2. Оқыту әдістемесін меңгеруі
|
|
1.5
|
|
ҮЛГІЛІ: Оқушылардың оқыту іс-әрекетін ұйымдастыруы жоғары деңгейде. Сабақтың кезеңдері логикалық тізбектелген және аяқталған. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ынталандыратын техникасын жетік біледі. Сабақты жоғарғы қарқынды өтуін қамтамасыз етеді. Сабақ процесінде әрбір оқушының жеке қабілетін біледі және ескереді. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін ашық сұрақтар қояды. Жүйелі кері байланыс ұйымдастыра біледі. Үнемі объективті бағалайды және мониторинг жүргізеді.
|
ЖАҚСЫ:Оқушылардың оқыту әрекетін ұйымдастыра алады. Сабақты бір қалыпты қарқынды өтуін қамтамасыз етеді. Сабақ процесінде әрбір оқушының жеке қабілетін ескереді. Сабақтағы жағдайға қарай сабақ жоспарына өзгеріс енгізе алады. Стандартты сұрақтар қояды, сонымен қатар оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін сұрақтар да қояды. Кері байланыс ұйымдастыра біледі.
|
ЖАҚСАРТУДЫ ТАЛАП ЕТЕДІ: Сабақтың кезеңдері логикалық тізбектелмеген және аяқталмаған. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ынталандыратын әдістерін және тәсілдерін нашар біледі. Сабақтың орташа қарқынды өтуін қамтамасыз етеді. Сабақ процесінде әрбір оқушының жеке қабілетін ескермейді. Сабақты тек ғана жоспар бойынша жүргізіледі. Кері байланыс әлсіз. Оқушылардың білімін объективті бағалайды. Мониторинг жасағанда қиыншылықтарға кездеседі.
|
ТӨМЕН:Оқушылардың оқыту әрекетін ұйымдастырғанда қиындықтарға кездеседі. Сабақтың төмен қарқынды өтуін қамтамасыз етеді. Кері байланыс жоқ. Оқушылардың білімін бағалағанда және мониторинг жүргізгенде қиындықтарға кездеседі.
|
|