Күмісбекова Еңлік Құрбанәліқызы Баланы толықемесотбасындатәрбиелеу



бет2/10
Дата26.06.2022
өлшемі123,59 Kb.
#37302
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Зерттеу нысаны:Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу үдерісі
Зерттеу пәні:Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілерін пайдалану
Зерттеудің мақсаты:Бастауыш сыныптың тәрбие үдерісінде қазақ халық ертегілерін пайдалану арқылы оқушылар бойына адамгершілік тәрбиені қалыптастыру.
Зерттеудің міндеттері:
· Педагогикалық, психологиялық және әдебиеттер тұрғысында жазылған ғылыми еңбектерге теориялық тұрғыдан талдаулар жасау;
· Бастауыш сыныптың тәрбие үдерісінде халық ертегілерін қолданудың ролі мен мәнін анықтау;
· Тәрбиелік жұмыстарда қазақ халық ертегілері арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің тиімді жолдарын көрсету.
Зерттеу болжамы: Егер бастауыш сынып оқушыларының тәрбие үдерісінде қазақ халық ертегілері жүйелі түрде қолданылса, онда олардың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына оң ықпал етеді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
· Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілерін пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері теориялық тұрғыдан негізделді;
· Тәрбиелік жұмыстарда қазақ халық ертегілері арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің тиімді жолдары анықталды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:дипломдық жұмыс материалдарын мектептерде тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруда бастауыш сынып оқушылары үшін пайдалануға болады.
Зерттеу әдістері:зерттеу проблемасы бойынша әдебиеттерге (философиялық, мәдениеттану, тарихи-этнографиялық, әлеуметтану, психологиялық-педагогикалық, филологиялық) тарихи-теориялық талдау; деректі материалдарға салыстырмалы талдау, қазақ халқының озық мәдени педагогикалық дәстүрлерін зерделеу; озық тәжірибелерге, оқушылардың зерттеу проблемасына қатысты жазба жұмыстарына талдау жасау, жүйелеу, қорытындылау, сауалнама жүргізу, әңгімелесу, бақылау, педагогикалық эксперимент, алынған нәтижелерді өңдеу.
Зерттеу базасы: Қызылорда қаласындағы №172 қазақ орта мектебі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет