Клиникалық зертханалық зерттеу әдістері пәнінен Іс-дағдылар стандарттары Мамандық



бет80/111
Дата20.06.2022
өлшемі0,61 Mb.
#37108
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   111
МОЧЕВИНАНЫ АНЫҚТАУ


Мақсаты: Қан сарысуында мочевина (несеп нәрі) денгейін анықтау


Ресустар: мочевина эталоны - №1 реактиві, диацетилмоноксим, тиосемикарбозид,
- реактив №2 үшвалентті темір тұзы, - H2SO4 концентратты жұмысшы ерітіндісі, №2 реактиві мен H2SO4 қатынасы 1:1;
- КФК приборы, су моншасы, лабораториялық ыдыстар, химиялық пробиркалар, пипеткалар, өлшемді колбалар, дистилденген су.


Әдіс принципі: Мықты қышқыл ортада мочевина диацетилмоноксим мен тиосемикарбозид және үшвалентті темір қатысуында фотометрленетін қызыл жүйе түзеді


Іс-қимыл - алгоритмі:
Ингредиенттер Сынама Эталон Бақылау



Қансарысуы 0,01 - -
Реактив №1 – 0,01 -
Дистиллденген су - - 0,01
Жұмысшы ерітінді 2,0 2,0 2,0

Араластырады, қайнап тұрған су моншасында 10 минут қыздырады. Ағып тұрған салқын су астында жылдам суытады және 15 минутка дейін А1 және А2 эталонының оптикалық тығыздығын жасыл светофильтре бақылау ерітіндісіне қарсы өлшейді.


Нәтиже бағасы: Мочевина (моль/л) = 16,65 *( А1/А2).


КРЕАТИНИНДІ АНЫҚТАУ
Мақсаты: қан сарысуында креатинин денгейін анықтау


Көрсеткіші: дәрігер жолдамасы


Ресурстар: креатинин эталоны - №1 реактиві, альбумин №2 реактиві, депротенирлі ерітінді №3 реактиві, пикрин қышқылы №4 реактиві, NaOH №5 реактиві, КФК, центрифуга, лабораториялық ыдыстар, химиялық пробиркалар, пипеткалар, өлшем колбалары, дистилденген су.
Әдіс принципі. Сілтілі ортада пикрин қышқылы креатининмен әрекеттесіп сарқыш-қызыл түс пайда етеді, оны фотометрлейді.


Іс-қимыл - алгоритмі:

Ингредиенттер Сынама Эталон Бақылау



Қансарысуы 0,5 - -
Дистиллденген су 1,0 1,5 1,0
Калибрлік ерітінді - - 0,5
Реактив №3 0,5 0,5 0,5
Араластырады және сынаманы центрифугалайды

Тұнбаүсті сұйықтық 1,0 1,0 1,0


Реактив №4 0,5 0,5 0,5
Реактив №5 0,5 0,5 0,5
Араластырады және дәл 20 минуттан кейін А1 сынамасы мен А2 эталонының оптикалық тығыздығын бақылауға қарсы жасыл светофильтрде өлшейді.

Нәтиже бағасы: Креатинин (мкмоль/л) = 177 *( А1/А2).






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет