Күнделік-есеп Өндірістік (педогогикалық) іс-тәжірибе бойынша


Қысқаша аналитикалық есеп



бет3/14
Дата18.12.2023
өлшемі170,99 Kb.
#140520
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Күнделік-есеп Өндірістік (педогогикалық) іс-тәжірибе бойынша-emirsaba.org

Қысқаша аналитикалық есеп
Мен Арғынбаева Сымбат Ержанқызы «6В01703 - Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының іштей күндізгі оқу түрінің білім алушысы бұйрық бойынша бекітілген Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ 2023 жылдың «23» қаңтарынан бастап «31» наурызға дейін өндірістік (педагогикалық) іс-тәжірбиеден өттім. Іс тәжірбие барысында бастапқыда бізге мектептің тарихын сипаттап айтып берді. Мектеп директоры Сауырбаева Г.К. Салынған және пайдалануға берілген жылы: 1978 жыл. 2007 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қаладағы жетіншіқазақ мектебі болып №16 орта мектебі өз жұмысын бастады. Сыныптар саны: сыныптар - 49, оқушылар - 1228 Мектепалды даярлық сыныбы: 112 оқушы ( 4 сынып); 1-4 сыныптар - - 567 оқушылар (23 сынып); 5-8 сыныптар - 458 оқушылар (18 сынып); 9-11 сыныптар - 203 оқушылар (8 сынып). Жобалық қуаты: 1176 оқушы. Қызметкерлер саны: 131 қызметкер, соның ішінде: Педагогикалық қызметкерлер: 94 мұғалім;

Болашақ ұстаз ретінде мектеп тəжірибесінде оқу-тəрбие жұмыстарын ұйымдастыруда, сондай-ақ, жеке пəнді оқытуға педагогикалық ықпал жасауда оның психология ғылымынан алған теориялық білімін практикада қолдануға мүмкіндік тудырды. Педагогика үшін психологияның негіздерін іс-жүзінде пайдалану, тұлғаның дамуындағы өзіндік заңдылықтарын, баланың жас жəне дербес ерекшеліктерін білу, оқыту мен тəрбиелеудің неғұрлым тиімді əдіс-тəсілдерін таңдауға, оларды іс-тəжірибеде, практикада қолдануға теориялық негіз болды. Педагогикалық практика кезінде сынып оқушыларын психологиялық тұрғыдан зерттеу, болашақ мұғалімнің бала дамуын жəне оның жеке тұлға ретінде қалыптасу барысын дұрыс жобалауға, оған психологиялық-педагогикалық тұрғыдан дұрыс, оңды ықпал жасауға жəне олармен жұмыс істеудің неғұрлым тиімді жолдарын табуды үйрендім. Студент - педагогикалық практика кезінде жоғары оқу орны қабырғасында алған, жалпы теориялық білім, білік, дағдыларын мектеп іс- тəжірибесінде алғаш қолданып, оны іс-жүзіне асырадым.


Іс-тәжірбие барысында бізге жүктелген мақсаты «Шет тілі» курстарын оқу барысында студенттердің алған теориялық білімдерін тереңдету жəне бекіту; алғашқы дағдаларын меңгеру; пəн мұғалімінің жұмысымен танысу.
Өндірістік іс-тәжірбиенің негізгі міндеттері:
- болашақ мұғалімнің бойында мамандыққа деген бейімділігін қалыптастыру;
- студенттің педагогика, психология жəне «Шет тілі» оқыту əдістемесі пəнінен алған теориялық білімдерін практикада шыңдау;
- студенттерді педагогикалық қызметке тарта отырып, мектеп оқушыларымен оқу-тəрбие жұмысын ұйымдастыруда білім, білік, дағдыларын қалыптастыру;
- болашақ мамандарды өз бетінше жұмыс істеуін жоспарлауға, ұйымдастыруға, оқушылармен оқу-тəрбие жұмысын өткізуге, тəрбие мен білім берудің өзекті мəселелерін шешуге шығармашылықпен қарауға үйрету;
- болашақ мұғалімдерді қазіргі мектеп жағдайындағы озық инновациялық іс-тəжірибелермен таныстыру, озат мұғалімдердің педагогикалық тəжірибелерін талдап қорыту, оларды игеруге дағдыландыру;
- студент шет тілі пəнінің əдістемелік негіздерін жетік біліп үйрену, бейімделу, пəн бойынша дидактикалық материалдар мен көрнекі құралдар пайдалану;
- оқушыларды жан-жақты дамытуда олардың танымдық іс-əрекеттерін, алға қойған мақсатқа жеткізуде дидактикалық ұстанымдарын басшылыққа ала отырып, оқыту əдістерін дəлдікпен таңдау;
- Шет тілі пəнінен өзі өткізген сабақтары мен басқа да студенттердің өткізген сабақтарына ғылыми-əдістемелік тұрғыдан талдау жасай білуге үйрену;
- алдыңғы қатарлы мұғалімдердің озық педагогикалық тəжірибелерін зерттеп, оқып үйрену;
- студенттің ғылыми-зерттеу жұмысына, сондай-ақ ғылыми-əдістемелік конференцияларға баяндама жасауға материалдар жинау, оны ғылыми жүйеде талдауға келтіру;
- өзі өткізген жəне басқа да практикант-студенттердің өткізген ашық тəрбие сағаттарына қатысып, оларға талдау жасау;
- сынып жетекшілігі ретінде бөлініп берілген сынып оқушыларының ата- аналарымен жұмыс істеу, яғни, бала тəрбиесі жайында ата-аналармен жеке əңгіме өткізу;
- сынып ұжымы оқушыларымен болашақ мамандық таңдауға байланысты жұмыс жүргізу, оларды бағыттау, осы бағытта ата-аналарымен жұмыс істеу, оларға ғылыми негізде жан-жақты мəлімет беру.
Іс тәжірибенің алғаш күні ,яғни 24 қантар бақылау жұмыстарын жүргіздік, яғни біз сабақтарға қатысып бақылап, оқушыларды меңгередік, мұғалімдердің сабақтарына, сыныптан тыс жұмыстарына қатыстық. Сабаққа толық педагогикалық-психологиялық немесе ішінара талдау жасап, бақылағанымызды арнайы күнделікке жазып, толтырып отырдық. Жетекшімізбен бірге әр өткізілетін сабақтарымыздың тақырыптарын анықтап, жоспар құрдық. Бізге арнайы нұсқаулықтар берілді. Яғни бізге толық теориялық тұрғыдан мәліметтер беріліп, практика міндеттері, бағдарламаларымен есептік құжаттары, мекемедегі жетекшілер мен практиканың бақылау мерзімдерімен таныстық. Мектептің оқу жүйесімен, оқу бағдарламасымен, білім беру мекемесінің қызметкерлерінің жұмысының мазмұны, мұғалім-оқушы қарым-қатынастарының психологиялық-педагогикалық негіздерімен таныстым. Іс-тәжірибеде жетекшімнің және өзге де шет тілі мұғалімдерінің сабағына қатысып, тәжірибе жинақтадым. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдердің жаңашылдықтарымен танысып, сабақты талдау барысында ұтымды сабақ өткізудің жолдарын Смаилова Роза Кожанкуловнамен бірлесе отырып талдадық. Сабақтың мақсат-міндеттерін талдай отырып, қойылған мақсатқа жету және оқушылармен тиімді қарым-қатынас орнату жолдарын толық меңгердік. Одан бөлек мектеп ұжымымен танысып, кәсіби-қызметтік қызмет атқардық. Тәжірибенің мақсаты бойынша жоспарға сай жұмыстар атқарылып, жетекшіммен жаңашыл идеяларды іске асырдым, білім берудегі жаңа технологияларды, әдіс-тәсілдерді сабақ барысында қолдандым. Бастапқы аптада мектеппен танысып, мұғаліммен тақырыптық жоспар жасадық және сынып жетекшісімен тәрбиелік іс-шаралардың жоспарын талқыладық. Бір екі күн ішінде күнделікті жеке жұмыс жоспары құрастырылды. Күнделікті жеке жоспар негізінде артқарылғын жұмыстарды күнделік есепке жазып жүрдім, күнделікке өз ұсыныстарым мен сабақты бағалап, өз әсерімді жаздым. Жұмыс кезеңі он апта бойы жүзеге асырылды. Осы он апта кезеңінде бақылау және психологиялық-педагогикалық тапсырмаларды орындадым. Одан бөлек тәрбиелік іс-шараларды ұйылмастырып, ынталандыру материалдары дайындалды. Сабаққа екі-үш күн қалғанда әр сабақтың конспектісін жетекшіммен бекітіп отырдық. Өзіндік іс-шаралар өткіздік. Іс-шаралардың нәтижелерін жетекшіммен талқыладық. Жетекшімнің бақылауымен сабақ жоспарын құрап үйрендім.

Екінші аптадан бастап біз мектептің оқу-тәрбие жұмысына араласып, барлық пәндер бойынша сабақ беруге кірістік және сынып жетекшілік міндетін де қоса атқардық. Сынып жетекшілікке бекітілген 8 «А» сыныбында оқитын оқушылармен таныстым. Олардың сабақтарына қатысып психологиялық талдау жасап, сабақтағы белсенділіктеріне әр оқушыынң ерекшеліктерін бақыладым. Сыныпта барлығы 25 оқушы. Оның 25-ұл, 18-қыз. Барлық сабақтар жақсы әдістемелік деңгейде сынып мұғалімінің қатысуымен өткізілдік. Практика кезінде әр қайсысымыз күнделік жүргізіп отырдық, оған күнделікті жүргізген оқу-тәрбие жұмысын жазып, жетекшімізбен бірге талдадық. Сыныптағы бір оқушыға психологиялық-педагогикалық мінездеме жазу үшін зертеу материалдарын жинақтадым. Шет тілі пәнінен сабақ жоспарын әзірлеп, жетекші бақылауымен өткізе бастадым. Әрбір сабаққа жоспар жазып, алдын ала мұғалімге тексертіп отырдым. Сабақ жүргізу барысында көптеген әдістерді қолданып, өзім жүргізген сабақтарыма талдау жасадым. Жетекшімнің ұсыныстарын ескеріп, одан бөлек оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін арттыру бағытында әрбір оқушының психологиялық және қабылдау мен зейін ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс жүргіздім. Қосымша көрнекіліктер, АК құрылғыларын қолдана отырып оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға тырыстым. Сабақ жоспарына сай әр апта «Шет тілі» пәнінен сабақ өтіліп отырдым. Өндірістік практика кезінде мектеп мұғалімдері мен әдіскер-оқытушылардың көмегімен талап етілген жұмыстардың барлығын жауапкершілікпен сәтті аяқтадым, көп нәрселерді үйреніп, жоғары жетістіктерге жете алдым. Сабақтарда оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ–ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасау, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді қолдана алдым. Жаңа білім беру жүйесінің талаптарына сәйкес жетекшімнің бақылауымен сыни ойлау стратегияларын қолдандым. Іс-тәжірибе барысында мен жалпылай оқыту, әңгімелесу, жазба жұмыстары және саралап оқыту, модульдік оқыту технологиясы сияқты әртүрлі оқыту формаларын жете түсіндім.

Мекеменің жылдық оқу жұмысына байланысты нормативтік құжаттар мен оның жүргізілу тәртібімен таныстым. Ол құжаттарға: мектептің жұмыс жоспары; сынып жетекшінің жұмыс жоспары; сабақ өткізу жоспары; журналмен жұмыс істеу тәртібі және білім алушылардың жеке іс-қағаздары мен орындайтын тапсырмалар жатады. Мен бұл құжаттармен танысу барысында сабақ жоспарын қалай құру керектігін, ашық, тәрбие сабақтарын өткізудегі педагогтың атқаратын жұмысын үйрендім. Күнделікті сабақта әдістеріді тиімді қолданумен қатар, қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағында ұсынылған тапсырмаларды немесе өзім құрастырған тапсырмаларды беру арқылы бағалап отырдым. Яғни, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланыс үнемі қамтамасыз етілді және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, арнайы дескрипторлары бар бағалау қолданылып отырдым.

Бізді жетекшіміз жеке тапсырмалардың критерийлерімен таныстырып, дескриптор құру, сұрақтарды тиімді қою, ауызша және жазбаша кері байланысты қамтамасыз ету, сыныптасын және өзін-өзі бағалауға үйретіп, жалпы оқу үдерісін ұйымдастыру жұмыстарының ерекшеліктерімен іс жүзінде таныстырды. Сонымен қатар, мұғаліммен бірге 6 «Ә», 7 «А», 7 «Ә», 8 «А» сыныбының оқу мақсаттары мен бағалау критерийлеріне сәйкес бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар құрастырып және БЖБ, ТЖБ өткізу және нәтижелерін талдау үдерісіне қатысып, балл қойып, ата-аналарға арналған ақпараттан тұратын рубрика дайындау жұмыстарына қатыстым.


Іс-тәжірбиенің соңғы апталарында бақылау және бағалау жұмыстарын жүргіздік. Бұл кезеңде Жиналған құжаттаманы сынып жетекшісіне тапсырып, мінездеме алдым. Іс-тәжірибе барысында меңгерілген теориялақ білімдерін іс-тәжірибеде қолдана білу және білім берудегі мәселелерді шешу үрдісінде педагогикалық техникалар мен технологиялардың элементтерін тәжірибелік қолдана білуді меңгердім. Білім беру жүйесінің ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне байланысты кәсіби қызметінің жүзеге өзіндік үлгісін және оның алдағы уақытта асырылуының негіздерін қалыптастыруда ұйымдастырылған сабақтар мен кеңестердің маңызы зор болды.
Практика кезінде оқу-тәрбие жұмыстарында өзімізді толық қанды мұғалім ретінде сезініп, өндірістік практикадан алған жаңа мағлұматтар көп болды: сол арқылы біз өздерімізге сенімді болып, еркін ұстап, жауапкершілікті сезініп, сабақты түрлендіріп (жаңа технология элементтерін пайдалана алуы) өткізіп, көрнекіліктері эстетикалық талапқа сай болуын түсініп, мұғалімдердің ашық сабақтарына өзара сабаққа қатыстық және ата-аналар жиналысын өткіздік. Сонымен бірге, іс-тәжірибе кезіндегі қиындық туғызған сәттер де болды. Атап айтсам: сабақтың әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдап, сабақ барысында тиімді жүзеге асыру; сабақ өткізу барысында жоспарланған уақыттың жетіспеуі орын алды. Алайда, аталған алғашқы қиындықтар жетекшінің нұсқауымен тез түзетіліп, шешімін тапты.
Қорыта келе, практика кезінде оқу-тәрбие жұмыстарында өзімізді толық қанды мұғалім ретінде сезініп, өндірістік практикадан алған жаңа мағлұматтар көп болды: сол арқылы біз өздерімізге сенімді болып, еркін ұстап, жауапкершілікті сезініп, сабақты түрлендіріп (жаңа технология элементтерін пайдалана алуы) өткізіп, көрнекіліктері эстетикалық талапқа сай болуын түсініп, мұғалімдердің ашық сабақтарына өзара сабаққа қатыстық және ата-аналар жиналысын өткіздік. Сонымен бірге, іс-тәжірибе кезіндегі қиындық туғызған сәттер де болды. Атап айтсам: сабақтың әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдап, сабақ барысында тиімді жүзеге асыру; сабақ өткізу барысында жоспарланған уақыттың жетіспеуі орын алды. Алайда, аталған алғашқы қиындықтар жетекшінің нұсқауымен тез түзетіліп, шешімін тапты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет