Күнделік-есеп Өндірістік (педогогикалық) іс-тәжірибе бойынша



бет1/14
Дата18.12.2023
өлшемі170,99 Kb.
#140520
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Күнделік-есеп Өндірістік (педогогикалық) іс-тәжірибе бойынша-emirsaba.org


Күнделік-есеп Өндірістік (педогогикалық) іс-тәжірибе бойынша

«СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ атындағы
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі
Шет тілі кафедрасы


Күнделік-есеп
Өндірістік (педогогикалық) іс-тәжірибе бойынша
«6В01703 – Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының іштей күндізгі оқу түрі 4 - курс білім алушысы

Арғынбаева Сымбат Ержанқызы
Іс-тәжірибеден өту орны: ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «З.Ахметов атындағы №16 орта мектеп» КММ

Іс-тәжірибе мерзімі:

2023 ж. «23» қаңтардан бастап 2023 ж. «31» наурызға дейін
Мекемедегі өндірістік-педагогикалық іс-тәжірбие жетекшісі:
Смаилова Р.К., педагог-сарапшы __________.
Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ іс-тәжірбие жетекшісі:

Козлова А.Л., сениор лекторы __________.


Қорытынды баға: _____________

Өскемен, 2023 ж.


Өндірістік педагогикалық іс-тәжірибе бойынша жұмыс жоспар-кестесі


Күні


Тапсырмалар және олардың мазмұны
(іс-әрекеттері)


Орындалу мерзімі бойынша ұсыныстар

1 апта

23.01-28.01.2023 ж.

Педагогикалық іс-тәжірибе мақсаты мен міндеттеріне сай мектеп әкімшілігі мен «Шет тілі» пән мұғалімдерімен танысу. Мектеп тарихы, құрылымы, ішкі тәртіппен, мұғалімнің құқығы мен міндеттерімен, оқу кестесі және мектеп жоспарымен танысу.


Бекітілген сынып құрамымен, оқушылар және олардың ата-аналары жайлы мағлұматтармен танысу.
«Шет тілі» пәнінің оқу жоспарымен танысып, талдау жасау. Пән мұғалімінің сабақтарына қатысып, ұйымдастырылуы, оқыту әдіс-тәсілдерін қолдану ерекшеліктеріне талдау жасау.

Апта бойы бақылау жүргізіп, талдау


2 апта

30.01-04.02.2023 ж.

Мектептің желілік жұмысын, ақпараттық ресурстар мен платформаларды, электрондық журналдарды және kundelik.kz зерттеп, талдау.


Бекітілген сынып жетекшісімен, тәрбие жұмысының жоспарымен танысып, талдау жасау. Педагогикалық іс тәжірибе барысында жүргізілетін тәрбиелік іс шараларды жоспарлап, жетекшімен талдау.
Пән мұғалімі әдіскермен ұйымдастырылатын сабақ тақырыбы бойынша ҚМЖ құрастырып, талдау жасап, сабақ жүргізіп, өзіндік, өзара талдауды саралау. Апта рефлексиясы.

Апта бойы бақылау жүргізіп, талдау


3 апта

06.02.-11.02.2023 ж.

«Мектептің корпоративтік мәдениеті» феноменін зерделеу. Пәннің оқу бағдарламалары мен оқулықтар мазмұндарымен танысып, талдау жасап саралау. Пәннің оқу бағдарламалары мен оқулықтар мазмұндарымен танысып, талдау жасап саралау.


Пәнді оқыту үрдісінде қолданылатын әдіс, тәсілдердің тиімділігіне талдау жасай отырып, жүргізетін тақырыпқа сай ҚМЖ құрастыру. Өткізілетін пән сабақтарында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға назар аударып, талдау жасап, зерделеу.
Апта рефлексиясы.

Апта бойы бақылау жүргізіп, талдау


4 апта

13.02-18.02.2023 ж.

Сынып оқушыларының психологиялық, әлеуметтік топтарымен танысу, сабақ пен сабақтан тыс және тәрбие шараларындағы өзгеріс жағдайында оқушыларды бақылау. Бекітілген сынып оқушыларына және бір оқушыға сипаттама беріп, мінездеме жазу. Деректерді өңдеу және нәтижелерді графикалық бейнелеу, мұғалімді бақылау нәтижелерімен таныстыру. Өзі жүргізген сабаққа талдау жасау. Басқа практиканттың сабағына қатысқан сабақты талдау, сипаттама беріп саралау. Апта рефлексиясы.


Апта бойы сабақ кестесіне сай бақылау жүргізіп, өз ара және өздік талдау


5 апта

20.02.-25.02.2023 ж.

Сабақтарды бақылау, шет тілі пәні мұғалімдерінің педагогикалық стильдерін тану. Фокусты бақылау: қабылдаудың әртүрлі түрлерін анықтау (визуалдар, аудиалдар, кинестетика, дигиталдар) және әр түрлі деңгейдегі оқушылардың қатысуы. Қатысқан сабақтарды талдау. Бекітілген сыныптар бойынша сабақтар жүргізу және пән мұғалімінен ҚМЖ құрастыруды әдістемелік көмек алу, талдау.


Апта бойы сабақ кестесіне сай бақылау жүргізіп, талдау


6 апта

27.02.-04.03.2023 ж.

Бекітілген сыныпта сынып жетекші міндеттерін атқару. Сынып жетекші құжаттарымен танысуды жалғастыру, сынып оқушыларының мәліметтеріне талдау жасау. Тәрбиелік іс-шараларға қатысу. Мектептің сыныптан тыс тәрбие жұмысы жүйесі бойынша директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен кәсіби әңгімелесу. Сыныптан тыс іс-шараларды бақылау, талдау. Бекітілген сыныпта сабақ жүргізуде ҚМЖ құрастырып, пән мұғалімі әдіскерімен талдау, сабақ өткізіп, жетістігі мен жетілдірілген жақтарына талдау жасау. Басқа практиканттармен пікір алмасу.


Апта бойы сабақ кестесіне сай бақылау жүргізіп, пән бойынша жүргізілген сабағына талдау


7 апта

06.03.-11.03.2023 ж.

Пәннің оқу бағдарламалары мен оқулықтар мазмұндарына сәйкес жүргізілетін сабақ тақырыптарымен танысып, талдау жасап саралау. Пәннің ҚМЖ сәйкес тақырыпта бекітілген сыныпта шет тілі пәні бойынша сабақ ұйымдастырудың ҚМЖ құрастыру, талдау.


Бағалау ерекшеліктеріне талдау жасау.

Апта бойы сабақ кестесіне сай бақылау жүргізіп, талдау


8 апта

13.03.-18.03.2023 ж.

Бақылауға бекітілген сынып оқушыларының оқу үлгерімдерімен танысып, талдау. БЖБ тапсырмаларын талдау және БЖБ тапсырмаларын құрастыру жолдарымен танысу. Пән тақырыбына сай құрастырған БЖБ тапсырмаларына талдау жасау, сабақ өткізуде қолданып, нәтижелеріне талдау жасап, бағалау.


Апта бойы сабақ кестесіне сай бақылау жүргізіп, талдау


9 апта

20.03.-25.03.2023 ж.

Оқыту әдістерін және критериалды бағалау стратегиясын, оның ішінде қалыптастырушы бағалауды зерттеу. Қатысқан сабақтар аясында мұғаліммен әңгімелесу және талдау. Сабақ жүргізуде қолданған қалыптастырушы бағалау тапсырмаларына талдау жасап, баалау нәтижелерін саралау. ТЖБ тапсырмаларын саралау. Апта рефлексиясы.


Апта бойы сабақ кестесіне сай бақылау жүргізіп, талдау


10 апта

27.03.-31.03.2023 ж.

Өткен педагогикалық тәжірибе бойынша қорытынды конференцияға есептік құжаттарды дайындау, әдіскермен талдау және талқылау, талапқа сай рәсімдеу. Педагогикалық тәжірибе қорытындысы бойынша конференцияға қатысу және есепті қорғау.


Есепті уақытында өткізуге дайындау







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет