Құрғақ химия: универсалды лакмус қағазы ph 1,0 – 10,0; ақуызды, глюкозаны, билирубинды, уробилинды, кетон денелерді анықтау үшін арналған тест-жолақтар.
Мақсат: зәрдің физикалық қасиеттерін анықтау дағдыларын игеру , зерттеу нәтижелері негізінде мүмкін патологиялардың бар болуын көрсетуге қабілетті қасиеттерге объективті бағаны беру.
Зерттеу әдістері:макроскопиялық, физикалық өлшеу.
Материалдық ресурстар: 10,0 мл, 1,0мл-ға тамшуырлар
Іс-қимыл алгоритмі: Зерттеу үшін бұтараны жуғаннан кейін таза ыдысқа жиналған зәрдің таңертенгі мөлшелін алыңыз.
Тұнбаны алыңыз:
10 мл-ге тамшуырды алыңыз.
Тамшуырды ыдыстың түбіне жіберіңіз.
Түбімен тамшуырды жылжытып, үрімше көмегімен зәрді 10 м. көлемінде центрифугалық сынауыққа құйыңыз.
Визуалды түрде анықтаңыз:
Зәрдің түсі ақ қағаз фонында күннің көзіне көтергенде көрінеді: нормасы сарғылттау
Тұнықтығын қара фонда кез келген бір затқа қарағанда анықтайды: нормасы тұнық
Бромтимол көк индикатормен анықтағанда градациялар: сары түс – қышқыл реакция; қоңыр – аз қышқыл; шөпке ұқсайды – нейтральды; қоңыр-жасылдау – аз сілтілі; жасыл және көк – сілтілі. Универсалды лакмус қағазын пайдалануға болады: нормасы ph 5,0 – 7,0 Урометр немесе рефрактометрмен салыстырмалы тығыздылықты анықтаңыз Нормасы 1,018 – 1,025
Зәрдің иісі: нормасы ащы емес спецификалық
Талдау бланкін жазып беріңіз
Талдауды нормамен салыстырып, бағалыңыз.
Жасалған зерттеулерге интерпретацияны жасаңыз:
Физиологиялық жағдайларда зәрдің түсі кейбір азық-түліктерді жегенде өзгереді (қызылша, ревень және басқ.). Жаңа туған балаларға 3-4 күн болғанда, кейбір жағдайларда 2-і аптаға дейін, зәрдің түсі қызғылттау болады, бұл несеп қышқылдың көп болуынан, олардың кристалдары жаялықтарда кірпіш түсті дақтарды қалдырады.
Патологиялық жағдайларда зәрдің түсі өзгереді. Боз түссіз зәр қантты және қантты емес диабетте, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, ішімдікті, диуретиктерді қабылдағанда болады; қоңыр немесе қоңырдан қаралау жіті гемолитикалық бүйрек кезінде; «ет жуындысы» түрі жіті немесе созылмалы гломерулонефриттің өршуі кезінде; сарғылт, жасылдау, «сыра» түсі механикалық немесе ұлпалық сарғаюлар кезінде.
Зәрдің бұлыңғырлануы формалық элементтердің, эпителилік жасушалардың, бактериялардың, сілемейдің, май тамшылардың көп көлемінде бөлуіне байланысты болуға мүмкін.
Зәрдің реакциясы тамақ режиміне байланысты өзгереді. Тамақта жануарлар нәруызының көп болуы ащы жаққа әкеліп соғады, ал өсімдік тамақ көп болса – сілтілік реакция пайда болады.
Патология кезінде зәрдің кенеттен ащы реакциясы қызба жағдайлар, қантты диабет, ашығу, бүйрек жеткіліксіздігі кезінде болады. Зәрдің
сілтілі реакциясы – циститтер, гематурия кезінде,құсу және іш өтуден кейін, экссудаттарды және транссудаттарды сорғанда, кейбір дәрілерді қабылдағанда, минералды суды ішкенде болады.
Салыстырмалы тығыздылық зәрде ерітілген заттардың концентрациясы туралы түсінік береді.