1. Дебилдық - олигофренияның ең жеңіл сатысы. Балаларда кейбір қабілеттіктер, мысалы механикалық жаттау, есептеу жақсы дамыған. Олар мектепте бастапқы кезде сау балалармен бірге оқиды, бірақ жасы үлкейе келе ақылы аздығы күшейе береді, сондықтан ондай балаларды арнайы мектептерде оқытады.
2. Имбецилдік- олигофренияның орташа сатысы. Науқас онға дейін ғана санайды, аз сөйлейді, сөздік қоры аз, ойлау қабілеті төмен болады. Қарапайым жұмыстарды атқарады және өзіне қызмет жасай ала мұндай науқастар тек қана арнайы мектептерде оқиды.
З.Идиоттық немесе идиотияолигофренияның ауыр сатысы.
Науқастың сөйлеу қабілеті дамымаған, ойлау қабілеті жоқ, агрессивті, еш нәрсені түсінбейді.Әке-шешесін танымайды, өзіне қызмет жасай алмайды.
Деменция - жүре пайда болған ақыл ойдың аздығы. Деменция кезінде де интеллекттің төмендеуі байқалады. Деменция - бұл үлкен адамдардың бастағы миын патогендік әсердің нәтижесінде мийда болатын естің азаюы. Деменция бастағы ми жирақаттарында, бастағы ми тамырларының атекросклерозында, гипертония ауруының церебральды түрлерінде кездеседі. Науқастармен жақсы қарым-қатынаста болу, оларды тәрбиелеу, үйрету олардың ойлау қабілеттеріне әсер етеді. Егер бала қараусыз болса, олигофренияның сатысы күшейеді.
Ипохондриялық синдром— науқас өзінде жазылмайтын ауру бар деп ойлайтын ойлау патологиясы.
Тілдің шалдығуы (сөйлеудің бұзылулары) Бас ми қан айналымының бұзылуларында көлемдік процестерде жиі кездеседі.
Сөйлеу жылдамдығына байланысты жылдам, көп және тез сөйлеу не баяу ойлар болады, аз және баяу сөйлеу.
Үзілгендік (разорванность) - сөйлегенде логикалық байланыстың болмауы.
Толықтық (обстоятельность) - сөйлегенде екінші дәрежедегі жағдайларды артығымен айту.
Өсиетшілдік (резонерство) - көп сөздің ішіндегі негізгі мәні түсіну қиындығы.