Күмісбекова Еңлік Құрбанәліқызы Баланы толықемесотбасындатәрбиелеу



бет8/10
Дата26.06.2022
өлшемі123,59 Kb.
#37302
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Мақаламның өзектілігі:Әрбір адам-жеке тұлға. Мейлі, әр адамның даму деңгейі әртүрлі болсын, бірақ ол-тұлға. Ал жеке тұлғаның дамуына себепші факторлар: тұқым қуалаушылық, қоршаған орта және тәрбие екенін бәріміз білеміз. Бірақ, соның ішінде отбасының рөлі ерекше. Себібі, нәресте кезінен бастап, есейгенге дейін басым уақыт бөлігі отбасында өтеді.Осы аралықта бала бойына дарытатын тәрбие құнарсыз болса, оның жемісі де нәрсіз болмақ. «Біздің балалар-біздің қарттығымыз. Жаман тәрбие- болашақтағы қайғымыз. Бұл-біздің көз жасымыз. Бұл-басқалар алдындағы, бүкіл еліміз алдындағы біздің кінәміз»- деп педагог А.С. Макаренко айтпақшы, балаларымызға отбасында дұрыс тәрбие беруміз керек.[2] Себебі, олар біздің болашағымыз. Ал,болашақ жастар қолында.
Адам баласы заманды жамандауға бейім, бірақ, заман адамды емес, адам заманды билейтінін көбі аңғармай, жылтыраққа әуес болып, адами құндылықтарды ысырып отырады. Соның кесірінен өзіміз де, ұрпағымыз да түрлі қиындықтарға тап болады. Мәселен, отбасында бала тәрбиелегісі келмегендіктен, перзентін балалар үйіне тастап кеткендер баршылық. Нақты деректерге сүйенсек,2013 жылғы жалпы статистика бойынша ата-ана мен отбасының жылуына зәру 34 785 жетім бар екен.[3] 2014 жылдың маусым айындағы жағдайға сәйкес, Қазақстанда тіркелген жетім балалар:
Балалар үйлерінде – 11 000
Патронатта – 2000
Туысқандарының қамқорлығында – 22 000.[4]санын құрайды.
Психологтардың пайымдауынша, отбасында мейірім, шапағат, махаббат көрмеген, сезінбеген балалардан көбінесе, қылмыскерлер пайда болады екен. Сөзімді дәйектеп кететін болсам, әлемдік рейтинг бойынша темір торда отырған адамдар саны көрсеткіші жағынан еліміз 35 орында екен.Еліміздің қару қолданып жасалған балалар қылмысы соңғы 5 жылда 8 есеге өскен, жасөспірімдер қылмысы әр жыл сайын 3,5 пайызға жоғарлауда.[5] Статистиканың шығу себебіне қарасақ, барлығы тәрбиенің осалдығынан шыққанын аңғаруға болады. Осының зардаптары отбасы жағдайына әсер етіп, түрлі келеңсіздіктер тудырады.Осы жайында сонау 17 ғасырда өмір сүрген шешен, халық мұңшысы, Мөңке бидің жырынан қазіргі заман күйін көре аламыз. Мәселен, жырда
Ішіне шынтақ айналмайтын
Ежірей деген ұлың болады.
Алдыңды кес-кестеп өтетін
Кекірей деген келінің болады.
Ішкенің сары су болады,
Берсең, итің ішпейді,
Бірақ адам соған құмар болады.
Бетіңнен алып түсетін іңің болады.
Алашұбар тілің болады.
Дұдамалдау тілің болады,
Халықтың қанын сорған жамандар болады,
Қабағын түйіп қойып,
Қайыр сұрайтын адамдар болады.
Қиналғанда шапағаты жоқ жақының болады.
Ит пен мысықтай ырылдасқан
Еркек пен қатының болады.
Сарылып келіп тосарсың,
Құны жоқ көк қағазды судай шашарсың. [6]-
деп халықтың мұңын жоқтайды. Бізге сол кезде құндылықтарымыз өзгеретінін ескерткен болатын. Бірақ, содан кейін төрт ғасыр өтті. Соның өзінде біз оны жете сезіне, түсіне алмадық. «Қыстың қамын жаз ойла» демекші, болашағымыз бұлыңғыр болмауы үшін алдын-алу шараларын жүргізуге болушы еді. Бірақ, өкінішке орай үстіртін тәрбие беріп, адам бойындағы сапалы қасиеттердің көбін жоғалтып алдық.
Осындай түрлі жайттарды естігенде даңқты жауынгер, ержүрек батыр Бауыржан Момышұлының қорқыныш жайында айтқан сөзінің мәні терең екенін аңғарамыз. Ол: «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр. Бірінші, балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқамын. Екіншісі, немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқамын. Үшіншісі, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді, содан қорқамын»[7] — деген екен. Шындығында, бұндай ұрпақ қоғамға қауіп төндіреді, егер бала бойына имандылық, адамгершілік, игі қасиеттерді дарытса, ешқандай қол тәрбие қамалын бұза алмасы анық.
Дұрыс тәрбие-күрделі ұзақ процес. Оған белгілі бір дәрежеде білім, тәжірибе, шеберлілік қажет. Ондай болмаған жағдайда, тәрбие беруде белгілі бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа түседі.[8] «Тәрбиелеу- халықтар бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерді дарыту»-деп әлемге әйгілі ойшыл, философӘл-Фараби айтпақшы, [7] адам бойына дұрыс тәрбие ғылым-білім арқылы дариды. Бірақ, білімді адамның бәрі толыққанды дұрыс тәрбиеленген деп айта алмаймыз. Олардың ішінде де, жазушы, ғалым Мұхтар Әуезовтың «Оқыған азамат» атты әңгімесіндегі теріс тәрбие алған кейіпкерлері тәрізді оқығандар да бар екенін бәріміз білеміз.
Негізінен, балаға басым көпшілік тәрбие көзі кітаптан беріледі. Ондағы ақын-жазушыларының шығармаларынан бала өзіне керек мағлұмат алып, өмірге деген көзқарастарын қалыптастырады. Оқыса жақсы, сауаты ашылып, түйген-білгені молая түсер. Бірақ, қазіргі кезде жастарымыз, мектеп оқушылары «кітап оқу» десе, құлақтарына түрпідей тие ме, әлде қазіргі кітап мазмұны қызықсыз ба, әйтеуір тондарын ала қашады. Оқулықтарды ақтарып мағлұматтар іздеп, уақытымызды кетіреміз деп, интернет желісімен дос болып алған. Керегі болса, кітапханаға емес, интернет салонға қарай жол тартады. Осы жайында әлем елдерінің көпшілігі интернетті санаулы ғана мөлшерде сабақ, жұмыс үшін ғана қолданады екен де, ал қалған пайыздық көрсеткішін бос уақытты тиімді өткізу үшін желіні пайдаланатын көрінеді.
Мәселен, Украинада тек интернеттің 17 % ғана балалар сабақ үшін қолданаса [9],ал GfK консалтингтік компанияның зерттеуі бойынша Еуропа мен Азия елдерінде 57% жасөспірім интернетті сабақ көзі ретінде қолданып, қалған 43% бос уақыттарын өткізу үшін интернетті пайдаланады екен.[10]Осыдан туындайтын жайт, ата-аналардың балаларына қарауға уақыты жоқ па? Тіпті жоқ дегенде күніне жарты сағат уақыт балаға бөлсе, осындай көрсеткіш болмас еді. Осы ретте мен субъективті көзқарасыммен ата –ананың балаға бөлетін уақытын шамамен топшалап көрдім.
Бір күнде 24 сағат бар. Баланың орта есеппен 9 сағаты ұйқымен өтеді делік. 1 сағаты таңғы ас, жуыну, киінуге кетеді. 6 сағаты мектепке бөлінсе, соның ішінде үйірмелерге қосымша 2 сағат қосуға болады. Жолға барып-қайту орта есеппен 1 сағат, үй тапсырмасына 3 сағат бөлсе, 24-9-1-6-1-3= 4 cағат. Тек 4 сағаты отбасымен бірге болуға арналады екен. Ал осы бір күнді 365 күнге, яғни бір жылға көбейтсек, 4*365=1460 cағат қана балаға бір жылда уақыт бөлінеді. Ал, бір жылда 8736 сағат болады.
Ал ол уақыт кешкі сағат 6 жарымнан онға дейінгі уақыт аралығында ата-аналардың жұмыстан шаршап келіп, тамақ істеп, теледидар көріп, демалуына арналған уақытына сәйкес келеді. Көбінесе, кейбір отбасылар осы аралықта баламен сырласуды кейінге қоя тұра, басқа заттарға көңіл бөледі.
Бұл көрсеткіштен кейін елімізде жасөспірімдер саны қайдан азайсын. Бала әрқашанда ата-анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата-ананы өмірдің тірегі деп санайды. Балаға мейірім, көңіл бөлінбегендіктен, сыртпен дос болып, еріккеннің ілгегіне ілініп кетіп жатады.
Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы — оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Жазушы С.В. Михалков:
«Адамның қалыптасуы бала кезден басталады. Жақсылық та адам бойына сол бала кезде ілігеді»- деп айтпақшы, [1]балалық шақтағы дұрыс тәрбиенің маңызы зор. Ал ол отбасы арқылы жүзеге асады. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол- бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді.
«Бала тәрбиесіне әке мен шешенің мүмкіндігінше бірдей араласуы үшін, отбасы тәрбиесін жоғары дәрежеде дұрыс жолға қою қажет»-деп педагог, психолог П.Ф. Каптеров айтқандай,[1] бала тәрбиесіне әкесі мен анасының бірге тәрбие беруі жемісті. Бала өзін отбасына толық керек екенін, оны үйде жақсы көріп, сағына күтіп, болашақта одан үміт күтетінін сезініп, дұрыс жолда тәрбие алып өседі. Бірақ, бала тәрбиелеген кезде көпшілігі баласын ең алдымен өзінді ойла, кейін өзгеге көмектес, я болмаса басқасы басқа, сен дұрыс бол деп жастайынан баланы өзімшілдікке, қатыгездікке үйретеді. Шын мәнінде ата-ана баласын теріс тәрбиелеп жатырмын деп ойламауы мүмкін, түп-түбінде бала қара басын ойлайтын қатыгез болып қалыптасқанын ата-ана өзі де байқамай қалып, қапаланады. Қазіргі кезде біз көбіне «Заманына сай бөркіңді ки»-деп, теріс тәрбие береміз. Керісінше, заманды жасайтын адам екенін біле тұра, бала бойына игі қасиеттерді неге дарытпасқа?
Жазушы, педагог А.С. Макаренко: « Бала сіздің ғана қуанышыңыз емес екендігін, сол үшін еліміздің алдында жауап беретіңізді әрдайым естен шығармауыңыз керек»-деген. [1] Яғни, отбасында бала тәрбиелеймін деп, атаның баласын емес, адамның баласын тәрбиелеуіңіз абзал.
Жоғарыдағыдай түрлі мәселелерді ескере отырып, отбасындағы бала тәрбиесіне байланысты ұсыныстарым:

  • « Баланы бұзуға, түзеуге, себеп болатын бір шарт-жас күнінде көрген өнеге»-деп қазақтың көрнекті жазушысы Жүсіпбек Аймаутов айтпақшы,[1] ата-ана әрдайым өзін өнегелі ұстауы керек;

  • Бала тәрбиесіне әке мен ана бірдей араласуы тиіс;

  • Баланы мейлінше, мейірімділікке баулыңыз. Себебі, қатыгездік-өмірге кесірін тигізеді;

  • Бос уақытыңызды ұрпағыңызға арнаңыз. Ол өзін ата-анасына керек екенін сезінуі керек.

  • Баланы мақтай да, жазалай да біліңіз.

  • Тұлға бойына адамгершілік тәрбиені молынан дарытыңыз. Себебі, қазіргі адамдардың көпшілігінде ол қасиет жойылып барады. Соның нәтижесінде заманымыз қиындауда;

  • Баланың бос уақытын қызықтыра біліңіз;

  • Сіздің балаңыз емес, елдің баласы ретінде тәрбиелеңіз. Сонда ғана сіз берген тәрбие жемісін береді.

Тоқсан ауыз сөзіміздің тобықтай түйінінде айтарым, адам өзгерер, заман түрленер, бірақ та қандай жағдайда болмасын «АДАМ» екенімізді ұмытпауымыз керек. Кубалық ақын, жазушы Хосе Хулиан Марти «Адам бола білу- ең қиын мамандық»-деген екен.[1] Қиындығын ескере отырып, отбасында баланың нәрестелік шағынан бастап дұрыс тәрбие беруміз абзал. Өйткені, біздің ұрпақ-ел болашағы.
Осы арқылы болашағымызды тәрбиелесек, аспайтын асу, алмайтын қамал болмасы анық екендігіне сенімдімін.
Мектеп - өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Еліміздің жпотары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, автономиялық мекеме болған емес. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты. Міне, мектептің үлкен тәрбиелік қызметі осында.
Мектеп тәрбиеге байланысты қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру рөлін атқарады, Ол ішкі тәрбие процесін атқарып қана қоймайды, мөлтек аудандарда, кәсіпорындарда жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан мектеп — балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның дамуында және қалыптасуында әр түрлі факторлардың ықпалын үйлестіріп, біріктіретін орталық. Мектепте іс-әрекеттің ең бастысы - тәрбие түрлерінің (дүниетіным, еңбек, мінез-құлық, әстетикалық дене тәрбиесі) мақсаттары мен міндеттері жүзеге асырылады.
Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының формалары көп. Олар: ата-аналармен жұмыс: сынып жетекшілерінің және мұғалімдердің отбасымен жұмысы; сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары. Осы жұмыстарға мектеп басшылық жасайды, көмектеседі, тиісті адамдармен, ұйымдармен бірігіп іске асыруды қамтамасыз етеді.
Тәрбие жүйесінде, әсіресе, жеке адамның жоғары моральдық қасиеттерін қалыптастыруда, адамгершілік сезімін, эстетикалық талғамын дамытуда қоғамдық тәрбие институттарының алатын орны ерекше.
2. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларын игереді. Сондықтан отбасылық өмір - жеке адамның азамат болып өсуінің негізі. Отбасы ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.
Отбасы - оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы ынтымаңтастыққа негізделеді.
Отбасы тәрбиесі - бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата-аналардың борышы. Үкімет отбасына үнемі қамқорлық жасауда. Қамқорлықтың түрлері: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерьлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми-техникалық және көркем шығармашылық үйірмелерінің жұмысын кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу, отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаториялардың, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, өйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.
Отбасындағы басты мәселелердің бірі - баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру: баланың төртібі, міндеттері, қойылатын
талаптьар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу-әрекеті, бос уақытын , ұйымдастыру.
Бала өмірін және іс-әрекетін ұйымдастыруда негізгі жағдайлардың бірі - ұтымды ырғақ жасау. Күн тәртібі - өмір тәртібі, еңбек пен демалыстың парасаттылықпен, кезектесіп өтуі, талаптардыр орындау, жақсы әдеттерді қалыптастыру.
Балалардың күн тәртібі жұмыс қабілетін толық сақтау үшін еңбек пен демалыстың кезектесіп өтуінің қажет екендігін көрінетін И.П.Павловтың іліміне негізделеді.
Күн төртібін баланы жинақылыққа, тілалғыштыңқа, дәлдікке мұқияттылыққа үйретеді, денсаулығын нығайтады, еңбек қабілетін жақсартады. Дұрыс ұйымдастырылған күн ырғағы белгілі дағдыға үйретеді, дағды әдетке айналады. Әдет келешекке бала қажетін қанағаттандырады.
Күн тәртібін жасауда ата-ана баланың жасын, үй жағдайын, денсаулығын мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің кеңесін, отбасы мен мектеп ырғағының бірлігін еске алуы тиіс.
Отбасында күн тәртібінің негізгі құрамды бөліктері - еңбек, демалыс, ойын, сабаққа дайындалу, тамақтану, үйқы, т.б. дұрыс алмасып отыруы қажет.
Отбасында балалардың тәрбие процесіне табысты ықпал жасайтын басқа жағдайлар:
• отбасының этникалық құрамы және құрылымы: толық емес отбасы, бір балалы, көп балалы отбасы, бір ұлттық, көп ұлттық отбасы.
• тіршілік әрекетінің жағдайлары: отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектену, кәсіптік ңүрамы, бюджеті, жалпы материалдық әл-ауқаты, ауылдық және қалалық отбасы.
• отбасының мәдени потенциалы: күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті, күн ырғағы, демалыс, оның формалары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаптарын пайдалана білуі, спорт-пен айналысу, отбасылық дәстүрлік мерекелер.
• ішкі отбасылық қатынастар микроклиматы отбасындағы көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, отбасы мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы.
• қоғамға көзқарасы: еңбек пен қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институттарына қатысы.
• отбасының тәрбиелік мүмкіндігі: отбасылық тәрбие, әдістер, ата-аналардың және басқа мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі. Отбасының осы ерекше белгілерінің тәрбиелік ықпалы өте күшті, оларды тәрбие барысында ескеру қажет.
Отбасының өзіне тән ерекше қызметтері бар. Олар халықтың өсуі, адамзат ұрпағын әрі қарай жалғастыру, қажеттілік, шаруашылық қызметі, отбасы мүшелерінің өзара және туған-туысқандарымен қатынас жасау қызметі.
Отбасындағы тәрбие түгел іске асып отырмайды. Тәрбиенің сәтсіздікке үшырауының басты себебі - тәрбиені жүргізіп отырған адамның педагогикалық көзқарастарының жеткіліксіздігі, адамның көңіл-күйі мен материалдық, өлеуметтік жағдайының нашарлығы. Отбасылық тәрбие тиімсіздігінің себептері:
• отбасындағы өктемдіктің баланы өзін-өзі басқарудан, билеуден айырып, өз күшіне, мүмкіншілігіне сенуден қалып, оған қарсы қоярлық ішкі күш-жігерінің төмендеуі, сезімінің мұқалуы;
• баланы өз еркімен жіберушілік, еркелік, бәрін кешірушілік. Баланың дегеніне көніп, жетегіне еру оны өзімшілдікке тәрбиелейді;
• отбасында бірыңғай талаптың болмауы, ересектер арасындағы алауыздықты пайдаланып, баланың екі жүзді және жағымсыз нерсеге бейім болып өсуі;
• ата-ананың баланы ұжымнан аулақтатып өсіруге тырысып, баланың қалыптасуына кері әсер етуі;
• ата-ананың баласының іс-әрекетіне немқұрайды қарап, жауапсыздық танытып, баланың, кездейсоң, күмәнді адамдармен танысуға мүмкіншілік алуы.
Ата-ана абыройы дегеніміз - бала көзімен көріп тұрған, жасы үлкен кісінің күдіксіз қасиеті, күші, ішкі қуатты берік логикаға негізделген ісі мен қасиеті. Осы қасиеттерді баланың бойына сіңіре білу - отбасы тәрбиесінің мақсаты, борышы, міндеті.
3. Мектеп оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қамқорлық жасап, ата-аналарды, жұртшылықты қатыстырады. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының бірнеше нысандары бар. Мектеп пен отбасы байланысының басты формасы - ата-аналар жиналысы. Онда күнделікті өмір, еңбек, демалыс, оқушылардың бос уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланып, оларды одан әрі жетілдірудің нақты жолмен қарастырылады. Сынып ата-аналары жиналысында ата-аналаар комитеті, олардың төрағасы сайланады.
Байланыс нысандарының бірі - педагогтардың оқушылар үйіне баруы.
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының тағы бір түрі - педагогикалық насихат, яғни ата-аналарға педагогикалық білім беру. Қазіргі ата-аналар және қалық бұқара арасында психологиялық және педагогикалық білімді насихаттаудық маңызы өте зор. Насихат жұмысы оқыту мен тәрбие міндеттерін шешуге әсер етеді. Н.К.Крупская ата-аналарды педагогикалық минимуммен қаруландырудық қажет екенін бірінші рет айтқан болатын. Тәрбие процесінде жеке адамның қалыптасуына ата-аналардың ықпалы олардың жалпы және педагогикалық мәдениеке байланысты. Осы тұрғыдан педагогикалық-психологиялық "І Іім негіздерімен ата-аналарды қаруландыру мектеп алдында І үрган міндеттердің бірі.
Мектептің ата-аналар комитеті мұғалімдерге, ата-аналарға комектесіп, балалардың демалысын, қиын отбасыларын қамқор-и.І ққа алып, балалардың тұрған жеріндегі жұмыстарды ұйым-дастыруға қатысып, ата-аналар жиналыстарын, конференция-лнрын пікірталастарды, балалар мерекелерін өткізуге арналған длйындық жұмыстарына қатысады.
Мектептің, отбасының, бүкіл халықтық және мемлекеттің иггізгі мақсаты - қазіргі заманның талаптарына сай балаларды және жастарды тәрбиелеу, оларды мамандық таңдауға, арнайы орта және жоғары оқу орындарына түсуге халық шаруашылы-гиның салаларында еңбек етуге даярлау.
Мектептің сенімді одақтасының бірі — отбасы Мектеп - өзгеріп отыратын жағдайлар мен құбылыстарды нжырата білетін, жасампаз шығармашылық тұрғысынан өр қү-Гм.Ілысқа баға бере қарайтын, болашақ мамандық иелерін, қоғам м(чі заман талабына сай талаптарды көре біліп, іс жүзінде асы-рптын жеке тұлға әзірлейтін мемлекеттік мекеме. Олай болса мектеп өзіне бөлініп берілген шағын ауданда мемлекет атынан Іс-әрекет жасай отырып, Негізгі заңда (Конститутцияда) жазылған білім беру саласындағы қағидаларды, ата-аналармен, әрбір отбасымен бірлесе отырып іске асырады. Ынтымақтастықтың бірнеше түрі бар. Ата-аналарды педагогика-психологиялық білім негіздерімен қаруландырып отыру мектептің алдында тұрған басты міндеттерінің бірі. Ата-аналарға педагогикалық білім беру үшін ата-аналар конференциясы, әңгімелер, сұрақ-жауап, консультациялар өткізіледі.
Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтерудің жоғары түрі - халық университеті. Университет арқылы ата-ана психологиялық-педагогикалық білім алып, тәрбие мен оқыту теориясы және тәжірибе саласында білім жинаңтайды. Бұл сабақтардың тиімділігін арттыру үшін конференциялар, семинарлар, тәжірибелік сабақтар, кеңестер, экскурсиялар пайдаланылады. Ата-аналар рефераттар жазып өткізеді. Университетте өтетін сабақтар бағдарламалар мен оқу жоспары, сабақ кестесі бойынша белгілі бір жүйемен жүргізіледі. Бүгінгі өзгерістерге байланысты бұлардың өзіндік ерекшеліктері қалыптасуда.
Нарықтың әкономикаға өтумен байланысты бұл салада ойланып істейтін шаралар көп. Егер қоғамға пайдалы адамдар тәрбиелеп шығару қажет деп тауып, педагогикалық білімнің маңызын көтеру қажет болса, мемлекет оны шешудің экономикалық кілтін табады.
Бала тәрбиесіне байланысты ұсынылатын әдебиеттер тізімі ата-аналарға әрбір сынып арқылы жүйеленіп берілуі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет