Білім беру ұйымдарындағы бала тәрбиелеу әдістерінен отбасындағы тәрбие әдістерінің өзіндік айырмашылықтары бар. Отбасындағы тәрбие әдістері табиғилығымен, әр отбасының өмірлік тәжірибесімен, әдет-ғұрыптарымен ерекшеленеді. Ол өмірге қажетті жанды әрекеттер арқылы жүзеге асып отырады. Отбасының бала тәрбиелеу әдістері ғылыми тұрғыдан емес эмпирикалық жолмен күнделікті өмір тәжірибесі барысында қалыптасып, дамиды. Отбасы бала тәрбиесінде алдымен өзіндік өмір тәжірибесіне, сондай-ақ халықтың салт-дәстүрлеріне сүйенеді. Бірақ әр адамның өзіндік тәжірибесі соншалықты бай болмауы мүмкін, ал халықтың салт-дәстүрлердің озығы мен тозығы болады. Сондықтан бала тәрбиелеуде көптеген кемшіліктер де орын алып жатады.
Отбасы жағдайында жүйелі, ретке келтірілген бала тәрбиелеу жүйесін қалыптастыру үшін әрбір ата-ана сонау заманнан қазірге дейін өзіндік мәнін жоймай келе жатқан бала тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін меңгеруі қажет.
Отбасындағы бала тәрбиелеу әдістері-бұл баланың тәртібі мен мінез-құлқына ата-ананың мақсатты тұрғыда ықпал ету амалдары. Әр отбасының дербес бала тәриелеу әдістері бар. Тәрбие әдістерін таңдап алуы ата-аналардың педагогикалық мәдениетіне, яғни тәрбие мақсатын, өзінің ата-ана ретіндегі рөлін түсінуіне, құндылықтар туралы түсініктеріне, отбасындағы қарым-қатынас стиліне ж.т.б. байланысты болып келеді. Сондай-ақ төменде көрсетілгендей бірқатар жағдайларға да байланысты болуы мүмкін:
ата-ананың өз баласының жағымды, жағымсыз қасиеттерін білуі, яғни неге қызығады, нені ұнатпайды, нені ынтамен орындайды, қандай қиыншылықтарды басынан кешіреді ж.т.б.;
әр ата-ананың өзіндік тәжірибесі, беделі, өзінің жеке үлгісі негізінде тәрбиелеуге тырысуы;
ата-ана отбасында барлығын бірлесіп істегенді қаласа, онда практикалық әдістерді көбірек пайдалануы мүмкін.
Отбасы жағдайында көбіне төмендегідей әдістер пайдаланылады:
1) Сендіру әдісі. Бұл өте күрделі әрі қиын әдістердің бірі. Оны өте сақтықпен орынды пайдаланған жөн. Себебі сендіру баланың сана сезіміне ықпал етеді. Отбасы тәрбиесін жақсы меңгерген ата-аналар дай-дамай, айғай-шусыз-ақ балаларына белгілі бір талаптарды қойып, орындата біледі.Олар нақты жағдайға талдау жасай алу сырын жетік меңгерген. Сондықтан балаларының мінез-құлықтарының себебі мен салдарларын, олардың берер жауаптары мен әрекеттерін алдын-ала болжап біліп отырады. Соған байланысты әр түрлі тәсілдерді пайдаланады. Дер кезінде, дәл орнында айтылған сөз бірнеше сағат мораль оқығаннан әлдеқайда тиімді. Сендіру құралы ретінде кітапты, кинофильмдерді, музыка мен суретті орынды қолдана білудің маңызы зор. Олар баланың жан жүйесіне, сезіміне үлкен әсер етеді. Сендіру әдісін пайдаланғанда сөз бен істің алшақ болмауы қажет. Себебі балалар, әсіресе кіші жастағылар ата-аналарының жағымды да жағымсыз да әрекеттерін қайталауға тырысады. Ата-аналар өздерін күнделікті өмірде қалай ұстаса, балалары да соны істеуге бейім болып келеді.
2) Талап. Талапсыз тәрбие де болуы мүмкін емес. Талапты біртіндеп күрделендіріп және оның орындалғандығын үнемі қадағалап отырудың маңызы зор. Сонымен бірге балаға қажет болған жағдайда көмекке келе білудің мәні ерекше. Балаға талап қоюдың негізгі формасы-әр түрлі тапсырмалар беру. Тапсырманы ашуланбай, байсалды түрде берген орынды. Қойылатын талаптың баланың жас ерекшеліктері мен күшіне сәйкес болуы орынды. Сондай-ақ не әкесі не анасы тарапынан қойылған талаптың екіншісі тарапына бұзылмауы керек. Сонда ғана бала талапты орындауға үйренеді. Керісінше болған жағдайда бала жеңілдің астымен ауырдың үстімен жүруге, ешкімді тыңдамауға үйренеді.
3) Мадақтау, мақтау-отбасы жағдайында кеңінен қолданылатын әдістрдің бірі. Балалық шақта оның жүріс-тұрысы мен мінез-құлқы қалыптасу үстінде болатыны белгілі. Олар өз әрекеттерінің дұрыстығын мақұлдауды қажетсініп тұрады. Сондықтан баланың жағымды, дұрыс әрекеттерін мадақтап, қолдап отыру керек. Мадақтау-ата-ананың баланың белгілі бір әрекеттері мен мінез-құлқындағы жағымды көріністерге қанағаттануын көрсету амалы. Мадақтауды баланың орынды әрекетін, жақсы қылығын қолдау үшін пайдаланудың мәні зор. Алайда оны шектен тыс пайдалану жағымсыз салдарларға алып келуі мүмкін. Мадақтау кезінде баланың жас және дербес ерекшеліктерін, тәрбиелік деңгейін, мінез-құлық ерекшелігін, әрекет ету сипатын ескеру қажет.
4) Сенім. Сенім білдіру балаға деген құрметтің белгісі. Сенім білдіру кезінде баланың жас ерекшелігі мен жеке мүмкіндігін ескерген жөн. Егер ата-ана баласына: «Сенен түк шықпайды, сен ешуқытта түзелмейтін шығарсың, саған ештеңені сеніп тапсыруға болмайды» деген сияқты сөздерді айтса, онда баланың ерік жігерін басып, оның өзіне деген сенімділікті, құрметті жоғалтуына алып келуі мүмкін. Сенімсіз жағымды нәрселерге баулу мүмкін емес.
5) Жазалау. Жазалау әдісін пайдалану кезінде төмендегідей талаптарды ескерген орынды:
жазалау әдісі жиі пайдаланылатын болса, оның күші мен тиімділігі төмендеуі мүмкін;
жазалау кезінде баланың жас ерекшелігін ескеру қажет. Мысалы, үлкен адамдарға дөрекі сөйлеген мектепке дейінгі жастағы бала мен ересек жастағы балаға бірдей жазалау әдісін пайдалануға болмайды. Себебі біріншісі өзінің әрекетін толық түсінбегендіктен, ал екіншісі әдейі жасауы мүмкін;
баланы ашу үстінде жазалауға болмайды. Жазалау үшін оның себебін анықтап алған жөн. Негісіз жаза баланы кекшілдікке, ызақорлықққа және ата-анасымен қарым-қатынасының бұзылуына алып келуі ықтимал.
Отбасы — бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің негізгі құралы болып келеді. Сондықтан ол — адам үшін ең үлкен орта.
Отбасы — белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің кепілі.
Отбасы – оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.
Отбасы тәрбиесі – бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата — аналардың борышы. Оған дәлел: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми- техникалық және көркемдік шығармашылық үйірмелерінің жүйесін кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу; отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаторийлердің, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру [2,194-б.].
Отбасында басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу- әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады.
Бала өмірін және іс-әрекетін ұйымдастыруда негізгі жағдайлардың бірі – ұтымды ырғақ жасау. Күн ырғағы өмір тәртібі, еңбек пен демалыстың парасаттылықпен, кезектесіп өтуі, талаптарды орындау, жақсы әдеттерді қалыптастыру.
Балалардың күн ырғағы И. П. Павловтың іліміне негізделеді. Ол жұмыс қабілетін толық сақтау үшін еңбек пен демалыстың кезектесіп өтуінің қажет екендігін көрсетті. Күн ырғағы баланы жинақтылыққа, тіл алғыштыққа, дәлдікке, мұқияттылыққа үйретеді, денсаулығын нығайтады, еңбек қабілетін жақсартады. Күн ырғағын жасауда ата-ана баланың жасын, үй жағдайын, денсаулығын, мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің кеңесін, отбасы мен мектеп ырғағының бірлігін еске алуы тиіс. Отбасында күн ырғағының негізгі элементтері – еңбек демалыс, ойын, сабаққа дайындалу, тамақтану, ұйқы т.б. дұрыс алмасып отыруы қажет. Күн ырғағын сақтау негізінде мидың үлкен жарты шарының қабында рефлекстер жүйесі (динамикалық стереотил) пайда болады. Мысалы: бала белгілі бір уақытта ұйықтауға үйренсе, оның ми қабатында тежелу процесі басым болады да тез ұйықтауға кіріседі. Сондықтан ата-аналар балалардың белгілі бір уақытта сабаққа дайындалуға, тұруға үйретулері, яғни ырғақ элементтері берік орындалуы тиіс [2,195-б.].
Сонымен, дұрыс ұйымдастырылған күн ырғағы белгілі дағдыға үйретеді, дағды әдетке айналады, ал әдет келешекке бала қажетін қанағаттандырады.
Отбасы жағдайын және баланың жас ерекшелігін ескере отырып, оны ата-аналар түрлі еңбек іс-әрекеттеріне үйретулері қажет. Бала — отбасы мүшесі, оның өз міндетін адал ниетпен орындауы — зор қуаныш. Отбасының бала еңбегіне артық салмақ түсірмей, парасатты ұйымдастырғаны жөн. Үйге берілген оқу тапсырмаларын үнемі орындап отыруға бақылау жасау, көмектесу, балаларды өз бетімен жұмыс жасай білуге үйрету.
Балалардың бос уақыты – бұл шығармашылыққа еліктеу, қызығу дүниесі. Бала бос уақытында қоғамдық пайдалы істерге, спорт ойындарына, кинофильмдерге, спектакльдерге қатысады.
Көптеген отбасыларында ата-аналардың балаларымен бірігіп серуендеуі ізгі дәстүрге айналған. Егер ата-аналар қоршаған табиғат пен өз өлкесінің көз тартарлық көрнекі орындары жөнінде әңгіме өткізсе, мұндай серуендердің танымдық маңызы зор болар еді.
Отбасылық тәрбиенің басты жағдайларының бірі – бұл ерлі- зайыптының өзара махаббатына, көзқарасының, мүдделерінің, сенімділіктерінің және ұжымдық іс-әрекеттерінің бірлігіне негізделген татулық. Мұндай ортада қиыншылықты жеңе білетін қабілетті, байсалды, ақжарқын адамдар өседі. Олар ұжымды, жеке басының қамын ойлайды, басқа адамдар үшін де өмір сүре алады.
Отбасында балалардың тәрбие процесіне табысты ықпал жасауда басқа да жағдайларды сипаттайтын белгілерді атауға болады. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаевтың пікірлерінше, оларға мына мәселелер жатады:
Отбасының этикалық құрамы және құрамы: толық емес отбасы, бір балалы, көп балалы отбасы, бір ұлттық, көп ұлттық отбасы;
Тіршілік әрекетінің және орталық жағдайлары: отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектану, кәсіптік құрамы, бюджеті, жалпы материалдық әл-ауқаты, селолық және қалалық отбасы;
Отбасының мәдени потенцияллы: күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті; күн ырғағы, демалыс, оның формалары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаптарын пайдалана білуі, спортпен айналысу, үйелмендік дәстүрлік мерекелер;
Ішкі отбасылық қатынастар отбасы микроклиматтарының сипаттамасы, үйелменде көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, отбасы мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы;
Қоғамға көзқарасы: еңбек және қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институттарына қатысы;
Отбасының тәрбиелік потенциялы: отбасылық тәрбие, қолданылатын әдістер, ата-аналардың және басқа мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі Отбасының осы көрсетіліп отырған ерекше белгілерінің тәрбиелік ықпалы өте күшті, оларды тәрбие барысында ескеру қажет.
Отбасының өзіне тән ерекше функциялары бар. Олар: халық санының өсуі; адамзат ұрпағын әрі қарай жалғастыру, қажеттілік – шаруашылық функциясы, отбасының тәрбиелік функциясы отбасы мүшелерінің өзара және туған- туысқандарымен қарым- қатынас жасау функциясы [3].
Отбасылық тәрбие бірқалыпты жағдайда іске асырылып отырмайды. Тәжірибе мәліметтеріне қарағанда отбасылық тәрбиенің сәтсіздікке ұшырауының басты себебі – үлкен адамдардың педагогикалық көзқарастарының қауқарсыздығынан болады.
Біріншіден: отбасында болатын өктемдік баланы өзін-өзі билеушілігінен айырады, әрбір қадамына бақылау жасайды, ол өз күшіне, мүмкіншілігіне сенімсіз және ішкі жәй-күйі төмен болады.
Екіншіден: баланы еркелетушілік, бетімен жіберушілік, ата-аналардың бәрін кешірушілік сүйіспеншілігіне байланысты. Баланың жетегіне түсіп, еркіне жіберушілік өзімшілікке тәрбиелейді.
Үшіншіден: әке мен ананың және басқа отбасы мүшелерінің тарапынан бірыңғай талаптың жоқтығы. Осының нәтижесінде ата-аналарды немесе ересек отбасы мүшелерінің көзқарастарындағы алалықты пайдаланып, бала екі жүзді және жағымсыз нәрсеге бейім болып өседі.
Төртіншіден: ата-аналар балаларды еркімен қарым-қатынас жасаудан, өмірден аулақтауға тырысады, бөгет жасайды. Бұл баланың қалыптасуына, дамуына залалды әсер етеді.
Бесіншіден: егер әке мен ана өз баласының іс-әрекетіне немқұрайлы, жауапсыздықпен қараса, онда соны пайдаланып, кездейсоқ, күмәнді адамдармен танысуға мүмкіндік алады.
Осымен бірге тәрбие процесінде жалған беделдер де кездеседі.
А.С.Макаренко олардың бірнеше түрін көрсетті: «Басу беделі», «Мейірімділік беделі», «Сатып алу беделі», «Тақуалық беделі» т.б.
Отбасы тәрбиесінде халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тәжірбиесін, ұлттық ерекшелігін есепке алу өте қажет. Отбасына қатысы бар адамдардың әлеуметтік орны біздің халықта өте терең жіктелген. Мысалы, ата мен әже, әке мен шеше, аға мен апа, іні мен қарындас, немере, шөпшек, жиен, жиеншар, құда мен құдағи, құда бала мен құдаша, қайын мен қайын сіңілі, жезде, бажа, т.б. жеті ата мен одан тарайтын шаңырақтар ру, жүз, т.с.с.
Адамдардың ара-қатынасын белгілейтін ұғымдар сырына терең үңілсек, адамгершілікті адамның тұлғалық жан дүниесінен орыналатын рухани байлықты байқауға болады. Адамның өмір салтын құрайтын іс-әрекет тұрғысынан қарасақ, біздің халықта бұл мәдениет әр адамның әлеуметтік орнына қарай қалыптасқан қарым-қатынастың іс-әрекеттік байлығы адам тұлғасының орынды сапалық қасиеттерінің қайнар көзі болып табылады. Отбасында, мектепте бұл қатынастар тәрбиенің пәрменді құралына айналуы қажет.
Біздің халқымыздың отбасы жағдайында жас ұрпақ тәрбиесіндегі жетекші буын ата-әже іс-әрекетінің төңірегіне шоғырланған. Себебі, отбасында әке мен шеше негізгі еңбек иелері, отбасы қажеттілігін қамтамасыз етушілер. Ал ата мен әженің өмір тәжірибесі өз дәрежесінде даналық ақыл-ойдың, орынды дүниетанымының, талғамның, денсаулық бағбанының, орынды тәртіп пен мінез-құлықтың мектебі болып табылады.
Қорыта айтқанда, күнделікті ертемен маңдайынан иіскемеген, әже бауырының ыстығын сезбей өскен бөбектің рухани жан дүниесіне нұқсан келе береді.
Өскелең жас ұрпақ — қазақ шаңырағының берік болғандығын өмірінің арқауы еткені, аға ұрпақ дәстүрінен аттамағаны жөн.
Отбасы – туысқандық байланыста болатын (күйеуі, әйелі, ата-анасы, әкесі, т.б.), бірлесіп, әлеуметтік тұрмыстық өмір сүретін адамдар. Онда мынадай функциялар жүзеге асырылады. Репродуктивтік, яғни балалардың тууы, шаруашылық-экономикалық, тәрбиелеушілік, адамгершілік-психологиялық ахуалды қамтамасыз ету; отбасындағы қарым-қатынасты ұйымдастыру; бос уақытты тиімді ұйымдастыру.
Отбасы – қоғамның алғашқы ұяларының бірі. Отбасында баланың айналасын қоршаған дүние жайлы алғашқы түсінігі, көзқарасы, сезімі, әдет- дағдылары бой көрсетіп қалыптасады.
Баланың дұрыс өсуіне қажетті жағдайлар жасау, оның орта білім алуына, мамандық, кәсіп таңдауына көмектесу, еңбекке дағдыландыру, қоғам мен өз мүлкіне ұқыпты қарауға үйрету ата-ананың басты борышы.
Баланы бүгінгі өмір талабына сай азамат етіп өсіру үшін оған жас кезінен дұрыс тәрбие беру қажет. Ата-ана өз баласының неге қызығатынын, нені жақсы көретінін, неден қорқатынын, қандай іс-әрекеттерге ынта-ықыласы барын, қандай іске бейім екенін біліп отыруға тиіс.
«Ел болу үшін бесігіңді түзе» деген ел сенімін ақтап, ата даңқын шығарар — білімді, парасатты, ұл-қыз, немере тәрбиелеу бәріміздің басты парызымыз.
«Неке және отбасы» туралы Заңда ата-аналардың балалары алдындағы міндеттері айқын көрсетілген. Мысалы, 62-бапта мыналар көрсетілген.
ата-аналар өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті;
ата-аналар өз балаларын тәрбиелеуге құқығы бар және оған міндетті;
ата-аналардың басқа да барлық адамдарға қарағанда өз балаларын тәрбиелеуге басым құқығы бар;
бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктерінің шегінде оның дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте болады.
Міне осы заң арқылы қоғам ата-аналардың өз балаларын тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттырып отыр.
Ата-аналардың бала тәрбиесіне қатынасы әртүрлі болатыны белгілі. Тәжірибе барысында ата-аналардың бала тәрбиесіндегі білім-іскерліктерінің қалыптасуының мынандай өлшемдері (критерийлері) анықталды: ата-аналардың балалары, мектеп, қоғамдық ұйымдар арасындағы өзара байланысы, бала тәрбиесі туралы білімді меңгеру; ондағы ата-аналардың мінез-құлқы бала тәрбиесін жақсартуға бағытталған іс-әрекеттер; балаларды тәрбиелеудегі белсенділік, ынталылық және дербестік; бала тәрбиесінде жауапкершілік қарым-қатынасын көрсету; отбасындағы тәрбиеге қызығушылық; отбасы тәрбиесіндегі іскерліктері мен дағдылары; бала тәрбиесінің қажеттігін және маңызын түсінуі.
Осы аталған өлшемдер негізінде ата-аналардың бала тәрбиесіндегі білімдерінің, іскерліктерінің, дағдыларының үш деңгейі белгіленді:
Жоғары деңгейі. Бала тәрбиесінде сапалы қолданылатын, терең педагогикалық білімі бар ата-аналар жатқызылады. Оларда мінез-құлық пен іс-әрекеттің балаларына дұрыс тәрбие берудегі бағыттылығы айқын көрінеді. Отбасындағы тәрбиеге оң қарым-қатынаста болады, оған деген жоғары саналылығымен ерекшеленеді.
Педагогикалық іскерлігі мен дағдылары мол болады, бала тәрбиесі жұмыстарына белсенді қатысады, өз бетімен білімін көтереді, көп оқиды, мұғалімдердің белсенді көмекшілері, бала тәрбиесіндегі белсенділігі, дербестік көрсетіп, оған қызығушылық танытады.
Орташа деңгей. Ата-аналардың бала тәрбиесіне байланысты білімі үстірт, жеткіліксіз, нашар ұғынады және бар педагогикалық білімін отбасы тәрбиесінде сирек қолданылады. Отбасындағы бала тәрбиесіне қызығушылығы тұрақсыз, жағдайлық, сезімдік қарым-қатынасын жасайды, баланың дұрыс дамуына, қалыптасуына жол береді. Жалпы алғанда бала тәрбиесіне байланысты іскерліктері мен дағдысы қалыптасқан, бірақ қолдануда ыждағаттылық танытпайды.
Төменгі деңгей. Ата-аналардың бала тәрбиесіне байланысты білімдері жоқ, балаларын жан-жақты тәрбиелеуге талпынбайды, ол процесті жүргізуге қызығушылығы жоқ, бала тәрбиесіне байланысты іскерлігі мен дағдысы қалыптаспаған. Балаларына немқұрайлы қарым-қатынасын жасайды, оларды дұрыс тәрбиелемейді.
В.А. Сухомлинский оқушылардың ата-аналарымен жұмыс істеудің маңызына ерекше назар аударып: «Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», – дейді. Олай болса, отбасы мектеппен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтан да педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көптігіне қарамастан, ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше орын алуы тиіс.
Отбасы тәрбиесі көзделегн нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен жанұя мүшелерінің тарапынан жасалатын ықпал процестерінің жалпы атамасы. Әлеуметтік, отбасы және мектеп тәрбиесі бірлікте орындалатын істері ауқымын құрайды.
Отбасының жетекшілік маңызы тәрбиеленіп жатқан баланың тән - дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне тәуелді келеді. Мүмкіндіктері шектеулі бала үшін отбасы бір жағынан тіршілік қоршауы болса, екінші жағынан – тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмір сүру мен қалыптасуы қадамы отбасында өтеді. Отбасы бұл мектеп, ақпарат қайнары, ұжымда, дос-жаранды да, әдеп пен өнер кілті. Сондықтан тұлғаның қалыптасу нәтижелігі ең бастысы отбасына тәуелді.
Мүмкіндіктері шектеулі баланы отбасында тәрбиелеудің ерекшеліктері отбасына тәуелді. Отбасы типологиясы үшін бала саны маңызды көрсеткіш. Отбасы бір балалы, екі балалы, көп балалы болып бөлінеді. Жалғыз баланы тәрбиелеудің жағымдысы - бала махаббатты сезінеді, өзіне өзі сенімді болады, бірақ сонымен бірге өзін өзі жоғары есептеуі де пайда болуы ықтимал. Екі бала тәрбиелейтін отбасында бала ерте жастан өзінен басқа бала бар екенің түсініп серіктестік сезіммен тұлға ретінде дамиды. Көп балалы отбасындағы балалар көбінесе еңбекке төзімді, икемді, жауапкершілік сезімі жоғары болады.
Отбасын типологиясы ата-ана түгелдігіне қарай бөлу: толық және толық емес. Белгілі, отбасында мүмкіндігі шектеулі бала туылған кезде отбасында көптерген қиындықтар пайда болады. Оның ішінде бала дамуындағы кемістіктер салдарынан қиындықтарды көтере алмау, шыдамсыздық пен ата ана арасындағы түсніспейушілік.Осы кезең неке беріктілігің сынағы болады. Бұл жағдай жиі ажырасу мен аяқталады, бала толық емес отбасында тәрбие алады. Толық емес отбасында тәрбиеленетін балада жағымсыз әдеттерге жақын болу және үлгерімі төмен болу қаупы жоғары.
Отбасы мен арнайы мектеп мүмкідіктері шектеулі баланы оқытуда келесі жұмыс түрлері нәтижелі жүреді:
- мұғалімдердің баланың үйіне бару, тұрмыс жағдайларымен танысу;
- ата-аналарға кеңес беру сабақтар мен семинар, конференцияларды өткізу;
- ата-аналар ұжымын біріктіру;
- ата-аналардың ғылыми-тәжірибелік конференциялары.
Мүмкідіктері шектеулі баланың ата-аналармен жұмыстын мазмұны келесі бағытта болуы тиіс:
- деңсаулығын дамыту, кемістіктің салдарын жою, азайту;
- адамгершілік тәрбиесіне көңіл бөлу, адам арасындағы қарым-қатынастарға, жағымсыз қылықтарды ажыратуға үйрету;
- баланың отбасындағы жағдайын тексеру, жануясындағы ішкі қарым-қатынастарды психологиялық-педагогикалық түзетуге көмектесу;
- ата-анасын мектеппен бірге жұмыс жасауға шақыру.
- “ашық есік” күндерін өткізу;
Ата-аналар жиналысы – мектеп ата-аналардың байланысының негізгі түрі. Оларды мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесін талқылау мақсатында өткізеді. Нақты тақырыптағы жиналыстар оқу жылында кем дегенде 4 рет өткізілуі тиіс.
Жалпы бұл жұмыстын негізгі бағыты ата-аналарда баланың даму мүмкіндіктеріне сеңдіру, білім беру, тәрбиелеу, түзету міндеттерін шешуге көмекші болуға үйрету.
Болашақ ұрпақ жайында Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өз Жолдауында: « Қазіргі заманда кез - келген мемлекеттің тыныс тіршілігін қалыпты ұстап тұрудың аса маңызды шарты - адамдардың өздері, олардың ерік - жігері, қажыры, білімі болып табылады. Ата - аналар өз балаларын өмірге даярлауға ерекше көңіл бөлуі тиіс. Олар қазіргі балалар елдің болашағын анықтайтын ХХl ғасырдың ересек адамдары екенін түсінуі қажет»- деп көрсетті. Ол қазіргі отбасының өмірі мен дамуының негізгі тенденцияларын өзгеріске қатты ұшырауы. Бірінші беталыс әлеуметтік-экономикалық жағдайдың өзгеруімен, адамдардың бірлескен өмірінің жаңа нысандарын тудырған дербестік, индивидуализм, демократия, гуманизм сияқты жаңа идеялардың пайда болуы мен дамуымен айқындалады.[1]
Бүгінгі күні Әкелер мен балалардан, әжелер мен немерелерден, бір-біріне туыс емес адамдардан (асырап алған отбасынан) тұратын отбасылар бар. Соңғы онжылдықттың ішінде елімізде әлеуметтік-экономикалық құрылыстың өзге
уімен, адамдардың бірлескен өмірінің жаңа нысандарын тудырған дербестік, индивидуализм, демократия, гуманизм сияқты жаңа идеялардың пайда болуы мен дамуымен айқындалады.[1]
Бүгінгі күні Әкелер мен балалардан, әжелер мен немерелерден, бір-біріне туыс емес адамдардан (асырап алған отбасынан) тұратын отбасылар бар. Соңғы онжылдықттың ішінде елімізде әлеуметтік-экономикалық құрылыстың өзгеруі қоғам өзінің рухани бағыттары үлкен өзгерістерге ұшырады. Кеңес дәуірінде бала тәрбиелеу мәселесі өткір болмаған, бала тәрбиесіның бір бөлігін ата – анасы мемлекетке сеніммен бере алды. Бала үнемі біреудің жауапкершілігінде болды және оның өмірлік траекториясы алдын ала болжанған болатын. Ол уақытта баланың болашағы айқын, берік, білім – баспана т.б қол жетімді болды. Бірақ қазір басқаша-жаңа уақыт. Балалар басқа өмірлік міндеттерді ұсынатын жаңа уақытта өмір сүрулеріне тура келеді. Сондықтан балаларды қандай өмірге дайындау керек? Қалай таңдауға боладды? [2]
Мектеп - қоғамдық құндылықтарды берудің маңызды бөлігі. Мұндай көзқарастар жүйесін адамдар сыртқы мақсаттар үшін түрлендірілуі тиіс материал деп санайды. Мұғалім мен оқушыдан бірінші кезекте қоғам өзінің теориялары мен көзқарастарын емес, қоғамдық құндылықтар мен Отанға деген сүйіспеншілікті талап
етеді. Мұнда белгілі бір құндылықтар жинағын ұстанатын адамдардың біртектес ортасын құру басты бұрышқа қойылады. Мектеп - адам өзін-өзі дамытуға, өз дүниетанымын қалыптастыруға көмектесу үшін қажет. Яғни, адам өсіп, дамиды, әлемге деген өзіндік көзқарасын қалыптастырады. . Бұл ретте оған қиындықтар туындайды. Алайда, өз әлемінің өсіп-жетілуі мен құрылуының сол жолы оған дейін көптеген адамдар өтті және олар осы қиындықтарда көмектесетін құралдар жиынтығын әзірледі. Мектеп-бұл оқушыға өзі қойған міндеттерге көмектесе алатын құралдар жиынтығын ұсыну. Қоғам жабайы орман ретінде: қайта ұстауға арналған мектеп. Келесі көзқарастар жүйесінде мектептегі білім берудің маңызды міндеті-әлеуметтендіру.[3]
Қазіргі кезде көптеген отбысыларда балалар әкесіз өмір есігін ашып ер жетуде, бірақ та әкенің орны әр қашан бөлек. Әке тәрбиесі отбасында жоғары дәрежені алады. Славян халқының ежелгі дәстүрлерінде әкесінің орны әрқашан маңызды болды. Бұл ретте ол билікті дербестендіру ретінде емес, әйелдің құқықтары мен міндеттеріне тең болды. Егер үш жасқа дейін бала үшін ең ықпалды анасы мен әжесі болса, онда осы жас шептерінен өткеннен кейін әкем – қызға махаббат қабылдауға үйрететін, ал бала оны өзі жауап беретін адамға көрсетуге үйрететін адам ретінде тез артықшылық алды. Православиелік дәстүрлерде ("Домострой") әкесі отбасында орталық орын алады. Ол өз балаларының" тәлімгері " болып табылады, әкесі үшін бұл жерде махаббат тән, бірақ басқа түрі – барынша ұстамды, физикалық әрекеттерде емес, дұрыс жолды табуға көмектесуге деген құрмет пен ұмтылыста болған. Әкелікті трансформациялаудың негізгі бағыты тарихта авторитарлық, баладан оқшауланған, отбасылық істерге тартылған, қамқор, эмоционалдық әкенің күшеюінде пайда болады. Бесінші үрдіс дербестікке ұмтылу болып табылады және адамдар өмірінің түрлі салаларында (рухани және материалдық), сондай-ақ әртүрлі буындарда да көрінеді: балалар ересектер нашар бағдарланатын өз субкультурасын белсенді жасайды; ересектер мүліктік қағида бойынша жиі біріктіріледі, бір қала шеңберінде іс жүзінде дербес
жұмыс істейтін өз қауымдастықтарын құрады. Тәрбиенің отбасылық үлгілерінің әртүрлілігіне қарамастан, отбасындағы тәрбие жағдайы мен балалардың қалыптасатын түрлері арасындағы заңдылықтарды орнатудағы алтыншы үрдіс. Бұл контексте Петр Францевич Лесгафттың "баланың отбасылық тәрбиесі және оның маңызы" атты 19 ғасырдың соңында жазылған кітабы таңқаларлық өзекті болып табылды.[4]
Егер ғалым жасаған антропологиялық этюдті сараптаса, онда балалардың алты негізгі түрі: лицемерлік, адал, мейірімді, жұмсақ-сойылған, ашуланғыш қазіргі мектепте де кездеседі, дегенмен, социумда және отбасылық ортада жаңа жағдайлардың пайда болуын ескере отырып, жаңа типтердің пайда болуын атап өту қажет. Балалардың әр түрлі түрлері, ең алдымен, олардың отбасылық өмірі мен тәрбиесі жағдайында пайда болады. "Бала өмірінің отбасылық кезеңі кезінде оның түрі қалыптасады, оларға осы жердің және отбасының әдет-ғұрыптары мен әдет-ғұрыптары сіңеді, сондықтан бұл кезең адамның өміріне үлкен әсер етеді және оның барлық келешекте өмір сүруіне мән бермейтін із қалдырады" [5]
Лицемерлік. Келтірілген тип отбасындағы баланың ақыл-ой және адамгершілік даму дәрежесімен тікелей байланыстыруға болады. Баланың лицемерлік түрдегі тән белгілері: оның барлық түрлерінде өтірік, елеусіз талқылау, заттар мен құбылыстардың сыртқы жағын ұстап тұру қабілеті, мақтаушылық, қулылық, болмауы қандай да бір терең сезімдер мен шындық туралы ұғымдар, жеке пайданы ерекше сақтау. Оның көбінесе тәжірибелік - рефлекторлық (инстинктивтік) және имитациялық іс-әрекеттері, тек қана минуттық талапты қанағаттандыруға және тәжірибе негізінде жануарларды оның қажеттіліктерін қанағаттандыруға қатысты тиімді болып табылатындығына қол жеткізуге бағытталған.
Адал ниетті оқушылар үшін ұстамды тыныштық, өзіне деген сенімділік тән. Олар өз білімдерімен айналасындағылардың алдында өз білімдерімен бөлісіп, жолдастарына көмектесіп,
табанды және табанды түрде оңаша айналыса алады. Жазалау, әсіресе әділетсіз, кейде өзіне-өзі қол жұмсаудың шегіне түрткі болатын апатияға әкеледі. Мұндай балалар, әдетте, өз пікірлері жоқ, бірақ белгілі авторлардың сөздерін пайдалана отырып, кейде өз ойлары үшін оларды бере отырып, эрудицияны ұнатады.
Мейірімді түрдегі бала мұнда тыныш, ол барлық қоршаған құбылыстарын мұқият қадағалайды. Мейірімді түрдегі балалар қарапайымдылығымен, бірақ сонымен қатар ішкі сыншылдықпен және пікірге тәуелсіздігімен ерекшеленеді; олар түрлі дауларға мұқият қатысады, сонымен бірге өткір ойды жеңу үшін емес, шындықты орнату үшін.
Жұмсақ-соғылған түрі. Суық және бей-жай, ол шын мәнінде ешкімді ұнатпайды, тек біреулерге тіркелейді және одан бір қадамға, бұрын анадан немесе күтушіден бір қадамға шықпады, ол кейіннен мүлдем жоғалады. Тек талаптарды азайту немесе оның артындағы қырағылықты төмендету керек және жалқау оқушы болады.
Ашуланған түрі. Әрдайым ашуланған, өзінің күдікті, өзін-өзі сүйетін және рефлекторлық көріністерімен ерекшеленеді, жиі өте өткір. Саналы қызмет жеке қорғауға бағытталған. Бірте - бірте ұлғайып келе жатқан қатаңдық кезінде, тұрақты тыйым салулар кезінде, өз еркімен бас тарту кезінде кейде бала өзіне нашар жатқан қарау, ешқашан кедергі алдында тоқтамай, барлық құпияға қол жеткізе бастайды.
Бала - еліміздің ертеңі, тірегі мен тілегі. Еліміздің - ажары мен базары. Біздің жастар елімізді, жерімізді, тілімізді бүкіл әлемге паш етсін десек, жаңа заманға лайық етіп тәрбиелейік. Шәкірттеріміз көзге ғана емес, көңілге де қуаныш сыйлап, өміріміздің гүліне, мәні мен сәніне айналсын. Біз тәрбиелеген ұрпақ тәрбиелі де тәртіпті, ақылды да өнегелі, рухани адамгершілігі мол Қазақстанның беделді азаматы болады деп сенемін.
Тәрбие-тал бесіктен басталады»-деп ата-бабамыз ежелден ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Себебі, бала-болашақ иесі. Болашағың жарқын болуы үшін, ұрпағың дұрыс тәлім алуы шарт.
Қазіргі уақытта бала тәрбиесіне көп көңіл бөлініп, зерттеу еңбектер жазылғанымен, отбасында балаға ертегі оқып, бесікке бөлеген аналар саны жылдан-жылға азайып келеді. Соның кесірінен сана-сезімді улайтын телеарналардағы түрлі ұрыс-керіс, атыс-шабыс, алдау-арбау сынды көрсе-тілімдер көптеп кездесіп, баланың назарын өздеріне аудартады. Баланың телміре қарауы өз алдына, кейін тіпті соларға еліктеп, көргенін өмірде іске асырғандары да баршылық.Осы мәселені басшылыққа алып, мақаланы жазудағы мақсатымыз: «Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған, жақсы, жаман болса, бала –солардан»[1] деп Жүсіп Баласағұни айтпақшы, адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап, өмір соңына дейін тәрбиелі болып өсіп, жетілуін қамтамасыз ету- ата-анасының парызы. Кей кездері парыз жайында ұмытып кетіп, балаларын дұрыс жолдан тайдырып алады. Кейін «перзентім бұрыс жолға қалай түсті?» — деп тізе ұрып қалған сәттер көптеп кездеседі. Міне, осындай жайттардың алдын алу үшін, менің мақалам тамшыдай болсын септігін тигізер деген үмітпен жазған ойым бар.