Көбекова Ж. С. Психология негіздері Оқу қуралы



бет101/134
Дата29.10.2023
өлшемі0,53 Mb.
#121191
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   134
Байланысты:
Ê?áåêîâà Æ. Ñ. Ïñèõîëîãèÿ íåã³çäåð³ Î?ó ?óðàëû

Физиологиялық қажеттілік өмір сүру үшін керек. Бұған тамақ, су, баспана, демалу жәнежыныстық қатынас қажеттіліктері жатады.
Қауіпсіздік, қорғану және болашаққа сенімділік қажеттіліктеріне қоршаган орта тарапынан болатын физикалық және психологиялық қауіп қатерден қорғану қажеттілігі, болашақта физиологиялық қажеттіліктің қанағаттандырылуы мүмкін.
Әлеуметтік қажеттілік - бұл бір нәрсеге немесе біреулерге қатыстылық сезімі, өзіңді біреулердің құрметтеу сезімі, әлеуметтік қарым-қатынас, құштарлық және сүйемелдеушілік сезімі.
Құрметтеу қажеттілігіне өзін-өзі құрметтеу, жеке бас жетістіктері, біліктілігі, басқа біреулердің оны құрметтеуі, мақұлдауы жатады.
Өзін-өзі көрсету қажеттілігі - өзінің потенциалды мүмкіндігін жеке басының өсіп жетілуін жүзеге асыру қажеттілігі.
А.Маслоу көзқарасы «қажеттілік иерархиясы» әдістемесі деп аталады. Ол қажеттіліктің қатаң иерархиялық құрылымды орналастыруға болады деп есептеді.
Адамның қажеттіліктер саласының құрылымын қарастыру тұрғысынан А.Маслоудың «қажеттіліктер үшбүрышы» үлкен қызығушылық тудырады, мұнда бір жағынан, адамның әлеуметтік, интерактивті тәуелділігі, екінші жағынан - оның өзін-өзі өзектендірумен байланысты танымдық, когнитивті табиғаты айқын көрінеді.


Ұғынатын және ұғынбайтын әуежділіктер


¥ғынатын (саналы себептер) әуежділіктер - адамның өз көзқарасына, білімі мен принциптеріне қарай өмір сүруіне байланысты болатын себеп. Мұндай себептердің мысалы, жоғарғы өмірлік мақсат, өмірдің ұзақ мерзімді сатысында іс-әрекет жасайды. Ол өзіне мақсат қойып, оған жету жолын біліп қана қоймай, қалай жету принциптерін де білетін болса - бұл саналы себептерге жатады.
Ұғынбайтын (санасыз себеп) әуежділіктер. А.Н.Леонтьев, Л.И.Божович, В.Г.Асеев және де басқалар бұл себептердің - саналы да санасыз сезімдерден оянуы мүмкін екендігін айтады. Леонтьевтің пікірінше, егер тұлға саналы түрде іс-қимыл жасамаса да оның іс-әрекеті уайым, қажеттілік, тілек сияқты сезімдермен қиылысып кетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет