§6.2 Қарым-қатынас тәсілдері, түрлері
§6.3 Қарым-катынас деңгейлері, контактты әрекеттесудің түрлері
коммуникативті ыкпал
§6.4 Топтағы, үжымдагы түлғааралык карым-катынас
§6.5 Түлға аралык қақтығыстар оларды шешудің жолдары
§6.6 Еңбектің психологиялық қырлары. Кәсіпқойлық деңгейлері
§6.7 Медицинада менеджер қызметінің психологиялық ерекшеліктері
§6.1 Қарым-қатынастың жалпы сипаттамасы Қарым-қатынас эдіснамалық, теориялық жэне эмпирикалық1 деңгейде соңғы жылдары зерттеле бастады. Соған қарамастаң жалпы психологиялық теория үшін оның мэні ерекше, қарым^ қатынас мэселесі психология ғылымдарының негізгІ үғымдарының бірі ретінде тез арада жетекші орындардың бірің ала бастады.
Психологияда қарым-қатынас мэселесін зерттеудің өз дәстүрі бар жэне аталған мэселені зерттеудің үш кезеңін атап көрсетуге болады.
В.М.Бехтеревтің зерттеулері, ол бірінші рет адамның психикалық факторы ретінде қарым-қатынастың рөлі туралы мэселені көтерді. Бірақ Бехтеревке қарым-қатынас үрдісі өз бетімен зерттеу жүмысының нысанасы болған жоқ.
70-жылдарға дейін қарым-қатынас мэселесін талдауда теориялық-философиялық көзқарас ерекше кең тарады. Қарым-қатынас үғымы әлеуметтік себептілік, адам психикасының рөлі жеке түлғаның элеуметтенуі туралы қағиданы негіздеу үшін қолданылады.
70-жылдары қарым-қатынас психологиялық зерттеулердің дербес саласы ретінде қарастырыла бастады. Бүл кезең психологияда қарым-қатынас мэселесінің шын мэнінде дүниеге келген кезеңі болып табылады.
Қарым-қатынас- бүл бірыңғай іс-эрекеттің қажеттіліктерінен туындайтын адамдар арасындағы байланыстың жан-жақты даму үрдісі.
Қарым-қатынас оның қатынасушыларының арасында ақпарат алмасуды қамтиды, ол қарым-қатынастың коммуникативтік жағы ретінде сипатталады.
Қарым-қатынастың екінші жағы- қатынасушылардың өзара эрекеті, сөйлеу үрдісінде тек сөздермен емес, сонымен қатар эрекеттермен, қылықтармен алмасады. Ең соңында қарым-қатынастың үшінші жағы - қарым-қатынас жасаулардың бір-бірін қабылдауын қарастырады. Қарым-қатынас жэне іс-әрекет бір-бірімен байланысты. Бірлескен қызметінде адам басқа адамдармен қажеттілігіне қарай бірігеді, қарым-қатынас жасайды, жақындасады, өзара түсінісуге қолы жетеді, ақпарат алады жэне т.б. Шын мәнінде қарым-қатынас үрдісінде қатысы болмайтын адамға тэн психикалық қүбылыстарды табу қиын. Қарым-қатынас, іс-эрекетпен белінбес байланыста, жеке түлға адамзаттың жасақтаған нэтижесін меңгереді.