Іс-қимыл алгоритмі: 1. Панченковтың құрғақ капиллярына 25-30 мкл. биіктігімен қанды алыңыз
2. Секундомерды қосыңыз
2. Капиллярды еңкейтіп, қанды ортаға жылжытыңыз
3. Екі саусақпен ұстап, капиллярды еңкейтіңіз, әр бір 30 секунда ішінде екі жаққа 30 - 45˚
4. Зерттеу нәтижесін бағалаңыз: қанның еркін жылжуы қан ұюы болмағанның белгісі. Қан ұюының басталуы капиллярды еңкейткенде қан қозғалыстың бәсеңдетуімен сипатталады, капиллярдың ішкі қабырғасында азғантай ұйыған қан пайда болады.
5. Капиллярдың ішкі қабырғасында ұйыған қанның пайда болған уақытын белгілеңіз
6. Капиллярды әр бір 30 секунда ішінде екі жаққа еңкейтуге жалғастырыңыз
7. Қанның жылжуы толық тоқталса онда секундомерды тоқтатыңыз, ол қанның толық ұю белгісі
8. Талдау бланкін жазып беріңіз
9. Талдауды нормамен салыстырып, бағалаңыз
Нормасы: ұю басы – 30 секундтан 2 минутке дейін
Ұю аяғы – 3 минуттан 5 минутке дейін
10. Зерттеуді түсіндіріңіз
Ұю уақыты – қарапайым жалпы коагуляционды тест,қан ұю жүйесінде ең долбарлы бұзылыстарды анықтайды.
ЛИ-УАЙТ БОЙЫНША ҚАН ҰЮ УАҚЫТЫН АНЫҚТАУ
Мақсат: стабилизатор қосылмаған қанның ұю уақытын анықтау дағдыларын меңгеру
Зерттеу әдісі: Ли-Уайт бойынша 37° кезінде шыны сынауықта веналық қанның ұю жылдамдығы анықталады
Материалдық ресурстар: Центрифугалық сынауық
Су бұлау
Секундомер
Сынауықтарға арналған тағандар
Басқа пайдаланатын материал: Медициналық қолғаптар
Нормасы: t 37°С кезінде 5 минуттен 7 минутке дейін
t 18 – 22°С кезінде 5 минуттен 10 минутке дейін
Зерттеуді түсіндіріңіз
Қан ұю уақыты созылса, ол гипокоагуляцияның белгісі, ол VIII IX XI (гемофилиялар кезінде), фибриногенның плазмалық факторлардың тапшылығына, фибринолиздың белсендірілуіне байланысты.
Қан ұю уақыты қысқарса, ол гиперкоагуляцияның жағдайын көрсетеді, тромбтар пайда болуының арта түскен қауіп-қатеріне көрсетеді және келесі жағдайларда байқалады: ДВС-синдромның гиперкоагуляционды кезеңінде; тромбоздар және тромбофилиялар кезінде (белсенді тромбтар пайда болудың жоғары қауіп-қатер жағдайларда); кортикостероидтері бар гормональды препараттарды, таблетка түріндегі контрацептивтерді ұзақ уақыт қабылдағанда және басқа.
Ескерту:Қанды шприц арқылы емес, ал тікке сынауыққа жіберуге жақсы болар еді. Бөлме температурасы кезінде зерттеуге болады (t 18 – 22°С).