Күмісбекова Еңлік Құрбанәліқызы Баланы толықемесотбасындатәрбиелеу


ТОЛЫҚ ЕМЕС ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛА ПСИХОЛОГИЯСЫ



бет6/10
Дата26.06.2022
өлшемі123,59 Kb.
#37302
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2.1 ТОЛЫҚ ЕМЕС ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛА ПСИХОЛОГИЯСЫ




«Ел болам десең, бесігіңді түзе», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «Отан отбасынан басталады» дана халқымыздың осы сынды мақал-мәтелдері ежелден күнделікті өмірде, салт-дәстүрлерде өз көрінісін табады. Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған халық, «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деп тұжырымдаған бабаларымыздың бұл жазылмаған заңдылықтары қазірде қаншалықты сақталуда?
Толық емес отбасының әрқайсысы өз ерекшеліктері мен бала дамуына да әсері әр түрлі болады:

  • ажырасқан отбасыларда жасөспірім көп жағдайда ата-анасының конфликтілі дисгармониялық қарым-қатынасына куә болады;

  • жалғызбасты ана немесе әкелердің толық отбасы болған кездерін еске түсіру көбіне жағымды эмоциялар тудырады;

  • анасымен ғана болатын балалар – нақты, реалды отбасылық қарым-қатынас, отбасылық қызметтерді сезінбейді.

Қазіргі кезде тек қана аналары бар отбасылар саны көбейіп келеді.
«Толық емес» немесе «ажырасқан отбасы» бұл сөзді естіген құлаққа үйреншікті дүние деп қабылданатын болды. Алайда, осындай отбасында тәрбие көрген баланың психологиялық денсаулығы, өмірді қабылдауы ерекшеленетіні сөзсіз. Бала үшін отбасы – ол жылулық пен мейірімділіктің, махаббаттың көрінісі, баланы ол жерде әрдайым күтеді, кез-келген жағдайда балаға қамқорлық көрсетеді. Бұл – идеалды көріністегі отбасы. Толық отбасынан толық емес отбасына айналу – ата-анаға да, балаға да ауыр соққы. Алайда, ата-ана қалыптасқан тұлға ретінде өз істеріне жауап бере алады. Ал бала даму үстінде, оның жан дүниесіне, өмірге деген көзқарасына кез-келген нәрсе әсер етеді. Толық емес отбасындағы бала үшін ең бірінші соққы, ол – ата-ананың жиі ұрыс-керісі, әкенің не ананың ішімдік ішуі, әкенің анасына қол көтеруі. Бұл жағдайда отбасы өзінің қамқоршы функциясын жоғалта бастайды. Ашу үстіндегі ата-ана өз өшін балаға ұрсу, балағаттау арқылы шығарады. Келесі соққы ол – ажырасу. Бала үшін ана – жарық күн болса, әке – асқар тау. Жанына жақын екі адамның бір-біріне деген ренішін көрген бала, екі оттың ортасында қалғандай болып өз-өзін кінәлі сезінеді. Қолынан ештеңе келмейтіндей сезініп, өз ойын ашық жеткізуге жүрексініп, жасық болып өседі.
Толық емес отбасындағы балалар толық отбасындағы балаға қарағанда, өзін кем санай бастайды. Сондықтан баланы ақыл-оймен, төзімділікпен, психологиялық тәрбиемен бағыттау қажет. Тәрбиелікке жету оңай емес. Балаға ең бірінші әділетті қоғам мен өмір сүрген ортасының имандылық тәлімі қажет. Тәрбиелі адам – шынайы парасат пен мінезге бай болатыны белгілі. Екінші бір бала тәрбиесіндегі тәрбиелікке үйретудің пәрменді тәсілі – адамдардың балаға тәлім етер жеке бастарының үлгісі, олардың өзара сүйіспеншіліктері, айналасындағы жандармен сыйластықтары, тіпті олардың табиғатқа деген көзқарастары. Сондықтан да халық даналығы «Адамнан адам тәлім алады, ағаштан ағаш мәуе алады» деп бекер айтпаса керек.
Ажырасқан отбасылардағы бала психологиялық көмекке зәру болады. Қазіргі тұрмыс-тіршілігімізде эмоциялық дауылдар мен кездейсоқ кереғарлықтар тым көбейіп отыр. Бүгінгі таңдағы ұрпақ тәрбиесін қиындатып отырған негізгі себептердің бірегейі деуімізге әбден болады. Баланың жанын жаралайтын ажырасудың нәтижесіндегі психологиялық жаман әсерлер үнемі жалғаса берсе, оның ішкі қарсылығын оятып, бірте-бірте тұрақтанған қарама-қайшылықты мінез-құлқын қалыптастырады. Бұдан кейін ол ешқандай психологиялық хабарларды қабылдамайтын күйге ауысады. Жалпы ішкі қарама-қайшылықтары мол адамдар ашуланса да, өкпелесе де, өзін-өзі тоқтата алмай ұзақ әуреленеді.
Кейбір жағдайларда бала ата-анасының ажырасуында өзін кінәлі деп санап, әкесін (немесе анасын) ұстап қала алмағандығын қатты қайғырады.
Бір балада мұң басым болса, басқасында ол ашу-ызамен көмкеріледі, үшіншілері өздерін кінәлі сезініп, өз-өздерін ұяттымын деп ойласа, төртіншілері әкесімен қоса анасын да жоғалтып аламын ба (?) деген қорқынышпен әкесінің кеткеніне не ашуланарын, не мұңаярын білмей қиналады. Эмоциялар әр индивитте әртүрлі көрінуі мүмкін – мұң, қайғы, ауырсыну сезімдері, ашу-ыза, кінә сезімі және қорқыныш – бұлардың барлығы баланың ата-анасының ажырасуына көрсететін қалыпты реакциялары.
Бұлар тек жай ғана реакциялар емес, егер бала психикалық жағынан сау болса, онда осы эмоциялардың біреуіне ғана жауап қайтару керек, яғни реакциясы бір түрде ғана болуы қажет.
Ажырасудан кейінгі күйзелісті барынша жеңілдету үшін баланың үйден бөлек кеткен әкесімен (анасымен) ашық сөйлесіп, бос уақыттарын бірге өткізуі, материалдық және рухани жағынан қамтамасыз етіп, баланың өзіне керек екеніне, қандай жағдай болмасын әкесі (анасы) баласын жақсы көретінін сездіртуі маңызды.
Әсіресе, толық емес отбасында ұл балаларға өте қиын болады: олар қоғамды әйел билейді, ал ерлер ешкім емес деген ойға келуі де мүмкін. Осыған қарамастан олар өз аналарын қорғаумен болады да, өз жеке өмірлерін елестете де алмайды. Нәтижесінде, олар өздерінің гетеросексуалды құмарлықтарын сезінбейді де. Кейбір жағдайларда керісінше, жасөспірімдер аналарына қарсы шығып, үйден қашуы да мүмкін. Осының барлығының нәтижесінде жасөспірімдер әйелдерге жаман іс-әрекет жасауға бейім болып тұруы да осыдан.
Отбасыдағы ата-ананың ажырасу жағдайы тек ұл балаға ғана әсерін тигізіп қоймай, сонымен қатар қыз балаларға да біршама кері әсер етеді. Қыз балаларға да, ұл балаларға секілді әйел мен ер адамның қарым-қатынасы туралы бұрмаланған түсініктер тән болады. Нәтижесінде олардың жыныстық идентификациясы өте өзгермелі келеді.
Ажырасқан отбасындағы баланың жан дүниесі жарақаттанады. Үлкендер жағы өздерінің қателіктерін мойындаумен қоса, баланы тыныш қалпында қалдырғаннан артық шара жоқ. Ендігі жерде әке де, шеше де баламен достасуды ойлау керек. Осының бәрін табиғи қалыпта дамытуды ескерген жөн. Мұндай өзгерістер мен игерулердің жалпы жағдайы мөлшермен төмендегідей сипатта болуы мүмкін:
– баланы міндетті түрде тәрбиелеу қажет. Ал, қайыра жаңа көзқараспен тәрбиелеу үшін, үлкендер жағы үзілді-кесілді өздерін тексеру қажет. Баланың келешегіне керек ендігі тәрбие, соншама үлкен тазалықты талап етеді.

  • ешқандай күш көрсету тәлімін жүргізуге болмайды. Бұл – баланың келешігін сындыру мен құрту деген сөз;

  • үлкендердің қатаңдығы мен қатыгездігі арқылы баланы жасытып жөндеймін деу, барып тұрған надандық. Тек қана мейірімділік пен сүйіспеншілік екі жақты да адамдық сипатқа жеткізетінін бірден ұққан жөн;

  • психологиялық түзету жүргізетін кезеңдердің бәрінде де, басынан бастап, тек қана төзімділік керек. Тәрбиелік іс-әрекет үстінде – сабырлы ілтипат, салқынқандылық, ұстамдылық қажет;

  • баланың саналы түсінгендігіне сенім көрсете отырып, өзара қарым-қатынастың жетістігі дәлелді де, мазмұнды болғаны жөн. Жеткен жетістіктер әділетті бағаланғанымен, тым асыра мадақтаудың да орын алмауын қадағалау есте болды. Артық айтқан мақтау сөз, ешқандай жақсылық әкелмейді.

Қорыта келе, ажырасудың бала психологиясына әсері ауыр болатыны сөзсіз. Ол болашақ тұлғаның қалыптасуына кедергі келтіріп, әрі болашақта сол баланың отбасын құруға деген қорқынышына әкеп соғуы мүмкін. Егер баланың санасын таза кітапқа теңесек, оның авторы – ата-ана, редакторы – мұғалімдер мен психологтар, көркемдеуші редакторы – айналасындағы достары мен қатарластары. Сондықтан толық емес отбасындағы балалардың санының азаюы мен сапасының жақсыруы үшін, тек психологтар емес қоғам болып бірге ат салысуымыз, біздің қазақ бабаларымыздың асыл мұрасын жалғастырушы ұрпақ ретіндегі парызымыз. Отбасылық өмірге аяқ басқан ерлі-зайыптылар, бір- бірі үшін және болашақ ұрпақ үшін жауапкершілігі барын сезініп,балаларына үлгі-өнеге көрсете отырып, отбасын өмірінің бар байлығы, құндылығы ретінде қабылдаса, болашақ ұрпақ та, қоғам да жақсарады деп сенемін. Әлемді жақсы жағына өзгерткің келе ме, онда өзіңнен баста!
Қазақ халқы бала тәрбиесіне үлкен мән беріп, ақыл-ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес. Сан ғасырлар бойғы өмір әліппесі – отбасы тәрбиесі. Отбасының мақсаты баланы өмірге келтіру ғана емес, оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын бойына сіңіру және өз қоғамына пайдалы мүше етіп жеткізу. Соған қарамастан отбасын құрған ерлі-зайыптылар түрлі себептерге байланысты ажырасып жатады. Арты балалардың әкесіз не шешесіз өсуіне әкеледі. Толық емес отбасында өскен балалар психологиялық, эмоционалдық тұрғыдан күйзеліске ұшырайды. Бұл қазіргі таңдағы басты проблемалардың біріне айналып отыр. Түйін сөздер: неке, отбасы, отбасылық тұрақтылық, ажырасу, алимент, толық емес отбасы, некесіз бала. Өз тіршілігінің сан ғасырлық тарихының ішінде қазақ халқы бала тәрбиесі саласында мол тәжірибе жинақтады. Бірде-бір адамзат қоғамы өзінен бұрынғы жоғарғы буынның ақыл-ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес. Ұзақ өмір әліппесі – отбасы тәрбиесі. Бала тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып көрген емес, адами қасиеттерге баулу маңызды мәселе. Адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі қайырымдылық, достық. Халық ұғымында жақсылық пен жамандық, достық пен қастық адамгершілік қасиеттің екі түрлі белгісі ретінде қарастырылған. Қай халықта болмасын отбасын құрған ерлі-зайыпты баласының болуын армандайды. Сол сияқты қазақ халқы да баласын үйлендіріп, қызын ұзатқан соң олардың ендігі тілегі немерелерінің өмірге келуі. Жаңа үйленген жастар алғашқыда бала мәселесіне онша мән бермейді. Соған қарамастан отбасы үшін баланың орны ерекше. «Балалы үй базар, баласыз үй мазар» деген халық мақалы бекер айтылмаған. Соны біле тұра қазіргі таңда жастар үйлене салып ажырасып жатады. Ажырасқаннан кейін балалардың жағдайын ата-ана ойлай бермейді. Бала заң жүзінде анасының қолында қалып тәрбиеленеді [1]. Отбасы тұрақсыздығының нәтижесінде отбасының бірнеше типтері қалыптасады.
1. Жалғыз ана, бір өзі балаларымен тұрады. Ауылдық жерде көбіне тұрақты жұмыс болмағандықтан ана алиментке, мемлекеттің тарапынан берілетін көмекке өмір сүреді. Мектеп жасына дейін баланы үйде өзі қарайды. Мектеп жасына толысымен мектепке апарады. Жазғы демалыста баланы ата-әжесіне, туған-туысқандарына жібереді. Қалалық жерде ана баласын таңертең жұмысқа барарда балабақшаға апарып, кешке жұмыстан қайтарда алып қайтады. Мектепке барған уақытында осы процесс қайталанады. Бұл отбасының жақсы жағы бала отбасында болатын қарама-қайшылықты, ұрыс-керісті қабылдамайды. Отбасының жаман жағы: бала, әсіресе ер бала әкенің тәрбиесін көрмейді. Ана үй мен жұмыстың арасында балаға қарауға үлгермейді. Қаржы мәселесінде, бала ауырып қалған уақытта әке көмегі қажет. Бұндай отбасында бала әке мейіріміне зәру болып өседі. Бұл баланың ата-ананың тағдырын қайталауға әсер етеді. Толық емес отбасынан шыққан бала отбасылық құндылықтарды түсіне бермейді. Әйел ерінен көрген қиыншылықты, өмірге деген жаман көзқарасын баланың бойына сіңіріп, әкесіне қарсы қояды. Ересек балалар анасына ерегісіп, көрінбей жасырын әкесімен кездесіп жүреді. Ажырасқан отбасылардан шыққан балалардың жайын былай қарастыруға болады: 1) Бөлек тұратын ата-ана балаға қатысты объективтілікті әрқашан сақтай бермейді. Ажырасып кеткен әке баламен үнемі бірге болмағандықтан, біртіндеп баласымен ара қатынасы суыи бастайды. Баланың алдында өз дәрежесін көтеру үшін әке барын салады. Әке баласымен келесі рет кездескенге дейін ана кәмілетке толмаған баласын өз жағына шығару үшін қарсы қоюы мүмкін. 2) Кейбір жағдайда әке отбасын бұзғаны үшін өзін кінәлі санап, қайтадан бәрін қайтару үшін көп уақытын балаға арнайды. 3) Ата-ана уақыттың тапшылығына байланысты баламен кездесуге уақыты болмайды. Сирек кездесу бала тәрбиесімен айналысуға кері әсерін тигізеді. Өз кінәсін жуып-шаю үшін силықтар және ақша беру арқылы баланы өзіне қаратады. 4) Бала үшін ата-ананың екеуі де жақын. Таңдау қиындығына ұшыраған бала психикалық, эмоционалдық жағынан шаршайды [2]. 
2. Ажырасқан әйел балаларымен күйеуінің немесе өзінің ата-анасымен бірге тұрады. Балалар мектеп жасына дейін ата-әжесінің немесе отбасының басқа мүшелерінің тәрбиесінде болады. Бұндай баланың сүйіспеншілік сезімдерін қамқорлыққа алу қажет. Бұндай балалар толық отбасындағы балаға қарағанда өзін кем санай бастайды. Сондықтан баланы ақыл-оймен, төзімділікпен, психологиялық тәрбиемен бағыттауы қажет. Тәрбиелікке жету оңай емес. Балаға ең бірінші әділетті қоғам мен өмір сүрген ортасының имандылық тәлімі қажет. Тәрбиелі адам – шынайы парасат пен мінезге бай болатыны белгілі. Екінші бір бала тәрбиесіндегі тәрбиелікке үйретудің пәрменді тәсілі адамдардың балаға тәлім етер жеке бастарының үлгісі, олардың өзара сүйіспеншіліктері, айналасындағы жандармен сыйластықтары, тіпті олардың табиғатқа деген көзқарастары. Сондықтан да халық даналығы «Адамнан адам тәлім алады, ағаштан ағаш мәуе алады» деп бекер айтпаса керек.
3. Ажырасқан әйел баласын ата-анасына беріп, өзі бөлек тұрады. Бұл жерде баланың әлеуметтенуі барасында мынадай ерекшеліктер байқалады:

  1. Өз ата-анасының орнын ешқандай туысқан баса алмайтындықтан балаға мейірімділік жетіспейді.

  2. Бала өз ата-анасымен қалай қарым-қатнас жасау кректігін білмейді, өзіне жақын тарта алмайды.

  3. Ата-әжесі қайтыс болған жағдайда немересі өз анасына бауыр баса алмай, қиналады.

4. Ажырасқан әйел күйеуінің рұқсатымен немесе рұқсатынсыз өз баласын әпке-сіңлісіне немесе аға-інісіне береді. Бұл балаға мынадай қиыншылықтар тудырады:

  1. Өз ата-анасының орнын ешқандай туысқан баса алмайтындықтан балаға мейірімділік жетіспейді.

  2. Бала өз ата-анасымен қалай қарым-қатнас жасау кректігін білмейді, өзіне жақын тарта алмайды.

  3. Бала өз отбасына қайтадан келген кезде анасына бауыр баса алмай, қиналады.

5. Ана маскүнемдікке салынуға немесе психикалық ауруға шалдығуға байланысты аналық құқығынан айрылады. Бала ажырасқан әкемен қалады. әке басқа отбасын құрма баласын өзі тәрбилейді. Бұл тура бірінші типтегі ажырасқан отбасындағы жағдайды қайталайды. Тек әке орнына, ана мейірімі жетіспейді. Келесі жағдай әке екінші рет некеге отырады. Баланың жағдайы енді өгей шешеге байланысты қалыптасады. Әке үнемі жұмыста болғандықтан балаға қарауға қолы тие бермейді. Отбасындағы жағдай мындай жолдарға байланысты: өгей шеше бала туа алмайды, бірінші некеден туған балаларымен келеді, ортақ балаларының болуы. Қандай жағдай болса да бала қиыншылықтарға ұшырайды. Себебі, әке қызына аналық тәрбие бере алмайды. Екіншіден, өгей шешемен қарым-қатынас орнату балаға қиын соғады. Оған қоса өз анасы әкесі мен өгей шешесіне баланы қарсы қояды.
6. Бала ешкімге керек емес. Ата-ананың біреусі қайтыс болғаннан кейін, екіншісі балаға қарамайды. Оның екі жағы бар. Жақсы жағы: бала ағасы немесе әпкесінің қолында болады, бала жақын туысқандарының қолында болады. Жаман жағы: бала балалар үйіне түседі, қараусыз қалған бала қылмыстық істерге араласуы мүмкін. Біз жоғарыда ажырасқан жұбайлардың жалпы кең таралған отбасын құру түрлерін көрсеттік. Ал, шынайы өмірде толық емес отбасынан шыққан балаға әр түрлі жағдайлардың ықпал етуі мүмкін. Барлығын толықтыра келе, ажырасқан отбасылардан шыққан балалар үшін объективті және субъективті сипаттарды аңғарамыз.
1. Ажырасқан ата-ана балаларының жүрегін жараламау үшін барлық жағдайды жасайды. Баланың көзінше бір-бірімен ұрысып-керіспейді. Дұрыс тәрбие беруге қолдарынан келгенін жасайды. Бала бос уақытын тиімді пайдаланады. Спорт, шығармашылық, тіл дамыту үйірмелеріне қатысуға итермелейді. Аптаның демалыс күндері, мектептік демалыстарда әке балаларымен бірге қыдырады. Жоғарғы оқу орына түсу барысында әке балаға көмек көрсетеді. Ана олардың қарым-қатынасына кедергі келтірмейді. Бұндай тәрбие алған бала кейін өз балаларына да сондай көмек көрсетеді.
2. Баланың әкесі немесе шешесі басқа отбасын құрған жағдайда баланың алдында қиыншылықтар тұрады. Басқа отбасына түскен балаға әрі қарай өмір сүру, отбасының басқа мүшелерімен тіл табысу кедергі келтіреді. Баланың жақсы болып кетуі ішкі отбасылық қарым-қатынасқа байланысты.
3. Ажырасқан жұбайлар бірін-бірі жек көрушілікті балаларына береді. Бірнеше рет үйленген әке әр отбасында балаларын қалдырады. Оның көмегі алимент төлеумен ғана шектеледі[3].
Ажырасқан отбасылардағы бала психологиялық көмекке зәру болады. Қазіргі тұрмыс-тіршілігімізде эмоциялық дауылдар мен кездейсоқ кереғарлықтар тым көбейіп отыр. Бүгінгі таңдағы ұрпақ тәрбиесін қиындатып отырған негізгі себептердің бірегейі деуімізге әбден болады. Баланың жанын жаралайтын ажырасудың нәтижесіндегі психологиялық жаман әсерлер үнемі жалғаса берсе оның ішкі қарсылығын оятып, бірте-бірте тұрақтанған қарама-қайшылықты мінез-құлқын қалыптастырады. Бұдан кейін ол ешқандай психологиялық хабарларды қабылдамайтын күйге ауысады. Жалпы ішкі қарама-қайшылықтары мол адамдар ашуланса да, өкпелесе де өзін-өзі тоқтата алмай ұзақ әуреленеді. Бірақ біз өмір сүріп отырған қоғам ешуақытта адамның психикасын тәрбиелеуге мән берген емес. Соның салдарынан балабақшалар да, мектептер де, жоғарғы оқу орындары мен қызмет істейтін орындар да адамдардың психологиялық тәліміне көңіл аударылып келген емес[4].
Ең бірінші психологиялық көмектің бағдары – ажырасқан отбасындағы балалардың ауруға шалдыға бастаған психикасын сауықтыру болып табылады. Осымен қатар жүргізілетін екінші бағыт – тез арада ата-ана мен бала тәрбиесіне қатысты үлкендердің арасында жүргізілетін психологиялық көмектерді атауға болады. Мұның өзіне тән әдістері толып жатыр. Бала тәрбиесіне қатысты үлкендерге психикасының мән-жайы туралы түсінік беру, оны мұқалтпаудың маңызы жайлы, психологиялық тәрбиелерді үйретудің жолдарын – кітаптардан, кинофильмдерден тереңдей талдап көрсету арқылы, ата-аналар мен үлкендердің бала тәрбиесіндегі қатыгездіктен тиылуын талап ету. Бұл мәселелерді шешу үшін ата-ана бала тәрбиесінде өз орындарын анықтап алуы тиіс. Ажырасқан отбасындағы баланың жан дүниесі жарақаттанады. Үлкендер жағы өздерінің қателіктерін мойындаумен қоса, баланы тыныш қалпында қалдырғаннан артық шара жоқ. Ендігі жерде әке де, шеше де баламен достасуды ойлау керек. Осының бәрін табиғи қалыпта дамытуды ескерген жөн. Мұндай өзгерістер мен игерулердің жалпы жағдайы мөлшермен төмендегідей сипатта болуы мүмкін:
– баланы міндетті түрде тәрбиелеу қажет. Ал, қайыра жаңа көзқараспен тәрбиелеу үшін, үлкендер жағы үзілді-кесілді өздерін тексеру қажет. Баланың келешегіне керек ендігі тәрбие, соншама үлкен тазалықты талап етеді;
– егер үлкендер жағы өзін-өзі баланың ыңғайына орай өзгерте алмаса, ары қарай баланы тәрбиелеуден өз ықтиярлығымен бас тартқаны дұрыс;
– ешқандай күш көрсету тәлімін жүргізуге болмайды. Бұл – баланың келешігін сындыру мен құрту деген сөз;
– үлкендердің қатаңдығы мен қатыгездігі арқылы баланы жасытып жөндеймін деу, барып тұрған надандық. Тек қана мейірімділік пен сүйіспеншілік екі жақты да адамдық сипатқа жеткізетінін бірден ұққан жөн;
– психологиялық түзету жүргізетін кезеңдердің бәрінде де, басынан бастап, тек қана төзімділік керек. Тәрбиелік іс-әрекет үстінде – сабырлы ілтипат, салқынқандылық, ұстамдылық қажет;
– баланың саналы түсінгендігіне сенім көрсете отырып, өзара қарым-қатынастың жетістігі дәлелді де, мазмұнды болғаны жөн. Жеткен жетістіктер әділетті бағаланғанымен, тым асыра мадақтаудың да орын алмауын қадағалау есте болсын.Артық айтқан мақтау сөз, ешқандай жақсылық әкелмейді.
Осылайша психикалық зардап шеккен, тұрақсыз отбасындағы балаға психологиялық түзетулер жасаудың жолдары көп. Біздер келтірген әдістерден басқа да жолдары болуы мүмкін. Батыс елдеріне қарағанда ТМД мемлекеттерінде ажырасуға көзқарас басқаша. Ол жақта қаржы мәселесі алғашқы орында тұрады. Соған қарамастан жер шары баланы қорғауға алып отыр. Оған 1924 жылғы Женева Декларациясы, 1959 жылы 20 қарашадағы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының бала құқығы, 1989 жылғы 20 қарашадағы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының бала құқығына байланысты толықтырулары дәлел. Мемлекет пен қоғам толық емес обасылырдағы балалар мен жасөспірімдердің азамат болып өсуіне ат салысады [5]. Сонымен толық емес отбасынан шыққан балалардың өмірі бір жақты емес. Бала өз еркімен бұндай тағдырды қаламайды. Ата-ана, туысқандары, бүкіл қоғамның міндеті балаға дұрыс тәрбие беру, өмір сүру қажеттілігін түсіндіру.
Көптеген кезеңдерде толық емес отбастары ажырасудан кейін пайда болады. Сондықтан әйел баласын жалғыз тәрбиелейді. Егерде ажырасу кезінде бала 3-12 жас аралығында болса, ол өз күйзелісін басқаларға сездірмеуге тырысып қатты қиналады. Ол әкесінің отбасынан кеткеніне қатты алаңдайды, «ешкімге де керегім жоқ» деп түсініп, күйзеліске ұшырайды. Осының нәтижесінде бойында сенімсіздік
Кеңес «Толық емес отбасындағы балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері.
Ажырасуға балалар қалай қарайды?»
Көптеген кезеңдерде толық емес отбастары ажырасудан кейін пайда болады. Сондықтан әйел баласын жалғыз тәрбиелейді. Егерде ажырасу кезінде бала 3-12 жас аралығында болса, ол өз күйзелісін басқаларға сездірмеуге тырысып қатты қиналады. Ол әкесінің отбасынан кеткеніне қатты алаңдайды, «ешкімге де керегім жоқ» деп түсініп, күйзеліске ұшырайды. Осының нәтижесінде бойында сенімсіздік, әлсіздік сезімі қалыптасады.
Сонымен қатар бойында реніш сезімі пайда болады. Егерде қыз бала әкесіз эссе, ол барлық еркек атаулыны жек көруі мүмкін. Бұндай жағдайларды ретке келтіру көптеген қиыншылықтар туғызады.
Еркек пен әйелдің дұрыс қарым-қатынасын көрмей өскен бала, өсе келе өзін қалай ұстау керек екенін білмей қиналады.
Ата-ананың қандай қателіктерді жіберіп алмағаны жөн?
Баланы жалғыз тәрбиелейтін ата-ана, оны аса қамқорлыққа алуға, мейірімін көрсетуге тырысып жатады. Осылайша тым шектен шығып, баланың тұлға ретінде дамуына кедергі жасайды. Ол бала өсе келе өз бетімен өмір сүруге қабілеті нашар, өзімшіл бола бастайды.
Егерде ана ұлын аса қамқорлыққа алып еркелетсе, ол келесі жағдайларға алып келеді: бала анасына қарсылық көрсете бастайды, сөйтіп оның ойынша «батыл» балалармен танысып, бұзақылық жасайды.
Шектен шыға қамқорлық көрсету, тұлғаның жоғалуына әкеліп соғады. Бала өзін-өзі жоғалтып, әйелдің әміріне бағынатын болады. Сөйтіп ынжық, жігерсіз болып өсе бастайды.
Ажырасудан кейінгі өмір: не істеу керек?
Көбінесе әйелдер отбасынан кетіп қалған әкесін баласына жамандайды немесе мүлдем айтпайды да. Сөйтіп ұлының немесе қызының өзін-өзі бағалауына зиянын тигізеді. Өйткені бала әкесін оңбаған санаса, өзіне жақсы баға бере алмайды. Сондықтан балаға әкесінің адамгершілік қасиеттерін,кейбір кемістіктерін айта отырып, оны әңгімеге тарту қажет. Баламен байланысты үзбеңіз, онымен өзара сөйлесуге, пікірін, ойын тыңдауға уақытыңызды бөліңіз!
Балаңызбен үнемі жылы қарым-қатынаста болыңыз, жанына жағымды сөздерді жиі айтыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет