Күні: Сынып: 10 Пәні: Биология Сабақтың тақырыбы



бет1/3
Дата24.04.2023
өлшемі33,37 Kb.
#86240
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
тұқым қуалаушылықтың хромосомалық (1)


Күні:
Сынып: 10
Пәні: Биология
Сабақтың тақырыбы: Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы. Гендердің тіркесу топтары. Белгілердің тіркес тұқым қуалауы. Морган заңы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік.Оқушыларды Т.Морганның тіркесіп тұқым қуалау заңымен таныстыру және кроссинговер құбылысын түсіндіру.
Дамытушылық. Оқушылардың оқу материалдарының мазмұнын генетика
заңдылықтарын еске ала отырып,есептерін шығара отырып, ойлау қабілетін дамыту
Тәрбиелік. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу .
Сабақтың түрі: дәріс
Сабақтың әдісі: СТО элементін пайдалану,
Сабақтың пән аралық байланысы: Өсімдіктану, жануартану,
математика,шеттілі.
Сабақтың көрнекілігі: сызба-нұсқа,трек-сызба
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу;
ә) оқушыларды түгелдеу;
б) сынып тазалығына көңіл бөлу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
1. Генетика ғылымы нені зерттейді? Тұкым куалаушылык пен өзгергіштік дегеніміз не?
2. Тұқым куалаушылык туралы ежелгі дөуір ғалымдары қандай пікірде болды?
3. Тұкьш куалаушылык туралы Ч.Дарвин қандай пікірде болды?
4. Туқым куалаушылықты дәлелдеу үшін Г.Мендель кандай енбек жазды?
ІІІ. Жаңа сабақ
Кез келген хромосомада бір емес көптеген гендер орналасқан. Осындай бір хромосомада орналаскан гендердің тұқым куалау ерекшелігін америкалык генетик Т.Морган зерттеді. Ол өз шәкірттерімен бірге 1910 жылдан бастап бірнеше жыл бойы жеміс шыбыны — дрозофилаға тәжірибе жүргізді, тәжірибеде жетілген қанатты сұр шыбынды жетілмеген қанатты қара шыбынмен будандастырғанда — бірішні ұрпактағы барлық шыбындар біркелкі жетілген қанатты сүр денелі болып шыққан. Бұл тәжірибеден дененің сұр түсті болуын және жетілген қанатты анықтайтын гендер — басымдылық қасиеті бар доминантты гендер екені көрінеді.Морган тәжірибені әрі қарай жалғастырып, осы Ғ1- сұр денелі жетілген қанатты ♂ -ты қара денелі жетілмеген қанатты ♀ шыбынмен кері будандастырғанда — Ғ2 тең мөлшерде ата-аналарына ұксас сұр денелі жетілген қанатты және қара денелі жетілмеген қанатты екі түрлі шыбындар алынған.
Б ұл жағдай дененің түсі мен қанаттың дамуын анықтайтыі гендердін бір хромосомада орналасқанын және олардың бірлесіп тұкым қуалайтынын керсетеді. Мейоздык беліну кезінде жұп хромосомалар жас клеткаларға бір-бірден ажырал кетеді. әр хромосомада орналаскан гендер сол бірлескен күйінде бір гаметага түседі. Сол себепті, Ғ1- ғы ♂ будан шыбынынан тек екі түрлі гамета түзіледі.

х


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет