Книга посвящена памяти Жакии Сарсенова нашего



Pdf көрінісі
бет5/18
Дата06.03.2017
өлшемі20,78 Mb.
#8193
түріКнига
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

сататын заман талабына сай дүкендер жүйесін ашып, қанша адамды 

жұмыспен  қамтамасыз  етті.  дүкенмен  де  тоқталып  қалған  жоқ, 

басқа  да  сан  салалы  шаруашылықтарын  сәтімен  жүргізіп  жатты. 

қиындықтан қаймығып көрмеген қайсар жан осы кәсібін 2000 жылға 

дейін өзі басқарды. сосын ел қатарлы демалу, ел мен жерді аралап 

көруді жөн санады.

* * *


Жақия ғұмырының соңғы жылдарын жер-жаһанды саяхаттауға 

арнады.  саяхаттың  қызығын  бір  өзі  көрмеді.  көбінде  қасына 

балаларының бірін ертіп жүрді.

саяхатты  алдымен  бурабайдан  бастады.  кешегі  қазақ 

ақындарының  «Жер  шоқтығы  –  көкшетау»  деп  тамсана 

жырлайтынындай  жөні  бар  екен,  расында.  оқжетпес,  бурабай,  

Шортанды... көрген жердің бар сұлулығын жеткізу үшін ақын болып 

туылуың керек. онда да қатардағы жәй ақын емес, өте дарынды ақын 

болуың  міндет.  көкшенің  сұлулығын  көргенде  көкейіне  «көкше 

өңірінде  туып,  өмір  сүрген  біржанның  ақын  болмауы  мүмкін  емес 

қой» деген ой келген.

құдай көркін арттыру үшін бір елге түбі терең тұңғиық теңіз 

береді, өзен-көл береді, енді бір елге асқар шыңдары көкпен таласқан 

тау береді, тағы бір жұртқа сыңсыған орман береді. тәңірдің қазаққа 

деген  мейірім-шапағатын  көрмейсіз  бе,  алақандай  бурабайға  көз 

66


тоймайтын көрікті түгел бере салған. Өзен-көлі де, асқар шыңдары 

да,  орманы  да  бірін-бірі  байытып,  біріне  бірі  ерекше  сән-салтанат 

беріп тұр. бейне-бір жұмаққа лайық мекен.  абылай ханның тағына 

көтеріліп, кенесары ханның үнгірін аралап көрді. Әр қадам аттаған 

сайын  тірі  тарих,  көне  жәдігердің  куәсі.  туған  жердің  тарихы,  өз 

халқының  басынан  өткен  баяны...  Өз  ұлтының  ғаламдағы    ең  ұлы 

халықтардың  бірі  екендігін  бұрыннан  білетін,  мақтаныш  тұтатын. 

бұл жолы ол ойы  нақтылана түсті. ұл-қыздарына «туған елдің қадір-

қасиетін  түсіне  білуге  тырысыңдар,  елді  мақтан  тұтыңдар,  елің  де 

сені абыройға бөлейді», – дегенді сол жолғы сапарында  ұқтырғандай 

болып еді.

қысқа  ғана  мерзім  ішінде  Жақия    дүниенің  қай  бұрышына 

бармады  десеңізші!  құдайдың  иманды  ұрпақ  бергеніне  шүкір. 

Жанболат  әлемдегі  ең  жақсы  курорттардан,  демалыс  орындарынан 

орын дайындап қояды, марат анау-мынау жүктерін өзі көтеріп барып, 

орналастырып қайтады. Шетелде қонақ үйі дайын тұрса да, Жақияны 



Темірланның туылған кезі.

Лондон. 1995 жыл

67


Дубай қаласы.

1996 жыл

ешкім жолға жалғыз шығармайды, міндетті түрде баласының біреуі 

апарып  салады,  демалыс  уақыты  біткен  соң  біреуі  арнайы  барып 

алып қайтады.

«ешқайсысыңды  ертпеймін,  бір  өзім  жүрем»  деп  қызыққа 

батқан  жайлар  да  аз  емес.  бірде  демалуға  дубайға  барған.  қасына 

ешкімді ертпеді. ұшақтан түскен соң Жанболат күтіп алды.

екінші  тамыз  –  Жақия  мен  изаданың  отбасы  құрған  күні. 

Өз өмірлерінде ерекше орын алатын осынау күнді олар 2001 жылы 

францияда атап өтті. бұл жолы ата-анасын марат ертіп жүрген. европа 

зиялыларының  парижде  ғана  тұруды  армандайтынын,  парижді 

астаналардың  патшасы  деп  ұғынатындығының  сыры  сол  сапарда 

белгілі  болған  еді.  сәулет  өнерінің  классикалық  ескерткіштері, 

Лувр  секілді  таңғажайып  мұражайлар,  Эйфель  мұнарасы  –  тарих 

қана  емес,  адам  жанын  ерекше  ләззатқа  бөлейтін  ұлы  мәдениет 

туындылары  десе  жарасқандай.  адамзат  қолынан  шыққан  мұндай 

68


өнер жәдігерлерін   түсіну үшін көкірек ояу болу керек. ал, Жақия 

мәдениет, өнер атаулының қадірін түсінер, талғамы биік азамат еді.

Жүрегі ашық азаматтарға қай жерде жүрсе де тілмәштің аса көп 

керегі жоқ. тіл білмейтіндігі оған ешқашан кедергі келтіре алмайды. 

себебі, ол жерде жүрек пен көңіл сөйлейді.

«Жүрек  сөйлейді»  демекші,  мынадай  бір  қызық  оқиға 

болған еді. Шамамен 2002 жыл. қызы динара ата-анасын демалуға 

австрияның  астанасы  венаға  алып  баратын  болады.  Жақия  мен 

изада  венаның жанға жайлы курорттарының бірінде тура 20 күнге 

тоқтайды. динараның өзі де қастарында тура екі апта қалып тынығады. 

кетерінде  «демалыстарыңыз  біткен  соң  өзім  келіп  әкетемін»  деген 

динараға, Жақия аға: «әуре болма, жолыңнан қалма, артыңнан өзіміз-

ақ барамыз», – деп қоярда-қоймай шығарып салды.

сонымен бұлар венада қала берді. динараға жету үшін екі рет 

көлік ауыстыру керек. ал, жұрттан сұрастыратындай мұның екеуі де 

тіл білмейді. европада тіл білмеу дегеніңіз...



Париж қаласы «Сена» өзенінде кемемен саяхаттау.

1997 жыл, тамыз айы

69


осының  бәрі  ойына  түскен  динара  алматыға  жеткен  соң 

«папамдар қалай келер екен?» деп әбден уайымдайды. межелі күні 

қайта жолға шықпақ болады. сөйтіп жолға дайындала бергенде ата-

анасы  есік  қоңырауын  басып  тұр.  «қалай  келдіңіздер?»  деп  жатыр 

ғой баяғы. Әкесі: «келмей несі бар, елдің бәрінің жүріп жатқан жолы 

ғой», – деп қояды.

* * *

Жыл  сайын  жазда  демалу  осылайша  отбасылық  дәстүрге 



айналып  кетіп  еді.  2002  жылғы  жазғы  демалыстың  алдында 

петропавловскідегі бекет тұрғараев дейтін жақсы көретін інілерінің 

бірі  елу  беске  келген  мерейтойын  жасайтын  болды  да  тойға  жан-

жақтағы ағайындарды тегіс шақырды. Жақия тойға барып, ағалығын 

білдірмесе  болмайтын  еді.  сондықтан  Шымкенттегі  қарсенбай 

сияқты ағайындарды ертіп петропавловскіге барып қайтатын болды.

ол  кезде  Жанболат  та,  марат  та  астанада  тұратын.  екеуі 

әкесі бастаған топты күтіп алып қана қоя салмай, петропавловскіге 

баратын көлік мәселесін де шешіп берді. бұл – 5 маусым еді...

сол сапар Жақия  хал-жағдайын сұраған ұлы Жанболатқа «сәл 

науқастанып  жүрмін»  депті.  Жақия  петропавловскіден  келген  соң 

астанаға ауруханаға жатады.

Жақияның  жағдайын Жанболат пен берік дәрігерлерден сұрап, 

біліп тұрды. Жақия  үйге, қара шаңыраққа қайтқысы келеді. Жанболат 

әкесіне  батып  ештеңе  айта  алмайды да  «әкем  сырқаттанып  қалды» 

деп жан-жаққа телефон шалумен болады. білікті деген дәрігерлерден 

кеңес сұрайды.

Жанболаттың өтінішіне ең бірінші келіскен мәскеу дәрігерлері 

болыпты.  енді  мұны  әкесіне  қалай  жеткізеді?  қиыны  осы  болды. 

ақыры, өйтіп-бүйтіп түсіндіріп, бұлар мәскеуге аттанып кетті.

«қазақстан»  қонақүйіне  орналасқан  Жақия  мен  оның 

айналасындағылар сол жерде жақын араласатын ағайындардың бірі 

– асекеңмен, асқар тұралинмен кездесіп қалады. ол кісі де білген 

ақыл-кеңесін айтып жатыр.

70


Жақия мен Изада жолдастарының ортасында

71


Жақия ем алып үйге қайтқан кезі.

Алматы қаласы. 2002 жыл, қазан айы

Оңласбек құда, Гүлшат құдағи, Маратқызы Салима, Изада мен Жақия.

Алматы қаласы. 2002 жыл

72


Динара, Диас, Марат, Шолпан, Айман, Салима, Аружан.

Жаңа-Жылды ата-әжесінің үйінде қарсы алды.

2003 жыл

ертесіне ертемен анализ тапсырылды. анализ қорытындысы 

дайын  болғаннан  кейін-ақ  дәрігерлер  «сізге  операция  жасамаса 

болмайды» дейді. Жақия операцияға келісімін берді.

білетіндер  операцияның  өте  ауыр  өткенін  айтады.  Жақия 

өзіне  операция  жасалатынын  қыздарына,  ағайын-туғандардың 

ешқайсысына  да  айтқыздырмайды.  тек  оңласбек  құдасы  естіп, 

мәскеуге жедел ұшып келеді. артынша гүлжан мен динара да естіп, 

олар да жетеді.

Жақия    мәскеуде  сол  жатқаннан  тура  алты  ай  жатты.  ауру 

жанына  әбден  батқан.  кешегі  жадырап  жүретін  жаны  жайсаң 

жан  әбден  қалжыраған.  ауыл-аймаққа  деген  сағынышы  тағы  бар. 

сондықтан  Шымкенттегі қара шаңырағына қайтып келді.

73


Жақияның әулеті  Жаңа жылды түгел Шымкенттегі үйде қарсы 

алды. балалары да, немерелері де әбден сағыныпты. кеселдің оңай 

кесел емес екендігін білсе де ешкім жамандыққа қимайды. Әр кеудеде 

күдіктен гөрі үміт басым. «бәлкім жазылып кетер» деп қояды іштей. 

Жаңа  жылдық  тілектердің  бәрі  де  «Әкем,  атам  жазылып  кетсін!» 

дегенге  сайып жатты.

қаңтардың ортасынан әрі қарай ауру әбден меңдеді. балалар 

жан-жақпен хабарласып жатыр. сол екі ортада динара Женевадағы 

ауруханалардың бірімен келісіп қойғанын айтты. дерті жанына батқан 

Жақия  тез  баруға  келісті.  сонымен,  20  қаңтарда  Жақия    Женеваға 

жүріп кетті.

алайда, тіктеп келген ажалға амал жоқ екен. бір жарым жаста 

әкеден, екі жарым жаста шешеден айрылып, талай аштықтың, азаптың 

аранынан  аман  шыққан  Жақияны  бұл  жолы  ажалдың  тырнағынан 

ешкім  арашалап  ала  алған  жоқ.  ақпанның  7-сінде,  жұмаға  қараған 

түні талайлы тағдыр иесінің үлкен жүрегі соғуын мәңгілікке тоқтатты.

Жақия  қайтыс болғанда қасымхан мен гүлжаннан өзгелерінің 

бәрі қасында еді. осынау қиын күндерде Жанболаттың абырой-беделі 

тағы  да  кәдеге  асты.  елдің  әуе  компаниясы  Жанболаттың  өтінішін 

жерге тастамай  әкесінің денесін қазақстанға жеткізу үшін арнайы 

ұшақ бөлді.

бүкіләлемдік  карта  түгілі  қазақстан  картасына  да  түспеген 

аралтөбе  деп  аталатын  ауылдан  басталған  өмір  «қарт  құрлықтың» 

бір түкпіріндегі Женевада аяқталды. алайда, қандай өмір  десеңізші! 

Өнегелі өмір, тағлымды тағдыр.

ұрпағымен ЖаЛғасқан ғұмыр

абыройлы    жанның  арты  жаман  болған  жоқ.  ұлдары  ұяға, 

қыздары қияға қонды. қай-қайсысы да өз орталарына сыйлы.

қандай  қызметте  жүрсе  де,  Жақия  аға  ең  алдымен  отбасы 

мәселесіне, балалар тәрбиесіне үлкен мән беретін. Өмірінің ең басты 

74


құндылығы  –  отбасы.  ұлдарына  әрі  әке,  әрі  сырлас  жолдас  болды. 

олармен тең сөйлесетін. соның арқасында балалар өз ойларын өзгеге 

ашық жеткізе білетін азаматқа айналды. қос қызын қамқорлығынан 

еш  уақытта  тыс  қалдырған  емес.  Үлкен  қызы  гүлжанмен  әрдайым 

ақылдасып  отырса,  кенже  қызы  динараға  жан  шуағын  төгудей-ақ 

төкті.


Жанболаты кеш үйленді. Әлбетте, кеш үйленген соң перзентті 

де кеш көрді. Жанболаттың үлкені аружан дүниеге келгенде, Жақия  

қатты қуанды. аружан деп атын өзі қойды. содан кейінгі Жантемірді, 

күні кеше, яғни 2009 жылы дүниеге келген Әлкенді өкінішке қарай 

көруге жазбапты. алайда, жарықтық Жанболаттың үйіндегі келіннің 

аяғы ауыр екенін сезіпті. сезгені ғой, бір оңашада Жанболатқа «балам, 

мен түсімде балтам мен пышағымды саған беріп жүр екенмін. соған 

қарағанда ұлды боларсың», –  депті.

қазақтың  «түс  оңалмай,  іс  оңалмайды»  деген  мақалын  осы 

тұста  түсінесің...  сол  түстен  кейін-ақ  аружан  қыздың  артынан  екі 

інісі  ереді.  бірі  –  балта,  бірі  –  пышақ  болып  қасиетті  аталарының 

Жақия немересі Аружанмен

75


түсіне енген екі батыр бұл күндері аман-сау өсіп жатыр. қылықтары 

тым тәтті, изада әжелері сапаршылап шыға қалса бұл күндері барған 

жерінен қайтқанша асығатын болған.

«аталарының түсіне енген» демекші, Жантемір атасының осы 

түсінен кейін араға алты ай салып дүниеге келді. Жантемір туылған 

соң, изада апа алматыға, Жанболаттың қолына келді.

Жанболаттың кеш үйленетініндей де бар еді. елден тыс жерде 

оқыды.  одан  жауапты  қызметтер  атқарды.  бір  сөзбен  айтқанда 

шетте жүріңкіреп қалды. Уақыт білінбей өте берді. сөйтіп жүргенде 

Жанболат отыздан асқан еді.  бұл кезде қарындасы гүлжан тұрмысқа 

шығып, марат отау тіккен.

күндердің күнінде Жақия  екінші ұлы Жанболатты шақырып 

алады. Әңгімесінде «балам, байқайсың ба, жасың біразға келді. енді 

менің  ақылыма  жығыл.  оңласбек  құда  бізге  құт  болып  дарыды. 

оңласбек құда болғалы, біраз ісіміз ілгері жылжыды. оның үстіне өзі 

қандай зиялы болса, перзенттері де сондай тәрбиелі. соның ортаншы 

қызы айман құдашаны ұнатып, саған қош көріп отырған жайым бар. 

ойлан, жаман болмайсың», –  дейді.

Жанболат ол кезде әлбетте, нақты жауабын бермейді. «иә» деп 

келісімін де айтпайды, «жоқ» деп сөзінде бөлмейді. Әке Жақия сол 

көңілмен үйде қала береді.

Жақияның  «айман  құдашаны  тәуір  көріп  отырмын»  деген 

сөзінің  жаны  бар  еді.  ол  кезде  айман  медицина  институтын 

тәмәмдаған соң, әпкесі Шолпан мен жездесі мараттың үйінде тұрып 

жүрген.  мараттың  үйіне  әрі  өтіп,  бері  өтіп  соғып  жүргенде  Жақаң 

әрине,  айманды  көріп  тұратын.  құдаша  қыздың  соншалықты 

ибалылығы, үлкеннің алдын кесіп өтпейтіндігі ерекше ұнаушы еді. 

сосын шын ықылас-пейілімен «қызым, бақытты бол, жақсы жерге 

бар,  артыңнан  барып  тұрамыз»  деуші  еді.  риясыз,  шың  көңілімен 

бата беретін.

Жаңа  ғасырдың  басталар  жылы  сәрсеновтер  отбасында  бір 

қызық оқиға болды. Жанболат ата-анасын және динара қарындасын 

дубайға  жіберуге  қамданады.  ата-анасының  өтінішінен  кейін 

«жарайды, айман құдашаны да ерте шығыңдар» дейді.

76


сонымен, дубайдағы демалыс күндері де басталып кетеді. күн 

соңынан,  жаңа  күн  ілесіп,  шетелдегі  сапарлары  өте  мазмұнды  өтіп 

жатады.  Жақия  өзгелердің  ойына  да  кіріп  шықпайтын  дүниелердің 

қисынын келтіреді... Өздері түскен қонақ үйде айман құдашаны да 

сәрсенова  деп  жаздырып  жүреді.  бәлкім,  түрлі  қағазбастылықтан 

құтылу  үшін  істейді,  бәлкім  ниет  қылғаны  болар?!  кездейсоқтық 

болуы  да  мүмкін...  қалай  болғанда  да,  айман  қыздың  фамилиясы 

дубайда өткен он күнде сәрсенова болып жүреді.

келесі  жылы,  яғни  2000  жылы  Жақия  жазғы  демалысын 

австрияда  өткізеді.  демалып  келгеннен  кейінгі  көңілді  күндердің 

бірінде  Жанболат  әкесіне:  «мен  сіздің  айтқаныңызды  орындайтын 

сияқтымын»  депті.  бұған  Жақия  әрине,  қатты  қуанады.  қуанғаны 

соншалық,  үйге  бір  кіріп,  бір  шықты  дейді.  тағы  бір  ай  өткізіп 

Жанболат «айманның келісімін алдым», – депті.

бәрі дұрыс-ау, енді ең қиыны мұны оңласбек құдаға жеткізу 

болды. Жақия мен изада  дағдарып қалатынындай бар, бір шаңыраққа 

екінші рет құда түскелі отыр. сол бір күндері тығырықтан шығатын 

жолды  изада  тауыпты.  болашақ  келіні  айманға  «айман,  сен  енді 

бізге қызымыз болатын болдың. құтты болсын, енді осы жайды ата-

анаңа өзің ескерт. біз сосын артыңнан барамыз» дейді изада.

айман дәл осылай істейді. айман құдаларды хабардар қылды-

ау дегенде, Жақия мен изада да жетеді. «құда мың жылдық» деген 

осы шығар.

мұның  бәрін  не  үшін  термелеп  отырғанымыз  да  белгілі 

ұлағатты ұлдан өзгелерге үлгі-өнеге болсын деген ой...

 Жақия ұрпақ тәрбиесіне, ұл-қызының болашағына ешқашан 

бей-жай  қараған  емес.  қарбалас  сәттерден  қолы  қалт  еткен  шақта, 

қай  перзенті  жырақта  жүрсе  соның  қасына  жетуге  асығады.  «ата-

ананың мейіріміне қанып өскен ұл-қыздан еш уақытта жаманшылық 

шықпайды»  дейтін.  «балаларыңмен  ақылдасып  отырудың  пайдасы 

көп, ең алдымен, ақылдасқаннан кейін ол да, сен де қателеспейсің. 

бұдан  бөлек,  әкемен  ақылдасып  өскен  бала  кез-келген  мәселеге 

жауапкершілікпен қарайтын болады», – дегенді де қосып қоятын.

77


Жанболаттың  отбасын  құруына  қалай  араласса,  гүлжанның 

кәсіп таңдауына да, мараттың мамандық таңдауына да өзінің кесімді 

сөзін айта білді. мәселен, марат 1987 жылы әскерден келді де әкесіне 

бұрынғы оқуын қайта жалғастырғысы келмейтінін айтты. кенже ұл 

әскерге кетерде алматы ауыл шаруашылығы институтының бірінші 

курсын  бітіріп  кеткен.  сабырмен  отырып  себеп-салдарын  сұрады. 

марат:  «ауыл  шаруашылығы  мамандығы  ұнамайды.  көңіліме 

жақпаған салада ертең қалай жұмыс істемекпін? ол кезде бәрі кеш 

болмай ма?» – деді. сонымен, әкелі-балалы екеуі кеңінен ойланып, 

ұзақ әңгіменің нәтижесінде марат мәскеудегі мемлекеттік автомобиль 

жолдары институтын бітіріп шықты.

ал,  гүлжан  қазақ  мемлекеттік  Университетінің  тарих 

факультетінің түлегі. Жоғарғы оқу орнын тәмәмдаған жылы гүлжан 

әкесіне; «маған не оралға, не Шымкентке бар деп жатыр. қайсысын 

қалайын?»,  –  деп  телефон  соққан.  Әкесі  көп  ойланбай,  бірден 

«Шымкентке кел» деп ұсыныс айтқан. гүлжан Шымкент педагогика 

институтында бір жыл мұғалім болып қызмет атқарып, келесі жылы 

мәскеуге жоғарғы оқуға аттанды.

  * * *

Жақияның  перзенттеріне  лайықты  дәрежеде  көңіл  аударған 



еңбегі зая кетпей. өз жемісін берді. бүгінде әрқайсысы бір-бір берекелі 

шаңырақтың иесі. бәрі де өз ортасына сыйлы азаматтар атанды.

алматы энергетика институтын бітірген қасымхан мен раушан 

бүгінде мәдина, кәмила, дариға атты сұлулығы бір-бірінен асатын 

көрікті  үш  қыз  тәрбиелеп  отыр.  қасымханның  үйіндегі  раушан 

жеңгеміз  талдықорғанның  қызы.  тәрбиелі  ортада  өскен  раушан 

жеңгеміздің  дастарханы  қонақтан  арылған    емес.  Үлкенге  ибалы, 

кішіге ізетті. Әкесі – рақымжан құда аузын ашса, жүрегі көрінетін 

кеңпейіл жан еді. марқұм қайтыс болып кетті. артынан әйелі – сахан 

құдағи да дүниеден өтті. көзкөргендердің бәрі де сахан құдағиды әлі 

күнге аңыз қылып айтып отырады. «Жарықтық, елге сыйлы жан еді» 

78


дейді. міне, жақсы адамның артынан осындай жақсы сөз қалады.

қасымхан  ағамыз  қазір  Шымкентте,  табысты  кәсіпкер. 

Жанболаттың  жағдайынан  оқырман  қауым  жақсы  хабардар. 

мараттың  сәлима,  диас,  тайыр  атты  бір  қыз,  екі  ұлы  өсіп  келеді. 

гүлжан мәскеуде аспирантураның 3-курсында оқып жүргенде асан 

нұғманов  деген  азаматпен  тұрмыс  құрған.  қазір  асан  екеуі  екі  ұл 

тәрбиелеп отыр.

мәскеуде білім алып, инженер-технолог мамандығын игерген 

динара да бауырлары секілді бағын бизнесте сынады. индонезия мен 

қазақстанның бірлескен кәсіпорнын басқарады. динара әкесі қайтыс 

болған  соң,  тұрмысқа  шықты.  қазір  жолдасы  ершат  екеуі  асқар 

есімді перзент тәрбиелеуде.

адам  ұрпағымен  мың  жасайды.    Әлбетте,  бұл  нақыл  иман, 

ізгілікті жанына өмір бойы серік қылған, ісі мен сөзіне адал азаматқа 

қарата  айтылған.  тәрбиелі-тәлімді,  білімді,  білікті,  өзін  қоршаған 

ортаға тек пайдасын келтіретін ұрпағымен мың жасайды да. осының 

бәрін ойдың сарасынан өткізіп, инабатты ұл-қыздар өсірген Жақияның 

әлі  де  мың  жасайтыны  анық.  демек,  қазір  Жақияның  екінші  өмірі 

басталды.

ол өмірі ұзақ болғай!

79


іі  бӨЛім

иЗада


Әйел сенің ақылшын да, айбарың,

Ол барында естімейсің қайғы әнін.

Әйел сенің күзетшің де, сақшың да,

Әйел сенің мерекең де, мейрамың.

  

 

 

 

           

Жұбан Молдағалиев

 

                    



 

баЛаЛық ШақтыҢ кермек дӘмі

Жақияның    өмірлік  жары  изаданың  ғұмыр  жолын  да  оңай 

тағдыр деп ешкім айта алмайды. соғыстың басталар тұсында дүниеге 

келген  ол  сол  кезеңдегі  ұрпақ  қандай  тауқымет,  қиыншылықты 

бастан кешірсе, изада да заман ауыртпалығын бір кісідей-ақ көтерді.  

асқар  таудай  әкелерін  соғысқа  шығарып  салу,  одан  жетім  қалып, 

жесір анасының иығына түскен тұрмыс тауқыметін бірлесе  көтерісу, 

жастайынан қара жұмыстан шет қалмай, бойындағы төзімділік мінезді 

қайрап-жану – міне, изаданың және замандастарының тағдыр-талайы 

осы әңгіменің төңірегінде өрбиді. 

психология  саласының  білгірлері  уақыт  өте  келе  ерлі-

зайыптылар бір-біріне ұқсап кетеді деп жатады. бір қызығы, Жақия 

мен  изаданың    тағдырларында  көп  жақындық  бар.    дәл  Жақия 

секілді қиналмағынымен изаданың да өзіне ғана ортақ, өмірдің ащы-

тұщы  мезеттері  кезектескен  сын  сағаттары  болды.  бір-бірімен  тез 

тіл табысып кетуіне, бірінің ойын бірі көздің қарасынан-ақ ұғуына 

кетуіне осы жайлардың да әсері тигені анық. олар о бастан бір-біріне 

қатты ұқсайтын.

83


изаданың  шыққан  тегі  –  кіші  жүздің  ішіндегі  Әлім,  оның 

ішіндегі  –  Шекті.  Шектінің  ішіндегі  алтынбайдың  қарасынан 

тарайды. төлқұжат бойынша, 1940 жылы дүниеге келген. 

Үлкен  әкесі  досай  атасы  Үлде  сұлудан  Жеңсік,  Шынжан, 

кеулімжай  деген  үш  ұл  көріпті.  Үш  ұл  бірінен  бірі  өтеді  дейді. 

Жеңсіктің  балаларының  аттары  кәмпит,  қожабай,  Өрік  болыпты. 

ұлы  отан  соғысынан  оралмай  қалған  Шынжаннын  артында  Шәки 

деген қыз бен тастыбай атты ұл қалыпты. ал, изаданың әкесі – досай 

атаның сүткенжесі кеулімжай.

кеулімжай ата да әкесі досай ата сияқты біраз уақыт үйленбей, 

бойдақ жүріп қалғанға ұқсайды. бұл жағдай ағайындардың жанына 

Изада құрбыларымен бірге (сол жақтан тұрған Изада).

Қазалы қаласы. 1955 жыл

84


қатты батса керек. содан Үлде әжеміздің ағалары жекжат аралатып, 

кеулімжайға  күлпатша  қызды  алып  берген  екен.  кеулімжай  мен 

күлпатшаның ырым алды тұңғышы – изада дүниеге келгенде оның 

кіндігін Үлде әжеміздің өзі кесіпті.

 * * *

изада  екіге  толар-толмас  шақта  ұлы  отан  соғысы  басталып 



кетті. майданға алдымен отыз бен отыз бес жас аралығындағы ер-

азаматтар шақырылады. бұл кездері кеулімжайдың отызға жақындап 

қалған кезі. содан болар, ағасы Шынжан екеуі соғысқа алғашқы лекте 

аттаныпты.

Өзі кеш үйленген, жар қызығын да, перзент қызығын да кеш 

көрген  кеулімжай  өте  балажан  кісі  болса  керек.  қолы  қалт  етсе 

мейірленіп, изадасын иіскеп отырады екен. алайда, «мен кеш үйленіп 

едім, періштедей қызымды қия алар емеспін» деп кімге айтар... не 

көрсе де көппен көреді.

сонымен,  бәлкім  шілде,  бәлкім  тамыз  айында  аманөткел 

ауылынан  әскерге  шақырылған  отыз  шақты  жігіт  сапқа  тұрып,  15 

шақырым қашықтықтағы қамбаш стансасына қарай жаяу бет алады. 

Әйтеуір, күн күйіп тұрған уақыт. 

ерлерін  шығарып  салуға  шыққан  әйелдердің  басым 

көпшілігінің  аяқтары  ауыр  еді.  кішкентай  изадасын  құшақтап, 

аяғының ауыр екеніне қарамастан ері кеулімжайды шығарып салуға 

күлпатша да жолға шығуға бекініпті. ең болмаса ел барып жатқан 

қамбаш  стансасынан  шығарып  салмақ.  сонда  табалдырықтан 

сыртқа енді аттаған кеулімжай әлі жиырмаға да тола қоймаған жары 

мен  екіге  де  толмаған  қызын  құшақтап,  беттерінен  сүйіп  тұрып, 

«күлпатша-ау, жағдайың болса – мынау, күннің күйіп тұрғаны – анау, 

қайда бармақсың? Өзің де қиналмай, баланы да мазаламай алаңсыз 

үйде қал. бізді шығарып салатын жеңгем бар ғой. одан да өзіңді күт, 

құрсақтағы балаға абай бол. бәріңді бір аллаға тапсырдым!», – деп 

соғысқа аттанған дейді.

85


бұл – кеулімжайдың отбасына қарата айтқан соңғы сөзі еді...

ері  майданға  аттанған  соң  араға  екі  ай  салып,  күлпатша 

анамыз  ұлды  өмірге  әкеледі.  арал,  қазалының  қазақтары  ер  бала 

көрсе «а, құдай!» деп қуанып жатады. күлпатша анамыз атқа мінер 

азаматқа босанғанда қуанышы қойнына сыймаған. Үлде әжеміз де «а, 

құдайлап» немересінің атын азан шақырып өзі қойыпты. Өз ұлының 

соғыстан аман-есен оралуын тілеп, сәби өз әкесін ұмытпасын деген 

ниетпен, немересіне ырымдап Жеткерген деген есім береді.

адамды  арман  жетелейді,  алланың  дегені  болады.  Үлде 

әжеміз қанша үміттеніп, бала-шағасы, ағайын-туысы тілеуін қанша 

жерден сұрағанымен, алланың жазуы болмаса қиын. кеулімжай  сол 

кеткеннен қайтып оралмады. Үлкендер «отанын қорғап, соғыста қаза 

тапқан азамат шейіт» деп жатады. демек, кеулімжай атамыздың да 

шейіт болғандығы.

Жарықтық  соңғы  хатын  сталинград  түбінде  жазыпты. 

соған  қарап,  ол  кісінің  сталинград  майданында  опат  болды  деп 

жорамалдауға болады. 

* * *


майдандағы  ұлдарынан  келетін  хаттардың  кілт  үзілуі, 

Үлде  әжеге  өте  ауыр  тиді. күні-түні  құлындарын  айтып,  құдайдан 

амандықтарын  сұрап  өтті.  Уайымнан  денсаулығы  күрт  нашарлап, 

төсек тартып қалады. 

сол жығылғаннан сырқаттың, беті қайтпады. ақырғы сәтінде 

қасына келіні күлпатшаны шақырып алып, «шырақтарым, біраз уақыт 

сендерге  қамқор  болармын  деп  ойлаушы  едім.  олай  бұйырмайтын 

түрі  бар.  Өлсем  о  дүниеде  демеп,  желеп-жебеп  жүрермін.  енді  өз 

тірліктерің  өздеріңе  аманат»,  –  деп  соңғы  өсиетін  айтып,  жалған 

дүниеден өте барған. 

енесінің мезгілсіз дүние салуы күлпатша анамыздың жанына 

қатты батса керек. расында да, енесі ол үшін асқар таудан бір де кем 

емес еді. ақылгөй, кеңесшісі еді. Жанына жалау, медет бола алатын. 

кішкентай немерелеріне тірек боп отырғаны бір төбе. 

86


ендігі бар ауыртпашылық күлпатшаның өз иығына түседі.

ерінен,  енесінен  бір  мезетте  айрылған  күлпатша  анаға  екі 

баланы асырау оңай тиген жоқ. күздің қара суығында дарияға түсіп, 

ау да тастады. торға ілінген бір-екі балық өзек жалғап, азық болды. 

күлпатша  анамыздың  дария  маңын  барлап,  ырыздық-

нәпақасын өзен бойынан табуы тегін емес.  

 осы кезде соғысқа кеткен Шынжан қайынағасының үйі өртке 

шалынды. бір қайғығы бір қайғы қосылды.

екі  абысын,  екеуінің  көрген  күні  бір.  Үйдегі  ер  азаматтары 

майданға  кетіп,  шейіт  болды.  қайғысы  ортақ  жандар  бір-біріне 

қорған болуға бекінеді.  күлпатша анамыз дүние-мүлкі тегіс өртенген 

абысынның басын сүйей отырып, «жылай бергеннен шаруа өнбейді, 

одан да бірлесіп әрекет қылайық, өлместің қамына кірісейік», – деп 

пәтуаласады. абысынын қасына көшіріп әкеледі. бастары қосылып, 

тірлік кешеді.

«Әрекетке  –  берекет»    бұлар  осылай  тірлік  бастағанда  ауыл 

адамдары  бірігіп,  ұжымшар  құрып,  сиыр  фермасын  ашады.  Жаңа 

ашылған ұжымшар аралдан әрі ұзап, «ақсақал тәуіп» деген жерге 

көшпек болады. Жеңсік қайынағасы: «малдың ішінде жүрген адам 

еш уақытта аш болмайды. ең болмағанда балаларға ағарған болады», 

– деп күлпатша келінін колхозға кіргізіп, өздерімен бірге ала кетеді.

                                              

қыЗ – қоЛқанат

күлпатшаларға  жаңа  қоныс  болған  «ақсақал  тәуіп»  ауылы 

мен аралдың арасы тура алты күндік жол болып шықты. елсіз иен 

даладағы  «ақсақал  тәуіп»  малға  жайлы  болғанмен,  жанға  жайлы 

емес екен. алты күн бойы жаңа колхоздың адамдары табын-табын 

сиырдың соңынан көшіп жүрді. сол көш тура ораза күндеріне түсіп 

еді.  аузы  берік  қариялар  сиырдан  көз  жазып  қалмайық  деп  әбден 

қалжыраған.

көшіп  келе  жатқан  ел  бесінші  күн  дегенде  құмның  ішіндегі 

құдыққа кездесіп, сонда тоқтайды. су табылған соң үлкендер жағы 

87


Жақия мен Изада.

Шымкент қаласы. 1966 жыл

осы  жерде  ауыз  ашпаққа  бекінеді.  көш  тоқтап,  қажетті  заттар 

түсіріліп, әйелдер ас қамына кіріседі. елмен бірге күлпатша анамыз 

да сүт пісіріп, оны сүзіп алған соң құрт қайнатпаққа әрекет жасайды. 

сүт толы ыдысты бір шетке ысырып қойып, ол суығанша басқа майда-

шүйде тірліктерімен айналысып кетеді. Жазым дегенді, азап дегенді 

қойсаңызшы,  бұл  өз  шаруасымен  күйбеңдеп  жүргенде  кішкентай 

Жеткергеннің шар ете қалған даусы шығады. бүкіл тірлігін тастап, 

жүгіріп барса... Жеткергенді өзі  қатарлы, бәлкім екі-үш жас үлкен 

балалардың бірі итеріп жіберіп, ол тұрған сүттің ішіне құлапты.

солай бір сәттің ішінде бүкіл ел әуре-сарсаңға түседі де қалады. 

ол кезде елді-мекендердің өзінде дәрігер кем уақыт, айдалада қайдан 

дәрігер табыла қойсын?! Әркім өзі білетін емге жүгінеді. қазақша ем-

дом жасалынады. Жеткергеннің көретін жарығы бар екен, көп ұзамай 

беті бері қарай бастайды.

88


Шіркін,  сол  кездегі  адамдардың  мейірім-шапағатын  сөзбен 

айтып жеткізу мүмкін емес шығар. кішкентай Жеткерген жазылғанша, 

бүкіл ел қозғалмай, сол құдықтың басында қала тұрады. кеулімжайдай 

жаны жайсаң азаматтың артында қалған ноқта ұстары Жеткергеннің 

құлан таза айығып кетуін бәрі де құдайдан шын ниетпен тілеген.. он 

бес, жиырма күн дегенде Жеткергеніңіз қайтадан жүгіріп кетеді.

енді  сиыр  фермасында  қалудың  ешқандай  да  қисыны  жоқ 

еді.  күлпатша  анамыз  жұмысын  қой  фермасына  қарауыл  болып 

ауыстырады. 

сол  жылдары  Жеңсік  қайынағасы  колхоз  бастығы  болатын. 

кейін өкімет санағанда, малдың  басы кем шығып, Жеңсік қайынағасы  

сотталып кетеді.

Әулеттің бас көтерері Жеңсік қария жыл арқалап кетеді, бас 

иеден айрылған аз ғана ағайын улап-шулап қала береді.



Жақия мен Изада балалары Гүлжан, Жамболат, Маратпен бірге.

Шымкент қаласы. 1969 жыл

89


* * *

бес  жылға  созылған  қан-қасап  соғыс  жуанды  жіңішкертіп, 

жіңішкені  үзіп  тынды.  соғыс  аяқталғандағы  елдің  жағдайы  өте 

ауыр еді. көңілге медет болатыны – елдің әйтеуір соғысты жеңіспен 

аяқтағандығы.  кез-келген  адамда  «соғыс  аяқталды  ғой,  енді 

жағдайымыз түзеліп кетер», – деген үкілі арман. негізі, тылдағы елді 

төрт жыл соғыстан аман алып шыққан да осы үміт еді.

Жақсылықтың  нышаны  болар,  колхоз  еңбеккүн  есебінен 

жұртқа қой, бұзау бере бастайды. кейін онысын көпсініп, түрлі салық 

салып, қайтып алып қойып жүрсе де ел малдана бастаған еді. сол бір 

күндері күлпатшаның қорасына да мал кірді.

майданнан  қайтқан  солдаттарды  көрген  сайын  күлпатша 

анамыз үйге келіп, екі баласын қатты құшақтап, көз жасын үнсіз сығып 

алатын. бәрінен де кіп-кішкентай изаданы айтсаңызшы, үлкендерден 

көргенін істеп, ол да құмалақ шашып жататын. қашан шашса да бала 

көңілге құмалақ «әкең аман-есен келеді» деп сөйлейтіндей көрінетін 

де тұратын.

осылайша тәтті қиялмен талай күн мен түнді артқа тастапты. 

бірақ, аман оралған әке болмады. күдігінен үміті басым күндердің 

бірінде  елге  бала  оқытуға  бір  мұғалім  жігіт  келе  қалады.  ол  кезде 

дайын  тұрған  мектеп  қайда,  төбесі  қамыспен  жабылған  мал  қора 

сыпырылып, тез арада ретке келтіріледі.

ауыл  балаларының  қуанышында  шек  жоқ.  қатар-

құрбыларымен бірге осы жылы изада да алғаш рет мұғалімді көреді. 

алайда,  бұл  қуаныш  ұзаққа  созылмады.  күн  суытып  кеткен  соң 

алғашқы мұғалім келген аралына қайта кетіп қалады да, бұлардың 

сабағы үзіледі.

Жалпы,  алыс-жақындағы  біз  білетін  елде  дәл  қазақтай  оқу-

білімге құштар ел жоқ. кез-келген ата-ана «балам оқыса, адам болса, 

қалам ұшымен нан тауып жесе», – деп армандап отырады. 

күлпатша ана да балаларының оқығанын қалапты. келешектің 

кілті – білімде екендігін сол кезде-ақ түсінген. түсінгені де, кішкентай 

90


изаданы  оқудан  қалдырмас  үшін  көшуге,  қалаға  жақындауға  бел 

байлайды. ол кездегі үлкен қала – арал. ақылдасатын адамы – изада.

ақыры, изада қызы екеуі ақылдаса келе күлпатша кішкентай 

Жеткергенді  бауырына  басып,  көрпе-төсегін  түйеге  артып,  жалғыз 

сиырды жетектеп, аралға бет алатын болады. ал, құйтақандай изада 

анасынан  апта  бұрын  қалаға  жүн  өткізуге  бара  жатқан  кісілерге 

қосылып, жолға шығады.

күлпатша  ана  аралға  барса,  далаға  бармайтынын  жақсы 

түсінеді. онда баяғы сарман абысыны бар.

сонымен,  кіп-кішкентай  изада  ауыл  адамдарымен  қосылып 

жолға шығып кетеді. бұл жасы онға енді толған изаданың ең алғашқы 

үлкен  сапары  еді.  кейін  балалар  ер  жеткен  соң  ол  бармаған  жер, 

ол  көрмеген  ел  қалмады.  алайда,  осы  сапар  оның  есінен  ешқашан 

шықпайды.

кіп-кішкентай  қыздың  пысығын  көрмейсіз  бе,  батырын 

көрмейсіз  бе,  жол  білмейді,  ешкімді  де  танымайды,  бірақ,  жүректе 

үрей  жоқ.  Жолыққан  адамдардан  «сарман  апамның  үйі  қайсы?» 

деп  сұрап  жүріп,  ақыры  тауып  алды.  апасы  аралдың  іргесіндегі 

сайқұдық деген жердегі сиыр фермасында сауыншы болып жұмыс 

істейді екен.

қаршадай  изада  кіріп  келгенде  сарман  апасы  абдырып-ақ 

қалған. артынша жылап жіберді. «күнім-ау, қорықпай жалғыз өзің 

қалай келдің?» – дей береді.

аралдағы ағайынның жағдайы «ақсақал тәуіптегі» бұлардың 

жағдайынан анағұрлым тәуір көрінеді. сарман апасы сауыншы болса, 

ұлы тастыбай шофер болғалы жүр екен. ал, Шәки әпкесі аралдың 

бір жігітіне тұрмысқа шығып кетіпті.

изада  келген  соң  алты  күннен  кейін  артынып-тартынып 

анасы  күлпатша  да  жетті.  астында  мінген  түйесі,  жетегінде  сиыр, 

құшағында Жеткерген. бұл бір бақытты күндер еді.

91


* * *

он жасар изада аралға келген соң, сарман апасына жәрдемші 

болды.  қарамақтарында  жиырма  сиыр  бар.  таң  атар-атпастан 

үлкендермен  қатар  тұрып,  сиырға  бұзау  салады.  сиыр  исініп, 

желіні жібіген соң бұзауды қайта байлап қояды. кейде асау бұзаулар 

қаршадай қызға әл бермей де кетеді. Желідегі сиыр сауылып біткен соң 

келесі бұзауды босатып, оның енесін исіндіреді. одан сауылған сүтті 

шелектеп тасып, сеператордан өткізуге қолғабыс береді. Әйтеуір, бір 

тынбайды.

мұның  бәрі  күндізгі  жұмыстар.  Жұмыс  кешке  ғана  сәл 

саябырсығандай  болады.  таңертеңгісін  қайтадан  сол  күнделікті 

сарын басталады. алдымен, кешке ұйытылған сүтті үлкен бөшкелерге 

құяды.  бөшкелер  түйелерге  екеу-екеуден  артылып,  18  шақырым 

жердегі аралға жөнелтіледі. изаданың жұмысы мұнымен де бітпейді. 

осынау жұмысқа қоса өздерінің сиырынан сауылған 10 литр сүтті, 

қолдың  сары  майын  алып,  бұл  да  аралға  жөнейді.  аралға  жеткен 

соң өздері әкелген колхоздың өнімін арнайы дүңгіршектерге өткізіп, 

қанша  литр  айран,  қанша  литр  сүт  өткізді,  соның  бәрінің  құжатын 

алады. осынау жұмыстардың бәрін тақадай қылып бітірген соң әлгі 

өзінің үйінен алып шыққан 10 литр сүті мен құртын, сары майын бір 

оңашалау  жерге  отырып  сатады.  кейде  бес-алты  сомға,  кейде  одан 

да көп ақшаға сауда жасайды. саудасы қызып, қолына көбірек ақша 

тиген жолдары үйіне нан, қант-шай алып қайтады.

осының бәрін он жасар қыз атқарады. он жасар қыздарыңыз 

бүгінде  төртінші-бесінші  класс  оқиды.  төртінші-бесінші  кластың 

қыздарына бүгінде осындай жұмысты сеніп тапсыра аламыз ба... ал, 

ол кездегі он жасар изадалар аналарына кәдімгідей қолғанат болатын.

сол жылдары сарман апасының әкесі тірі болатын. Жарықтық, 

әбден  қартайғанымен  ширақ  еді,  қарулы  еді.  сол  қария  жасының 

ұлғайғанына  қарамастан  түйеге  мініп  алып,  жүгері,  күріш  егілген 

алқаптарға шығып кететін. Жәй барып келмейді, масақтық дән тере 

келеді. қария адамның өзі осындай қайрат көрсетіп жатқанда өзгелер 

92


қарап  отырсын  ба?!  олар  аталары  әкелген  дәнді  жабыла  түйіп, 

ақтайды. сосын әппақ қылып, көже пісіріп, оған айран қатып ішеді.

міне, бүгінде осынау оқиғаларды айтсаңыз біреулерге ертегі 

тыңдағандай көрінетін  болар. алайда, бұл ертегі емес еді. Жалғыз 

изада мен Жеткерген емес, балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген 

ұрпақтың бәрінің де көрген күндері осыған ұқсас еді.

* * *

Жеткерген  демекші,  бұл  әулет  үшін  Жеткергеннің  орны 



бөлек.  Жалғыз күлпатша емес, тұтас досайдан тарайтын ұрпақтың 

Жеткерген десе шығарда жандары бөлек болатын. себебі, Жеткерген 

кеулімжайдай еркөңіл азаматтың артында қалған көзі еді. Жарықтық 

анасы  өле-өлгенше  Жеткергеннің  табанына  кірген  шөңге  менің 

маңдайыма кірсін деп өтті.

марқұм  аналары  бүкіл  саналы  ғұмырын  Жеткергенді 

жетілдіремін деп өткізді десе болады. Жеткерген жетіге толып, мектеп 

табалдырығын аттайтын жылы күлпатша оны түйеге мінгізіп, айран-

сүтін теңдеп, аманөткелдегі Жеңсік аталарының үйіне келген. мұнда 

келетініндей де бар, себебі сол жылдары аманөткелде жеті жылдық 

мектеп  бар  еді.  «күйбең  тірліктің  соңында  жүріп,  кеулімжайдай 

ердің көзі оқи алмай қалмасын» деген уайым еді, күлпатша ананы 

аманөткелге жетектеп әкелген.

бұларды  орал  апасы,  Өрік  бауыры  жылап  қарсы  алды. 

кеулімжайдай асылымыздың көзі ғой деп жылады.

Үлкен үйдің тұрмысы өте ауыр болып шықты. дегенмен, құдай 

бұл үйдің пейілін алмапты. мектепке бару үшін Жеткерген осы үйде 

қалатын болды.

бала Жеткергеннің де үлкен еңбекке шындап араласа бастағаны 

сол  тұс.  буыны  қатып,  кәдімгідей  есейе  бастаған  Жеткерген  аз 

күннің ішінде орал апасына қолғанат болып шыға келді. отын-суға 

жәрдемдескені  өз  алдына,  даладан  қамыс  жинап  әкеледі.  ол  кезде 

қамыстың көп уақыты, ел отқа қамыс жағады.

қамыс  жағудың  да  өзіне  тән  әдістері  бар.  оны  әшейін  жаға 

салмайсыз.  қараусыз  қалдырсаңыз  үйіңіз  әп-сәтте  қызыл  жалынға 

орануы мүмкін. Өрт шығып кетпес үшін естияр біреу қамысты отқа 

93


итеріп отыруы керек. міне, сол кез үшін ең жауапты міндет болып 

табылатын осы жұмыс.

Жеткерген  сол  атасының  үйінде  екі  жыл  оқыды.  бұл  1950 

жылдар  болатын.  Жеткерген  оқуға  кеткенде  изада  үйде  анасының 

қасында қалғанды жөн көрді. «анамның қасында болайын, бір өзін 

қалдырмайын, жанында қамқор болайын», – деп қалды. сол себептен 

оқи  алмады.  бұл  соғыс  жылдары  еді.  сол  кездері  күлпатша  апа 

төркінінен ажырап қалған.

анасы  қатира,  інісі  тойбазар,  ағасы  Жантөре  мен  қанай, 

балмай деген апаларынан көз жазып қалған болатын. Жантөре ағасы 

соғысқа кеткенде жұбайы даража апа, қатира әжесі, тойбазар баласы 

қалды. 


Жантөре  майданнан  жаралы  болып  оралады.  қатира  әжесін 

күлпатша  қызынан  екі  баласыменен  көз  жазып  қалғаны  жанына 

қатты батады. қызына сұрау салып жүргенде Әби  хабар әкеледі. Әби  

қанайдың күйеуі болатын. қатира әже Әбиге «мені сонда жеткіз», –  

деп өтінді. 

сайқұдықтағы сиыр фермадағы күлпатша апаны тауып келеді. 

анасы  қызымен  қауышып  сағыныш  мауқын  басады.  изада  мен 

Жеткерген  де,  әжесінің  бар  екеніндігін  сонда  ғана  біледі.  екеуінің 

қуанышында шек жоқ. «біздің де маңдайымыздан сыйпайтын әже бар 

екен», – деп қуанды. қатира әже де жесірліктің азабын көп көрген 

еді.  қатира  әже  қызының  мән-жайын  көрген  соң,  «қарағым  басың 

жас,  біреуге  басыңды  қос,  бала  көтермегеннен  ауру  табасың,  оның 

жолы  аулақ  болсын»  деп  ақыл  айтады.  содан  кейін  1952  жылдары 

бір  жақын  қайын  інісімен  некелеседі.  1953  жылдары    гүлжаһан 

өмірге келеді. изада мен Жеткергеннің соңынан бір бауыр қосылады. 

«Жеткергеннің алдымда апам, соңымда қарындасым бар» деп қуанып 

айтатыны осыдан. екеуі маған сүйеу болып жүреді. анамыз да осы 

сөзге  қуанып  отыратын.  сөйтіп  жүргенде  әжесі  Жеткергенді  1952 

жылдары қазалыға алып кетеді. содан кейін, изада  «аман-өткелге», 

атасының  үйіне  оқуға  барады.  сол  жақта  екі  жыл  оқып  бітіреді. 

1955 жылы қазалыға нағашы әжесінің қолына барады. анасы да сол 

жақта болатын. изада  қазалыда жеті жыл оқып бітіреді. изаданың 

бойындағы өнері – тігін тігу мен тоқу болатын.

94


 «біЛгеніҢ ӨЗіҢе Жақсы...»

изаданың  қолы  жастайынан  ине-жіпке  икемді  болып  өсті. 

қызының қол өнерін таныған анасы да ол бір шаруаға кірісіп кетсе, 

аса көп араласа бермейтін. «білгені – өзіне, істегені – бізге жақсы» 

деп отыратын.

Жақияның шаңырағына бақ қайрылса онда изаданың да үлесі 

бар.  бақ  кімге  қарайды?  алдымен  ынтымағы  жарасқан  жандарға. 

Жақия мен изаданың қалай ынтымақты өмір сүргендігінен оларды 

білетіндердің  бәрі  хабардар...  бақ  сосын  жұмыстан  қорықпайтын 

адамға  қарайды  дейді  үлкендер.  бұл  тұрғыдан  келгенде  де  Жақия 

мен  изаданың  алдына  түсетін  жан  сирек.  Және  бір  мәселе,  кімнің 

қолының  өнері  бар,  бақ  соған  үйірсек  болатын  көрінеді.  «изада, 

изада» деп отырғандығымыздың мәнісі осында.

изада  жылдар  өтіп,  жасына  жас  қосқан  сайын  қолөнер, 

ісмерліктің қыр-сырын үлкен ыждаһатпен меңгереді. изаданың келе-

келе ол қасиетін таныған көрші-қолаңдар, апа-сіңлілері көйлек тігіп 

беруге қолқа салатын болыпты. көмегі тиген жұрт изаданы «шебер 

қыз» атайды. 

қолы  өнерлі  адамның  сүйкімді  көрінетіні  ежелден  белгілі. 

изаданың қолына түскенде шыт маталардың өзі жанып жүре беретін. 

Жазда  киетін  штапіл  көйлегін  айтпағанда,  қара  күзде  киетін  қара 

түсті, сары түсті костюмдерін  де өзі тігіп алатын. бұларды «қолдан 

тігілген емес, фабриканың өнімі» десе былайғы жұрт сенетін. қалай 

болғанда да, изада өз қатар-құрбыларымен салыстырғанда бөлекше, 

ерекше әдемі көрінетін. мұның бәрі сол өнердің арқасы.

он  саусағынан  бал  тамған  өнерлі  болғаннан  кейін  бе,  қолы 

тиын-тебенсіз болмады. қолына артық ақша түссе, жіптің неше атасын, 

көйлекке лайық маталар сатып алуға дағдыланды. кездеме мата оның 

көзіне жас бойжеткеннің үстіндегі көйлек болып елестейтін.

иә,  изада    кішкентайынан  батамен  көгеріп,  көктеді.  көптің 

ризалығын алған адамның да келешегі заңғар болады. изада бүгінде 

өсіп-өніп отырса, мұның бәрі сол алғыстың, үлкендердің батасының 

арқасы.

95


* * *

кейінірек  изада  бой  жетіп,  Жақияға  күйеуге  ұзатыларда 

бұрынғының дәстүрімен сыңсу айтқаны бар. сол сыңсуды ауылдың 

бойжеткендері  «изаданың  салған  әні  еді»  деп  біраз  уақыт  айтып 

жүрген. түгел шумағы есте қалмапты, «жан сіңлім гүлжаһан мен інім 

Жеткергенді кімге қиып тастап кетемін, мен кетсем бұлар қалай күн 

көрер?» боп келетін еді мағынасы. ал, қайырмасы ширақ айтылатын.

Кереге жайдым, қапсырдым,

Ши орадым, жапсырдым.

Артымда қалған жан апам,

Жеткерген мен Гүлжаһанды

Бір Аллаға тапсырдым, –

 деген  жолдар  кім-кімнің  де  жұлын-жүйесін  босатпай 

тұрмайтын еді.

міне, бүгінде жақсылар түсетін үйдің алтын қазынасы болып 

отырған изаданың кешегісі осындай мазмұнды да маңызды сәттерден 

тұрады. Өнеге аламын дейтін жан болса өрісті-ақ өмір емес пе?!



Гүлжахан Жеңсік апамен бірге

96


сӨЗ соҢы

сәрсеновтер  отбасы  әулетінің  тірегі  –  Жақиясыз  өмір  сүріп 

жатқанына  биыл  тоғызыншы  жыл.  Өскен-өнген  әулеттен  сәби  үні 

үзілген емес. балалар да табысты, қызметте абыройлы. құдайға мың 

мәртебе шүкір.

бір  қарасаңыз  бәрі  де  орнында.    төр  бұрын  да  қонақтан 

босамаған, қазір де келім-кетім адамда есеп жоқ. дастарқан да сол 

дастарқан.  тек  Жақияның  өзі  жоқ...  изадаға  да,  балаларға  да,  тіпті 

атасының көзін көрген немерелерге де осы жай бататындай.

Әрине,  мұның  бәрі  әулетке  асқар  таудай  пана  бола  білген 

Жақияға деген тұңғиық сағыныштан туған көңіл-күйдің көріністері. 

Әйтпесе, изада апамыз да, балалар да, кейінгі немерелер де Жақиядай 

азаматтың  өте  мазмұнды  өмір  сүргенін  жақсы  біледі.  біліп  қана 

қоймайды, Жақиядай ерін, әкесін, атасын орынды мақтаныш тұтады.

расында  да,  Жақия  азаматтың  басынан  өткізген  баяндары 

бір  адамның  ғана  емес,  тұтас  ұрпақтың    тарихы.  тіпті,  бір  ұрпақ 

дегеніңіз де аздық етеді, бұл – бүгінгі тәуелсіздікке мың өліп, мың 

тіріліп келген тұтас ұлтымыздың тарихы. мемлекеттің адамдардан, 

тарихтың сәттерден құралатынын ескерсек, осы тоқтамға келеміз.

түсінген, ұғынған, аңғарған жанға Жақияның өмірін отбасын 

құрғанға  дейін  және  отбасын  құрғаннан  кейін  деп  екі  кезеңге 

бөлуге болады. екі кезең бір-біріне мүлде ұқсамайды. ғибраты мол 

тағдырдың  жастарға  берер  тәлім-тәрбиесін,  үлгі-өнегесін  өлшеу 

мүмкін емес. ол – кешеден бүгінге келген жан.

ал,  ертеңі  қандай  болмақ?  Жақияның  ертеңі  –  ұрпақтары 

десек, үміт те, тілек те солардың үстінде. алла тағала олардың тек 

жақсылығын көрсеткей!

97


ұрпағым біЛе ЖҮрсін      

             

                             араЛ тӨбе  

 

       



міне, 1987 жылы аталарымыздың басына белгі орнатып кетіп 

едік.  бұзылмапты,  жақсы  сақталыпты.  сегіз  жылдан  кейін  қайтып 

келдік. 

ағайындар  жақсы  жиналып  жатыр.  бүгін  мамырдың  отызы. 

Өткен  жылдан  бір  айға  бұрын  келдік.  барлығы  да  дұрыс  екен. 

қойған белгіміз еш бұзылмапты. Әріптеріне дейін бәрі орнында тұр. 

аманшылық  болса,  бүгін  халықтың  басын  қосып,  «құдай  жолы» 

беріп, екі қой шалып жатырмыз

Өте  бір  кең,  жері  шұрайлы.  малға  да  егіндікке  де  жайлы. 

ертеректе  мал  өрісі  болған.  ат  жарыстырып,  көкпар  тартқан  алаң. 

менің әкем бұқарбай атсейіс, мерген, сал жігіт атанған. Жылқыны 

өзі  жаратып,  баптап,  аламанға  қосқан.  көнекөз  қариялар  бәйгеге 

қосқан тайына дейін олжасыз келмейтін деп отыратын. айғыр бәйгесі 

болсын, тай бәйгесі болсын біздің аталарымыз ол сайыстан жеңіссіз 

оралмаған. Жұмаш атаның күрең қасқа айғыры қызылордада шапқан. 

тіпті, алматыда өткен бәйгені қалай алғанын қалың ел әлі уақытқа 

дейін  аңыз  ғып  айтады.  міне,    ата-бабаларымыз  мекендеген  киелі 

қонысымыз осы.

қазір  мен  алпыс  беске  келдім.  менің  бұл  арадан  кеткеніме 

60  жыл  болды.  ел  ауысып  көшкен  шақта  үлкен  жолдың  бойында 

«қызыл Жұлдыз» дейтін совхоз  бар еді. осы күні «арал төбе» мал 

бордақылау  совхозына  айналған.  бүгін  басшыларына  сәлем  беріп, 

Жақия сәрсенов

99


«құдай жолыға» шақырдым. қарабұтаққа екі машина жіберіп, келетін 

біраз адамдар мен мешіттің молдасын алдырамыз. дастарқан жайып, 

құран  оқып,  қатым  беріп,  ата-бабамыздың  аруағына  зиярат  етеміз. 

бүгін кері қайтуымыз да мүмкін.  

құдағиға  бөлек  рақмет.  күлекең  алыстан  ат  арылтып,  біздің 

атажұртты көріп, қаншама еңбек істеп жүр. 

изадаға  рахмет.  Әлімжан  батыр  келіп,  қызмет  атқарды. 

ата-баба  аруағы  қолдап,  құдайдың  көзі  әр  уақытта  түзу  болсын. 

соңымыздан өсіп-өніп келе жатқан ұрпақ бар. кейін олар да біз сияқты 

қария болады. қазақтың: «атаңа не істесең, алдыңа сол келеді» деген 

нақыл сөзі бар. бес-алты жылдан соң, немерелерді ерте келеміз, одан 

кейін шөберелерге де кезек келіп жетер. құдай әрқашан жақсылыққа 

жаратсын.

мәтеке!  сенің  қызың  үлкен  болғанда,  сен  басқарып  келетін 

бол. одан кейін Жанболат, гужик бастап келеді. атамекенді ұмытушы 

болмаңдар.  аруақтар  бізге  қорғаныш  боп,  бәле-жәле,  тіл-көзден 

сақтасын!

біссіміллә,  аллаху-әкбар  дегенде  іштеріңнен  қабыл  болсын 

деп  ниет  қылыңдар.  батасы  тиеді.  ұрпақтарымды  ата-баба  аруағы 

қолдап жүрсін!

аллаху-әкбар!  Әумин!          

30 мамыр 1995 жыл 

* * *

Жақия әкеміздің Жанболаттың 



мүшел жасында сөйлеген сөзі

қымбатты  жас  өрендер!  ұлымның  жолдас-жоралары,  біз  

Жанболаттың  ата-анасы  бүгін  өздеріңіздей  Жаконың  туған  күнін 

тойлауға  арнайы  келдік.  Уақыт  өте  келе,  Жанболат  баламыздың  да 

біразға келгенін сезбей қалыппыз. былай ойлап қарасақ, өзімізде жас 

сияқтымыз. десе де, артымыздан қуып келе жатқанын мойындамасқа 

лаж жоқ. 

100


айналайын,  достарың  өзіңдей  сыбатты  сұлу,  таза  азаматтар 

екенін көріп отырмын.

Жақсы жігіттің жолдас-досы көп болады. ол көптің еш зияны 

жоқ.  Жігіттер  келіп,  сәлем  беріп  жатыр.  бірге  оқыған,  қызметтес 

болған, үйіне қонаққа барып, дәмдес болған жігіттер. 

айналайын! Жанболат балам! Өмір-жасың ұзақ болсын. Жүз 

жаса, әрі бақытты бол. Жаратушы барлығын молынан және берекесін 

берсін. бала-шаға, немере-шөбереге жұғысты болғай! 

бүгінгі  тойға    құдағайымыз  күлекең  арнайы  қатысып  отыр. 

баламыз мараттың жолдасы Шолпанның анасы.

мінеки, айналайын ата-ана баласына қай уақытта да жақсылық 

тілейді. келешегі жақсы, мол болғанын қалайды. ғұмыр жасы ұзақ 

боп,  қатарлары  көп,  ешкімнен  кем  өспей,  көппен  бірдей  болса  деп 

тілейді.


мінеки, сондай ақ тілекті, жалпы ата-ананың атынан тілейміз. 

Әр уақытта сыртыңнан, алыста жүрсең де уайымдап, ойлап отырамыз. 

Үйіне келді ме екен деп?!

біз  мың    шақырым  жерде  алыс  болсақ  та,  қамқоршы  болып 

жүреміз. ата-ананың жүрегі балалары үшін еш уақытта ұйықтамайды. 

Әрқашан  ұл-қыздарын  ойлайды.  сондай  ата-ананың  бірі 

біздер. келешекте сен де әке атанасың. ата-ананың қадірін балалы 

болғанда білерсің! сол шақта біздің айтқан сөздеріміздің бәрін есіңе 

түсір!

бақытты  бол!  Замандастарыңа  береке  қонсын.  еш  уақытта 



бір-біріңе қиянат жасамаңдар, өмірді таза сүріңдер. қулыққа барып, 

алдамаңдар,  бар  дүниені  бөлісіп  жеп-ішіңдер.  осы  уақытқа  дейін 

қалай тату болсаңдар, сол адалдықты сақтап қалыңдар. сонда ғана 

көңілің  ақ,  әр  жолдасыңның  көзіне  тік  қарай  аласың.  осы  уақытқа 

дейін таза келдің, таза жасай бер. 

барлықтарыңа айтар ортақ тілегім. рақмет. Жиналғандарыңызға 

ризамын.                       

                                                                                                             Әумин!    

1998 жыл

101


* * *

Әкеміз Жақияның Жанболат пен айманның 

үйлену тойында сөйлеген сөзі

айналайын қауым, туған-туысқандар, абзал достар, ұлымның 

жора-жолдас, замандастары! 

бүгін Жанболат пен айманның отау тіккен тойына шақырған 

ағайындардың бәрі келіп отыр. барлықтарыңызға шексіз алғысымды 

білдіргім келеді, рақмет. 

Жігіт  ағасы  Жанболат  менің  ұлым  болса,  сіздердің 

жолдастарыңыз,  достарыңыз.  мына  жақта  отырғандар  оңтүстік 

қазақстаннан келген ағайындарымыз. мінеки, барлығымыздың бүгін 

төбемізді  көкке  жеткізіп,  үлкен  шаңырақта  екеуіңіздің  бас  қосқан 

тойларыңызды өткізіп отырсыздар. ол құрмет-ілтипаттарыңыз үшін 

мың рақмет.

мен өзімнің жұбайыммен 42 жыл бұрын бас қосып, шаңырақ 

көтердім.  балаларым  алтын  тойға  жетіп,  ұзақ  өмір  сүрсе  деп  тілек 

білдіремін. Өніңіздер, өсіңіздер! ұрпақтарыңызбен мың жасаңыздар!

айтылған  жылы  сөздеріміз  періштенің  құлағына  шалынсын. 

осы арадағы жолдас-туысқандардың барлығы да куә. олар да ниеттес 

азаматтар.  айналайын,  өмірлерің  алда  әлі,  көп  жасаңдар.  тапқан 

табыстарың  өмірлік  боп,  немере-шөберелерге  жұғысты  болсын. 

біздің аталарымыз ата-анамызға той істеген екен деп, бұдан да күшті 

той  жасап,  көп  қуаныш  сыйласын.  бақытты  болыңыздар!  қайда, 

қашан  жүрсеңдер  де  жолдарың  ашылып,  алла  сақтап,  қорғасын. 

алдарыңнан  тек  ниеті  түзу  азаматтар  кезігіп,  дос,  туысқан  атануға 

лайық болсын! елдің алдында сый-құрметтерің арта берсін. Әумин! 

ата-баба әруағын ақтап, айтар сөзім осындай, қарақтарым!  

                                                                              

2000 жыл

102


* * *

Жақия әкеміздің немересі аружан дүниеге 

келгенде айтқан тілегі 

мынау Жанболат қалқамның бүгінгі алып келген қуыршағының 

қолындағы    «менің  сүйікті  немереме»    деген  арнайы  ашық  хаты. 

ішіндегі сөзі: күнім менің, әрқашан емен-жарқын күліп-ойнап жүр! 

Жүз жаса. ата-анаңның көзайымына айналып, бақытты бол!

игі тілекпен: ата-әжең сәрсеновтер 18.08.2001 

Әкесіне берсек, ары қарай іздеп, тауып алады. балаларыңның 

бірінші табысы!

Жүз жасасын, бақытты болып, сендерді қуантып жүре берсін!

  

2001 жыл


* * *

        


Жақия әкеміздің Жаңа жыл түні 

сөйлеген сөзі

 

ал, міне! ұл-қыздарым, немерелерім, Жаңа жыл құтты болсын!



баршамызға  келер  жылы  жаңа  бақыт  келіп,  шаңырағымызға 

қонсын!


Өсейік, өнейік. Жердің қай бұрышында жүрсек те, бір-бірімізге 

қайырымды бола білейік. қарайласып, қызмет істеп жүрейік. Өмірдің 

бар  жақсы  ырыздық,  нәпақасы  кішкентайларымызға,  немере-

шөберелерімізге  де  дарысын.  келешекте  олар  ата-ана  алдындағы 

парызын өтеп, қайырымын өтей берсін! 

Жаңа жыл құтты болсын!

                                                                       2003 жыл 

Шымкент шаһары

103


ііі  бӨЛім

ЖҮректе 


ЖаттаЛған 

есім


естеліктер

Алдымнан күтіп арманым,

Анамдай өмір тербетті

Бақытым, барым балаларым

Бауырымда өсіп, ержетті...

                              

Жақия Бұхарбайұлы

аяЛаЙ біЛген Жақынын, 

Жаны Жомарт аЗамат еді

мен, өзімнің өмірлік серігім болған Жақаңнан айырылсам да, 

оның рухымен іштей жиі әңгімелесемін. осылайша оған өзімнің сыр-

мұңымды жеткізуге тырысамын. балаларымның жағдайын айтамын, 

кеңесемін. кейде бәрі де бұрынғыдай сияқты болып көрінеді. тіпті 

қазір ол үйге кіріп келетіндей  болады.

қазақтың  “адам  ғұмырын  қамшының  сабындай  қысқа”  деп 

айтуы бекер емес екен. Ә дегенше өмірдің қалай өткенін  де байқамай 

қалыппын. ол кісімен өмірде өте тату-тәтті өмір сүрдік. еш уақытта 

мені қасынан қалдырған емес, бірге алып жүретін, әңгіме-сырымыз 

таусылмайтын.  ол  кісі  жан-ұя  үшін  жаралған  еді.  “бай  қараса  – 

бақ  қарайды”  деген  қазақтың  сөзі  бойынан  табылады.  “мен  саған 

ешқашан сөмке арқалатқан жоқпын”, – деп, еш қиындық көрсетпей 

аялап жеткізді. қонаққа барғанда бірге, екеуміз көңілді  жүретінбіз, 

қайтқанда  әдетте  бір  сөздерімен:  “менің  қалқанқұлағымнан  басқа 

изада кеулімжайқызы

Жақияның жұбайы

107


сұлу болмады”, – деп әзілдеп, мақтап отыратын. соған мен сенбеуші  

едім. кейін сол сөзді айтатын жан-жарым болмағаны арқама аяздай 

батты.

Жақаңның  өмір  жолы  түрлі-түрлі  қиыншылыққа  да,  небір 



қызықты  жағдаяттарға  да  толы  болды.  бірақ,  құдайға  шүкір, 

мағынасыз  болған  жоқ.  бала  кезінен  басына  түскен  ауыртпалыққа 

мойымай,  елдің  елеулі  ер-азаматы  бола  білді,  қоғамға  қадірі  сіңді. 

олай дейтін себебім балаларын өте жақсы тәрбиелеп өсірді, оларға 

ақыл айтудан ешбір жалықпады, әрі сол айтқандарын жадына түйіп 

алуларына барын салып, соған қолын жеткізе білді.

Жақаң көпшіл, қауымшыл адам еді. Әсіресе қатар құрбыларына 

көзқарасы, ел азаматтарымен сыйласқандығы, ізінен ерген інілерімен 

жақындығы, осының өзі керемет жағдай болатын. Жақын араласып, 

қатынасып, туған-туысқандарын төңірегіне жинап, өз қамқорлығына 

алып,  солармен  бірге  көбейіп,  сол  ниетін  алла  қолдағанына 

шүкіршілік етіп отыратын. сол ниеттің арқасында ағайын-туыстары, 

жора-жолдастары, елдің азаматтары қанша уақыт өтседе жан-ұямызды 

құрметтеуде,  бірінші  –  құдайдың  арқасы,  екінші  –  жан-жарымның 

салып кеткен сара жолы. мен ойлаймын, Жақаң өз өміріне риза болып 

кетті деп. себебі балалары жақсы азаматтар қатарына қосылды. олар 

әкесінің айтқанын орындап, бүгіндері елге адал қызмет етуде.

Жақаң кеткен соң, көп ұзамай тағы бір сырласатын адамым, 

анам  күлпатша  да  өмірден  озды.  екі  қолын  қамшы  етіп,  екі  аяғын 

ат  етіп  асыраған  анамның  өмірден  өткені  қабырғама  қатты  батты. 

тағдырдың  салғанына  адамның  көнуіне  тура  келеді  ғой...  Әлде  де 

өмірі  ұзақ  болуы  мүмкін  бе  екен...  Жақаң  өмірден  кеткеннен  кейін 

мені  көп  ойлап”екеуі  өмірбақи  бірге  жүрүші  еді,  бір-бірінен      еш 

айырылмаушы еді ғой”, – деп күйінетін, содан бір ауруға тап болып, 

өмірден кетті.

анамның қиын заманда әке орнына әке, ана орнына ана  болып, 

өмірдің  талай  қиындығын  тартқаны  жаныма  қатты  батады.  бірақ, 

шүкіршілік  –  карашаңырақта  анасын  әбден  ардақтаған  Жеткерген 

жұбайымен,  бала-шағасымен  жақсы  өмір  сүруде.  анам  Жақаңның 

балаларының қызығын  көріп, батасын беріп, риза болып өтті.

108


Жан анама алла иманмен жарылқасын деп отырамын.

Жақаңның  тағы    бір  жолы:  “мен  өзім  жетім  өстім,  қаншама 

қиындық  көрдім.  сол  секілді  мына  елде    қазір  таршылық    көріп, 

тозып  тұрған  кезі.  балаларым,  әйтеуір,  құдайға  шүкір,  жақсы  келе 

жатырсыңдар,  дүниеде  жақсылық  жасағаннан  артық  нәрсе  жоқ. 

ауылдағы мектепке көмек жасаңдар”, – деп ойын сабақтап, бөліскені 

бар-ды.  Жақиядан  айырылған  соң  осы  бір  сөзі  қайта-қайта  ойыма 

орала  бергені.  соны  бір  күні  Жанболатқа  айттым.  балам  әкесінің 

өсиетін  бұлжытпай  орындап  аралтөбедегі  мектепті  жөндетті.  ел 

риза  болып  рақметін  айтты,  мектеп  ұжымы  алғыс  хатын  жіберді. 

бұқарбайдың  баласының  атын  берейік  дегендер  де  болды,  бірақ 

оларына  мен  “Жақия  марқұм,  жасаған  жақсылығын  атақ  алу  үшін  

істемейтін еді”, – деп көнбедім...

сол  кезден  кейін  уақыт  зырғып  өте  берді.  2007  жылы  қазан 

айында Жақаң 75 жасқа толар еді. балалармен ақылдасып осы жерде 

үлкен ас-той бергенше Жақаң көп ойлайтын туған жеріне, туған еліне 

құран оқыту үшін 2007 жылы қыркүйек айында тағы бардық. барар 

алдында, сол жылдың шілде айында қарабұтақтағы мектептен хабар 

келді – өкіметіміздің “Жүз мектеп” деген бағдарламасына осы мектеп 

Жанболаттың көмегімен ілініп, ескі мектептің орнына  екі қабатты 

250 орындық жаңа мектеп салынды деп. Әкесінің атынан жіберілген  

қаражатқа  сол  мектепке  балалар  таситын  автобус  алыныпты.  осы 

барғанда ұлдары қасымхан, Жанболат, марат, қызы гүлжан, келіні 

Шолпан  үлкендердің  батасын  алып,  әкесінің  кіндік  қаны  тамған  

жерін,  елін  көргенде  үлкен  әсер  алып,  риза  болып  қайттық.  сол 

аралтөбеде  жиеніміз  айтжан,  мәдина,  бала-шағасымен  отыр. 

мектеп оларға арқа сүйеу болып, нағашылары салдырғанына қатты 

қуаныпты. Өзіміз хабарласып, жағдайларына қарасып тұрамыз.

аруақтың  арты  қайырлы  болсын,  алды    пейіш  болсын,  арты 

кеніш болсын деген сөз қате айтылмаған сияқты. Шүкіршілік жасап 

арты тойға жалғасты. атасы кеткеннен кейін Жанболаттың балалары, 

Жантемір мен Әлкеннің 2008 жылы атасының қарашаңырағына келіп 

ағайын, туған-туысқандардың басын қосып сүндет тойын жасадық. 

сол тойда анамның төркін жағы болып келетін мұса ініміздің тойға 

тарту еткен өлеңі:

109


тоЙға ШаШУ

Ұландарым, құтты болсын тойларың,

Әрқашан да биік болсын ойларың.

Мұсылмандық бойларыңа Нұр беріп,

Тойға ұлассын мына «сүндет» тойларың.

Қуаныш пен шаттық заман көріңдер,

Болашақта бір Аллаға сеніңдер,

Күш-жігерің Алла құйып бойыңа,

Жақсы азамат болып өсе беріңдер.

Жақиядай атаң болған алдыңда,

«Изададай» асылын сүйген жардың да,

Сол Жақаңның алтындай нұр бейнесі

Жүректерде жазылып мәңгі қалды ма?

Әкең сенің алдыңдағы Жанболат

Алла берсе қазақтарға хан болады

Биіктерден көріне берсін әкешің

Ғайып ерен 40 шілтен жар болады

Аналарын алдыңдағы Айман ғой

Сендер үшін жүректерін жайған ғой

Дастарқанға ағайын туыс шақырып

Жасап жатыр өздеріңе ұлы той

Үлкен әкең алдыңдағы Қасымхан

Раушандай шешеңменен тасылған,

Марат ағаң жүр жүгіріп қуанып

Шолпанменен бірге жаны қосылған.

Тәтелерің Динара мен Гүлжанға

Бүкіл әлем екеуіне қараған,

110


Жүрген жерін нұрландырар екеуі

Жақсы көрер сондықтан да бар адам.

Жантемірім жүрген жерде сыйлы бол

Ел билейтін, басыңменен милы бол,

Алла жар боп алға қарай жүре бер

Өмір деген жазылмаған қилы жол.

«Әлкенім» өнерлі бол, нұрлы бол

Жүрген жерің той-думанды, жырлы бол,

Жігітке аз қанша өнер болса да

Шырағым, сен сегіз қырлы, бір сырлы бол.

Қолыңды жай мен батамды берейін

Ғайыптан күш келеді деп сенейін,

Айтеке би аруақтары жар болып

Ұлдарымды биіктерден көрейін.

Ғайып ерен 40 шілтен қорғасын

Қыдыр болсын қасыңдағы жолдасың,

Алла беріп өмірі мен бақытын

Бастарыңа еш жамандық болмасын.

                                              

                                                                              Әмин!

20.10.2008 жыл

111


тоЙға арнаған  гҮЛЖанныҢ тіЛегі

тоЙға тіЛек



Бүгін бір той өтіп жатыр тамаша,

Көз тоймайды қауым жұртқа қараса.

Дос-жарандар Жантемір мен Әлкенге,

Ақ тілектер айтып жатыр жарыса.

Жаңа жайып келе жатқан өркенін,

Осы жастар өрeндеpi өлкенің.

Алыс-жақын ағайындар бас қосқан,

Ұлы той бұл – Жантемір мен Әлкеннің.

Жантемір ер толып бүгін алтыға,

Келіп отыр мұсылмандық қалпына.

Мектепке де құтты қадам басыпты,

Қажетті жан боламын деп халқыма.

Ал, Әлкенге бары-жоғы жарты жыл,

Арабияда жарық көрген алтын ұл.

Мұсылмандықты кабылдаған Дубайда,

Айтулы адам болар дейміз жалпы бұл.

Көрмесе де Жақиядай атасы,

Алла алдында қабыл болып батасы.

Дүниеге келген осы немере,

Болмас, cipә, қадамының қатасы.

Жанболат пен Айман сынды ата-ана,

Балаларсыз бойға асы бата ма?

Аружаны, Жантемірі, Әлкені –

Күндері ғой, күнсіз таңы ата ма?

112


Бipi аялап, десе жарық жарқыным,

Бірі аймалап, десе асыл алтыным,

Әлі ертең-ақ екеуі де ержетіп,

Шыға келер ұланы боп халқының.

Соның үшін тамашалап, тамсанып,

Ақ тілектер ақтарамыз қаншалық.

Тойы тойға ұлассын деп қос ұлдың,

Таң атқанша би билейміз, ән салып.

Ұландарға Жаратушы жар болсын,

Ұлан-асыр қайрат-күші бар болсын,

Татқанымыз тіл үйірген дәм болсын,

Айтқанымыз әзіл-күлкі, ән болсын

той  тойға  ұлассын  деген  халықтың  дана  сөзі  қабыл  болып 

мараттың да балалалары, диас пен тайырдың тойын өткіздік. мың да 

бір шүкіршілік  деп отырмыз. Уақыт өте келе менің де жетпіс жасым 

келіп қалыпты. бұл да бір белес, 70-жылдықты балаларым ағайын-

туыс, құда -жекжатпен, бала-шаға өнерін көрсетіп той жасадық. сол 

тойда туыстарымның алдында  үрім-бұтақтарымызға ұлағат болсын 

деп, әрі атасының менімен өткен өмірбаянын естіп жүрсін деп айтқан 

тілегім:

“біз  соғыс  кезінен  бұрын  туып,  әлі  жүрмей,  есімізді  білмей 

жатқан кезде, соғыс басталып кетіпті. сол соғыс әйтеуір  халыққа оңай 

соққан жоқ. сөйтіп жүргенде, бірінші кезеңмен соғысқа шақырылған 

әкемізден сол 1941 жылы айырылып, біз ананың бауырында қалыппыз. 

ол кезді бірі түсініп, бірі түсінбейтін шығар.

ол шала құрсақ болып жүріп, өстік, балалық дәуірді, мектеп 

шақтарын шала-шарпы көрдік. кейін бір мектепте туған жылымызды 

сұрағанда  “1940  жылы”  деп  айттық.  ол  кезде  төлқұжат  деген  жоқ 

еді. ойда, қырда, далалықта шешеміз бізді қайтсем асыраймын деп 

жүріп, малдың ізінен кеткен. Үш-төрт жерде шамалы мектепте оқып 

қалдық. сөйтіп жүргенде дем арасында қыз болып, бойжеттік. Жар 

113


таңдайтын да уақыт болған жоқ. құдайдың да өзі қарасады екен, бір 

керемет азамат Жақаңа, қосылып, құдайға шүкір, жақсы отан, жанұя 

құрдық, өмірді бастадық.

сол  кезде  бір  түрлі  уақыт,  заман  болды.  мен  “әкем  жоқ, 

жетіммін”  деп  жүрсем,  ол  кісі  ата-анадан  ерте  айырылып,  тұлдыр 

жетім екен, сол екеуіміз қосылып, сырымызды бір-бірімізге айтып, 

бір  талай  жүріп  келіп,  емен  ағаш  құсап  тамырды  тереңге  жайдық. 

“менің арқамда құдайым бар” деуші еді, сол өте рас болып шықты.

Жапырағы көп ағашқа құстар көп қонады деген сөз бар ғой. 

құдай  сол  ағашқа,  жан  ұямызға,  балапандарды  қондырды,  балалы-

шағалы болып, өсіріп-өндірдік. сөйтіп жүріп, өмір зулап өте берді. 

тек қана бір өкінішті сәт – Жақаң өмірден ерте кетті. құдайға шүкір, 

алақанымда құдай берген бес саусақтай, бес балапаны бар деп, риза 

болып  кетті.  бірақ,  ерте  кетемін  деп  ойламап  еді,  алланың  жазуы 

солай болды. сол бес саусақтай, бес балапаным аман есен өсті, өнді. 

олар  өздері  ата-ана  болып  немерелерімді  дүниеге  алып  келді.  сол 

немерелер келгеніне құдайға мың шүкіршілік деймін.

атаға немере бұтақ екен, әжеге немере нұрын төккен күннің 

шуағы  екен.  мен  қазір  сол  шуаққа  бөленіп  отырмын.  Жан-жағыма 

барлықтары  жүгіріп  келгенде,  әр  қайсысы  қуантқанда  жүрегім 

жайылып,  рақаттанып қаламын. немеремнің алды англияда  оқып 

жатыр, жиі-жиі “апа иза” деп телефонмен хабарымды біліп тұрады.

ата-аналары аман болсын, балалардың амандығын, саулығын 

тілеймін.  айналамдағы  туысқан-бауырларыма,  құда-жекжатқа 

ризамын.

құданы  да  құдай  қосады  дейді,  Жақаңның    себебі  болды, 

жақсы құдаларға әдемілеп қосып беріп кеткен.

барлықтарыңызға  тілегім  сол,  немерелеріңіздердің  шуағына 

бөленіңіздер, ата-анасы жақсылап өсірсін, оларға да менің жолымды 

берсін, немере-шөбереге жетсін.”

изада ананың 70 жылдық тойына Жеткерген қызы Ләззаттың 

тартуы:


Тарихтың 20-шы ғасырдың беттерінде

40-шы жылдың сол бір көктемінде,

114


Білді ме екен дәл осындай той боларын

Гүлпатша ана алғаш сізді өпкенінде.

Ерке едіңіз бой жеткен кеше сіздер

Неше қыстар өтіпті, неше күздер,

Енді бүгін бақытты анасыз ғой

Осы отырған барлығы шешеміздер.

Бүгінгі күн анасыз ғой сол баяғы ерке қыз

Жиылып ағайындар ән мен жырын шертеміз,

Әттеген-ай, әттеген-ай Жақиядай әкеден

Айырылып қалыппыз ғой амал қанша, ерте біз

Ақыл бізге әрбір айтқан сөздеріңіз

Қамқоршыл болған көп қой кездеріңіз,

Есіңізге бір сәтке түсірейін

Жеткергенді жетектеп жүргеніңіз.

Ұлдарыңыз әлпештейді оған шүкір етерсің

Бұл өмірде Изада апа бақытты жан екенсің,

Қыздарыңыз еркелетіп жүрсін әрдайым

Келіндерің алдыңыздан қия кесіп өтпесін.

Алдыңыздан шықсын талай ғажайыптар ғаламат

Жүзге жетіп денсаулығың болсын деймін саламат,

Шын жүрекпен тойымызда шашу шашқан жырымен

Сіңілің деп білерсіз Жеткерген қызы Ләззат

Сызылтып баурап алар салған әні

Кеулімжайдың ұрпағын жалға ғана,

Артыңнан ерген ініңнің жан жары ғой

Қарсы алыңыз келініңіз Күлбаланы.

115


ӘрқаШан мен ӨЗіҢді 

арқа тұттым

Өзімнен  кейінгі  бауырларымдай  емес,  менің  өмірбаяным 

басқашалау. бұл туралы осы кітапта егжей-тегжейлі жазылғандықтан 

оның бәрін тәптіштеп қайтып айтып жатпайын. тек айтайын дегенім, 

әкеммен  қарым-қатынасым  өзгешелеу  өрілді.  маған  ол  кісі  аға 

орнына жүрді.

маған  дүниенің  түкпір-түкпіріндегі  бірнеше  мемлекеттерге  

саяхат  жасау  бұйырды.  небір  ғажайып  жерлерді  көрдім,  небір 

өзгеше елдерде болдым. бірақ, кесіп айтсам, маған өмірімде жасаған 

екі  сапарым  ғана  есімнен  ешқашан  шықпастай  әсер  қалдырды. 

ол  –  мені  тілеп  алған  әкем  абдолланың  1964  жылы  алғаш  ата-

жұртқа,  қарабұтаққа  апарып,  Жұмаш  атамыздың  басына  құлпытас 

орнатқандағы  сапарым,  туған  әкем  Жақияның,  өзінің  кіндік  қаны 

қасымхан Жұмашев

үлкен ұлы

116


тамған аралтөбеге ертіп барғаны. бірінші барғанымда мен тым жас 

едім,  сол  себепті  көп  нәрселер  есімде  қалмады.  ал  екінші  сапар 

барысында,  арманда  кеткен  бұхарбай  атам  мен  Зағипа  әжемнің 

басына көтерген ескерткішті өз қолыммен қалаған әрбір тасын есіме 

алсам,  әлі  күнге  шейін  жүрегім  толқып,  жанымды  сөзбен  айтып 

жеткізе алмас бір ғажап сезім толқытып, тебірентеді...

ата-бабаның  қоныстанған  жері  арал  төбе  ауылы,  өте  бір 

ерекше жер. Жері жусанды тура бір Жайықтың толқынына ұқсайды. 

содан да болар жусан иісін біз қатты сағынамыз.

Жәкем ағамдай болды дейтінім де содан. Жасымның нешеде 

екені есімде жоқ, әйтеуір бірде мені ойыншықпен ұрып жібергені бар. 

Жылап үйге келдім. «Үйіңе енді бармаспын», – деп қоямын. мамам 

«ұрса өзіңнің ағаң ғой шырағым, бар, ұят болады» деп ақылын айтады. 

ол кезде ақыл тыңдайын деп отырған мен бар ма, сол бармағаннан 

бір айдай бармай жүрдім-ау деймін.

институт  бітіргеннен  кейін  Шымкенттегі  фосфор  зауытында 

жұмыс  істеп  жүрдім.  ұмытпасам  1987  жылы  болуы  керек,  Жәкем 

шақыртты.  «қасымхан,  мен  де  әкеме  белгі  қойсам  деп  едім,  соған 

елге бірге барып қайтайық», – деді. осылайша ол кісімен туған елге 

бірінші рет бірге бардық. Жол бойы ағыл-тегіл әңгімелер айтылды.

Жәкем  өте  ақылды  жан  еді.  мен  ол  кісінің  ақылын  көп 

тыңдадым.  сол  ақыл-кеңестерден  өміріме  азық  жинадым  деп 

есептеймін.  Жәкем  қайтыс  болғаннан  кейін  елге  марат,  Жанболат 

бәріміз барып қайттық.

расын айту керек, мен Жәкемді осылай ерте кетеді деп ойлаған 

жоқпын. мәскеуге барып емделіп келгеннен кейін үмітіміз зор болды. 

тамаққа тәбеті ашыла бастағанына куә болғанымда ерекше қуанып 

едім. ақыры ауруды жеңдік-ау деп ойлағанмын. сөйтсек оның бәрі 

әншейін алдамшы нәрсе екен ғой...

қазір  Жәкемсіз  өмір  сүріп  жатқанымызға  жеті-сегіз  жылға 

таяды.  көңіліме  ол  кісі  әлі  ортамызда  жүргендей  болады.  Уақыт 

өткен сайын оның бейнесі алыстамай, қайта жақындай түсетіндей.

117


атамныҢ Әр ісі біЗге ҮЛгі еді

 

мен үшін атам ұлы адам. атам тумысынан текті адам еді. ол кісі 



өмірден түйгендерін күнделікті тіршілікпен ұштастыра білетін  жан 

еді. бұл әркімнің қолынан келе бермейді. мен қазақша тәрбие көрген 

жанмын. сондықтан болар осы үйге сіңіп кету маған қиынға соққан 

жоқ.  сонда  да  болса  осы  әулеттің  адамы  болып  кетуіме  атамның 

адамгершілік қасиеттері көп әсер етті. Өзім ұялшақ адаммын, сонда 

да атам елдің алдында тым көтеруші еді мені, өйткені балаларының 

анасын өзі қалай қадірлеп, қастерлейтінін, сондай-ақ балаларына да 

немерелерінің аналарына солай қарап, қадірлеуін талап ететін.

 күні бүгінгі  дейін таң қалатыным, атам жетім өссе де, өзінің 

әке-шешесінен қанымен бірге келген адамгершілік құндылықтарын, 

тектілігін  жоғалтпағандығы.  Әйтпесе    адамдармен  қалай  қарым-

қатынас  жасауды  оған  ешкім  үйреткен  жоқ  қой.    ата-бабалардың 

раушан Жұмашева



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет