Күнделік-есеп Өндірістік (педогогикалық) іс-тәжірибе бойынша


«А» сыныбының сабақ кестесі



бет5/14
Дата18.12.2023
өлшемі170,99 Kb.
#140520
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Күнделік-есеп Өндірістік (педогогикалық) іс-тәжірибе бойынша-emirsaba.org

8 «А» сыныбының сабақ кестесі


Дүйсенбі

Сейсенбі


Сәрсенбі


Бейсенбі


Жұма

1

Информатика


Физика

Алгебра

Қазақ тілі


Алгебра

2

Орыс тілі


Ағылшын тілі


Физика

Д/ш

География


3

Алгебра

Биология


Орыс тілі


Биология


Химия

4

Қазақ әдебиеті


Геомертрия


Ағылшын тілі


Орыс тілі


Ағылшын тілі


5

Д/ш

Қ. тарихы


Д. тарихы


Геомертрия


Қ. тарихы


6

География

Қазақ тілі


Химия

Көркем еңбек

Қазақ әдебиеті


7



Д/ш

Қазақ әдебиеті



Жаһ.құзыреттілік





Жетекшінің сабақ кестесі


Уақыты

Дүйсенбі


Сейсенбі


Сәрсенбі


Бейсенбі


Жұма

1

13.20-14.05












2

14.10-14.55











3

15.05-15.50





7 «А»





4

16.00-16.45

7 «Ә»







6 «Ә»

5

16.50-17.35


6 «Ә»

7 «А»

7 «Ә»





6

17.40-18.25

7 «А»



6 «Ә»



7 «Ә»

Шығыс Қазақстан облысы білім беру әкімдігінің Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «З.Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ 8 «А» сыныбына

Мінездеме

«З.Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ 8 «А» сыныбында 25 оқушы білім алуда. Сыныпта 8 ұл, 17 қыз бар. Жас ерекшеліктері 14-15жас.


Сыныптың оқу үлгерімі жақсы, әлеуметтік құрамы - орташа. Сынып гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқиды және эстетикалық тәрбиесі жақсы. Оқушылар ұйымшыл бір-бірімен жақсы араласады. Мектептегі түрлі мәдени шараларға және спорттық жарыстарға белсене қатысады. Мектептегі тәрбие жұмысының мақсаты және міндеттерін жүзіге асыру негізінде оқушылар шығармашылық дамуы үшін жүргізілетін үйірмелер және пәндік қосымша сабақтарға қатысады. Оқушылар биге, әнге, домбыраға, спорттық жарыстарға қатысады. Оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынасы, ұйымдастырушылық қабілеттері жоғары. Оқушылардың еңбекке ынтасы зор, ағаштарды күтіп баптау, сенбіліктерге қатысу, жауапкершіліктері мен адалдығы үлгі етерліктей.
Сыныптан тыс жұмыстарды сынып жетекшісінің көмегімен көбінесе, сынып басшысы мен тәрбие секторы ұйымдастырады. Барлығын жоспарлап алғаннан соң әрбір оқушыға тапсырмаларын бөліп беріп, орындалуын қадағалап отырады. Тапсырманы әр оқушының бейімділігін, жеке-дара ерекшелігін ескере отырып бөледі.Сынып іші топ-топқа бөліну, бір-бірімен араласпай жүру деген сияқты жаман қылықтардан аулақ. Оқушылар ұйымшыл, бір-бірімен өте жақсы араласады. Сабақ үстінде бір-біріне үнемі көмектесіп отырады. Бірінші сыныптан бастап бірге оқып дос болып келе жатқан оқушылар да бар. Олар үнемі бірге отырады, бірге жүреді, бір-бірін қатты сыйлайды. Сыныптағы ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынас жақсы. Көбінесе ұлдар қыздарды сыйлап, олардың ырықтарына көніп отырады.Оқудан тыс өмірде оқушылар киноға, саябаққа, қыс мезгілінде коньки тебуге барады. Кейде сынып жетекшісімен бірге бүкіл сынып болып қыдырады, кейде өздері ұйымдасып барады. Сынып ішінде демалу орнына барғысы келмей сыныпты артқа тартатын оқушылар да бар.Сынып оқушылары сабақ жағына мықты болмаса да, сыныптан тыс жұмыстарға белсене, бірігіп ұйымдастырып, құштарлана қатысады.
ҚР -ның дамуына үлес қосар азаматтары мен азаматшалары болатындарына зор сенім білдіремін!
Іс-тәжірбиеден өткен білім алушы _______________________ Арғынбаева С.Е.
Пән бойынша жетекші _________________________________ Смаилова Р.К.
Шығыс Қазақстан облысы білім беру әкімдігінің Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «З.Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ 8 «А» сынып оқушысы Қайырханқызы Зере

Мінездеме

«З.Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ 8 «А» сынып оқушысы Қайырханқызы Зере. Дене дамуы өзінің жасына, ортасына сай келеді. Денсаулық жағдайы жақсы. Сынып ұйымдастырушысы яғни басшысы қызметін атқарады. Зере көбіне ән айту жағына бейімді. Би де билеп, өнер десе ішкен асын жерге қояды. Зере сынып ұйымдастырушы болғандықтан, оның сыныптағы орны өте ерекше. Оқу үлгерімі өте жақсы. Сынып ішінде туып жатқан қиындықтарды, сынып жетекшісімен бірге шешім қабылдауға көмегін тигізеді.


Сыныпты қоғамдық жұмыстарға қатысу жағынан үнемі алға тартып, барлығын ұйымдастырып отырады. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Оқу жұмысына деген белсенділігі жоғары. Барлық сабақты ұнатады. Биология пәнін қатты сүйіп оқиды. Үй жұмысын жүйелі түрде орындап келеді.
Тәртібі мектеп ережесіне сай. Сабақтарды себепсіз босатпайды. Мұғалімдермен және сыныптастарымен қарым-қатынасы өте жақсы. Темпераменті сангвин-меланхолик. Сауатты жазады, жазу дағдысы жақсы қалыптасқан. Ерік-жігері мықты дамыған, алдына қойған мақсатына жету үшін күшін салады. Мінезі ашық, сабырлы, достарымен жақсы тіл табысады. Оқу бағдарламасы бойынша өткен тақырыптарды толық меңгерген. Пәндерге қызығушылығы жоғары. Қай пәннен де тапсырмаларды өздігінен орындай алады. Берілген істі ұқыпты, тиянақты және шапшаң орындайды. Мектепішілік, қалалық физика пәнінен олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындармен марапатталды. Мектептен тыс «Достық» оқу орталығына ағылшын курсына қатысады. Зере бойындағы ерекше қасиеті қайтпас қайсарлығы, батылдығы.
Болашақ мамандығын дәрігер ретінде елестетеді. Зеренің жалпы білім деңгейі жоғары, себебі көп кітап оқығанды ұнатады, өз білімін жан-жақты жетілдіреді. Әр сабақты зейін қойып тыңдап отырады. Есі: бейнелік, сөздік логикалық, эмоционалдық, қозғалыстық; өнімділік сипаттамасы: есте сақтау ұзақтығы орташа.
Іс-тәжірбиеден өткен білім алушы _______________________ Арғынбаева С.Е.

Пән бойынша жетекші _________________________________ Смаилова Р.К.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет