттеуге арналған зәрдің порциясын сірке қышқылдың 2-3 тамшысымен қышқылдандырады, Геллер сынамасы аздау сезгіш.

ЗӘРДЕ АҚУЫЗДЫ САНДЫҚ АНЫҚТАУ


Мақсат: зәрде ақуыздың концентрациясын сандық анықтау дағдыларын игеру (екі әдіс)
I. Ақуызды сульфосалицил қышқылымен анықтау
Зерттеу әдістері: химиялық, нефелометриялық. Принципі: ақуыз сульфосалицил қышқылымен бұлыңғырлануды береді, оның күштілігі ақуыз концентрациясына пропорционалды.
Материалдық ресурстар:

  1. Фотоэлектроколориметр

  2. Химиялық сынауықтар

  3. 5,0мл,2,0 мл-ге тамшуырлар.

  4. Сынауықтарға арналған тағандар

Реактивтер:

  1. 3% сульфосалицил қышқылдың ерітіндісі

  2. 0,9% хлорид натрий ерітіндісі

  3. 1% ақуыз стандарттың ерітіндісі

Басқа пайдаланатын материал:

  1. Медициналық қолғаптар

  2. Зарарсыздандыру ерітінділері

  3. Қалдықтарға арналған ыдыс

  4. Шыны бойынша қарындаш

  5. Талдау бланктері

  6. Талдаулар және олардың нәтижесін тіркеу журналы

Іс-қимыл алгоритмі:

  1. Химиялық сынауыққа центрифугалық зәрдің 1,25 мл.құйыңыз

  2. 3% сульфосалицил қышқыл ерітіндінің 3,75 мл.қосыңыз

  3. Шайқаңыз

  4. 590 – 670 нм. толқынның ұзындығы кезінде 5 минуттан кейін бақылауға теріс колориметрияны жасаңыз (қызғылт сары немесе қызыл жарық сүзгі)

Бақылау: сынауыққа центрифугалық зәрдің 1,25 мл. құйыңыз, 0,9% хлорид натрий ерітіндінің 3,75 мл. қосыңыз

  1. Нәтижесін алдын ала кестеге сәйкес жасалған таблица немесе калибрлеу кесте бойынша қараңыз.

6.Талдау бланкін жазып беріңіз
7.Талдауды нормамен салыстырып, бағалаңыз
Нормасы: зәрде ақуыз жоқ
8.Зерттеуді түсіндіріңіз
Ескерту: Калибрлеу кестені дайындау үшін 1% ақуыз калибрлеу ерітіндіні физиологиялық ерітіндісімен соңғы концентрациясына дейін ерітеді: 0,05; 0,1; 0,2;0,5; и 1г/л. Әр бір еріткен ерітіндіні зәр сынамасын сияқты талдайды. Сызықтылығы 1г/л дейін сақталады. Сызықтылықтан артық концентрациясы кезінде зәр сынамасын физиологиялық ерітіндімен ерітеді және өлшеу нәтижесін ерітуге көбейтеді.
Зәрде ақуызды сандық анықтағанда келесі ережелерді сақтайды: ақуыздың сандық анықтауын, ол сапалық анықтауда табылған зәр порцияларында ғана жүргізеді; анықтауды центрифугалаудың тұнба үстіндегі қабатында жүргізеді


II. Брандберг- Робертс – Стольников әдісімен ақуызды анықтау (еріту әдісі)
Зерттеу әдістері: химиялық. Әдістің принципі 2 және 3 минута аралығында реактивке зәрді қабаттағаннан кейін жіңішке сақинаның пайда болуына негізделген.
Материалдық ресурстар:

  1. Центрифугалық немесе видалев сынауықтары

  2. 1,0 мл тамшуырлар.

  3. Құм сағаты 2 мин, 3мин.

  4. Сынауықтарға арналған тағандар

Реактивтер:

    1. 50% азот қышқыл ерітіндісі

    2. Ларионова реактиві



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет