Күнтізбелік-тақырыптық жоспар 2022-2023 ОҚу жылы
Б отырысында аралды Мектеп гимназия
«Музыка» пәнінен күнтізбелік – тақырыптық жоспар (2 сынып) Пәннің оқу жүктемесі аптасына 1 сағат, оқу жылында 36 сағат. "Музыка" оқу пәнінің 2-сыныпқа арналған базалық мазмұны келесі бөлімдерден тұрады: "Музыка тыңдау, талдау және орындау": музыкалық сауаттылық. Ұғымдар: тембр, ырғақ, динамика, темп, лад: мажор, минор, музыкалық (көркем) образ, халық музыкасы, халық әні, халықтық күйші-композитор, композиторлық музыкасы, композиторлық ән. Қазақ халық күйлері және әндерінің жанрлық ерекшеліктері. Ұлттық және классикалық музыкалық аспаптардың дыбыс бояуын анықтау. Музыкалық шығарманың құрылымы: мотив, музыкалық фраза, сөйлем. Ноталардың ұзақтықтары және паузалар: бүтін, жартылық, төрттік, сегіздік; музыканы тыңдау және талқылау. Музыканы тыңдау және музыкалық көркем құралдардың көмегімен сипатын талқылау (ырғақ, динамика, тембр, лад, көркем образ). Музыкалық жанрларды: ән, күй, би, марш, әуеннің түрлерін: вокалдық, аспаптық анықтау; аспаптарда ойнау және ән айту. Хор құрамында, ансамбльде, жеке дауыспен түрлі сипаттағы әндерді ән айту ережелеріне сәйкес орындау. Әнді дирижерлық қимылдардың көмегімен орындау. Ре, до ноталары аралығындагы дыбыс көлеміне қарай карапайым әуендерди таза орындау. Аспаптар көмегімен музыкалық шығармаларға қарапайым ырғақтық сүйемелдеуді ансамбльмен орындау (балаларға арналған шулы, ұлттық соқпалы аспаптармен). Қарапайым әуендерді нота арқылы орындау; "Музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру": музыкалық шығарманың сипатын ырғақтық қимылдармен, шапалақпен, әңгіме, сурет түрінде және басқа да музыкалық-шығармашылық жұмыстар арқылы көрсету. Белгілі мәтінге, музыкаға дауыс көмегімен, музыкалық аспаптар, әсем және би қимылдары арқылы импровизация жасау, "Музыкалық-шығармашылық жұмысты көрсету және бағалау": шығармашылық жұмыстарды бағалау және көрсету: ән, би, сурет, импровизация, сахналанған әндер. 2–сыныпта «Музыка» пәнін оқытуда тыңдайтын және орындайтын туындының мазмұны жайлы түсінік бере отырып, музыканың адам және табиғат әлеміндегі орнын түсіндіру мақсатында түрлі мысалдармен білім алушының жан-жақты көзқарасын қалыптастыру ұсынылады. Дәстүрлі қазақ музыкасының бастауы бесік жырының тәлім-тәрбиелік маңызын жете түсіндіру үшін әр заманның туындыларын жатқа айтуларына баса назар аудару, табиғатты қорғау, туған жерге деген құрмет және басқа да бала жасына лайықты балалар әндерін үйрету ұсынылады. Сабақ барысында музыка тыңдау және ән үйрену бөліміне басымдық берілгені дұрыс. Тыңдауға арналған және үйренетін туындыны таза домбыра аспабының орындауында тыңдату ұлттық құндылықтарды насихаттаудың басты құралы ретінде ұсынылады. жүктеу/скачать 167,15 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |